Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы. «Шағым», «Кедей күйі»,«Ленинградтық өренім!» Сабақтың мақсаты



жүктеу 22.98 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі22.98 Kb.
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы.



«Шағым», «Кедей күйі»,«Ленинградтық өренім!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу. 
Дамытушылық: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 
Тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, география
Сабақтық көрнекілігі: Ж. Жабаевтың суреті, шығармалары, слайд.
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру сәті
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Кезекші арқылы түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жүз жетпіс жыл жырлаған жүрек (слайд - 1)
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов) (Слайд - 2) Ой қозғау сұрақтары
1. Балалар, Жамбыл Жабаевты қай шығармасы арқылы жақсы білесіңдер?
2. Қазақ әдебиетінде ақынның алатын орны қандай?
Мұғалімнің түсіндірмесі
1. Ақынның дүниеге келуі
2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылтың өмірінен көрініс) (слайд - 3)
3. Айтыстары
4. Сатиралық өлеңдері
5. Отаншыл өлеңдері
6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.
ІV. Сабақты бекіту. Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар Негізгі оқиғалар
1846 ж.------- Ақын дүниеге келді
1863 - 64 ж.---- Қоқан хандығы билік құрды
1881 ж.------- Құлмамбетті жеңді
1916 ж.------- Ұлт азаттық көтеріліс
1936 ж.------- Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі
1941 - 1945 ж.---- Ұлы Отан соғысы
1945 ж.------ Дүние салды
Шығармалары:«Кедей күйі», «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды»
«Туған елім»,«Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық»
1. Балалар, Жамбыл атамыздың өлеңдерін жатқа айтатындарың бар ма?
(Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін оқушылар жатқа айтады)
2.«Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім!» өлеңдері мәнерлеп оқылады.
V.“Ленинградтық өренім” өлеңнің сатылай кешенді талдау
• Авторы – Жамбыл Жабаев.
• Тақырып – халықаралық достығы, Отанды сүйспеншілік.
• Жанр түрі – поэзия (өлең).
• Идеясы – автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді. Жауға – соққы беру, ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау.
• 2 шумақ.
• 33 тармақ.
• 1 бунақ.
• Әдеби теориялық ұғымдар: эпитеттер – көк, сүйкімді, заманымның өрнегі.
• Теңеу – бұлағымдай, өркеш - өркеш жарасқан, шоқылардай, судай.
• Өлеңнің тәрбиелік мәні: бәр халықтар достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.
V. Сабақты қорыту. Тест сұрақтары беріледі.
(Дәперлерін алмастыру арқылы бір – бірлерінің тесттерін тексереді)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Ақын Сәкен Сейфуллин «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»,- деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек.
«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»
Н. Ә. Назарбаев
VІ. Үйге тапсырма: Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны, «Ленинградтық өренім!» өлеңін жаттау.
VІІ. Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет