Сабақтың тақырыбы: Жалқы және жалпы есім



жүктеу 42.24 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі42.24 Kb.
Қуанова Аңсаған Айдынғалиқызыдло.png

Бастауыш сынып мұғалімі

№ 4 облыстық мектеп- интернаты

Атырау қаласы


Қазақ тілі пәні

Сабақтың тақырыбы: Жалқы және жалпы есім.

Сабақтың мақсаты: б) оқушыларға жалқы және жалпы есімдер туралы алған білімдерін қайталау.

д) оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениеті мен ойлау қабілеттерін дамыту.

т) ұйымшылдыққа, сауаттылыққа, сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау

Сабақтың әдісі: түсіндіру, бекіту, ой-қозғау, қайталау, стратегия

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру

II.Психологиялық дайындық.

Оқушылар,бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы отырғанын байқаған боларсыңдар?! Себебі бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше қонақтарға өзімізді таныстырып өтейік.



Бірге:Бәріміз бір топпыз,

Жалқаулыққа жоқпыз.

Аянбай еңбек етеміз.

Мұратымызға жетеміз.

Сапалы білім аламыз,

Біз бақытты баламыз!



  • Жақсы, рахмет балалар! Атымыз затымызға сай,- деп халық даналығында айтқан өзіміздің білімімізді сабақ барысында дәлелдейді деген үлкен сенімдемін!

III. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, үйге қандай тапсырма берілді



  • 337 ж. Өздері тұратын көше туралы жазып келу тапсырылғын болатын.

  • Қанекей, кім дайын? (оқушылардан сұрау)

  • Жалқы есімдерді табу.

  • Жақсы балалар, біз өткен сабағымыздан қандай сөз табымен таныстық?

  • Зат есім

  • Жалпылама және жекелей аталуына қарай неше топқа бөлінеді?

  • Жалпы және жалқы

IV. Зерделі сұрақ, дәлелді жауап.

  • Жақсы балалар, олай болса, назарымызды тақтаға аударайық. Алған білімімізді тексеріп көрейік?!

Зат есім

Түрлері

Анықтама сай ма?

Қазақстан

Жалқы

+

оқушы

Жалпы

+

Атырау

Жалпы

-

қала

Жалқы

+

Арман

Жалпы

-

Ақтабан

Жалқы

+

(жауаптарын дәлелдейді)

V. Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

  • Дәптерді ашайық, бүгінгі күн жадысын, тақырыбын жазайық!

  • Оқулығымыздығы 339 жаттығуға назар аударайық!

  • 1 оқушы берілгенін оқиды

Мына сөздердің ішінен жалқы есімдерді табу,дәлелдеу.

Жайық-өзен атауы

Баянауыл-жердің атауы

Ақтөс-аттің аты

Абай-адамның аты.

  • Қалған сөздер қандай зат есім?

  • Жалпы есімдер: қоян,елік,ақын,өзен,қала.

VI. Ішке және сыртқа стратегия

  • Жарайсыңдар, келесі назарымызды тақтаға аударайықшы!

  • Не көріп тұрмыз? Екі бағанда сөздерге екі топ сөйлем құрау

    Үй,қыс,күрек,Жанар

    Жайық,ауыл,қармақ

    Қар,қырау,Алабай

    Суық,қыс,өзен,ата

    Аула,Самат,көше

    Амантай,балықшы

    Үйшік,аққала

    Қармақ

  • Сөйлемдерді оқыту. Тақтаға жазу. (жалқы есімі бар сөйлемді) Инт.тақтаға

  • Жарайсыңдар, балалар, ал осы сөйлемдегі сөздер бір-бірімен қалай байланысып тұр.

  • Қосымшалар арқылы

Қосымша деген не ( жұрнақ,жалғау)

-Сөз құрамына талдап көрейкші

(балалар тақтада орындайды) (бормен)


VII. «Сөз қуаласпақ» ойыныарқылы жаттығып алайық!

(жалқы және жалпы есімдерді алма-кезекатау)



VIII. Электрондық оқулық

- Мына өлеңнен жалқы есімді тап.

Есіліп Есіл ағады,

Жайылып Жайық барады. (картадан сұрау)

Сылаң қақса Сыр сұлу

Шу шулап атай салады.


  • Бұларды бір сөзбен не дейді?

1.Қала

2. Өзен


3. Жан

- Иә,балалар,дұрыс айтасыңдар! Бұл өзендердің атауы. Олар әрқашан бас әріппен жазылады. Осы жердегі Есіл өзені туралы білеміз бе?

- Есілдің бойында ҚР-ның Елордасы Астана қаласы орналасқан. Ал осы Астана сөзін естігенде ойымызға не келеді?

IX. Қорытынды

Елбасымыз биылғы өзінің жолдауында «Қазақстан жұрты жаһандағы білімі жоғары ұлтұа айналуы тиіс. Бұл ретте жастар,дәл осы мәселенің қозғалушы күшіне айналуы тиіс»деп айтқан болатын.

Сондықтан XIIғ дамыған елдегі ойлай білетін,өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игерген,белсенді,білімді азаматтар болуларыңа тілектеспін!

- Әрбір күніміз мерекелі,әрбір ісіміз берекелі болсын!

Дамуымыз жедел,келешегіміз кемел босын!

Жарқын іспен күллі әлемді таң ұылып,



Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет