Сабақтың тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлең і Мақсаты



жүктеу 33.6 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі33.6 Kb.

Пәні: Әдебиет

5 - сынып 09.01.16 жыл

Сабақтың

тақырыбы


Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі

Мақсаты

Білімділік - Ыбырай Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет беру, «Өзен» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп оқуға , туған жерін сүйуге баулу;

Дамытушылық – Оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны дамыту,өлеңді құрылысына талдай білуге машықтандыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік – Адам өміріне қажет өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға баулу,өз елін, жерін сүюге қастерлеуге тәрбиелеу


Күтілетін нәтижелер

Ыбырай Алтынсариннің өмір мен шығармашылығы туралы біледі.

«Өзен» өлеңінің мағынасын аша біледі.

Сілтеме

5-сынып оқулығы/ Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай. 4-баслымы, өңделген. – Алматы:Атамұра, 2015ж

Сабақта қолданылатын материалдар

Жазушының суреті, оқулық, А3форматы, маркерлер.

Оқыту әдістері

Сұрақ - жауап, салыстыру, баяндау, талдау жасау, сын тұрғысынан ойлау, кітаппен, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс

Тарих.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру



Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, сыныпты түгендеу.

Топқа бөлу: жыл мезгілдеріне қарай



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

М.Өтемісұлы «Қызғыш құс»

ІІІ.Жаңа сабақ

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.


IV.Тапсырмалар

Әр топ Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлеңнің мазмұны айтылады.
Сөздікпен жұмыс
Өксіген – шөлдеген.
Қынарда – жағасында, маңында.
Жай – орын, қоныс. 
Жанабында – жанында.
Дерт – ауру.

Жаңа сабақ бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.


1-топ. Өлең құрылысына қарай талдау.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған.
4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы

2-топ. 
Қазақстанның өзендері туралы не айта аласыңдар? Қандай өзендерді білесіңдер?


3-топ. Өзеннің бүгінгі таңдағы проблемалық мәселелері туралы не айта аласыңдар.

4-топ. «Табиғат –ана» тақырыбына ой толғау. «Өзен» өлеңінің идеялық-мазмұнын ашыңдар.



V.Сергіту сәті

Дене жаттығуларын жасау.

VІ.Білімді бекіту

«Атакалау» әдісі бойынша әр топ бүгінгі тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
Табиғат туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айту

VIІ.Бағалау

«Екі жұлдыз,бір тілек»

VIIІ.Үйге тапсырма

"Өзен" өлеңін жатқа айту.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет