Сабақтың тақырыбы Гидросфера. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Сабақтың мақсаты



жүктеу 63.74 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі63.74 Kb.
Бекітемін:

Пәні: География

Сыныбы:6 «А»

Күні:20.12.2016 ж


№201 мектеп-лицей

Мұғалім аты-жөні:Қанатбаева Н

Қатысқан оқушы саны:20

Қатыспаған оқушы саны:



Сабақтың тақырыбы

Гидросфера.Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар Гидросфера қабығы туралы түсінеді

Көптеген оқушылар Д.ж.мұхиттарды сипаттай алады

Кейбір оқушылар Д.ж.мұхит бөліктерін ажыратып,картадан орнын көрсетуге машықтанады


Бағалау критерийлері

Гидросфера қабығы туралы түсінеді

Д.ж.мқхиттарды сипаттай алады

Д.ж.мұхит бөліктерін ажыратып,картадан көрсетуді үйренеді


Тілдік мақсаттар

Гидросфера,түбек,шығанақ,арал,бұғаз,материктер

Құндылықтарды дарыту

Суды қадірлеуге,үнемдеуге тәрбилеу.Өз ойларын еркін айтуға қорытынды жасай алуға дағдыландыру

АКТ қолдану

Бейнеролик,слайд,суреттер,кестелер

Бастапқы білім

Жер бетін шаруашылықта пайдалану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

3-мин


Сабақтың басы

6-7 мин


Сабақтың ортасы 15-мин

1-мин


5-мин

5-мин


2-мин

2-мин


3-мин

2-мин



Жоспарланған іс-әрекет

Психологиялық дайындық (топқа бөлу)

Үй тапсырмасын «Ия», «Жоқ» стратегиясы бойынша сұрау

1.Жер бетінің көп бөлігін жазықтар мен таулар алып жатыр +

2.Таудың ең биік нүктесі оның шыңы болып табылады+

3.Тау жоталары бірігіп тау аңғарын құрайды-

4.Жанартау дегеніміз көмейінен ыстық газ, бу,тас т.б.тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат лава тасып төгілетін конус тәрізді тау+

5.Гималайдың 15 шыңының биіктігі 8000 м,-ден асады –

6Жанартаулар сөнген және сөнбеген болып бөлінеді +

7.Еуропа мен Азия дүние бөліктерін Орал таулары бөліп тұр +

8.Тау жоталары бір-бірімен таулы өлке арқылы бөлінеді 9.Сөнген жанартаулар ұдайы атқылап тұрады –

10.Жанартаулар тек құрлықта болады –

11.Таулардың бір-біріне жалғасып,тізіліп жатуы таулы өлке деп аталады –

12.кенеттен атқылай бастаған,бұрын сөнген жанартау болып есептелетін жанарлаулар «Ұйқыға кеткен жанартаулар» болып табылады

13.Магма ошақтарына жақын жатқан жердегі сулар ыстық болғандықтан,жер бетіне ыстық бұлақ суы болып шығады +

14.Тау-Жер бетінің онша биік емес қатты тілімделген бөлігі –

15.Гейзерлер Камчаткада,Жаңа Зелендиада,Солтүстік Америка жағалауында таралған +

16.Жанартау атқылағанмен елді мекендерге зияны жоқ –

Жаңа сабақ

Жер бетіндегі барлық тіршілік үшін гидросфераның маңызы зор екенін жақсы білеміз

Анықтама

1.Жердің су қабығы – Гидросфера

2.Гидросфера грек тілінен аударғанда гидро-су сфера-шар

3.Шолпан планетасында су тек газ күйінде болады

4.Марста тек мұз күйінде

5.Жерде су сұйық күйінде кездеседі.Мұхиттардағы,атмосферадағы,өзен,көл,мұздықтарда,жер асты сулар үнемі айналып отырады.Мантияда су мөлшері 20млрд шқ.куб.Д.ж.ең үлкен,ең терең мұхит Тынық.Д.Ж.ең тұзды теңіз-Қызыл теңіз

6.Архипелаг-бір-біріне жақын орналасқан аралдар тобы

Электронды оқулық тыңдау (1-мин )

Мәтінмен жұмыс

1-топ – Гидросфера құрамы

2-топ – Мұхиттар

3-топ – Мұхит бөліктері

Жұптық жұмыс

Гидросфера - ... 
Жер шарындағы судың .... мұхиттар мен теңіздердің үлесіне тиеді. 
Мұздықтар мен тұрақты қарларға - ...., жер асты суларына - ...., өзен,көл, батпақтағы және атмосферадағы суларға - ... тиесілі. 
Су табиғатта 3 күйде .... кездеседі. 
Су – тірі ағзаның құрамды бөлігі. Барлық ..... 80-99%, ал.... 75%-ға жуығы судан тұрады. 
Мұхиттардың бөліктерін ............,......................,...................... құрайды. 
Теңіздер ..................... және ...............деп бөлінеді

Географиялық диктант 
Ең үлкен мұхит: 
Ең үлкен мұхиттың ең үкен теңізі: 
Ең үлкен шығанақ: 
Ең үлкен бұғаз: 
Ең кіші мұхит: 
Ең терең бұғаз: 
Ең терең шұңғыма: 
Ең ұзын бұғаз: 
Ең тұзды теңіз: 
Ең жылы мұхит:

 Жердің 1/3 бөлігін -------------мұхиты алып жатыр. Ол-----жағынан да ең үлкені.Бұл мұхиттағы температура-------------------.Мұхитта ең үлкен киттер өмір сүреді. Мұхит арқылы ------жолдары өтеді.

Ауданы жағынан екінші орында----мұхиты. Оның үлесіне балықтың --------ауланады.Бұл ---------мұхитында теңіздер мен аралдар салыстырмалы түрде аз.Оңтүстігінде кит аулау шаруашылығы дамыған. Ең суық және суы тұшылауы------мұхиты. Суының тұздылығы -----%. Бұл мұхитқа ірі -------------------өзендері келіп құяды.


Аты

Ауданы (км2)

Жағалауындағы материктер мен аралдар

Ең терең жері

(м)

Мұхит шекаралары 

 

 

 



 

 

 

 

 




 Гидросферадағы барлық судың мөлшері .............................

Мұхиттар мен теңіздер ....................................

Мұздықтар,тұрақты қор .........................................

Жер асты суы ...............................................

Өзен,көл,батпақ,атмосферадағы су ........................................

Сәйкестендіру

1.Арал - а)биіктен төмен қарай құлай аққан су

2.Арасан - ә)құрлық үстінде жинақталған мұз

3.Архипелаг - б)айналасын сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі

4.Шұңғыма- в)судың газ күйінен сұйық күйге ауысуы

5.Шығанақ - г)жер бетінде табиғи ойыстарға жинақталған су

6.Мұздық - д)бір-біріне жалғас жатқан аралдар тобы

7.Сарқырама - е)минералды немесе жылы сулар

8.Көл - ж)Мұхиттардың ең терең жері

9.Конденсация – з)құрлыққа сұғына енген көл,теңіз,мұхит

суларының бір бөлігі


Картамен жұмыс жасау ( д.ж.физикалық картадан аталған нысандарды көрсету)

Греландия аралы.Үндістан түбегі,Жерорта теңізі,Мексика шығанағы,Атлант мұхиты т.б

Тәжірибе жасау

1.Бір литр суға 30 г.тұз салып араластырып,дәмін көреді.Су ща кермек дәмді,яғни теңіз суы ащы ішуге жарамсыз.1-литр теңіз суында 35 г.тұз болады.

2.Бір литр суға бір уыс топыақ салу,араластыру.Топырақ суда ерімейді.

Кері байланыс

Бағалау


Үйге тапсырма:Оқу.Кескін картаға теңіздер,шығанақтар,бұғаздарды түсіру






Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет