Сабақтың тақырыбы: «Бала Тұрар» Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»



жүктеу 32.38 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі32.38 Kb.
Сабақтың тақырыбы: «Бала Тұрар» (Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала» үзінді)

Сабақтың мақсаты: Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы бойынша Тұрардың іс- әрекеттерімен танысу,жазушы шеберлігін айқындау.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік: шығармадағы бала Тұрардың бейнесіне талдау жасай отырып ,автор мұратын ұғындыру;

  2. Дамытушылығы: мәтіннен Тұрардың іс-әрекеттеріне баға беру арқылы өзіндік көзқарасын жетілдіру, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтау дағдысын дамыту;

  3. Тәрбиелік: шығарма арқауы тарихи шындық екенін түсіндіре отырып, Тұрар бойындағы қасиеттер арқылы бауырмалдыққа, шыдамдылыққа, қайсарлыққа,отансүйгіштікке, күрескерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жинақтау сабағы

Сабақты типі: аралас

Оқыту әдісі: талдау,сұрақ-жауап, көркем мәтінмен жұмыс, проблемалық ізденіс,ойлаудың 6 қалпағы

Пәнаралық байланыс: тарих пәні

Сабақтың жабдығы: компьютерлік слайдтар, портреттер.

Сабақтың жоспары:

I Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу, түгендеу

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару

б)сабақтың тақырыбын ,мақсатын хабарлау

II Үй тапсырмасын тексеру

Ой шақыру кезеңі

Бір тамшы ой...

Тарих.Жазушы.Қоғам.Тұлға.

Осы ұғымдарды қалай түсінеміз,мәнін ашып көрейк.

Оқушы жауабы тыңдалады.

Ендеше, тақтаға назар аударайық

Орындаушы- тапсырмалар бойынша мазмұндайды

Сыншы-орындаушының берген жауабының олқы тұстарына сын айтады

Қорғаушы-орындаушы берген жауаптың ең жақсы тұстарын айтады

Бақылаушы-барлық рөлге қатысқан оқушылар жауабына баға береді

Тапсырма


  1. Ш.Мұртаза жайлы мәлімет

  2. Фамилия дауы

  3. Шынтағыңыз жеңіңізден жылтыңдап қарайды.

  4. Диірменде туған тышқанның баласы дүрсіліңнен қорықпайды.

Ш.Мұртаза жайлы деректі фильмнен үзінді

Авторы: Мейрамбек Төлепберген

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Балалар, өткен сабақтарда өтілген материалдар мен жеке ізденсітердің нәтижесінде Ш.Мұртазаны көрнекті жазушы, мәдениетіміздің біртуар тұлғасы, қоғам қайраткері ретінде танып, «Қызыл жебе» романы арқылы өз ұлтымыздың өткен өмірімен таныстық. Ал, Рысқұл Жылқыайдаров пен Тұрар Рысқұловты патша өкіметінің сойқан саясатына қарсы шыққаны үшін жазықты болып, жапа шеккен, туған халқы мен жері үшін бастарын өлімге тіккен адал ұлдары ретінде бағалап, тани алдық. Әрбір көркем шығарма-шынайы өмірден алынып жазылатыны даусыз. Осы ретте де, Ш.Мұртазаның бұл романы-халқымыздың өткен өмірінің қиын шақтарынан сыр шертетін сарабдал туынды. Онда Тұрар Рысқұлов арқылы халқы үшін құрбан болған адал ұлдарының бейнесі бейнеленеді. «Қызыл жебе» романының идеялық-көркемдік мазмұны өте терең көркем шығарма. Ал,балалар, бүгінгі сабақта аталған роман туралы ойымызды қорытындылап, идеялық мазмұнына талдау жасаймыз. Әсіресе, жазушының өмір шындығынан көркем шығарма туындатуындағы өзіндік шеберліктерін көрсетуге ұмтыламыз. Өзінің жерлесі , халқының асыл перзенті Тұрардың күрескер,қоғам қайраткері, ұлт қамқорына дейінгі келбеті суреттеліп беріледі.

Тұтқын бала-бала Тұрар-Революция жетекшісі-күрескер-ұлт қамқоры-адал ұл –қоғам қайраткері

III Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс.

Ойлаудың 6 қалпағы.

-4 түсті қалпақты топ оқушыларына таңдату

-Неге осы түсті таңдадың ? деген сұраққа жауап алу

Таңдаған түске байланысты өз ойларын айтады

Бұдан кейн топ оқушылары өздері таңдаған қалпақтың тапсырмаларын орындайды

Ақ-мәтінен Тұрарға Иван Владимировичтің берген батасы туралы

үзіндіні мазмұдау

Қызыл-жазушыныңкейіпкерге деген ішкі сезімі,

үзінді оқу барысындағы оқушының көңіл-күйі

Қара-куәлікті өзгертіп толтыруы дұрыс па?

Жасыл-болашақта Тұрар кім болып шықты?

IV Сабақты бекіту

Бүгін мен не үйрендім?

Оқушы жауабы тыңдалады

Мұғалімнің қорытынды сөзі:



Балалар, әдебиетіміздің асыл қазынасына қосылған «Қызыл жебе» романы-жерлес жазушымыз Шерхан Мұртаза шығармашылығының асқар шыңы іспеттес.Романда тарихи тақырыпқа жазылған күрескерлік, ұлтшылдық, бірлік, татулық, бауырмалдық т.б. адамгершілік туралы терең ойлар мазмұндалып, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ақ пен қара секілді кереғар дүниелердің парқы сараланады. Шығармадан үзінділерді тауып, талдап,сұрақтарға жауап беру арқылы ойларымызды қорытындылап, тұжырымдадық. Тұрар Рысқұловтың кейінгі тағдыры туралы мәліметтер алдық. Дегенмен, Тұрар Рысқұловтың көркем бейнесі Шерхан Мұртазаның жоғарғы жазушылық шеберлігі арқасында өте шынайы, әрі әсерлі сомдалған.

Бағалау

Үйге тапсырама

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет