Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері



жүктеу 177.46 Kb.
Дата28.01.2017
өлшемі177.46 Kb.
Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Пәні: География Сыныбы: 8 лицей күні: 22.12.2014ж



Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері

1.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

Білу: Қазақстан аумағындағы өзендердің таралуы туралы білу.

Түсіну: Өзендердің бөліктері жайлы түсініктерін кеңейту.

Қолдану: Кескін картаны пайдаланып ірі өзедерді түсіру, олардың бөліктерін картада белгілеп, жазу

Талдау: Ірі өзен жүйелерінің құламасын, еңістігін, жылдамдығының есептеп ерекшеліктерін талдау.

Жинақтау: Тақырыптың басты идеясын схема түрінде беру. /Қазақстан жерінде өзендердің таралуын схема арқылы көрсету/

Бағалау: «Өз жеріңдегі суды пайдаланудың проблемасы мен қорғалуы» жайлы әңгімелеу

2.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу



2.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

3. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Ерте болған оқушыларға қосымша тапсырмалар беру

4. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында



Құрал-жабдықтар: Карпеков Қ. Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы: «Атамұра»,2012. Қазақстанның физикалық картасы, Атлас, кескін карта, плакаттар, маркерлер, стикерлер, үлестірме кәртішкелер, ақ қағаздар (А2), флип-чарт, бағалау парақтары, алтын ереже.

Негізгі ұғымдар: Өзен жұйесі, жылдық ағын, өзен құламасы, өзен еңістігі.

Номенклатура: Ертіс,Есіл,Тобыл,Сырдария,Іле, Шу, Жайық.

Сабақтың барысы

Тақырыбы

Қазақстаның өзендері

Сыныбы

8 лицей

Күні

22.12.2014 ж

Мақсаты

Оқушыларға Қазақстанның өзендері жайлы түсінік қалыптастыру, олардың әркелкі таралуы жайлы білім беру. Ұсынылған теориялық мағлұматтарды зерделеп,картадан өзен жүйесі, өзен алабы, өзеннің су шығыны, жылдық ағысын сипаттайтын жүмыс түрлерін орындату арқылы географиялық сауаттылығын дамыту. Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайына мән беруге тәрбиелеу

Міндеттері

  • Өзендердің қоректенуі мен режимінің маңызын білу;

  • Өзен бағыты мен жылдамдығы жер бедеріне тікелей байланысты екенін картадан анықтай алу;

  • Қазақстанда кездесетін ірі өзендермен таныстыра отырып ластанудан қорғау шаралары арқылы тәрбиелеу;

  • Өзен алаптары туралы білімдерін дамыта отырып , үнемді пайдалану жолдарын ұсыну;

Күтілетін нәтиже

Өзендерді жер бедеріне байланысты жазық және тау өзені деп бөліп ағыстарын картадан көрсетіп сипаттай алады.

Өзендердің қоректенуі, су режимі, кәсіптік маңызымен танысады.
Өзендерді картадан көрсетіп, кескін картамен жұмыс жасауға дағдыланады.
Топпен жұмыс жасау арқылы бір - бірінің идеясын толықтырады және өзара бірін - бірі бағалайды.


Қазақстанда кездесетін ірі өзендермен таныстыра отырып ластанудан қорғау шаралары арқылы тәрбиеленеді;

Өзен алаптары туралы білімдерін дамыта отырып , үнемді пайдалану жолдарын ұсынады.

Түйiндi идeялap

Тау кезеңсіз болмас, өлке өзенсіз болмас.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсіл

Бірлескен оқу, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,

Оқытуды басқару мен көшбасшылық

Ойлау жолдарымен

стратегия-лар

Сын тұрғысынан ойлау, Қалай оқу керектігін үйрену «Миға шабуыл», «түріткі болу», «қайта бағыттау» сұрақтары «кубизм» стратегиясы, « өрмекші » стратегиясы


Ресурстар

Оқыту мен оқуда АКТ қолдану, оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауы, ұзақ мерзімді жоспар, қысқа мерзімді сабақ жоспары

Карпеков Қ. Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы: «Атамұра»,2012. Атлас, кескін карта, плакаттар, маркерлер, стикерлер, үлестірме кәртішкелер, ақ қағаздар (А2), флип-чарт, бағалау парақтары, алтын ереже







Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекет

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе


* Ұйымдастыру кезеңі:

* Сабаққа деген ынталарын қалыптастыру, ол үшін 8 оқушыға бір түсті шар, 5 оқушыға бір түсті шар және 7 түрлі-түсті гүл сыйлау тілек айтып, осы арқылы сабақтың тақырыбын ашу жұмбақ арқылы.

Топқа бөлу: «Өзен» деген сөз арқылы топқа бөлу /слайд№1/

Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты.   

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп жарыпты.    ( Өзен)

/формативті бағалау/


Оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

«Өзен» деген сөз арқылы 4 топқа бөлініп топқа ат қояды.

Топ ережесін жасайды, одан сыныптың «алтын ережесін» құрастырады . /5 мин/

«Көпір» тапсырма-лары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

«Кубизм стратегиясы».

Топтарға тақтадағы сұрақтар беріледі.

1. Жер бедерінің басым бөлігі: Жазық, үстіртті.

2. Сумен шектесетін шекарасы: Каспий маңы ойпаты.

3. Қазақстанның жауын-шашын көп жауатын жері: Батыс Алтай тауы.

4.Климаттық белдеу: Қоңыржай белдеу.

5. Қазақстан төрт мұхитта бірдей ара қашықтықта орналасқан.

6.Қазақстанның ішкі су нешеге бөлінеді /слайд № 2/


Берілген сұрақтарды топқа түскен сан бойынша жауап береді. /ауызша 5 мин/


Негізгі бөлім

Білу

Түсіну

Практикада: «Қолдану»

Талдау

Қызығушылықты ояту
Ішкі су сөзін естігенде,көз алдыларыңа не елестейді?


6 сыныптағы білімдерін тексеру мақсатында мына сұрақтар қойылады

Өзен дегеніміз не?

Өзен бөліктерін атаңыз?

Өзен жүйесін еске түсіру?

Өзен алабын анықтау? Мұғалім интерактивті тақтаны пайдаланып өзен жүйесін слайд арқылы қорытындылайды
«Мағынаны ашу»

Өзара бірін - бірі оқыту стратегиясы



Әр топқа почтамен келген хат тапсырылады

Оқулықтағы мәтінді оқып, графиктерді талдап, топта талқылап, түсінгенін постерге бейнелеп әр топ бір-біріне түсіндіріп ойын сыныппен бөліседі.

/ 4 топқа 12мин/

1 топ Өзен алаптарын бойынша өрмекші торын құрып постер арқылы түсіндіру. /3мин/

2 топ Өзен жүйесінің ерекшелігінің екі типін постерде көрсету /3мин/

3 топ Өзен суының шығыны және жылдық ағын жайлы түсініктерін постер арқылы қорғау /3мин/

4 топ Өзендердің қоректенуі мен режимінің байланысын көрсету постер арқылы /3 мин/

/слайд №3-7/ /Төраға, баяндамашы, секундамер, хатшы, сарапшы/

Сандар сөйлейді

Сабақтың басындағы тренинг барысында 8;5 санды шарлар, 7 санды гүлдердің мағынасын не деп ойлайсыңдар?

Кім жылдам? Kескін картамен жұмыс.

/жеке жұмыс 5мин/ Интерактивті тақтадан Қазақстанның 7 ірі өзені картадан көрсетіледі әр топ мүшелері сол өзендерді өз кескін карталарына үлгергенінше түсіріп, сол өзен жүйесінің бөліктерін кескін картада белгілеу тапсырылады. 1-арна;

2-бастау;

3- атырау;

4- сала ;

5- саға;

6-суайырық

img332

Топтық жұмыс /3 мин/ Ертіс – Іле өзендері бойынша есептеп шығару

1топ

ЕҢІСТІГІ – өзендер құламасының ұзындығына қатынасы

I = H : L,

I – өзен еңістігі;

H – өзен құламасы;

L – өзен ұзындығы.

2 топ

ҚҰЛАМА – бастау мен сағаның арасындағы биіктіктің айырмашылығы (Метр)

Н = Н1 – Н2,

Н1 – бастаудың абсолюттік биіктігі,

Н2 – сағаның абсолюттік биіктігі.

3 топ

СУ ШЫҒЫНЫ- өзеннің су қимасынан ағып өтетін су мөлшері
Q= F м2хV м/с

Q- судың шығыны

F м2- өзеннің көлденең қимасының ауданы

V м/с- ағыс жылдамдығы

4 топ

жұмыс дәптердегі формуланы пайдаланып есеп шығау

СТ=hб-һс; Е = СТ

L

CT- судың тартылуы;

Һб- бастаудың биіктігі;

Һс- сағаның биіктігі;

Е-еңістігі

L- өзеннің ұзындығы


Топтастырады, жеке жұпта ой бөліседі., топта пікірлеседі, ортақ пікірді ақ қағазға түсіреді. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарын жауап береді

1) Өзеннің басталатын жерін өзеннің бастауы деп атайды.

2) Суы бір-біріне қоысылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын өзен мен оның салаларының жиынтығы.

3) Жер бетінің өзенге су жиналатын бөлігі. Жеке өзен алаптары бір-бірінен суайрық сызықпен бөлінеді.

4) Өзендердің су жинайтын көршілес алаптарын бір-бірінен бөліп тұратын сызық.

Қазақстанның өзендері мәтінін оқып талдау жасап. Мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін әрбір топ кезекпен оқыған бөліктерін қорытындылап постер қорғайды. Мұғалім интерактивті тақтаны пайдалана қысқаша қорытындылайды.

Оқушылар астарлы іс-қимылдың мағынасын шешу керек 85 мың өзен, 7 ірі өзен

Интерактивті тақтада көрсетілген өзендерді кескін картада анықтап өзен бөліктерін белгілейді.


Өзеннің су шығынына мысал келтіреді: Өзеннің көлденең су қимасы 600 м2, ал судың ағыс жылдамдығы секундына 1,6 м2 болса, өзеннің су шығыны секундына 960 м3/с.




Сергіту сәтті

«Мен қазақпын » биі





Қорытынды бөлім

жинақтау Қорытынды шығару анықтама беру мазмұнды жүйеле, тірек сызбаны, толтыр


  1. Тақырыптың басты идеясын схема түрінде беріп, толтырыңдар.


Қалжыр, Ақберел, Қызылсу,

Есіл

Еуропа


Тобыл

6467 км



Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл



С



Ертіс


Қазақстан:

85 мың, 7ірі






Каспий теңізі



Ш

Б



Нұра, Сарысу, Каракеңгір, Сарыкеңгір




Жеті өзен Балхашқа құятын Іле, каратал, Лепсі

О



Шу



Сырдария



Оқушылар берген тапсырманы өрмекші стратегиясын пайдаланып қорғайды.


Үржар, ҚатынсуЕмел

Бұтырма, Нарын, Күршім



Бағалау


Өз жеріңдегі суды пайдаланудың проблемасы мен қорғалуы жайлы әңгімелеу

  1. 1-оқушы: Суды қадірлеп, ықтияттап, бағасын түсініп, орнымен қолданып әрі аялай білуіміз керек.

  2. 2-оқушы: Суды аялай алмағанымыздан Аралымыз тартылып кетті.

  3. 3-оқушы: Бұл – адамзаттың қолымен жасалған қасірет.

  4. 4-оқушы: Ендеше, суға қатысты айтылатын әрбір тыйым сөздің астарында өзіндік мән бар.

Ой толғау айтады, әр топ бір-бір ауыз түйінді сөзбен бүгінгі сабақты аяқтаймыз.


Табыс өлшемі

Ойлау деңгейлері сәйкес критерий бойынша дескриптор пайдаланып ұпай жинау

Ойлау деңгейлері сәйкес критерий бойынша дескриптор пайдаланып бағалау парағына ұпай жинайды

Рефлексия

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Парақта белгі арқылы көрсетеді

Үйге тапсырма

27 Әр топ екі өзенге сипаттама береді

1 топ Ертіс –Шу

2 топ Есіл- Сырдария

3 топ Тобыл- Іле

4 топ Жайық- Сарысу


1. Өзеннің бастауы, орнының биіктігі, ендік, бойлығы.

2. Өзен ағып өтетін жердің бедері.

3. Жағалауларына сипаттама.

4. Салалары.

5. Құятын жері

6. Су деңгейінің ауытқуы, толысуы.

7. Шаруашылықтағы мәні

8. Экологиялық жағдайы




Критериалды бағалау

Критерий


Жетістік деңгейі

Дескрипторлар

А-

Критерийі

Білу, түсіну (max 6)

0

Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен жоқсыз.

1-2

Сіздің өзен жайлы түсінігіңіз таяз, Өзеннің анықтамасынағы байланыс жайлы біліміңіз нақты және дәлелді емес. Терминдік сөздерді дұрыс қолданбайсыз.

3-4

Сіздің анықтама жайлы түсінігіңіз бар, өзендердің қай алаптарға жататынын жақсы түсінесіз, мәліметтерді логикалық реттілікпен жеткізе аласыз, терминдерді орынды қолданасыз. Алайда, қолданған мысалдарыңыз өте қарапайым және толық емес.

5-6

Сіздің өзен жүйесінің ерекшелігі жайлы түсінігіңіз бар, екі ерекшеліктің айырмашылығын сенімді, толық, орынды жеткізе аласыз. Терминдерді дұрыс, нақты, сенімді қолданып, дәлелдей аласыз.

В -

қолдану,

талдау (max 6)

0

Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен жоқсыз.

1-2

Сіз оқулықтағы мәтіннен қажетті ақпаратты табуда қиналасыз. Ақпараттарды талдай білмейсіз, тақырып бойынша проблеманы шешуге пайдаланған қосымша мәліметтеріңіз мақсатқа сай келе бермейді.

3-4

Сіз тақырыпқа байланысты қажетті ақпараттар мен мәліметтерді жинақтай аласыз. Дегенмен, жинақталған деректерді талдап, оны қажетті жағдайда қолдана бермейсіз.

5-6

Сіз сараптау жұмысын жүргізе аласыз, берілген мәтіндерден қажетті ақпараттарды тауып, ғылыми ақпараттарды тақырып бойынша туындаған проблемаларды шешуде қолдана аласыз.

С

жинақтау, бағалау

(max 6)


0

Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен жоқсыз.


1-2

Сіз деректерді өз бетінше жүргізе алмайсыз, қателіктер жібересіз. Сіз өзеннің еңістігін, құламасын,су шығынын есептеуде қателіктер жібересіз

3-4

Карта бойынша берілген , ақпараттарды қорытып, өмірмен байланыстырып айтып, көрсете аласыз.

5-6

Өз жеріндегі суды пайдаланудың проблемасы мен қорғалуы жайлы әңгімелей аласыз.


Балды бағалау жүйесіне ауыстыру

Алған балдың пайыздық мөлшері

Баға

16-18 балл, 88-100%

«5»

14-16 балл, 74-88%

«4»

12-14 балл, 60 -74%

«3»

10-12 балл 60%-дан төмен болса

«2»


«Қазақстанның өзендері » тақырыбы бойынша оқушының оқудағы жетістігін бағалаудағы бағалау парағы.


Ойлау деңгейлері

А- max 6)


В - (max 6)


С (max 6)


А-(max 6)


В - (max 6)


С (max 6)





Оқушылардың аты-жөні

Өзіндік баллы

Топ басшысының баллы





































































































































































































Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет