Сабақтың тақырыбы ауа райы, климат жалпы мақсаты: Ауа райы және климат жайлы түсінік қалыптастыру



жүктеу 51.89 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі51.89 Kb.

6А, Ә, Б

№49

Мерзімі

Сабақтың тақырыбы

АУА РАЙЫ, КЛИМАТ

Жалпы мақсаты:

Ауа райы және климат жайлы түсінік қалыптастыру

Оқу нәтижесі:

  • Ауа райы және климат элементтерін, басты қасиеттерін біледі

  • Метеоқұралдар арқылы ауа райы элементтерінің көрсеткішін анықтайды

  • Синоптикалық картамен жұмыс істейді

  • Ауа райының элементтері арасындағы өзара әсер ету мысалдарын келтіреді

  • Климатограммаларды оқиды, климаттық белдеуді анықтайды.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Көрнекілік

Бейнеролик «Ауа райы», метеоқұралдардың сүреттері, «Метеостанция» бейнеролик, постер, маркерлер, климатограмма, стикерлер,

Түйінді идеялар:

  • Ауа райы. Ауа райының элементтері мен құбылыстары.

Тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай күйін ауа райы дейді.

Элементтері:



  1. Атмосфералық қысым

  2. Температура

  3. Ылғалдылық

Ауа райының құбылыстары:

  1. Жауын-шашын

  2. Жел

  3. Тұман

  4. Бұлт

Барлық элементтер мен құбылыстарының жиынтығына қарап анықталады. Ауа райы уақыт ішінде өзгеріп тұрады.

  • Ауа райын болжау.

Жер шарында 10 мыңнан астам метеорологиялық станса бар. Негізінде ауа райы карталар жасалады.

  • Климат (грекше еңкіш деген сөз) – белгілі бір жерге тән ауа райының көпжылдық орташа жай-күйі. Ауа райы және климат түсініктер бір-бірімен тығыз байланысты.

Климат элементтері

  • Атмосфералық қысым

  • Жауын-шашын

  • Температура

  • Ылғалдылық

  • Бұлттылық

  • Жел




Сабақ кезеңдері







Ұйымдастыру кезеңі




Сәлемдесу.

c:\documents and settings\userxp\рабочий стол\оценивание\16_l2w1d4_лист обратная связи - трудности.png сүреттері арқылы оқушылардың көңіл күйін анықтау,

Ауа райы элементтерін анықтайтын құралдардың сүреттері арқылы жұптастыру: термометр, барометр-анеройд, гигрометр, жауын-шашын өлшеуіш, желбағар, анемометр, қар-өлшеуіш сырық, сынап-барометры



Қызығушылықты ояту




Қалай ойлайсыңдар мына құралдардың барлығы бізге не үшін қажет? Олар нені анықтайды?

Бейнероликті тамашалау. 5 наурыз күнінен «Ауа райы болжамы»

https://www.youtube.com/watch?v=crRBXQrCc80

Қалай ойлайсыңдар біз бүгінгі сабақта не жайлы айтамыз.



Мағынаны тану







1 тапсырма. Шартты белгілерді пайдалана отырып Қазақстанның 5 науырыз күнінің синоптикалық картасын құру: Алматы, Астана, Өскемен, Атырау, Шымкент, Орал, Петропавл, Ақтау

  • Балалар сонда ауа райы деп бауа райы деп біз нені айтамыз? Біз Қазақстанның барлық жерінде бірдей ауа райы деп айтамыз ба?

  • Ауа райды қандай жерде анықтайды? Онымен қандай мамандар айналысады?

Бейнеролик көру «Метеостанция»

  • Жер шарында 10 мыңнан астам метеорологиялық станса бар. Негізінде ауа райы карталар жасалады.

  • Метеостанцяның жұмысы жайлы біз не айталамыз?

  • Олар немен айналысады? «Ауа райын болжайды»

  • Ауа райын алдын-ала болжау адам үшін не үшін қажет?

  • Ауа райын болжайтын қандай басқа әдістерді білеміз?

2 тапсырма. Кластер салу. «Ауа райын болжау әдістері»

Карусель стратегиясы, бірін-бірі тексеру.



3 тапсырма. Мәтін арқылы жер бетіндегі аймақты анықтау

1 топ. Жыл бойы температура +240С төмен түспейді. Жауын-шашын өте мол түседі. Қысымы төмен. Ылғалдылығы жоғары.

2 топ. Ауа температурасы жыл бойы жоғары, әсіресе жазда аңызақ , аптап ыстыққа ұласады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200мм ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бұл көрсеткіш 50мм ден де аз. Қысымы жоғары. Құрғақ.

3 топ. Жыл мезгілдері айқын байқалады. Теңіз жағалауында қыс жұмсақ, температурасы 00С тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынның мөлшері жылына 1000мм ден артық, оның басым бөлігі қыс кезінде келеді. Материктің ішінде континенттік сипатқа ауысып,жазы ыстық, қысы суық, аязды болады. Қар жамылғысы жұқа. Қысымы төмен.



4 топ. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен, қыста -400С, -500С дейін қатты аяздар байқалады. Ұзақтығы бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде күн көкжиектен онша биік көтерілмейді. Сондықтан құрлық пен мұхит беті аздап қана жылынады, температура 00С, +40С-қа дейін ғана көтеріледі. Қысымы жоғары.

  • Сендер атаған ауа райының сипаттары өзгеру мүмкін бе? Неге?

  • Оны қалай атаймыз? (климат, грекше «еңкіш»)

  • Климат қандай элементтерден тұрады?


4 тапсырма. Сәйкестігін анықтау. Климатограмманы оқу, белдеуді анықтау.
c:\documents and settings\user403\мои документы\география\людмила михайловна\презентация\klima in kuala lumpur.files\kualalumpur_2.gifc:\documents and settings\user403\мои документы\география\людмила михайловна\презентация\klima in riad.files\riad_2.gifc:\documents and settings\user403\мои документы\география\людмила михайловна\презентация\klima in moskau.files\moskau_2.gifc:\documents and settings\user403\мои документы\география\людмила михайловна\презентация\аркт..files\barrow_2.gif



Ой толғаныс





g:\16_l2w1d4сабақ бойынша кері байланыс парағы - қиындықтар.png


Бағалау




Бағалау критерийлер

Критерий

Тапсырма

Балл

А

Ауа райы және климатқа анықтама беремін

2




Метеоқұралдарды атаймын

2




Ауа райы және климат элеметтерін білемін




B

Ауа райы элементтерінің өзара байланысын түсіндіремін

3




Шартты белгілерді пайдаланып ауа райы элементтерінен синоптикалық картаны құрастыру

3

C

Синоптикалық картаны оқып сипаттама беремін

4

D

Климатограмманы оқып жер аймағын анықтаймын

4




Үй тапсырмасы




§31, 32, 96-105б оқу, жұмыс дәптерін толтыру


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет