Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Дүниеге жар» өлеңі Сабақтың мақсаты



жүктеу 74.29 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі74.29 Kb.
Сабақ жоспары

Күні: 23.02.2017ж.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Мұғалімі: Жұмажанова Құралай Маратқызы

16 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:

Қасым Аманжолов «Дүниеге жар» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Ақын поэзиясының ерекшелігін, идеясын таниды

Сабақтың нәтижесі

Барлығы: Ақын өлеңінің мазмұнын түсінеді

Көпшілігі: Астарлы ойды анықтайды

Кейбіреуі: Өмірмен байланыстыра сипаттап, жан жақты талдау жасай алады.


Тілдік мақсат

Туынды – лирикалық туынды екенін негіздеу.

Диолог, жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша......, Біздің пікірімізше....., т.б.

Тәкаппар – өзін-өзі басқалардан жоғары ұстау, басқалардан артық білем деп, басқаларды менсінбеу...

Дүние – өмір, әлем, жер жүзі, жаһан




Алдыңғы оқу

Қ.Аманжолов «Өзім туралы»







Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

ресустар

Ұйымдастыру кезеңі

1.Амандасу

2.Психологиялық ахуал



«Бақытты сәт»

-Бүгінгі күн ерекше күн деп ойлаймын. Осындай, бақытты сәтті пайдаланып, өзімізге тілек тілейік.



1.Амандасады.

2.Оқушылар шеңбер болып тұрады

Мен бүгін өзіме сәттілік тілеймін

Мен бүгін өзіме қуаныш тілеймін....









Үй жұмысын тексеру


«Іздеген жетер мұратқа»

Ізденіс жұмысы




Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы » өлеңі аясында ізденіс жұмысы берілді.

1 топқа: Қасым Аманжолов шығармашылығын білеміз бе?

ІІ топқа: Өлеңдегі ақын тұлғасы қандай?

ІІІ топқа: Өзге емес өзім айтам өз жайымды... (өзі туралы дерек)

Қалыптастырушы бағалау

Постерлер

«Поэзия менімен егіз бе едің...» деп Қасым ақынның замандасы Мұқағали Мақатаев айтқандай келесі уақытты поэзияға арнағым келіп тұр. «Өзім туралы» өлеңінің өздеріңе ерекше әсер еткен, ұнаған шумақтарын жаттауға ұсынғанмын.

Поэзия минуты

Ақын өлеңінен үзінділерді мәнерлеп оқу



Топ басшысы ұпай қояды




Міне, біз қазақ поэзиясында өршіл үні мен дауылпаз жырымен дараланған Қасым Аманжоловтың өз тағдырымен бірге өрілген дәстүр жалғастығын сезіндірген шығармасымен таныс болдыңыздар. Ақын бұнымен тоқтап қалған әр түрлі тақырыпқа қалам тартты.










Топқа бөліну

«Гүл шоқтары»

Топқа гүл шоқтарын ұсыну, гүл шоқтарындағы жасырылған мақал мәтелдердің мағынасына сәйкес топтасу керек.



Гүл шоқтарын алады Мақал мәтел қағазын іздейді. Тақырыбына сәйкес топтасады.

І топ: «Отан» тобы (отан туралы мақал мәтелдер)

ІІ топ: «Қазақ елі» тобы( ел, жұрт туралы мақал мәтелдер)

ІІІ топ: «Бірлік» тобы (бірлік, ынтымақ туралы мақал мәтелдер)






Гүл шоқтары, кеспе қағаздар

Негізгі бөлім

«Білгенге маржан»

Суреттер көрсетіледі.

Не байқадық? Жер шары Бұл сөздің тағы мағыналары бар.? Ендеше біздің лирикалық қаһарманымыз Қасым Аманжолов сол дүниеге жар салып, өлең арнаған екен.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын айту

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты ақын поэзиясының ерекшелігі, идеясын ашу.


Дүние, әлем, жаһан, өмір

Ойларын ортаға салады

Тақырыпты дәптерге жазады





Слайд

дәптер


Тыңдалым

«Білім – сарқылмас қазына»

Бейне баян тыңдату



Миға шабуыл

Тыңдалымда қандай ой айтылды?

Онда ақын өз поэзиясын қалай жеткізе алды?

Қай ақындардан кейінгі дара тұлға екенін ашылды?

Өлең мазмұнында не байқалады?


Bilimland.kz сайтынан «Қасым шығармашылығы мен Дүниеге жар өлеңі» туралы аудио тыңдайды.

Қойылған сұрақтарға жауап айтады.




Қалыптастыру

Интернет Bilimland.kz сайты


Тапсырма Жеке жұмыс

Таратпа Дұрыс\ бұрыс



Оқушылар өлең мазмұнына сайкес жауапты табады. Қатесін қате дұрысын дұрыс деп белгілейді




Таратпалар


Жұппен жұмыс Тақтадан жауабын шығарамын.

Алмастыру минуты таратпаны тексереді.

Топ басшысы ұпай қояды

Слайд, таратпалар

Оқылым

Қасым Аманжоловтың «Дүниеге жар» өлеңін оқыту

Дауыстап әр топтан оқыту Сұрақ: Өлең несімен ұнады?



Топтық жұмыс

Оқылым бойынша тапсырма беру



Оқушылар өлеңді оқиды.

Сұрақтарға жауап береді

«Отан» тобына: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын табу Кейіпкері кім? Ол нені армандады?

«Қазақ елі тобына»: Өлеңге лирикалық талдау



«Бірлік» тобына: Өлеңдегі жағымды және жағымсыз жақтарды топтастыру

(Т кестесі)



қалыптастырушы

оқулық

постер








І топқа: Өлеңдегі ойды сәйкестендір

ІІ топқа : Сөздердің мақал мәтелмен байланысын тап

ІІІ топқа: Өлең жолын ретімен қойыңыз


Қалыптастырушы

Ноутбуктар

флипчарттар




Айтылым

Ойлаудың алты қалпағы «Дүниеге жар» өлеңінің мазмұны

Әр топқа екі қалпақтан ұсынып

, оқушылардың жұптаса жұмыс жасауын ескеру



Қызыл қалпақ: Ақын дүниеге неліктен жар салды екен?! Бұл мені толғандырып тұрғаны...

Қара қалпақ: Ұлтшылдық. Иа, иа ұлшылдық басым сияқты. Ұлттық бәрін бірдей көрсе неге «екі аяқты аң патша» деп, ал өз ұлтын көбірек жақсырақ айтты. Бұл жағы түсініксіз.

Сары қалпақ: мен бұған келіспеймін. Өлеңде ұлтшылдық жоқ. Елін сүйген ақын жүректің жан тебіренісі жатыр. «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет ет» деп Бауыржан атамыз айтты емес пе? Халқымыздың «кім екенідігін?» тани алмай жатқандарды бейбітшілік арқылы танысуға шақырады. Ол осы ойын тәкәппар дүниеге басу айта отырып жеткізген. Ақындай елін сүйген ерлер қай заманда да жетіп артылады. Сола емес пе ақ қалпақ? Сенде бұның деректері бар шығар?

Ақ қалпақ: Әрине «Жер гүлсіз болмайды, ел ұлтсыз болмайды» демекші, халқымызда Қасымдай тұлғаларымыз көп. Қазақты әлемге алғаш танытқан жарқ еткен жарық жұлдызымыз Шоқан Уәлихановты неге айтпасқа. Қайсарлығын ісімен де, сөзімен де паш еткен Бауыржан Момышұлы намысты қазақтың бірі. Ахмет, Міржақып, Мағжан, Әлихан, Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды нар тұлғалардың бойында да осы асыл арман жатты. Қоғам өзгеріп жатса да, халқымыздың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, еліне қызмет ету сөнген емес. Бүгінде патриоттық сезімді көк байрағымызды желбіреткен оғландарымыздың ерен екбектерінен сезінеміз.

Жасыл қалпақ : Ойларың орынды. Ортамызда елін сүйген, ұлтына құрметпен қараған тұлғалар көп болсын десек, Қасымдай қайсар ақынның шығармаларын көбірек оқығанымыз жөн болар. Бұған не дейсіңдер?.

Көк қалпақ: Сендердің ойларыңды тыңдай келе, өлеңнің неліктен олай аталғанына көзімізді жеткіздік деп ойлаймын. Дүниеге жар салған қаһармандай әр уақытта да еліміздің, Отанымыздың абыройын асқақтатып, әлемге мақтанышпен айта жүрейік.

Қалыптастырушы

Ауызша

Алты қалпақтар




Жазылым

Эссе (топтарға берілген тақырыптың біреуін таңдап, эссенің қалаған түріне сай жазуды ұсынамын.)


«Мен өз елімнің патриотымын»

«Өткені сырлы,ертеңі нұрлы - Балқашым»

«Қасым - дауылпаз ақын»


Қалыптастырушы

Слайд (Эссе түрлері)


Қорытынды бөлім Рефлексия

«Сиқырлы текше»

Текшені лақтыру арқылы




Не қызықты болды?

Не қиын болды?

Не білдің?

Не үйрендің?

Кімге көмек бердің?

Ұсыныс айтасың?






Кубик


Үйге тапсырма

Өлеңді оқып, жаттау

Топтарға тапсырма



«Отан»: Отан туралы өлең құрастыру

«Қазақ елі»: «Дүниеге жар» өлеңін басқа ақындардың өлеңдерімен салыстыру

«Бірлік»: Өлең мазмұнына сәйкес сурет салу







Бағалау

Көшбасшы қорытындысы

Оқушылардың бағалау парағы арқылы

Қалыптастырушы

Бағалау парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет