Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы. Сабақтың мақсаты



жүктеу 25.93 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі25.93 Kb.
Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы оқушылардың білімді болуын талап етеді.Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділіктерін арттыруда , сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы зор.Сабақта жаңа технологияларды қолданып отыруымыз керек.Осы бағытта 9- сыныпқа өткізген сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын және қасиеттерін меңгеру.

Дамытушылық: Формулаларды есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа,шапшаңдыққа,жауапкершілікке,өз бетімен ізденуге, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,таратпа материалдар,кестелер,бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,сынып тазалығы,оқушыларды түгендеу,оқу құралдарын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

ІІІ .Жаңа сабақ меңгерту кезеңі

Анықтама айтылып, мысалдар келтіріледі.



1-тәсіл. а4=10,d = 4, табу керек а10-?

а10= а4+(10-4) d =10+6*4 =34 Жауабы: а10=34



2-тәсіл. а4=10,d = 4, табу керек а10-?

а41+3 d, а1=10-12= -2 , а10= -2 + 9 *4=34 , а10=34



Арифметикалық прогрессия

а1, а2, а3,........,аn,.....

анықтама

аn+1n+d, n-натурал сан

d=аn+1 - аn

аn1+(n-1)d

аn=(аn-1n+1):2


ІY.Бекіту кезеңі

Сұрақтар:

1.Сандар тізбегі ,мүшелері дегеніміз не?

2.Тізбектің берілу тәсілдері?

3.Тізбек түрлері?

4.Бірсарынды тізбек дегеніміз?

5.Тұрақты тізбектер деп қандай тізбекті атайды?

6.Арифметикалық прогрессия анықтамасы?

7. Арифметикалық прогрессия айырымы?

8.Арифметикалық прогессияның n-ші мүшесінің формуласы

9.Арифметикалық прогрессияның қандай қасиеті бар?

10.Тұрақты тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?

Бүгінгі сабағымды тәуелсіздікпен байланыстырып өткіздім. Тәуелсіздік алып , егемен ел болғанымызға міне биыл 25 жыл.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген концертке бару үшін билет алуымыз керек.Ол үшін берілген деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз.



Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей


1. 13,17,21,....арифметикалық прогрессия берілген.Осы прогрессияның 20-шы мүшесін табыңдар.

2.Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі -3 -ке тең,ал айырымы 0,7 -ге тең.Прогрессияның 8-ші мүшесін табыңдар.

3.Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі а1 мен айырмасы d берілген.аn-ді табыңдар.

а1=2 ; d= 0,1 ;n = 5



4.(№211) есеп.

Үйге тапсырма.№214,№215 есеп

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет