Сабақтың тақырыбы: "Қалқаман Мамыр"

Loading...


жүктеу 23.52 Kb.
Дата10.09.2017
өлшемі23.52 Kb.
түріСабақ
Әдебиет 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Жанры: Лиро - эпикалық дастан.
Сабақтың мақсаты
• Білімділік: Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, поэманың мазмұнын ұғындыру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманы композициялық құрылымына талдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды поэмадағы кейіпкерлердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу, өзінің ата тегін, тарихын білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін, мәнерлеп оқу шеберлігін қалыптастыру, қысқаша мазмұндау арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сұрақтар арқылы белсенділігін арттыру, өздігінен білім алуға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Пән аралық байланыс: Тарих, музыка.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау,
әңгімелеу, зерттеу, салыстыру т. б

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
І кезең. Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа тақырып
ІІ кезең “Ой шақыру”
ІІІ кезең “Деңгейлік тапсырмалар”
І деңгей. Поэма мазмұны бойынша сұрақтар
ІІ деңгей. Екі топқа екі тапсырмадан беріледі
ІІІ деңгей. Поэманы композициялық құрылысына талдау.
Сергіту сәті
ІҮ деңгей. Сөз сыры
ІҮ кезең. Тест сұрақтары
Ү кезең Үй тапсырмасы. Бағалау.

“Қазақтың өлеңінің пірі болған,
Халқының сөзін айтар ұлы болған.
Абайдың аманат қып беріп кеткен,
Шәкәрім түсірмеген туын қолдан”
С. Мәуленов

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ірі тұлға.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 - 1931)
Шәкәрімнің ақталуы
Шәкәрім шығармашылығы - мектеп оқулықтарына тәуелсіздік алуымыздан кейін ғана ендірілген тың тақырып, бұрын оны оқытуға тыйым салынды. Шәкәрім 1988 жылы ақталып, 1989 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінде өлеңдер топтамасы берілген, сөйтіп ол халқымен қайта қауышты.

1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау өңірінде
қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген.”Әкесі - Құдайберді Құнанбайдың баласы, анасы - қаракесек руынан шыққан Алдаберген деген кісінің қызы - Төлебике (Дәметкен)

Шәкәрім – Абайдың Құдайберді деген ағасынан туған немере інісі. Абайдың шығармашылық жолын жалғастырушы ақын.

Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа келгенде, 1866 жылы әкесі Құдайберді қайтыс болады да, бала Шәкәрім бұдан былайғы уақытта Құнанбай атасының тәрбиесінде, Абай ағасының қамқорлығында болады. Бұл табиғатынан зерек, әрі алғыр Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуына да айрықша ықпал етеді.
: uploads -> doc -> 01c3
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар
01c3 -> Сабақтың атауы Б. Момышұлы. Ұшқан ұя Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...