Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза-Әлі "Кәрі қыран" өлеңі



жүктеу 69.49 Kb.
Дата13.06.2017
өлшемі69.49 Kb.
БҚО. Жаңақала ауданыc:\users\user\documents\20170217_155155.jpg

Мұқыр ауылы

Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ

Ихсанова Шынар Қадырбайқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза-Әлі

"Кәрі қыран" өлеңі
Мақсаты: білімділік - ақын өмірі, шығармашылығы туралы жан-жақты түсінік беру.символ туралы түсінік беру.өлең мазмұнын игеру,оқушының көзқарасын қалыптастыру;

дамытушылық - оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік - өрлікке, адалдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу, халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.

Сабақ түрі:"Сын тұрғысын ойлау"технологиясы қолданылған шығармашылық сабақ.

Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыстар,іздену,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: слайд,кесте, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.Оқушылармен,сәлемдесу,түгелдеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Сайын Мұратбеков "Жусан исі"әңгімесімен таныстық.

1.С.Мұратбеков қай жылы қай оқу орнын бітірді? С.Мұратбеков қай жылы қай жерде дүниеге келді?

2.Қай салада қызмет етті?

3.Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы жарияланды?

4.Ел арасына таралған қандай шығармаларын білесіңдер?

Кім? Қашан? Қайда?

Шығармадан үзінді оқимын.Оқушылар қай кейіпкердің қашан кай жерде айтқанын табады.

Жаңа сабақ.Қадыр Мырза-Әлі "Кәрі қыран"өлеңі.

1.Ақын өмірі

2.Шығармалары

3.Бейнетаспа


c:\users\gulaim\desktop\фото1526.jpg

Ой шақыру.

Қыран қандай құс?

Жыртқыш құс,тыныс алу мүшесі жақсы,биікте ұша алады,көзі өткір.

Қазақстанның қай жерінде мекен етеді?

Таулы аймақтарда,таудың ұшар биігіне ұя салады.

Халқымыз не себепті қыранды қасиетті құс санаған?

Жеті қазынаның бірі.Ерлерді қыранға теңеген.

Кәрі қыран өлеңін мәнерлеп оқу.

Өлеңнін тақырыбы,идеясын ашу.

Сөздік жұмыс.Мағынаны ашу.

Символ туралы түсінік беру.

Мысалы,гүл жастықтың,ақ көгершін-бейбітшіліктің,аққу махабаттың,ал қыран-ерліктің,еркіндіктің рәмізі.Оның дәлелі-туымыздағы,қыранның бейнесі.

c:\users\gulaim\desktop\фото1517.jpg c:\users\gulaim\desktop\фото1520.jpg

c:\users\gulaim\desktop\фото1518.jpg

Жұптық жұмыс.

Берілген суреттердің бүгінгі тақырыппен байланысын ашу керек.

Қасиетті туымызда күн астында қалықтаған қыран бейнесі көрсетіліп,еркіндігімізді,биіктігімізді паш еткен.2.Берел кезеңіндегі самұрық бейнесі бейнеленген,яғни ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз қыранды қасиет тұтқан.3.Италияның әлемге танымал суретшісі Леонардо до Винчи өзінің туындысында қанатты адамзат бейнеленген.Адамның көкке самғап,әлемді бағындыру идеясы көзделген.

Өлеңге поэтикалық талдау.Көркемдегіш құралдарды таптыру.

Теңеулер:қоладай қайырылып,өртенген самолеттей,дөнгелек шарайнадай т.б

Эпитет:ақ кебінді,ақ алмас шеңгелі,қырағы көз қырдың қызыл түлкісі,құрыш тырнақ т.б

Кейіптеу:күрсінді тау ақ қарлы.

Синоним:кәрі-шау,жасын-найзағай,тірлік-өмір-ғұмыр.

Антонимдер:қарттық-жастық,кәрі-жас,өлім-өмір.

Фразеологизм:тәрк етіп,зәбірі артты т.б

Өлеңнен аллитерация табу.

Қ.Мырзалиев өлеңін мәнерлеп оқу(бейнетаспа)

Шығармашылық жұмыс.

Берілген сөздерді байланыстырып,ойтолғау жазу.

Ұланымын ұлы елдің,туған өлке,таулы жер,Қазақстан Республикасында,кең халық,ыстық,елім,ырыс,бақыт,болашақ.

Қорытынды.

Бес жолдық тұжырымдама әдісі арқылы кейіпкерлерге бес жолды өлең құрастыру.

Зат есім:

Сын есім:

Етістік:

Синоним:


4 сөзден тұратын сөйлем.

Бағалау:


Үйге тапсырма.

1.Өлеңді мәнерлеп оқу,ұнаған шумақтарын жаттау.2."Қырандай қалықтау арманым"тақырыбына шығарма жазу.

Сабақты психологиялық аяқтау:

Тау басына өрмелеп жылан да шығады,

Қалықтап қыранда шығады.

Сенің тауың,білімің,ой арманың,

Орындалсын болашақ қиялдарың

Жылан болып өрмелеп күн кешкенше

Қалықтап ұшсын қиял-қырандарың.
e:\dscn3295.jpg e:\dscn3297.jpg

БҚО. Жаңақала ауданы

Мұқыр ауылыc:\users\user\documents\20170217_155155.jpg

Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ

Ихсанова Шынар Қадырбайқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау) 

Сабақтың мақсаты: 



Білімділік – С. Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау, тақырыбы мен идеясын ашу
Тәрбиелік – жазушының шығармашылығын игерте отырып оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, тілін, тарихын, әдебиетін құрметтеуге баулу; 
Дамытушылық – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби сөйлеу тілін қалыптастыра отырып көркем сөйлеуге бейімдеу. 
Күтілетін нәтиже:

-тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады;

-оқушылар өз беттерінше ізденуге үйренеді;

-мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады;

-бір-біріне сұрақ қойып, жауабын табуға дағдыланады;

-оқушылардың шығармашылық қабілеттері байқалады

-сыни ойлауын қалыптасады
Сабақтың түрі дәстүрлі 
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тест тапсырмалары, топтық таныстырылым, ойын элементтері, мәтінмен жұмыс 
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интернет материалдары, бағалау парақтары, интерактивті тақта 
Пәнаралық байланыс: тарих 
І. Ұйымдастыру . 
а) психологиялық тренинг, топқа бөлу 
ә)кезекшімен сұхбаттасу 
ІІ. Үй тапсырмасына қосымша ақпарат (видеоролик) 
Сұрақтар: 
1.С.Мұқанов қай жерде дүниеге келген? 
2.Сәбит қандай қызметтер атқарды? 
3. «Дәуір жыршысы» атанған қаламгер туындыларында заманның қандай мәселелері көтерілді?Қаламгердің туындыларын атаңдар 
ІІІ. Жаңа сабақ. С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасына әдеби талдау 
Композициялық талдау. 
І топ – «Сұлушаш» поэмасының тақырыбы мен идеясы 
ІІтоп – Поэма кейіпкерлеріне талдау жасау, мінездеме беру 
Көркемдік ерекшеліктеріне талдау. 
Ітоп – Теңеу 
ІІтоп – Метафора 
«Тапқыр топ». Әр топқа сұрақтар қойылады 

І топқа 
«Сұлушаш» поэмасы нешінші жылдар аралығында жазылды? (1926-1928) 


2. Төртөбел деген не? (жылқы-лошадь-horse) 
3. Поэманың үзіндісіндегі жасырған сөзді тап. Алтай қозы бақты, қой бақты, тағы не істеді? (отын жақты-дрова-wood) 
4. Алтынайдың әкесі қызының жасауына қосып тағы кімді берді? (құл, күң-раб, рабыня-slave) 
5. Сұлушаштың шашын бір өргенге әкесі қанша төлейтін?(бір жылқы-одна лошадь-one horse) 
6. Ермек Алтайға кім болып келеді? (іні-младший брат-younger brother) 

ІІтопқа 
1. Тілеуберді Алтынайға қалың мал ретінде неше жылқы берді? (мың-тысяча-thousand) 


2. Алтынайдың әкесі қызының жасауын неге артып береді және оның саны нешеу? (90 нар – девяносто нар – ninety camel) 
3. Тілеуберді ұрын келе жатқан күйеу жігіт үшін неше үй тіктіреді? (он-десять-ten) 
4. Сұлушашқа құда түскен күйеу жігіттің түр-келбеті қандай еді? (ұсқынсыз-некрасивый-ugly) 
5. Мәтіндегі жасырын сөзді тап. Алтайдың айтуынша, «Не киіп аяққа, аң аулайтын қолымызда жоқ садақ, яки, мылтық»? (шаңғы-лыжи-skies) 
6. Қалың малға қоса күйеу жігіт босаға айыбы деп не берді? (100-жылқы-100 лошадей-hundred horse 

ІІІ топқа 


1. Тілеуберді неше жыл отасқаннан кейін балалы болып Сұлушашты көреді? (екі-үш жыл-два-три года-one-two-year) 
2. Сұлушаштың асқан сұлулығын сипаттағанда жазушы қыздың мойнын неге теңеп суреттейді? (аққу-лебедь-swan)

3. Ырысты деген кім? (күйеу жігіт-жених-boy friend) 


4. Алтай жастайынан не бағып өсті? (қой, қозы – овец, ягненок – sheep, lamb) 
5. Сұлушаш Алтай мен Қайсарды бүркітті аулаудан күтіп отырғанда қандай құстың қайтып бара жатқанын көріп оған тіл қатады? (қаз-гусь-goose) 
6. Алтай мен Қайсар Сұлушашқа таудан бүркітті ұстап оралғанша тұзақпен нені ұстап, сонымен ас дайындап қой дейді? (қоян-заяц-hare) 

«Сұлушаш» сөзіне ассосация. Топтық таныстырылым 

«Сұлушаш» поэмасымен сарындас шығармаларды атаңдар 


«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қалқаман -Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Қамар сұлу» 
Ітоп – Алтай образын эпостық, лиро-эпостық жырлардағы басты кейіпкерлер Қозы, Төлеген, Қобыланды, Тарғын бейнелеріне балау 
ІІтоп – Сұлушаш бейнесін Баян, Жібек, Құртқа, Ақжүніс бейнелеріне балау 
Қазақ қыздары туралы бейнеролик көрсетіледі. 

Ойтолғау. «Менің елесімдегі Сұлушаш» 
Бағалау қорытындысын шығару. 
Үйге тапсырма. «Сұлушаш» поэмасына сценарий құрып келу 
Рефлексия. «Сиқырлы қалпақ» 
c:\users\user\documents\20170220_090639.jpg c:\users\user\documents\20170220_090704.jpg

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет