Сабақтың тақырыбы : Сәкен Сейфуллин.«Аққудың айырылуы»



жүктеу 74.49 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі74.49 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин.«Аққудың айырылуы».

Сабақтың мақсаты: Сәкен Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы туралы

білімдерін тереңдету.Поэмадағы негізгі идеяны түсіндіру.Оқушылардың

мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.Тірек кестелерге сүйене отырып,ауызекі

сөйлеу тілдерін дамыту.Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.Адал

достыққа үндеу.Қоршаған ортаны қорғауға шақыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сурет, маркерлер,тапсырмалар.

Сабақтың түрі : білім мен іс- әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау

Сабақтың әдісі: репродуктивті, эвристикалық әдістер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу(Көк ,жасыл және сары түсті аққу суреттері бойынша топқа бөлінеді)

Психологиялық дайындық: сабаққа сәттілік тілеу,сабақтың «Алтын ережесін» еске түсіру Мейірімді жүрекпен,



Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

  • «Алтын ережені» еске түсіру

  • 1. Басқаның пікірін сыйлау.

  • 2.Уақытқа бағыну,регламент сақтау.

  • 3. Тапсырмаларды тиянақты орындау.

  • 4. Шынайы түрде формативті бағалау.

  • 5. Сыныпта ,топта тәртіп сақтау.

1.Қызығушылықты ояту.

Әр топтың алған суреттерінде мақалдар жазылған әр топ өз тобының мақалын құрастырады Құрастырылатын мақалдар:



Аққу – құстың сұлтаны.

Аққуды атпа, досыңды сатпа.

Аққуды атуға болмайды, махаббатты қорлауға болмайды.

Сұрақ: Бүгін сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?



С. Сейфуллиннің шығармаларына шолу.

«Өрмекші» оқыта үйрету ойыны. Оқушылар кезек –кезек әр үстелдің тапсырмасын орындайды. Үлгергенінше жауаптарын жазып қалдырады. Оларға белгілі бір уақыт беріледі. Әр топ барлық үстелдің тапсырмасын орындап шығуы керек. Мұғалім жауаптарды тексеріп, бағалайды. Әрбір дұрыс жауап 10-дық ұпаймен бағаланады.
1 үстелдің тапсырмасы:

  1. С. Сейфуллин қашан, қай жерде дүниеге келген?(1894, қазіргі Қарағанды обл, Жаңаарқа ауданы)

  2. Тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады?(«Өткен күндер»)

  3. Ақынның қандай драмалық шығармалары бар?(«Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолында»)

2 үстелдің тапсырмасы:

1.С. Сейфуллин қайда білім алды?(Омбыдағ мұғалімдер семинариясы)

2.Тұңғыш өлеңдер жинағы қашан және қай қалада басылып шықты?1914жылы қазан қаласы(

3. С. Сейфуллиннің проза саласындағы еңбектеріне қандай шығармалар жатады?(Тар жол, тайғақ кешу»романы, «Бандыны қуған хамит»,»Мүслім» әңгімелері, «Айша», «Жер қазғандар», «Жемістер», «Сол жылдарда», «Біздің тұрмыс» повестері

3 үстелдің тапсырмасы:



1.Сәкен поэзиясының тақырыптары қандай?(туған жердің сұлу табиғаты, ел тағдыры, достық, жастық)

2. Сәкеннің қандай әндері бар?(«Ақсақ киік», «Тау ішінде»,»Көкшетау»)

3. Ақынның қандай поэмалары бар?( «Көкшетау», «Альбатрос», Қызыл ат», «Аққудың айырылуы»)

2.Мағынаны ажырату сатысы:

«Аққудың айырылуы» поэмасын әңгімелеу



Бірінші топ «Көлді мекендеген құстар»

1.Мәнерлеп оқу

2. Тақырып бойынша сурет салып, әңгімелеу

3.Көлді сипаттаудағы теңеулерді тауып, көлді мекендейтін құстар туралы айтып беру. (Үзіндінің түйіні)

Топтар бір –бірінің жұмыстарын бағалайды

Екінші топ «Екі аққудың кездесуі»

1.Мәнерлеп оқу

2. Тақырып бойынша сурет салып, әңгімелеу

3. Бұл бөлімде ақын нені жырлайды? (Үзіндінің түйіні)

Топтар бір –бірінің жұмыстарын бағалайды

Үшінші топ «Мергеннің аққуды атуы»

1.Мәнерлеп оқу

2. Тақырып бойынша сурет салып, әңгімелеу.

3.Аққу өзінің өлімімен нені дәлелдеді? (Үзіндінің түйіні)

Топтар бір –бірінің жұмыстарын бағалайды

3.Сабақты бекіту.

Екі жақты түсіндірмелі күнделік толтыру.

Поэманың маған әсер еткен шумағы

Неліктен ол маған әсер етті?













Сабағымызды Сәкеннің «Көкшетау» әнімен аяқтасам деймін

4.Рефлексия:

Сабақ бойынша ойыңды білдір:

1.Қандай жаңа білім алдың?

2.Алған біліміңді қолдана аласың ба?

3.Саған қиындық тудырған түсініктер

Бағалау парағы



1ұпай

2ұпай

3ұпай

Мәнерлеп оқу










Сюжетті сурет










Мазмұнын әңгімелеу










Үзіндінің түйіні










10-12 –«5» 7-9- «4» 4-6 –«3»

--------------------------------------------------------------------------------------------------------



Бағалау парағы



1ұпай

2ұпай

3ұпай

Мәнерлеп оқу










Сюжетті сурет










Мазмұнын әңгімелеу










Үзіндінің түйіні










10-12 –«5» 7-9- «4» 4-6 –«3»

--------------------------------------------------------------------------------------------------------



Бағалау парағы



1ұпай

2ұпай

3ұпай

Мәнерлеп оқу










Сюжетті сурет










Мазмұнын әңгімелеу










Үзіндінің түйіні










10-12 –«5» 7-9- «4» 4-6 –«3»

Екі жақты түсіндірмелі күнделік толтыру.

Поэманың маған әсер еткен шумағы

Неліктен ол маған әсер етті?






Екі жақты түсіндірмелі күнделік толтыру.

Поэманың маған әсер еткен шумағы

Неліктен ол маған әсер етті?







Екі жақты түсіндірмелі күнделік толтыру.

Поэманың маған әсер еткен шумағы

Неліктен ол маған әсер етті?





Мақал-мәтелдер:

Аққу –киелі құс.

Аққу – құстың сұлтаны.

Аққуды атпа, досыңды сатпа.

Аққуды атуға болмайды, махаббатты қорлауға болмайды.


1 үстелдің тапсырмасы:



1.С. Сейфуллин қашан, қай жерде дүниеге келген

2.Тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады ?

3.Ақынның қандай драмалық шығармалары бар

---------------------------------------------------------------------------------------------------

2 үстелдің тапсырмасы:



1.С. Сейфуллин қайда білім алды

2.Тұңғыш өлеңдер жинағы қашан және қай қалада басылып шықты?

3. С. Сейфуллиннің проза саласындағы еңбектеріне қандай шығармалар жатады?


---------------------------------------------------------------------------------------------------

3 үстелдің тапсырмасы:



1.Сәкен поэзиясының тақырыптары қандай ?

2. Сәкеннің қандай әндері бар?

3. Ақынның қандай поэмалары бар?
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет