Сабақтың тақырыбы : Сақина тәрізді құрттар: сан алуандығы, жауынқұрт; мекендеу ортасы; сыртқы және ішкі құрылысы



жүктеу 82.75 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі82.75 Kb.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Комсомол жалпы орта білім беретін мектеп»



коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Онерхан Акбота – биология пәнінің мұғалімі

Биология пәні


Тақырыбы: Сақина тәрізді құрттар: сан алуандығы, жауынқұрт; мекендеу ортасы; сыртқы және ішкі құрылысы.


Сынып: 7


Өткізу орны: «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Комсомол жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Сақина тәрізді құрттар: сан алуандығы, жауынқұрт; мекендеу ортасы; сыртқы және ішкі құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Буылтық құрттардың көптүрлілігі, шұбалшаң, тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылысы, асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, оның көбеюі және дамуы жайлы оқушыларға білім беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың анықтаманы айтып беру және сол ұғымды түсіндіре білу дағдыларын жетілдіру және дамыту.

3. Тәрбиелік: Әр оқушының пәнге деген қызығушылығы мен құштарлығын оята отырып, қоршаған ортамен және жануарлармен ізігілікті қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, суреттер, сұрақтар, тест тапсырмалары, әдістемелік құралдар, интарактивті тақта, кеспе қағаздары.

Сабақтың әдісі: «Блум» таксономиясы.

Сабақтың барысы:





I деңгей

5 балл

Білу







1

Сұрақ: Тип неліктен буылтық құрттар деп аталған?

Жауап: Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған.

1

2

Сұрақ: Буылтық құрттар неше класқа жіктеледі? Кесте сызу.

Жауап:

Буылтық құрттардың кластары

Сипаттамасы

Азқылтанақты құрттар

Азқылтанақты буылтық құрттар – қосжынысты (гермафродит). Дененің жойылған бөлігін тез қалпына келтіре алады. Оларда регенерация құбылысы едәуір жақсы дамыған.

Көпқылтанақты құрттар

Теңізде мекендейтін нереида, құмқазар сияқты көпқылтанақты буылтықтар даражынысты болып келеді. Бұлардың денесінде қылтанақтар көп болғандықтан көпқылтанақты буылтық құрттар деп аталады.

Сүліктер

Бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Бірақ буылтықтар саны ішкі бунақтарға сай келмейді. Қылтанақтары да жоқ. Қосжынысты жәндіктер. Шұбалшаңнан айрмашылығы аталық мүшесі болады. 400-ге жуық түрі бар.




1

3

Сұрақ: Буылтық құрттың мекен ететін орнын сипаттап жаз.

Жауап: Негізінде тропикте таралған. Топырақта тіршілік етеді. Ірі денелі түрлер тереңдігі 8 метрге дейін жететін терең ін қазады. Көптеген жауынқұрттар тіршілік дағдысын әрекет ету үшін түнде топырақ бетіне шығады. Ал күндіз тек қана жаңбырдан соң жер бетіне көтеріледі.

1

Түсіну







1

Тесттік сұрақтар.

1. Шұбалшаң қандай мүшесі арқылы тыныс алады?

а) тері жабыны арқылы; ә) желбезек арқылы; б) демтүтікшелер арқылы

2. Шұбалшаңның зәр шығару мүшелері:

а) имек түтікшелер; ә) жасыл түсті без; б) жиырылғыш вакуоль; в)мальпигии түтікшелер.

3. Шұбалшаңда «ми» деп қай жүйке түйінін айтады:

а) құрсақ жүйке тізбекшесі; ә) жұтқыншақүсті жүйке түйіні; б) жұтқыншақасты жүйке түйіні

4. Қандай бұлшықеттің жиырылғанды шұбалшаң денесі ұзарады:



а) сақиналы бұлшықет; ә) біріңғай салалы бұлшықет; б) көлденең жолақты бұлшықет

Жауап: 1 – а; 2 – а; 3 – б; 4 – ә.

1

2

Сұрақ: Буылтық құрттардың жәндіктерден негізгі ерекшелігі?

Жауап: Буылтық құрттардың бұған дейінгі жәндіктерден негізгі ерекшелігі – дене қуысының екінші рет қайталануы. Сондай-ақ оларда тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болған. Қажетсіз заттарды бөлетін әр буылтықта бөліпшығару мүшелері бар. Тағы бір ерекшелігі – айрықша қозғалыс мүшелерінің (папаподия) болуы.

1




II деңгей

4 балл

Қолдану







1

Сұрақ: «Параподия » сөзінің мағынасын түсіндір:

Жауап: Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі – айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы. Мұндай мүшелер құрт денесіндегі буылтықтардың әрқайсысының екі қапталын бойлай орналасады. Оны параподия (грекше: «пара» - жуық, «подион» - кішкене аяқ, яғни «аяққа ұқсас») дейді.

1

2

Сұрақ: Құрттардың құрылысының сызбасын қолдана отырып, ішкі құрылысын топтастыр.




Жауап:


1

Талдау







1

Сұрақ: Құрттар денесіндегі соңғы қуыстың қызметі қандай?

Жауап: 1) қозғалыс кезінде тірек болып, сұйықтық күйдегі қаңқа қызметін атқарады; 2) ішектің және дене қабырғасының өз алдына жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды; 3) ішкі мүшелердің және дененің мөлшері жағынан едәуір ұлғаюына көмектеседі; 4) қуыс ішіндегі сұйықтықтың көмегімен құнарлы заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдері мен газды тасымалдайды; 5) зат алмасудың соңғы өнімдері мен сұйықтыцқтың артық мөлшері жинақталатын орын бола алады; 6) ағзадағы қысымды реттеуге қатысады.

1

2

Сұрақ: Буылтық құрттардың қан тарату жүйесі қалай дамыған?

Жауап: Буылтық құрттарда қантарату жүйесі жақсы дамыған. Олардың көпшілігінде қанның түсі қызыл боады. Қан жәндіктің дене қуысына құйылмай, қан тамырлары арқылы ағатындықтан, қантарату жүйесі – тұйық жүйе. Қантарату жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан құралады. Қанның ағуын арқа және құрсақ қантамырларын сақина тәрізденіп жалғастыратын «жүрекше» реттейді. Қан дененің артқы бөлігінен арқа қан тамырлары арқылы – алға жылжиды. Сөйтіп құрсақ қантамыры арқылы кері бағытта қозғалады. Қаны түссіз және жасыл түсті буылтық құрттар да бар.

1




III деңгей

3 балл

Синтез







1

Сұрақ: Жауынқұрттың табиғаттағы маңызы.

Жауап: Жауынқұрт (шұбалшаң) – топырақта мекендейтін құрт. Шұбалшаңдар шындығында індеріне шіріген өсімдік қалдықтарын, түскен жапырақтарды тасып, оларды ұнтақтайды. Ұнтақталған тасындыларды микробтар одан әрі шіріте түседі. Сөйтіп шұбалшаң топырақты қопсытады да оған су және ауаның еркін енуіне жағдай жасайды. Мұндайда өсімдіктің тамыры тереңірек бойлап, топыраққа мықтап бекінеді. Шұбалшаңдар мезгіз-мезгіл өсімдік топырағына ауа еркін әсер ете алатын мөлшердегі тас түйірлерін топырақтың майда түйіршіктерімен бірге жұтып, ішегі арқылы өткізеді де, ірі тас түйірлерін майда түйіршіктерге қоспай қалдырады. Сөйтіп, өзі таңдаған өсімдіктерге ұсақ түйіршікті топырақ дайындайтын бағбан сияқты топырақтың барлығын бірқалыпты тегістеп араластырады екен.

1

2



Сұрақ: Әрбір типтің өзіне тән ерекшеліктерін тауып, кестені толтыр:

Жауап:

Жалпақ құрттар

Жұмыр құрттар

Буылтық құрттар

Екі жақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы, жәндіктер. Бұлардың денесін тері-бұлшықетті қапшық қаптайды. Дене тұрқы шұбалыңқы келеді. Эктодерме мен энтодерма аралығында дененің үшінші қабаты – аралық қабат мезодерма орналасады.Алғаш рет жаңа жүйе – бөліп шығару (қажетсіз заттарды бөлу) жүйесі пайда болды.

Денесі буылтықтанбаған, көлденең кесіндісі жұмыр, цилиндр пішіндес жәндіктер. Олардың денесі созылыңқы, екі жақты симметриялы, ұршықтың сабына ұқсас, үш қабатты болып келеді. Жұмыр құрт денесінің ішкі қабырғасы мен ішек аралығында түтік тәрізді қуыс болады. Мұндай қуыс бұған дейін басқа жәндіктерде болмаған. Денесін сірқабық қаптайды. Ол – өлі ұлпа.

Денесі шұбалыңқы, үш қабаттан тұратын көпжасушалы жәндіктер. Олардың денесі буылтықтарға бөлінген, соңғы қуысы бар, екі жақты симметриялы болып келеді. Оларда тұңғыш рет қанайналым жүйесі пайда болған. Қажетсіз заттарды бөлетін әр буылтықта бөліп шығару мүшелері бар.




1

Бағалау







1

Сұрақ: Егер сен жауынқұртты інінен суырып алып, денесін үзіп алсаң, не болады?

Жауап: Шұбалшаң денесіндегі буылтықтардың әрқайсысы ішкі мүшелерді толық қайталайды. Сондықтан құртты тең етіп екі бөлікке бөлсе, оның әрбір жартысынан қажетті мүшелерді көоуге болады. Расында да шұбалшаңның екі бөлікке бөлінген әрбір жартысынан даңа құрт дамиды. Сөйтіп, бассыз денеден бас өсіп, құйрықсыз денеден құйрық пайда болады. Бұл шұбалшаңның регенерациялық қасиетінің күшлігін дәлелдейді.

1

Барлығы:




12 балл
Бағалау: Егер оқушы білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез және бағалау кезеңдерінің тапсырмаларын толық әрі нақты орындаса «5» деген баға қойылады. Егер оқушы білу, түсіну, қолдану және талдау кезеңдерінің тапсырмаларын толық әрі нақты орындаса «4» деген баға қойылады. Егер білу және түсіну кезеңдерінің тапсырмаларын толық әрі нақты орындаса «3» деген баға қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет