Сабақтың тақырыбы : Компьютердің құрамына кіретін негізгі және қосалқы құрылғылар.



жүктеу 45.01 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі45.01 Kb.
Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрамына кіретін негізгі және қосалқы құрылғылар. (Қайталау сабақ)

Сабақтың мақсаты: компьютердің құрамы және оның қосалқы құрылығылары туралы түсінікті терендете отырып практикалық түрде көрсету, анықтама қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс: компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылығыларын, жүйелік тақтаның қызметін, процессорды, оперативті жадын, қатты дискті, CD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта (бейне карта) пернетеақта және пернелердің қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс: компьютердің сыртқы құрылғыларының түрін, қосымша құрылғыларын олардың қызметіне сипаттама беруді; пернетақтаны мәлімет енгізу үшін пайдалануды.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Амандасу

2) Кезекшіні сұрау

3) Жоқ баланы түгендеу, журналға белгілеу

ІІ. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Компьютердің құрамына кіретін негізгі және қосалқы құрылғылар. (Қайталау сабақ)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Зерттеу жұмысы. 1 топ- Қазіргі заманғы Д.К. 2 топ – Ерте кездегі ЭЕМ. (үйге берілген тапсырманы оқушыға оқыту, тапсрыманы бағалауға жинап алу)

Үй тапсырмасын пысықтау, карточка тарату:

Не ұқтым?

Не білдім?

Не білгім келеді?











ІҮ. Тақырыпты шығару (слайд арқылы): Компьютердің құрамына кіретін негізгі және қосалқы құрылғылар. (Қайталау сабақ)

Ү. Білімді өзектендіру

Мұғалім сабақтың мақсаты, тақырыбымен таныстырады. Коп оқушылар компьютердің неден құралғаның білеміз деп айтуы мүмкін. Оқушыларды топтарға бөліп, әр оқушы төмендегі кестені толтырады:



Компьютердің негізгі құрылғылары

Орналасуы

Компьютердің қосымша құрылғылары



















Оқушылар өз біліміне сүйене отырып кесте толтырады.

ҮІІ. Тақырыпты түсіндіру.

1. Тақырыпты түсіндіру оқулық бойынша жән интерактивті тақта бойынша жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға компьютердің негізгі құрылғыларын көрсетіп анықтама береді. монитор, пернетақта, тінтуір, жүйелік блок.



Монитор- мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге, пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамасыз етуге арналған құрылғы.

Пернетақта – компьютерге сандық және әріптік ақпаратты енгізу үшін және оның жұмысын басқару үшін арналған құрылғы.

Тінтуір – қандайда бір әрекетті орындау қажет болғанда тінтуірдің сол және оң жақ батырмалары немесе ортасындағы айналдыру жолағын басу арқыл қолданамыз.

Жүйелік блок (процессор) – Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналықтақшада орналасады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.

3. Пернетақтаның пернелерімен жекелей таныстырып олардың анықтамасы мен қызметін қайталап айтып өтеді.(интерактивті тақтадан қосып түсіндіру). Оқушылар төмендегі кестені толтырады (дәптерге):



Пернетақта бөлігінің аты

Пернелер















Пернетақта бөлігінің аты

Пернелер

Алфавиттік-сандық пернетақта

Әріптер мен сандар

Курсорды басқару пернелері

Сілтемелер, Home, End, Page Up, Page Down

Функционалдық пернелер

F1-F12

Қосымша сандық пернетақта?

Num Lock, пернетақтаның оң жағы

Басқару пернелері

Enter, Shift, Alt, Ctrl Lock, Tab, Esc, Insert, Back Space, Delete, Print screen, Scroll Lock, Pause

4. Компьютердің қосымша құрылғылары- компьютерге қосылатын қосымша құрылғылар деп аталады. Оларды атайық. (слайд арқылы тақтадан шығару суретімен анықтамасын)

1. Принтер-мәтіндік және графикалық ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.

2. Сканер- компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы

3. Модем- телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы

4. CD/DVD-ROM-лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.

5. Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.



5. Өткен сабақтан қайталау, пысықтау кезеңі: Оқушыларға сұрақ

  1. Принтердің неше түрі болады?

  2. Ақпарат дегеніміз не?

  3. Ақпаратты қалай аламыз?

  4. Ақпараттын көлемі және өлшем бірліктері?

  5. ОЖ дегеніміз не?

  6. WordPad редакторы дегеніміз не?

  7. Сохранит, сохранить как батырмасының қызметі?

6. Кітаптан тест тапсырмасын орындату

ҮІІІ. Тақырыпты меңгергенін тексеру. Алған білімді жүйелеу.оқушыларға оқыған материал бойынша интерактивті тақтадан шыққан құрылғылардын суретіне қарап сұрақтарға жауап береді.

  1. Компьютер құрылымына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар? (жауаптары)

  2. Ақпаратты енгізу құрылғысын атандар?

  3. Ақпаратты шығару құрылғысын атаңдар?

  4. Слайдтың оң және сол жақтарын сәйкестендіріңдер

  1. Сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды

енгізуге болатын қондырғы

2. Мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы

3. Дыбыстық ақпарат жазуға арналған құрылғы

4. Қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу құрылғысы



ІХ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардан сұрау

Х. Үйге тапсырма: анықтамаларды жаттау, тест тапсырмасын орындау

ХІ. Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет