Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «жаратылыстану пәндерінде дидактикалық және мультимедиялық ресурстарды қолданып оқытуды уйымдастыру» атты онкүндік апталығында өткелі отырған «Ғажайып зоология» атты танымдық сайысына қош келдіңіздер! Сайысқа қатысушы оқушыларымыз 7- ә сынып оқушылары. Сайысымыз мына кезеңдерден тұрады.
Оқушыларды топқа бөлу үшін алдыларына үш бағдаршам түсті (сары,жасыл,қызыл ) қағаздар таратылады. І-ші топ қызыл, ІІ-ші топ сары,ІІІ-ші топ жасыл.
Бұл кезеңде әр топқа жеке-жеке 5 сұрақтан қойылады. Ол сұрақтар түрлі-түсті бағдаршамның артында жасырулы болады. оқушылар өздері таңдап алып жауап береді.
(бізден орысша,сізден қазақша) әдісі қолданылады. Мақсаты жүргізуші биология ғылым саласында кездесетін сөздерді орысша айтады , ал сайыскерлеріміз сол сөздердің қазақшасын айту керек.
ІІІ. «Ойлан тап» кезеңі
-
Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық. Барлығы неше мысық? (4мысық)
-
Үш аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек? (3 сағат)
-
Жұмбақты шеш: Аяғы бар басы жоқ,
Тұлғасы бар қарны тоқ.
Екі жақтау қорғаны,
Ол болмаса сорлады. (Айқұлақ )
«Ойлан тап» кезеңі
-
Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды?(30 жылқы)
-
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды?(12-құс)
-
Жұмбақты шеш: Аяғы,тұлға,басы бар,
Сыртында сауыт тасы бар.
Ойланып көр балалар,
Шешуін оның табыңдар. (ұлу )
«Ойлан тап» кезеңі
-
Ұлу ағаштың басына шығуға күніне 5м жоғары көтеріледі. 3м сырғанап түседі. Ағаштың биіктігі 25м болса, ұлу ағаш басына неше күнде жетеді? (11-күні кешке)
-
100шөже , 100кг бидайды 100күнде жейтін болса, 10 шөже 10 күнде қанша кг бидай жейді? (1-кг)
-
Жұмбақты шеш: Домалақ таудың басында,
Тоқты қошқар ойнайды. Ол не? (Бит )
ІҮ. «Кім өнерлі» кезеңі:
(әр сайыскерге бір-бір конверт, ішінде тапсырма жазылған, сол образға еніп, қимылмен көрсету)
1 .Гүлдің солуын қимылмен көрсет.
2. Судан шығып қалған балық.
3. пәнге байланысты (мақал, тақпақ немесе өлең жолдарын айту)
1.Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу.
2.Мысықтан қорқып қашқан тышқан.
3.пәнге байланысты (мақал,тақпақ немесе өлең жолдарын айту)
1.Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу.
2.Мысықтың тышқан аулардағы әрекеті мен қимылын көрсет.
3. пәнге байланысты (мақал,тақпақ немесе өлең жолдарын айту)
Ү.«Кім тапқыр» кезеңі:
Сайыскеркерімізге интерактивті тақтадан Бунақденелілердің толық түрленіп даму түрі «Т», және шала түрленіп даму түрін «Ш» әріптерімен тұсына белгілеу керек. Және қорғап түсіндіру керек. Толық түрленіп даму мен шала түрленіп дамуға анықтама айту керек.
Қорытынды сөз: әр кезеңде үздік қатысып отырған
әр топқа ұпай санын қоя отырып,қорытынды баға шығару,бағалау. Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Биік-биік асулардан көрініп,тек жетістіктерге жете берулеріңізді тілеймін!
Қош сау болыңыздар!