Сабақтың тақырыбы : АҚан қорамсаұлының Өмірі мен шығармашылығЫ

Loading...


жүктеу 97.89 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі97.89 Kb.
түріСабақ


АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ШАЛҚАР АУДАНЫ

6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ



ШӘҢГІРБАЕВА ГҮЛНАР САНАҚБАЙҚЫЗЫ
Пәні: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Сыныбы:10

Сабақтың тақырыбы: АҚАН ҚОРАМСАҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Сабақтың түрі: Аралас (І кезең -5 мин, ІІ кезең -25 мин, ІІІ кезең-15 мин)

1.Сабақтың мақсаты:



БІЛІМДІЛІК: Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығымен

таныстыру



ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, танымдық

қабілеттерін кеңейту



ТӘРБИЕЛІК: Адамгершілікке тәрбиелеу
2.Сабақтың мазмұны: І-ІІІ кезеңдік тапсырмалар

Сабақтың әдіс-тәсілі: І кезеңде –сұрақ –жауап; ІІ кезеңде –а)оқулықпен өз бетімен іздену әдісі; б)салыстыру в) семантикалық карта ; г)тірек сызба ІІІ кезеңде –үшдеңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері
4.формасы : І кезеңде –фронтальды ; ІІ кезеңде –а) ұжымдық; б) фронтальды в) жеке;

ІІІ кезеңде –жеке



5.көрнекіліктер: І кезеңде –слайдтар ; ІІ кезеңде –а)оқулық , слайд, жұмыс дәптері;

ІІІ кезеңде- жұмыс дәптері; «ашық журнал»





Оқушыларға берілетін тапсырмалар

І кезең

  1. Ұйымдастыру




«Көпір» тапсырмалары

  1. Ақан сері Қорамсаұлы қашан, қайда дүниеге келді?

Жауабы:1843 жылы қыркүйек айында Ақмола облысы, Қоскөл деген жерде дүниеге келді

  1. Ақан қайдан, қандай білім, тәрбие алған?

Жауабы: Қызылжардағы Уәли ахун хазіреттің медресесінде оқып, араб - парсы халықтарының тілін үйренеді, шығыс классиктерінің мұраларынан мәлімет алады.

  1. Ақан бойында қандай өнерлері тоғысқан?

Жауабы: Ақан аңшылық саятшылық, атбегілік, құсбегілік, өнерлерді қатар меңгерумен бірге ақындық, әншілік, сазгерлік, орындаушылық қабілеттерді де сәби шағынан бойына сіңіре білді.

  1. Ақанның шығыстың, батыстың мәдениеті мен әдебиетінен хабардар болғаннан дейін тыңдаған жырлары қандай?

Жауабы:Анасының бесік жырын, әкесі мен атасының тақпақтары,жаңылпаштары, жұмбақтар, ертегі аңыздарды тыңдау арқылы қиялына қанат бітірді.

  1. Ақан шығармалары халық арасында қалай тарады (ауызша ма, жазбаша ма )?

Жауабы: Шығармалары көбінесе ауызша тарады. Өйткені ол өмір сүрген ортада оқи білетіндер аз болды.




ІІ кезең (топтық жұмыс)

Теориясы «Білу»

  1. Ақан тәрізді өнер өкілдері неліктен өлеңге емес, бірден сазға (музыкаға) жүгінетін еді?

Жауабы: Ол кезде өлеңді жай дауыспен жатқа айту салты өнер деп саналмаған. Себебі әуенсіз айтылған өлең мәтіні жылдам жатталмаған.

  1. Ақанды ел неліктен «сері» деп атаған?

Жауабы: Өзгелерден ерекше бір қасиеті – ол өнерімен елге қызмет ету, халықтың тілек-үмітін ақтау, бойындағы бар өнерін жұртқа жұмсау болды.

  1. Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен серігі?

Жауабы: Құлагер сәйгүлігі

  1. Ақан Құлагерді қайдан және кімнен алған еді?

Жауабы: «Құлагер құнанында керім еді,

Нағашым сұрағанда беріп еді,» дегендей Қарауыл еліндегіШөкетай деген кісіден бір ат, бір сиыр, 25 сом беріп алған еді

  1. «Маңмаңгер» әнінің шығу тарихы қалай?

Жауабы: 300 ат қосылған бәйгеден кейін маң-маң басқан Құлагердің жүрісіне, тұлғасына сүйсініп мадақтап шығарған әні.

  1. Ереймен жеріндегі бәйге жарысында Құлагерді сынаған ат сыншысы кім?

Жауабы:Күреңбай сыншы

  1. Ақан «Құлагер» әнін қалай шығарған?

Жауабы:Құлагер мерт болып, құлаған жерінде жан тәсілім етіпті. Соны көріп азаланған Ақан атақты «Құлагер» әнін дәл осы жерде шығарған.

Теориясы «Түсіну»

  1. Ақанның Құлагер мерт болғаннан кейінгі серігі?

Жауабы:Көкжендетімен Қараторғайы

  1. «Мылтық пен мергеншілік» өлеңінде нені бейнелеген?

Жауабы: Аңшының мылтығы қандай болуы керек, мергендіктің қыр-сыры, аң аулау кезіндегі мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын бейнелеген

  1. Ақанның жас шағындағы өлеңдері неге арналды?

Жауабы: Адам жанының нәзік сезімдеріне, әдемілігіне, сүйіспеншілік пен ғашықтық, ынтырзарлыққа, ару қыздарға арналған.

  1. Жүсіп төренің Жамал деген қызға ғашық болып, арнаған әні қандай?

Жауабы: «Жамал қызға » әні


Теориясы «Талдау»


Кестені толтырыңыз



Үзінді

«Қыз сипаты»

«Майда қоңыр»

«Сырымбет»

«Балқадиша»

«Асыл мен жасық»

1

Бірінші қыз келер ақша маңдай
















2

Сұлу ат, жақсы әйел, ер қайрағы
















3

Аулым қонған Сырым

бет жел жағына


















4

Бұралып белін нәзік, тал Қадиша
















5

Алтынды қорлағанмен жез болмайды


















Теориясы «Жинақтау»

Біржан мен Ақан шығармаларын салыстыр


Шығармаларда өз дәуірінің жемісі , өз заманының шындығы суреттелген

Екеуідеқазақ өнерінің үш бірдей саласын асқақтата көтерген

көтерген


Ел қайғысы мен өз қайғысы
Венн диаграммасы

Біржан Ұқсастығы Ақан




Практикасы «Қолдану»

Шығармашылық диктантты орындаңыз.

Мылтығың түзу болсын, өзі сырлы,

Сүйменді, оғы болсын алты қырлы.

Қолыңда қызыл темір қалың ауыз,

Алысымен талғамас жақын жерді.

Өлеңнің тақырыбын анықтаныз



Практикасы «Баға беру»

Ақанның өмір сүрген кезеңі қандай?

Жауабы: Патшалық Ресейдің отарлау саясаты толық жүзеге асқан кез.



Теориясы «Білу»


ІІІ кезең (жеке жұмыс)

Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинаңыз.

І деңгей. Тест


  1. Ақан қайда, қашан дүниеге келді?

а) 1859 жыл Алматы облысы

ә) 1843 жылы Көкшетау облысы, Қоскөл деген жер

б) 1843 жыл, Маңғыстау облысы



  1. Ақанның туған жеріне арнап шығарған өлеңі?

а) Балқадиша ә) Асыл мен жасық

б) Сырымбет

  1. Ақан әндерінің туу себебі неде?

а)Басынан кешкен жағдайларына байланысты

ә) Өмірлік қажеттілігіне байланысты

б) Көңіл күйіне байланысты


  1. Ерейменде жалпақ елге берілген ас кімге арналды?

а) Құдайбердіге ә) Сағынайға б) Абайға

Практикасы

«Қолдану»

Төмендегі өлең жолдарында не туралы айтылған?

Ғашықтың бір ыстық күн желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық.

Торығып сағын күткен шіркін көңіл,

Қара су енді қасірет жатқан тұнып.

Жауабы: Бірінен соң бірі өліп, Ақанның басына түскен тағдыр тауқыметі жүрегіне әсер етеді.



Теориясы «Түсіну»

ІІ деңгей

Бес жолдан тұратын қорытынды жазыңыз



  1. Екі зат есім

  2. Бір сын есім

  3. Бір етістік

  4. Бір үстеу

  5. Сөйлем

Жауабы: Ақан

Өнерлі


Шығарған

Ауызша , жазбаша

Өнерлі Ақан өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған


Теориясы «Талдау»

Үзіндідегі өлеңге қарай мақал-мәтел жазыңыз

Әркімнің өзіне сан қалпы да бар,

Пасықтан ластық мінез тез қалмайды,

Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді.

Жаманнан үлгі аларлық сөз қалмайды.

(«Жақсы мен жаман»)

Жауабы: Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді



Практикасы

«Қолдану»

Берілген өлең жолдарын өз орнына қойып көріңіздер.

Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған,

Етегін ақ көйлектің алтындаған.

Ішінде сен қоңырқаз қаңқылдаған ,

Сексен қыз серуенге шықса дағы.

Жауабы: Етегін ақ көйлектің алтындаған.

Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған,

Сексен қыз серуенге шықса дағы.

Ішінде сен қоңырқазқаңқылдаған ,

(«Жамал қыз»)


Жинақтау


ІІІ деңгей

1.Ақан шығармаларының тақырыбын топтастыр



Жауабы:

туған жер ғашықтық, сұлулық

Ақан шығармаларының

тақырыбы

өнер-білім тәлім-тәрбиелік

  1. Инсерт картасы



Білемін

Білдік

Білгім келеді

Ақан өмірін, өлеңдерін

Ақанның толық өмірін, «Құлагер» поэмасының шығу тарихын

Басқа әндерін



Баға беру

Сіз қалай ойлайсыз, Ақан өнері бүгінде жалғасты ма?

Жауабы: Менің ойымша, Ақан сияқты үш өнерді де бойына дарытпағанымен, ақын, сазгер боп жүрген жастарымыз да аз емес. Мысалы: Бекболат Тілеухан, Арман Дүйсенов т.б

: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Әміре -ән көгінің айнасы Cабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаттары
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> АӘД пәнінде оқушы бойына патриоттық тәрбиеге баулудың қалыптастырудың жолдары Атадан жақсы ұл туса
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Мектебімізде салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> Ғалымдар Ғалымдар Зертеуші журналисттер
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі. Тақырыптық сөздік қор Кілттік сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...