Сабақты Қолдану «№65 жалпы білім беретін орта мектебі»



жүктеу 93.81 Kb.
Дата13.06.2017
өлшемі93.81 Kb.
Бастауыш сыныпта кіріктірілген сабақты

Қолдану

«№65 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Нурбекова Салтанат Карыбаевна

Елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекетіміздің болашақта дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адам сүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру, тіл мәдениетін дамыту міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ. Осыған орай интеграция, интеграциялық оқыту мәселесі сан қырынан зерттелуде. Оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі интеграцияны әр түрлі негізде жасауға Н.В.Малахов, И.А.Лошкарёва, В.Н.Максимова, Н.Я.Виленкин тағы басқалар зор үлес қосты. Казақстандық педагогика да жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б.Т.Набиева, А.Ерімбетова, А.А.Әбдиева тағы басқалар сипаттады.

Интеграциялау – бөліктерді бүтін шығатындай біріктіру, оларды бір тұтас болатындай етіп қосу. Осы тұрғыдан қарастырғанда, кейбір пәндерге қатысы бар материалдарды белгілі бір пән ауқымында жеке өткеннен гөрі, оның мазмұны кең қамтылатындай етіп, интеграцияланып оқытылғаны тиімді. Интеграциялау – материалды жан-жақты игерту, оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірлік практикада қолдануда тиімді әдіс. Сонымен бірге оқушының саналық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастарын ұштауда, оқу мерзімін тиімді пайдалануда, оқу-тәрбие процесін басқаруда пайдасы зор. [1]


  • Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихына көз жүгіртсек. Бұл идея Я.А. Коменскийден басталады. Ұлы дидакт: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы көрсетіле отырып оқытылуы қажет»,– деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты пайдаланып кіріктіре оқыту негізінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Осы идеяға көптеген педагогтар қосылып, оны одан әрі дамытты. Кіріктіре оқыту идеяларын В.Я. Стахарин, Н.Ф. Бунаков, В.И. Водовозов, т.б. педагог ғалымдар жалғастырып, пәндерді кіріктіре оқыту әдістемелерін ұсынды

  • Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихына көз жүгіртсек. Бұл идея Я.А. Коменскийден басталады. Ұлы дидакт: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы көрсетіле отырып оқытылуы қажет»,– деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты пайдаланып кіріктіре оқыту негізінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Осы идеяға көптеген педагогтар қосылып, оны одан әрі дамытты. Кіріктіре оқыту идеяларын В.Я. Стахарин, Н.Ф. Бунаков, В.И. Водовозов, т.б. педагог ғалымдар жалғастырып, пәндерді кіріктіре оқыту әдістемелерін ұсынды.

Этимологиялық мағынасы («интеграция» – лат. untegratio) «қалпына келтіру», «толықтыруды» білдіретін бұл ұғым педагогикада бірнеше тұрғыдан қаралады:

кіріктіру – оқытудың жүйелік принципіне сай жақсы ойластырылған, жіті қарастырылған педагогикалық үрдіс



  • кіріктіру – мазмұндық қайталауларды болдырмау; оқу үрдісінде бағдарламадағы пәндерді логикалық негізделген бірізділік принципіне қарай құрастыру және түрлі пәндерді оқытуда «шекаралық білімді» үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады;

  • Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихына көз жүгіртсек. Бұл идея Я.А. Коменскийден басталады. Ұлы дидакт: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысы көрсетіле отырып оқытылуы қажет»,– деген болатын. Атақты педагог пәндердің арасындағы байланысты пайдаланып кіріктіре оқыту негізінде оқыту үрдісінің біртұтастығын қалыптастыруға қол жеткізуге болатынын айтты. Осы идеяға көптеген педагогтар қосылып, оны одан әрі дамытты. Кіріктіре оқыту идеяларын В.Я. Стахарин, Н.Ф. Бунаков, В.И. Водовозов, т.б. педагог ғалымдар жалғастырып, пәндерді кіріктіре оқыту әдістемелерін ұсынды

  • кіріктірудің маңызы, кіріктірілетін пәннің оқу жоспарына сәйкес оқушылар сапалы білім ала отырып, өздерінің танымдық қабілеттерін дамытады, табиғаттың біртұтас ғылыми бейнесі жөнінде түсінік қалыптастырады, алған білімдерін болашақта тиімді пайдалануға, оны дамытуға қажетті білік-дағдыларды бойына сіңіреді.Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету , оның ғылыми деңгейін жоғарылату ,тұтастай алғанда ,оқушының танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру өзекті мәселеге айналуда .Сондықтан бастауыш –ақ пәндерді интеграциялап оқытуды ұйымдастыру ,ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы ,баланың интелектуалдық ой-өрісін байытумен бірге ,бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін , жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Білімді интеграциялау бағыты әр түрлі пәндердің даралығын болдырмай ,жалпылауыш бөлімдер интеграцияланған кешендер пәнаралық ортақ мүдделерді біріктіретін интеграцияланған блоктар құру арқылы білім мазмұнының құрылымын және оның ғылыми негіздерін ,ғылыми көзқарастарға арқау болатын ғылыми ұғымдарды ,оларды оқушыға меңгертудің әдіс тәсілдерін ,құралдарын қажетті деңгейде синтездеуге ,сөйтіп білімнің бөлшектенуін ,қайталануларды оқушыға шамадан тыс жүк түсуін болдырмауға мүмкіндік беріп , бұларды сапа жағынан мүлдем жаңа сатыға көтереді.

  • Кіріктіру (интегративті) сабақтарын даярлау және жүзеге асыру кезінде білімдік көптеген мәліметтермен толығады. : сабақтың құрамына білім көзі ретінде кіретін пәндер ,қосымша әдебиеттер ,зерттеулер,балалардың бұрынғы білімі ,тәжірибесі,мұғалімнің түсіндіруі,оқушылардың жауабы т. Б. Бастауыш сыныптардағы пәндердің басты мақсаты –оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оларды қоршаған ортаның әсемдігін өнер түрлері арқылы түсіне білуге тәрбиелеу .

Сабақтың мазмұны мұқият және мақсатқа бағышталып сараланып ,бір түрлерін кірістіру,екіншісін алып тастау қатаң түрде тақырыпқа сай жүзеге асырылады,бұл оның мазмұндық тұтастығы мен нәтижелі болуының қажетті шарты болып табылады. Оқушылардың айналадағы дүниені танып білуінде ерекше роль атқаратын пәндердің бірі “Дүниетану”Бұл пән мазмұнында адамның табиғатпен ,қоғаммен ,басқа адамдармен этикалық, құқықтық қарым қатынасына айрықша мән беріліп, оқушыларды осындай қарым-қатынастарды және өміріне денсаулығына сауатты қатынасын тәрбиелеу көзделген

  • Әсіресе бұл пәнді ана тілі, еңбек, бейнелеу, музыка пәндерімен кіріктіргенде оңды нәтижеге қол жеткізуге болады.

Дүниетану пәнінің мазмұны “табиғат” блогы бойынша ана тілімен табиғат обьектілерін ,құбылыстарын ,әсем көріністерін,,өсімдіктермен жануарларды оларды қорғау қажеттігін бейнелейтін шығармалар,жұмбақтар,мақал-мәтелдер ,ертегілер ,аңыз-әңгімелер арқылы кіріктіріледі. Қазақ тілі пәні бойынша тоқталар болсақ бұл пәнді де көбінесе ана тілі, дүниетану, бейнелеу сабақтарымен байланыстыруға болады
Интеграциялық процестерді асыру мына тірек кесте арқылы жүзеге асты.




  1. Пәнішілік интеграция.

Мақсаты:

    1. Пән тақырыптарының ішінен интергациялауға негіз болатындай өзге пән элементтерін анықтау, бір жүйеге келтіру.

    2. Оқушылардың қызығушылығын, белсенділіктерін жан-жақты дамытуға әсер ететін әртүрлі тапсырма түрлерін жасау.

Істелген жұмыстар:

  1. Екінші сынып бойынша әр түрлі пән элементерінің байланысына картотека жасадым.

2)Осы байланысты негізге ала отырып, оқушылардың білімдік, танымдық, дағдылық қабілеттерін жан жақты дамытуға ықпалын тигізетін тапсырмалар құрастырдым.

Таблица 1



Тақырып

Пәнішілік байланыс

Қазақ тілі сабағында

орыс тілі+ қазақ тілі

Математика сабағында

математика +қазақ тілі

Дене тәрбиесі сабағында

дене шынықтыру+ қазақ тілі

Көктем

дүниетану+ қазақ тілі

3) «Жапырақ» атты ашық сабақ өткіздім. Бұл сабақтарда мына пәндердің интеграциясы жүзеге асты: қазақ тілі+математика+ дүниетану+ музыка

4) «Жылу» Ф.Оңғарсынованың өлеңі. Бұл сабақта мына пәндердің интеграциясы жүзеге асты. : музыка+ қазақ тілі+дүниетану


  1. Пәнаралық интеграция.

Мақсаты:

1.Әр пәннің өзіндік құрылым ерекшілігіне, мақсатына, міндетіне, бағдарламасына ешқандай өзгеріс енгізбей, әр пәннің өз дербестігін сақтау.

2. Әр пәннің бағдарламарын негізге ала отырып, талқылау, мазмұны ұқсас тақырыптарды бөліп, бір жүйеге келтіру.

3.Интеграциялық сабақ өткізуге жетекші болатын пәнді анықтау.

Мұндай сабақты екі немесе үш пән мұғалімдері бірігіп өткізе алады.

Істелген жұмыстар:

1) Бұл интеграция бойынша «Дене шынықтыру сабағында» атты ашық сабақты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жүргіздім.

2) «Растение - живой организм» атты ашық сабақ дүниетану пәнінің мұғалімі Акетова Меруерт Саниярбековнамен өткіздім.

Мұңдай сабақтар қызықты және оқушылардың есінде көпке дейін қалады деп ойлаймын.



  1. Сабақты тік интеграция тәсілімен жүргізу.

Мұндай сабақ әр түрлі сынып оқушыларының қатысуымен өткізіледі.

Мақсаты:

1.Әр сыныптың пәндік бағдарламасына тақырып мазмұнына ешқандай нұқсан келмеуі тиіс.

2.Әр сынып оқушылары берілген тақырыпты өз шама-шарқынша, өз деңгейлерінде шешеді.

3.Осы интеграцияның көмегімен оқушылардың шығармашылығы, белсенділігі жан-жақты дамиды және үлкен сынып оқушылары кіші сынып оқушыларына ағалық, апайлық көмек көрсетеді.

Келесі сатыда интеграцияның мақсаты мен міндеттерін қою мәселесін анықтау болды. Бұл мәселені шешу үшін 4 сыныптарда сауалнама жүргіздім.


Сауалнаманың тақырыбы: Оқушылардың оқу пәндеріне өзіндік

көзқарастарын анықтау.



Сауалнаманың мақсаты

1.Жан-жақты жетілген тұлғаны анықтау

2.Оқушыларды оқуға ынталандырудағы оқыту пәндерінің рөлін анықтау;
3.Оқушылардың білімі мен шеберліктерінің интеграциясына мүмкін болар серіктестікке нұсқайтын пәндерді анықтау.


  • Сауалнамасұрақтары:
    Өзің ұнататын пәндерді өсу ретіне қарай орналастыр.
    Орыстілі
    Денешынықтыру
    Қазақтілі
    Еңбек
    Дүниетану
    Ағылшын
    Музыка
    Математика
    Бұл пәндер саған неліктен ұнайды?

  • Сауалнама қорытындысы: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарының нәтижелері мынандай:
    Математика 88 %;

Орыстілі 83 %;

Дене шынықтыру 81 %;

Қазақ тілі 77 %

Еңбек 70 %

Ағылшын 65 %;

Дүниетану 68 %

Музыка– 50 %;


  • Сауалнаманың нәтижелерін ескере отырып, алдыма мынандай міндеттерді қойдым:

  • 1.Пәнге байланысты ортақ тақырыптарды анықтау, оларды интеграция тәсілі бойынша жүйелеу.

  • 2.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын,белсенділіктерін арттыруға себебін тигізетін көрнекі құралдар (деңгейлік тапсырмалар, тестер, өздік жұмыстарға арналған карточкалар т.б.) дайындау.

  • Пәндерді кіріктіру арқылы оқытуды ұйымдастыру түрлерінің кейбір түрлерін қарастыратын болсақ

Сабақ кестесі арқылы (пәнішілік интеграция) реттелген ортақ тақырып “Төрт түлік”

  • 1 сабақ ана тілі “Түйе”, “Ботақан”

  • Сабақ дүниетану “малды қысқа даярлау”

  • Еңбекке үйрету “Ермексаздан шөккен түйені мүсіндеу”

  • 2. Пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асатын кіріктірілген сабақ 4 сынып Қазақ тілі

  • Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

  • Мақсаты: жаттығу жұмыстарын орындату арқылы қос сөздің жасалу жолдарын және жалпы күрделі сөздер туралы алған білімдерін қайталау

  • Сабақтың түрі: Кіріктіру Пәнаралық байланыс: дүниетану,ана тілі

  • Бұл сабақта көбінесе берілген жаттығуларда жер-су аттары , мақал-мәтелдер берілген.

  • Міне мұндай кіріктіре оқытуды ұйымдастыру білім мазмұнының біртұтастығын қамтамасыз етеді, айналадағы дүние,оны танып білудің әдіс-тәсілдері туралы түсініктермен ұғымдарды біріктіретін білім,білік, дағдылар жүйесін,табиғатқа деген қарым-қатынастағы халқымызға тән қасиеттер, табиғат пен адамды бірлікте қарастыратын ұлағатты философиялық , логикалық ой пікірлер қалыптастырады,оқушының жалпы дамуына

жағдай жасайды

  • Сөйтіп, оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде интеграция қағидаларын пайдалану:

- оқуға қызығушылығын арттыруға;

- өнімді деңгейде білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға;

- тілдік құзыреттілігінің дамуына ықпал етеді.


  • Қорытынды

  • Сонымен білім беру үрдісіндегі интеграция (кіріктіру) әр түрлі пәндер арасындағы тұрақты байланыстарды нығайту және мектептен тыс іс –шараларда бұрын алған білімдерін байланыстыру мақсатымен жүйелі түрде жүзеге асырылатын үрдіс.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Бекбосынов М. Интеграция әдісін сабақта қолданудың тиімділігі

/Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектебінде. 2009 №1. 15-19 б./

2. Жайлауова М., Әбуова А. Пәнаралық байланыс / Бастауыш мектеп

2004. №4. 22-24 б./

3. Турекулова П.Ш. Интегрированные уроки в развитии продуктивной деятельности учащихся // Автореферат. 2006.

4. Сыдыкова Б.Т. Формирование самостоятельности у учащихся 5-6 классов на основе межпредметных связей // Автореферат . 2001.



5. Завацкая Г.С. Роль межпредметных связей в методике преподавания русского языка // Менеджмент в образовании . 2006.№2.36-42 б.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет