Сабақтың негізгі кезендері Ұйымдастыру кезеңі. Үй жұмысын тексеру кезеңі



жүктеу 107.68 Kb.
Дата01.06.2017
өлшемі107.68 Kb.
Қазіргі сабақты талдау түрлері

1.Сабақтың негізгі кезендері


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын тексеру кезеңі.

  3. Оқушыларды жаңа материалды меңгеруге дайындау кезеңі.

  4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі

  5. Жаңа тақырыпты оқушылардың түсінуін тексеру кезеңі.

  6. Жаңа тақырыпты пысықтау кезеңі.

  7. Үй жұмысын беру, оның орындалуы туралы нұсқау беру кезеңі.

  8. Сабақты қорытындылау кезеңі.


1. Ұйымдастыру кезеңі


1.

Кезеңнің дидактикалық мақсаты

Оқушыларды сабақтағы жұмысқа дайындау, сабақ мақсаты мен міндеттерін анықтау.

2.

Кезеңнің мазмұны

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің санитарлық- гигиеналық жағдайын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,оқушылар зейінін ұйымдастыру (психологиялық дайындық сәті)

3.

Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары

Мұғалімнің талаптылығы, ұстамдылығы, жинақтылығы; ұйымдастыру кезеңінің жүйелілігі, талаптардың бірізділігі.

4.

Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері

Ұйымдастыру кезеңінің қысқа мерзімділігі; сыныптың жұмысқа толық дайындығы; оқушылардың жұмысқа жылдам кірісуі; барлық оқушының зейінінің ұйымдастырылуы.

5.

Белсенділікті арттыру тәсілдері

Кезекшілер есебі, тақтаны пайдалану.

6.

Жіберілетін қателер

Оқушыларға қойылатын бір тұтас емес, оқушылардың танымдық белсенділігі ынталандырмайды.


2. Үй жұмысын тексеру кезеңі.


1.

Кезеңнің дидактикалық мақсаты

Барлық оқушы үй жұмысын дұрыс және түсініп орындағанын анықтау, тексеру барысында білімдеріндегі анықталған кемшіліктерді жою.

2.

Кезеңнің мазмұны

Үйге берілген материалды меңгеру деңгейін анықтау; білімдеріндегі біркелкі кемшіліктерді және олардың себебін анықтау; анықталған кемшіліктерді жою.

3.

Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары

Мұғалімнің оперативтілігі, оның қызметінің мақсатқа бағытталуы; оқушылардың көпшілігінің үй жұмысын орындалуын тексеру мүмкіндік беретін тәсілдер жүйесін қолдануы.

4.

Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері

Мұғалімнің қысқа мерзімде (5-7 мин) оқушылардың көпшілігінің білім деңгейін және біркелкі қателерді анықтай алуы; үй жұмысын тексеру барысында негізгі ұғымдарды қайталай және қателерді түзей алуы.

5.

Белсенділікті арттыру тәсілдері

Бақылаудың түрлі формалары мен әдістері. Оқушыларға ізденіс, шығармашылық, жеке тапсырмалардың берілуі.

6.

Жіберілетін қателер

Сұрау әдістерінің бір сарындылығы. Сұрақтар мен тапсырмалардың репродуктивтік сипаты. Оқушылардың жеке ерекшеліктерінің есепке алынбауы. Оқытылып жатқан материал ерешелігінің ескерілмеуі.


3. Оқушыларды жаңа материалды меңгеруге дайындау кезеңі



1.

Кезеңнің дидактикалық мақсаты

Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және мақсатқа бағыттау.

2.

Кезеңнің мазмұны

Жаңа тақырыпты және оны үйренудің мақсаттарын айту, оның практикалық маңыздылығын көрсету, оқушылар алдында оқыту проблемасын қою.

3.

Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары

Мұғалімнің оқушыларға жаңа оқу материалының мңыздылығын алдын ала тусіндіру, мұғалімнің сабақтың білім берушілік мақсатын нақты қоя алуы, оқушыларға сабақ баысында олар нені үйрену керек, қандай білім, білік, дағдыларды игеру керек екенін түсіндіре алуы.

4

Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері

Кейінгі кездерде оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігі; жаңа тақырыпты меңгеру және түсуінің тиімділігі; оқушылардың жаңа тақырыптың практикалық маңыздылығын түсінуі ( сабақтың кейінгі кезендерінде анықталады).


4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.


1.

Кезеңнің дидактикалық мақсаты

Оқушыларға танысып жатқан фактілер, құбылыстар, ұғымдар туралы нақты түсінік беру; оқушылардың жаңа тақырыпты түсінуін, меңгеруін, жүйелеуін қамтамасыз ету.

2.

Кезеңнің мазмұны

Оқушылар зейінін ұйымдастыру; жаңа тақырыпты түсінуін, меңгеруін, жүйелеуін қамтамасыз ету.

3.

Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары

Жаңа тақырыптың маңызды жақтарын меңгеруді күщейтетін тәсілдерді қолдану; зерттеліп жатқан объектілер мен құбылыстардың ерекше айырмашылықтарының толық және нақты анықтамасын беру; дәптерге анықтамаларды, тірек схемаларды, тезистерді жаздыру; талдау, салыстыру, жалпылау, проблемалық ситуация туғызу әдістерін қолдану, сөздік жұмыс.

4

Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері

Оқушылар жауаптарының дұрыстығы; оқушылардың өздік жұмысқа белсене қатысуы, сабақтың кейінгі кезендеріндегі оқушылар білімінің сапасы.

5.

Белсенділікті арттыру тәсілдері

Оқытудың стандарттан тыс әдістері мен формаларын қолдану. Жаңа тақырыпты меңгерудегі дербестіктің жоғары дәрежесі. ОТҚ және басқа көрнектілікті пайдалану.

6

Жіберілетін қателер

Мақсаттарды қойылуында нақтылық жоқ, жаңа материал жүйеленбеген және пысықталмаған, алдыңғы материалымен байланыспаған.

5. Жаңа тақырыпты оқушылардың түсінуін тексеру кезеңі.


1.

Кезеңнің дидактикалық мақсаты

Оқушылар жаңа ұғымдарды, заңдылықтарды меңгергенің немесе меңгермегенін анықтау, анықталған кемшіліктерді жою.

2.

Кезеңнің мазмұны

Оқу материалды оқушылардың тереңінен түсінуін тексеру.

3.

Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары

Оқушылардың белсенді ойлау қызметін талап ететін сұрақтарды қою; білімді пайдалануда қалыптан тыс жағдайлардытуғызу; оқушыларға жауапты толықтыруға, басқа шешімді табуға, нақтылауға ұсыныс жасау.

4.

Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері

Мұғалім білімі орта және төмен оқушылардан сұрайды, сынып оқушылардың жауаптарын бағалауға тартылады; тексеру барысында мұғалім жаңа тақырып бойынша түсініспеушіліктерді жоюды қамтамасыз етеді; дидактикалық мақсаттың орындалуының негізгі критерийі – жаңа тақырыпты білімі орта және төмен оқушылардың меңгеруі, түсіну деңгейі.



6. Жаңа тақырыпты пысықтау кезеңі.



1.

Кезеңнің дидактикалық мақсаты

Жаңа тақырып бойынша өзіндік жұмысқа қажетті білім мен біліктіліктерді пысықтау.

2.

Кезеңнің мазмұны

Алынған білім мен біліктіліктерді пысықтау.

3.

Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары

Жаңа білімді қолдана білу дағдысын қалыптастыру, теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау, пысықтаудың түрлі формаларын пайдалану.

4.

Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері

Оқушылардың фактілерді, ұғымдарды, ереже мен идеяларды салыстыра және сәйкестендіре білу қабілеті, жаңа тақырыптың негізгі идеяларын ажырата белсенділігі.

5.

Белсенділікті арттыру тәсілдері

Түрлі тапсырмалар, олардың практикаға бағытталуы.

6.

Жіберілетін қателер

Пысықтау тәсілдерінің бір сарындылығы. Пысықтауға жіберілген уақыттың аздығы.


7. Үй жұмысын беру, оның орындалуы туралы нұсқау беру кезеңі.


1.

Кезеңнің дидактикалық мақсаты

Оқушыларға үй жұмысын жариялау, оны орындау әдістемесін түсіндіру және сабақты қорытындылау.

2.

Кезеңнің мазмұны

Үй жұмысы туралы ақпарат; оның орындалуы туралы нұсқау беру; оқушылардың үй жұмысын орындалуынтүсінгенін анықтау; жұмысты қорытындылау: сынып қалай жұмыс жасады, қай оқушы белсенділік танытты, оқушылар нені білді.

3.

Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары

Жұмыс мазмұнын, орындау тәсілін асықпай түсіндіру; үй жұмысының орындалуы бойынша оқушыларға қысқа, нақты нұсқаулар беру қабілеті; үй жұмысының құрамына танымдық тапсырмаларды енгізу; ұй жұмысын оқушылардың деңгейіне қарап беру.

4.

Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері

Барлық оқушылардың үй жұмысын дұрыс орындауы.

5.

Белсенділікті арттыру тәсілдері

Тапсырмалардың дарашылдығы, оларды орындаудың шығармашылық сипаты (интервью, жобаларды қорғау, т.б.)

6.

Жіберілетін қателер

Үй жұмысын қоңыраудан соң беру, үй жұмысының көлемі шамадан тыс және күрделі болуы, орындалуы туралы нұсқаулардың болмауы.


8. Сабақты қорытындылау кезені.


1.

Кезеңнің дидактикалық мақсаты

Мақсатқа жетудің нәтижелілігіне баға беру, талдау жасау.

2.

Кезеңнің мазмұны

Сыныптың және жеке оқушылардың жұмысын бағалау және өзін-өзі бағалау. Қойылған бағаларды дәлелдеу, сабақ бойынша ескертулер жасау, келесі сабақтарға ұсыныс жасау.

3.

Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары

Нақтылық, ықшамдылық, оқушылардың өз білімін бағалауға кеңінен қатысуы.

4.

Белсенділікті арттыру тәсілдері

Сынып жұмысын бағалаудың алгоритмін пайдалану. Сабақ туралы жеке пікірін айтыға ынталандыру.

5.

Жіберілетін қателер

Кезеңнің асығыс, немесе қоңыраудан соң өткізілуі , немесе мүлдем болмауы. Бағалаудағы объективтіліктің, оқушыларды мадақтаудың болмауы.



2.Сабақ құрылымдары

Сабақ түрлері


  1. Кіріспе – қайталау сабақтары.

  2. Жаңа тақырыпты меңгеру сабақтары.

  3. Жаңа тақырыпты пысықтау сабақтары.

  4. Бақылау сабақтары.

  5. Білім, білік, дағдыларды коррекциялау сабақтары.

  6. Қайталау және жалпылау сабақтары

  7. Аралас сабақ.


Жаңа материалды меңгеру сабағы:


  1. жаңа материалды алғашқы түсіндіру;

  2. оқушылар нені есінде сақтау керек екендігін ескерту;

  3. жаңа материалды есінде сақтау мақсатында тірек материалдарымен жұмыс;

  4. қайталау, жартылай қорытындылау арқылы жаңа материалды алғашқы пысықтау;

  5. алғашқы есінде сақтаудың нәтижелерін бақылау;

  6. алынған білімдерді практикада қолдану;

  7. сабақты қорытындылау;

  8. үйге тапсырма (егер қажет болса).


Жаңа тақырыпты пысықтау:


  1. алдағы жұмыстың мақсатын оқушыларға айту;

  2. жаңадан алынған білімді қайталау;

  3. түрлі тапсырмаларды, мысалдарды, жаттығуларды орындау;

  4. орындалған жұмысты тексеру;

  5. жіберілген қателерді талқылау және оларды түзету;

  6. үйге тапсырма (егер қажет болса).


Бақылау және коррекциялау сабағы:


  1. сабақтың басталуын ұйымдастыру. Бұл жерде оқушыларға оңтайлы жағдай туғызу керек. Балалар тексеру және бақылау жұмыстарынан қорықпау керек, жұмыстың алдында қобалжымау керек, өйткені мұғалім оқушылардың ары қарай материалды үйренуге дайындығын тексеріп жатыр;

  2. сабақ мақсатын түсіндіру. Мұғалім оқушыларға қандай білімді тексеретінін немесе бақылайтынын ескертеді. Қажетті ережелерді естеріне түсіріп , жұмыста қолдануын айтады.

  3. Бақылау немесе тексеру жұмысының мазмұнын түсіндіре ( мысалдар, есептер, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауап беру және т.б.) тапсырмалар көлемі және қиындығы бойынша бағдарламаға сәйкес болу керек.

  4. Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың үлгігі жұмыстарын атап өтіп, басқа жұмыстарда жіберілген қателерді талдайды, қатемен жұмысты ұйымдастырады.

  5. Бақылау жұмысында кездескен біркелкі қателерді және кемшіліктерді анықтау және оларды жою. Білім мен білікті жетілдіру.



Қайталау және жалпылау сабақтары:


  1. сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндетін таныстыру;

  2. жеке фактілерді,құбылыстарды, оқиғаларды қайталау және жалпылау;

  3. ұғымдарды қайталау және жалпылау, сәйкес білім жүйесін меңгеру;

  4. негізгі теориялық қағидаларды қаталау және жүйелеу.


Аралас сабақ:


  1. сабақтың басталуын ұйымдастыру;

  2. үй жұмысын тексеру,сабақ мақсатымен таныстыру;

  3. оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау;

  4. жаңа тақырыпты түсіндіру;

  5. жаңа тақырыпты және жаңа материалмен байланысқан өткен материалды пысықтау;

  6. жаңа білімді жалпылау және жүйелеу;

  7. сабақты қорытындылау;

  8. үйге тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет