Сабақтың мақсаты: М. Әуезовтің



жүктеу 43.79 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі43.79 Kb.
Бекітемін ____________

о.т.ж.орынбасары

10.02.2016ж


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: қазақ әдебиеті класс: 5 «Ә», 5 «В»
Сабақтың тақырыбы: Кейіпкерлерге талдау. Зере мен Ұлжан бейнесі

Сабақтың мақсаты: М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің мазмұнын талдау, жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Абай өмірі мен ақын болу себептеріне көз жеткізу. Шығарманың идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап ойлай білуге дағдыландыру, жеке, жұптық, ұжымдық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық таныту, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.


Болашақ ұлы ақынның халық өнерін, ауыз әдебиетін, кісіге құрметпен қарауын оқушы бойына дарыту. Оқушылардың сөйлеу, өз ойын еркін жеткізу, сыни ойлай білу қөзқарастарын қалыптастыруға бағыт-бағдар беру.

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс - әрекеті


Оқушы іс -әрекеті

Ресурстар, дереккөздер

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасамын. Ұйымдастыру сәтін жүргізіп, оқушыларды топқа бөлемін. Топ ұстанымын еске түсіремін.

Үлестірме парақтар арқылы оқушылар «Абай», «Зере», «Ұлжан», «Ақын қонақтар» тобына бөлінеді

Топ ұстанымы жазылған ватман, үлестірме қағаздар

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі бойынша тапсырма барлық топқа бірдей берілген болатын. Топтағы оқушылар басқа топтарға сұрақтар қояды. Кез келген дайын топ сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар төмендегідей сұрақтарды қойды:

- «Күй» поэмасының кейіпкері кім?

- Халық күйшіге қандай тілек айтатын?

- «Бозінген» күйінің тақырыбы қандай?

- Күй қай аспапта орындалады?

- Бозінгеннің зары бізге қалай жетті? (Күй арқылы)

- Бозінгеннің құлға айтар ойын тауып оқы.


Топ сұрақтары, оқулық

Қызығушылықты ояту




Біз - ұлы халықтың ұрпағымыз. «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай». Абай Құнанбаев та, М. Әуезов те - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптары, саф таза сұлу, айрықша оқшау құбылыстар. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы асқар белі – Абай, XX ғасырдағы заңғар биігі – Әуезов. Абайды Әуезовтен бөліп жара қарай алмаймыз. Абайды әлемге танытқан - Әуезов. Міне, Абайдай ұлы бабамыздың барлық ғұмыры арқылы халқымыздың биік рухын, мәдениетін, салт - дәстүрін, тұрмыс - тіршілігін танытты. М. Әуезовтің «Абай жолы» романын оқыған адам тебіренбей қоймайды.

Оқушылар интербелсенді тақтаға көз салып, Мұқтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы, Абай Құнанбаев туралы мәлімет алып, ұлы ақын мен жазушы жөнінде саналарына өзіндік ой түйіндеді.

Интербелсенді тақтада М.Әуезотің өмірі мен шығармашы-лығы, Абай Құнанбаев туралы мәлімет беріледі.



«Миға шабуыл» әдісі


Ой қозғау сұрақтарын қоямын :

- Балалар, қалай ойлайсыздар, «Абай жолы» романын оқыған кез келген адам не себептен тебіреніске ұшырайды?

- Абай деген ұлы есімді естігенде көз алдымызға не келеді?


Бұл сұраққа топтағы оқушылар жауап береді.


Интербелсенді тақтада Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжанның бейнелері көрсетіледі.

Мағынаны тану

Әңгімені топтарға бөліктерге бөліп беремін. Балалар оқып біткен соң, әңгіменің композициялық құрылымын анықтатамын:
Оқиғаның басталуы: Абайдың науқас күйі;
Оқиғаның дамуы: Зере мен Ұлжанның әңгімелері;
Шиеленісуі: Құтты қонақтардың келуі, жырлары;
Шарықтау шегі: Барластың батасы;
Шешімі: Қонақтарды аттандыру.

Әр топқа әңгіменің композициялық құрылымына талда жасайды:

- Абайдың науқас күйі («Абай» тобы);


- Зере мен Ұлжанның әңгімелері («Зере», «Ұлжан» тобына);
- Құтты қонақтардың келуі, жырлары («Ақын қонақтар» тобына);
- Барластың батасы («Ақын қонақтар» тобына) ;
- Қонақтарды аттандыру (барлық топқа).

Оқулық, дәптер, т.б.

Ойтолғаныс (бекіту)


Менталь картасымен жұмыс жасатамын. Әр топқа «Топтастыру» әдісі бойынша тапсырма беремін.

«Абай» тобы Абай бейнесіне, «Зере» тобы Зере бейнесіне, «Ұлжан» тобы Ұлжан бейнесіне, «Ақын қонақтар» тобына Барлас пен Байкөкше бейнесіне топтастыру жасайды.



Оқушылар жұптасып, топтасып пікірлесе отырып, берілген тапсырма бойынша өз ойларын еркін, дәл, анық түрде интербелсенді тақтаға түсіріп, қорғайды.


Дәптер, қаламсап, интербелсенді тақта

Қорытынды

Шығармашылық ойлауға жетелейтін сұрақ арқылы сабақты қорытындылау:

- «Ақын қонақтар» әңгімесінен нені түйіндедіңіздер?

- Шығармадағы аналар бейнесі арқылы М.Әуезов нені айтпақ болды?

- Шығарма саған нені үйретті?


Әр топ оқушылары алдымен, жеке ойланып, жұпта пікір алмасып, топта талқылап, соңында бір топ мүшесі қорытынды ойды ортағы салып, қорғайды.



Оқушы жауаптары жазылған үлестірме қағаздар


Үйге тапсырма беру



«Ақын қонақтар» әңгімесін оқып, «Абайдың дана аналары» тақырыбына шағын ойтолғау жазып келу

Шағын ойтолғау жазып келу.

Қазақ әдебиеті оқулығы, дәптер

Формативті бағалау




Бағалау.

Сабақ барысында жиынтық бағалаумен қатар, формативті бағалау мен және оқушылар тарапынан әрдайым көрініс тауып отырады.


Әр шағын топ басшылары өз топ мүшелеріне баға берді.

Бағалау парақшалары

Рефлексия



Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз?

Нені үйрендіңіздер?



Оқушы пікірлері:

Оқушылар бұл сабақтың басқа сабақтарға қарағанда, ерекше ұнағанын, жақсы әсер алғандарын айтып, топтағы іс-әрекетте оқушылардың белсендік танытуы айрықша болғанын көрсетіп жазды.



Түрлі-түсті стикерлер




Мұғалім бағалайды.

Жарайсың! Сен қабілетті, тапқыр оқушысың!



Оқушылар бағалайды.

Түрлі-түсті стикерлер


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет