Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Сөз зергері»



жүктеу 36.53 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі36.53 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Ана – құдіретті күш. 7 – сынып.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Сөз зергері» атанған Ғабит Мүсірепов шығармашылығы туралы

оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту, шығарма мазмұнын

ұғындыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, анасын сүйіп, құрметтеуге, ананы

сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының

бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тұратынын ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушыларды парасаттылыққа, өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын байытуға, ой ұшқырлығына баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырып өтемін.

Сабағымыз 3 сатыдан тұрады:


  1. Ой қозғау сатысы Не білеміз?

  2. Ой толғау сатысы Нені білдік?

  3. Ой қорыту сатысы Нені білгіміз келеді?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: ой қозғау сатысы бойынша Ғ.Мүсіреповтің шығармашы-лығы мен «Ананың анасы» әңгімесінің мазмұнын сұрау.



  • Әңгіменің мазмұнын толық айтып болдық. Ана туралы кім қандай мақал, өлең жолдарын біледі?

  • Жақсы, осымен Біз не білеміз? Ой қозғау сатысынан өттік.


ІІІ. Жаңа сабақ:

Ой толғау. Нені білдік?

1-тапсырма:

а/ Шығармада оқиға мазмұны кімнің атынан баяндалады? / Әйтілес қарттың/

ә/ Жалпақ батыр мен жігіттердің сөзден тосылып, жеңілуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

б/ Шығармадағы ана тұлғасынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

в/ Әңгімеден монолог, диологқа мысал келтіріңдер.


2-тапсырма: Шығарманың тілі, дәлірек айтқанда әңгімедегі сөз айшықтарын таныту. Олар: тұрақты тіркестер, афоризмдер, мақал-мәтелдер. Мысалы:

а/ Соның суық ызғары табанымнан, қара таңбасы маңдайымнан әлі кеткен жоқ.

ә/ Сай сағалап, өзен жағалап жүретін төрт үйлі бір ауыл болыпты.

б/ Білектің күшін, найзаның ұшын не күші теңдеске, не иығы теңдеске жұмсаған жоқсыңдар.

в/ Жағаласқан жау емес, жалбарынған сор емес пе еді?

г/ Құлынға қосақтап қызымды әкетіп барасыңдар.

д/ Қанаттыға қақтырмайын, тұмсықтыға шоқыттырмайын.

е/ Сен көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың.



  • Бұл тіркестер қандай оқиғаға байланысты қай мағынада айтылған?

Бұл сатыдан да өттік.

Ой қорыту. Нені білгіміз келеді?

Шығарманың құрылысы:



Әңгіменің басталуы: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.

Дамуы: Қалың жылқыны барымталып айдап келе жатуы.

Байланысуы: Тезек арқалап келе жатқан қызды олжалап, аттарына мінгестіріп алуы.

Шиеленісуі: Қыз әкесінің мерт болуы, анасының барымташылардың алдын орап алуы.

Шарықтау шегі: Кейкінің үкімімен қызды шешесімен бірге күңдікке алып кетуі.

Шешімі: Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруі.

Қорытынды: Әйелді аттандырған Жалпақ балуанның құлауы, оны елге жеткізу.

Ғ. Мүсіреповтің М.Горькийден аударған «Ана кесімң айнымайды» әңгімесі бойынша сөз қозғап, сатқын баласын Ананың өз қолымен өлім жазасына кесуін әңгімелеймін. Соңғы сөзді оқып, осы екі әңгімедегі Ана бейнелері туралы пікірлесуге шақырамын.



«Барлық елде, әр заманда , барлық қанішерлер үшін! Барлық қанішерлер барлық елден, барлық анадан осы кесімді ғана күте алады!»

Пікірлесу сұрақтары:



  1. Қай ананың іс-әрекеті сені қатты толқытты?

  2. Қайсысының әрекеті ауыр әрі әділ?

  3. Соңғы әңгімедегі ана шешіміне қосыласың ба?




  • Жақында Ел анасы саналып кеткен Сара Алпысқызы Назарбаеваның елеулі жасын атап өттік. Өзін – өзі тану сабағында ол кісінің қазақстандық жетім балаларға жасаған жақсылықтары, еңбегі туралы толық мағлұмат алдыңдар. Қазір мен сіздерге басталған мәтін беремін. Сіздер сол мәтінді Сара Алпысқызымен байланыстырып аяқтауға тиіссіздер.

Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, Ана – құдіретті жан ...
Сабақты қорытындылау:

Мұхаммед пайғамбарымыздың с.ғ.с. хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген онда. «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатса, әуелі анаңа жауап бер» деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың», «Кімде – кім ата – анасының ризалығын алған болса, Алла соның өмірін ұзартады» деген де сөз бар. Ендеше анамызды құрметтей білейік.
ІҮ. Үйге тапсырма:

Шығармашылық жұмысты аяқтау.

Тақырыпты тағы да оқу.

Қолымыздан келсе, өз анамыздың портретін қылқаламмен қағаз бетіне түсіру.


Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет