Сабақтың мақсаты: Білімділігі



жүктеу 59.51 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі59.51 Kb.

Ғ. Мүсірепов: «Ана құшағында»


Буйрабасова Нуржамал Кобеновна

Манашы орта мектебі

Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ғабит Мүсіреповтың өмірі және де шығармаларымен таныстыру. Мәтіннің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылығы: оқушылардың көркем сөзді,көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру, шығармашылық ізденіске баулу.

Тәрбиелілігі: жаңа тақырыпты игере отырып, ата-ананы сыйлауға, инабаттылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ғ.Мүсіреповтың суреті, мәтін мазмұнына сай суреттер, сызбалар, слайдтар, интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, математика, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді .Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.



Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.

а) М.Қалдыбаевтың «Үлек» мәтінін оқып, мазмұнын айту.

ә) Мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап беру.

1. Үлек дегеніміз не? Мәтінге сүйеніп, оған сипаттама бер.

2 .Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?

3. Балалар неден неге қатты қорықты?

4. Егер Мүлкібай ата бармаған болса, не болар еді?

5. Әңгіменің ең соңғы сөйлеміне қандай қорытынды айтуға болады?

III. Үй тапсырмасын қорытындылау.

IV. Жаңа сабақ. 1. Ой жинау

Сөзжұмбақ «Ана»

1.Қыс айы.

2.Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті ..... өлтіреді.

3. Абай өлеңі.(төрт мезгілге байланысты)


А



Н



А

-Осы сөзжұмбақты шешкенде тігінен оқысаңдар бір керемет, қасиетті сөз шығады. (Ана)

-Ана деген қасиетті сөз екеніне келісесіздер ме?

-Не себепті?

-Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған-Ана. «Бала-ананың бауыр еті»-дейді. Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені, ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсылығын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды. Сондықтан да, әр бір бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан. Сенің барлық қылығыңды кешіреді, аяйды.

1.Автормен танысу

-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы аналарымызға арналған. Ғ. Мүсіреповтың «Ана құшағында» мәтінін оқимыз.

-Мәтіннің авторы Ғ. Мүсірепов туралы не білеміз?

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

1916 жылы 14 жасында Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі.

1923-1926 жылдары мектепті бітіріп, Пресногорьковтағы екі кластық орыс мектебін жұмысшы факультетинде (рабфак) оқып, ауыл шаруашылық институтында оқиды.

2. Ғ. Мүсіреповтың шығармалары

Әңгімелері


«Қос шалқар»

«Көк үйдегі көршілер»

«Талпақ танау»

«Ананың анасы»

«Ашынған ана» т.б

Романдары

«Қазақ солдаты»

«Оянған өлке»

«Кездеспей кеткен бір бейне»


Пьесалары

«Қыз Жібек»

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

«Амангелді»



3.Тыныштық сәті. Мәтінді оқу.

«Ана құшағында» мәтінін оқып беремін.



V. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектеп оқыту.

VI . Дәптермен жұмыс.

Қайроштың анасына мына үлгі бойынша сипаттама жаз.



Қандай? Қайроштың анасы

киімі

мінезі



сөйлеген сөзі

VII. Сергіту сәті: Ән: «Ана туралы жыр»


4.Әңгімелесу.

-Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Жердің өзіне де жер ана деп теңеу айтып жүрміз.Аналардың қоғамда алатын орны да ерекше. Себебі, ана тек баласының тәрбиелеушісі ғана емес, ол - қызметкер.(Оқушылар аналарының қызметтері жайлы айтады).

- Ана бізге жарық дүние сыйлады.

- Барлық жақсыны бізге арнады.

- Барлық жақсы сөздерді айтады.

-Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

-Құлыншағым, айым, күнім, ботақаным, жаным. т.б.

5. Интерактивті тақтамен жұмыс.

-Ана күн секілді айналаға мейірімін, жылуын шашып тұрады. Олай болса мына күннің айналасына аналарыңның сендерге айтатын жылы сөздерін жаза қойыңдар.



Ана – біздің күніміз.

Ана


Даналық сөздер.

«Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.»



В. А. Сухомлинский.

«Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».



Б. Г.Белинский.

Мұхамед (с.ғ.с.) айтқан хадисі

«Жәннат – ананың табанының астында».



Ойын:“Кім тапқыр”
Жұмбақтар

Қауын, қарбыз дей алмайсың,

Піскенмен, жей алмайсың.

Жарғаныңмен, қап-қатты,

Ал асқанда, тәп-тәтті. (Асқабақ)

Қол созсаң, ақ күміс


Алақаңға толады.
Ашып-жұмсаң, із-түссіз   
Лезде жоқ болады? (Қар)

                                       

Үй үстінде алтын тас
Алайын десем табылмас. (Жұлдыз)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)

                                



VIII. Топпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

1 деңгей . Ана туралы мақал-мәтелдер айту.

2 деңгей. Ана туралы өлеңдер айту.

3 деңгей. «Менің анам» тақырыбында шағын шығарма жазу.
IХ. Сабақты бекіту.

1. Анасы Қайрошты қайда іздеп келді?

2. Қайроштың досының аты кім? Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің?

3. Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?

4. Мария апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?

5. Қайрош неліктен анасы мен бірге ауылға кетіп қалмады?

6. Егер сен Қайроштың орнында болсаң, не істер едің?

Х. Бағалау

ХI. Үйге тапсырма

1.Мәтінді оқу, әңгімелеу.

2.Анаң туралы не айтар едің?
Манғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі



Бұйрабасова Нұржамал

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет