Сабақтың мақсаты : Туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру



жүктеу 21.45 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі21.45 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Туындыны есептеу ережелері тақырыбын

қайталау.

Сабақтың мақсаты: Туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру.
Білімділік: Туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған.
Тәрбиелік: Оқушылардың бір-біріне көмектесу адамгершілігін , өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, логикалық ойлауын, математикалық дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 минут.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу; назарларын сабаққа аудару; топқа бөлу, топ басшыларын сайлау, баға қою критерийлерімен таныстыру.

2. Негізгі бөлім : 2 топқа бөлу «Туынды әлеміне саяхат».

І «Анықтама» станциясы: (4-5 минут)


  1. Туынды дегеніміз не?

  2. Туындының белгіленуі?

  3. Дифференциалдау амалы деп нені атайды?

  4. Тұрақты санның туындысы неге тең?

  5. Х-тің туындысы неге тең?

  6. х²-тың туындысы неге тең?

  7. Туындының физикалық мағынасы

  8. Туындының геометриялық мағынасы

  9. Жанаманың теңдеуі

«Аялдама». Қазақтың байырғы өлшем бірліктері

І-топ. 1) Бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық.

2) Бір саба қымыз неше литр?

3) Екі елі неше сантиметр?

4) Ат шаптырым жер неше км?

5) Мал терісінің көлемі

6) Бір айдам жер

ІІ-топ.1) Сүйем қай аралық?

2) Бір торсық неше литр?

3) Үш елі неше сантиметр?

4) Құнан шаптырым жер неше км?

5) Жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы

6) Қадақ неше грамм?

IV. Ғалымдар станциясы

Туынды және оның даму тарихы туралы, Лейбниц, Лагранждың туынды ұғымына байланысты еңбектері туралы тарихи анықтама.


V. «Туындыны қолдану» станциясы (семантикалық карта 6-7 минут)

Мұнда кестеде тігінен тапсырмалар берілген, ал көлденеңінен жауаптары берілген. Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, туындының көмегімен қандай есептеулер жүргізуге болатыны шығады.

ІІІ. Сабақты қорытындылау (5-6 минут)


  1. Қосындының туындысының ережесі.

  2. Көбейтіндінің туындысының ережесі.

  3. Бөліндінің туындысының ережесі.

ІV. Білімдерін бағалау. (2-3 минут)

Бағалау парағы арқылы жеңімпаз топты анықтау. Жеке оқушыларды бағалау.



V. Үйге тапсырма: (1-2 минут) Тақырыпты қайталау. Бақылау жұмысына дайындық.

VI. Рефлексия

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет