Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Үй тапсырмасын сұрау ІІІ. Жаңа сабақ: Сөзжұмабақ шешу

Loading...


Дата08.09.2017
өлшемі148.25 Kb.
түріСабақ
Сыныбы: 7- сынып

Тақырыбы: Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақ:



  • Сөзжұмабақ шешу;

  • Жаңа тақырыпты оқу,меңгеру;

  • Оқулықпен жұмыс;

  • Карточкалармен жұмыс;

  • Есептер шығару;

  • Сабақты қорытындылау,тұжырымдау;

  • Үйге тапсырма беру;

  • Бағалау.

Үй тапсырмасын сұрау: (сұрақтар интерактивті тақтада жазылып тұрады)

  • орын ауыстыру деп нені айтамыз?

  • Орын ауыстыру қандай әріппен белгіленеді?

  • Жол дегеніміз не?

  • Жол қандай әріппен белгіленеді?

  • Бірқалыпты қозғалысқа анықтама бер.

  • Бірқалыпты қозғалысқа мысал келтір.

  • Бірқалыпты емес қозғалысқа анықтама бер.

  • Бірқалыпты емес қозғалысқа мысал келтір.

Жаңа сабақ

Бұл сабақтың тақырыбын оқушылар 3 топқа бөлініп,сөзжұмбақ арқылы шешеді,тақырыпты оқи отырып мақсатын өздері қояды.Мақсатын қойғаннан кейін оны интерактивті тақтада мұғалім жасырған мақсатпен салыстырады.Карточкалардағы тапсырмалар интерактивті тақтада да жазылып тұрады.


Сөзжұмбақ:

  1. Физикалық құбылыс (жылулық)

  2. Планета ұғымы (қыдырма)

  3. Астрономиялық құрал (телескоп)

  4. Физикалық ұғым (дене)

  5. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдісінің бірі (бақылау)

  6. Ұзындық өлшемі (метр)

  7. Зат бөлшектерінің өз бетімен таралуы (диффузия)

  8. Орта Азия ғалымдарының бірі (ұлықбек)

  9. Зат күйінің бірі (сұйық)





Сабақтың мақсаты: Жылдамдық және орташа жылдамдық ұғымдарын түсіну,оларды формула арқылы есептей білу.

Білімділік: теориялық білімдерін практика жүзінде көрсетуге бейімдеу.

Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: сауаттылыққа,ұқыптылыққа,өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру.

Жаңа сабақты оқушылар өз бетімен оқып ,10 минут өткен соң,карточкадағы тақырапқа байланысты сұрақтарға жауап береді.Сұрақтар оқулықтан алынған.Осы сұрақтар интерактивті тақтада да жазылып тұрады.



1-топтың сұрағы:

1.Тақырыптың негізін анықтай отырып,жылдамдық түсінігін «түсінік ағашы » арқылы ашу.

2. Егер жол мен жылдамдық белгілі болса,қозғалыс уақытын қалай табуға болады?

3. Оқулықтың 79-бетіндегі есеп шығару мысалдарынан 1-мысалды түсіндір.



2-топтың сұрағы:

1. Тақырыптың негізін анықтай отырып,жылдамдық түсінігін «түсінік ағашы » арқылы ашу.

2. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүргізілген жолды қалай өрнектейді.

3. Оқулықтың 79-бетіндегі есеп шығару мысалдарынан 2-мысалды түсіндір.



3-топтың сұрағы:

1.Тақырыптың негізін анықтай отырып,жылдамдық түсінігін «түсінік ағашы » арқылы ашу.

2. Орташа жылдамдықты қалай есептеуге болады?

3. Оқулықтың 79-бетіндегі есеп шығару мысалдарынан 3-мысалды түсіндір.

Есептер шығару (80-бет;7-жаттығу)

1-топ.


1-есеп.Қосымшадағы үш кестеден жаяу адамның жылдамдығын табыңдар және оның 10 секунд ішінде жүргенін анықтаңдар.(ауызша)

2-есеп.Велосипедші бірқалыпты қозғалып,30 минут ішінде 9км жол жүрген.Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен есепте.

3-есеп.Дене 20 с уақыт ішінде 20 м/с жылдамдықпен және 20 с ішінде 30 м/с жылдамдықпен қозғалды.Орташа жылдамдықты табу керек.

2-топ.


1-есеп.Қосымшадағы 3-кестеден конькишінің жылдамдығын табыңдар және оның 10 секунд ішінде жүрген жолын анықтаңдар. (ауызша)

2-есеп.750 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағ ішінде қандай аралықты ұшып өтеді.

3-есеп. Аквариумның қабырғаларын тазарту үшін оған салып қойған ұлулардың біреуі сейсенбі күні 16 сағ 30 минуттан бастап,бейсенбінің 9 сағ 00 минутына қабырға бойымен 42см жүрген.Ұлу қандай орташа жылдамдықпен қозғалған?

3-топ.


1-есеп.Қосымшадағы 3-кестеден тепловоздың жылдамдығын табыңдар және оның 10 секунд ішінде жүрген жолын анықтаңдар. (ауызша)

2-есеп.Күннен Жерге дейінгі қашықтық шамамен 150 млн км.Жарық жылдамдығы 300 000 км/с.Жарық күннен жерге қанша уақытта жетеді?

3-есеп.Автомобиль жолдың бірінші бөлігін (30 км) 15 м/с орташа жылдамдықпен жүріп өтті.Жолдың қалған бөлігін (40км) ол бір сағатта жүріп өтті.Автомобиль барлық жолда қандай жылдамдықпен қозғалды?

Қорытындылау,бағалау.



Үйге тапсырма: §25,26,8-жаттығу.

Күні:

Сыныбы: 10- сынып

Тақырыбы: Газ заңдары

Сабақтың мақсаты:

а)газ заңдарының түрлері,параметрлер арасындағы байланыс,графикпен өрнектеу,бір-бірінен ажырата білу ,есептеулерде қолдана білуге үйрету.

б) арасындағы тәуелділіктің өмірде қолданылуын,заңдылыққа байланысты түсіндіре білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Домино,перфокарта,сөзжұмбақ,магнитті тақта ,компьютер,электронды оқулық.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

1.Жаңа сабақ

2.Бекіту

3.Үй тапсырмасын сұрау

а)домино

б)перфокартамен жұмыс

в) есеп шығару

г)сөзжұмбақ шешу

4.Үйге тапсырма беру.

5.Қорытынды.



Жаңа тақырыпты баяндау

Идеал газ күйі теңдеуінің көмегімен газ массасы және үш параметрдің () біреуі өзгермей қалғандағы процесстерді зерттеуге болады.Параметрдің біреуі өзгермей қалған кезде өтетін процесстер изопроцестер ( гректің изос – тең деген сөзінен шыққан)деп аталады.Изопроцестер табиғатта кең тараған және техникада жиі пайдаланылады.



1.Изотермиялық процесс T=const

PV=const

P10-3


V м3

Бұл заңдылықты тәжірибе жүзінде ағылшын ғалымы Бойль француз ғалымы Мариотта ашқан.

Сондықтан Бойль Мариотт заңы деп аталады.Бұл заң кез-келген газ үшін ,мыс:ауа үшін де дұрыс.

Тұрақты температурада газ қысымының көлемге тәуелділік графигін изотерма деп аталатын қисық сызықпен кескіндейді.Изотерма қысым мен көлем арасындағы пропорционалдықты өрнектейді.Бұл кескіндіні математикада гипербола деп атайды. V=const. T , P .Сондықтан жоғары T2 температура,төмеңгі T1 температурадан жоғары болғандықтан изотермасы жоғары орналасады.

Компрессормен ауаны сығу немесе ыдыстағы ауаны сорып шығару кезінде поршень астындағы ауаның ұлғаюын изотерма деуге болады.



2.Изобаралық (гректің «барос»-салмақ,ауыр деген сөзінен шыққан) процес.

V

Р21

Р1

Р2

Т
Р=const

V/ T=const

V=constТ

Бұл заңды 1802 жылы француз ғалымы Гей-Люссак тәжірибе жүзінде тағайындаған.Сондықта Гей-Люссак заңы деп аталады.Бұл тәуелділік график изобара деп аталады.Бойль-Мариот заңы бойынша T , P ..Сондықтан үлкен қысымға сәйкес Р2 изотерма,кіші қысымға сәйкес Р1 изотермадан төмен жатады.Т = 0 нүктесінде изобаралар түйіседі.

Барлық газдар суығанда сұйыққа айналады,ал күй теңдеуі сұйықтарда қолданылмайды.

3.Изохоралық (гректің «хорема» - іштілігі,сыйымдылығы деген сөзінен шыққа) процес.

V =const


Р / T=const

Р

V2>V1 V1

V2
T

Бұл заңды 1787 жылы француз физигі Шарль ашқандықтан Шарль заңы деп аталған.Түрлі көлемге түрліше изохора сәйкес келеді.Бойль Мариотта заңы бойынша T , P үлкен көлемге сәйкес изохора кіші көлемге сәйкес изохорадан төмен жатады.Изохоралар Т = 0 нүктесінен басталады,яғни абсолют нөлде газдың қысымы нөлге тең болады.Кез келген ыдыстағы,электр шамдарындағы газды қыздырғандағы газдың ұлғаюы изохоралық процесс.



Бекіту

3-жаттығу (1)


Үйге тапсырма

§ 14.


Қайталау §13.

Мысал есеп №3 №521.


Үй тапсырмасын тексеру

а) Домино құрастыру

1.Изотерма T=const PV=const

2.Изобара Р=const V/ T=const

3.Изохора V =const Р / T=const

б) Перфокартамен жұмыс

1.Идеал газ дегеніміз қандай газ?

а.молекулалары тез қозғалатын

б.өзара әсері елеусіз болатын

в.кәдімгі ауа

2. Молекулаларды сипаттайтын шамалар:

а. в.

б.

3.Екі кесек борды қатты қыссақ та жабыспайды.

а. Қатты дене болғандықтан

б.молекулалары сирек орналасқан

в.тебілу күштері басым

4. қатты дене молекулаларының орналасуы:

а. Белгілі бір ретпен в. Тығыз орналасқан

б.сирек орналасқан

5. Қысымның орташа кинетикалық энергиямен байланысы қайсысы:

а. в. P=nkT

б.E= 3kT/2

6.Идеал газ күйі теңдеуі қайсысы?

а. в.М=m0NA

б.

7.Менделеев – Клапейрон теңдеуі қайсысы?

a. в)

б. P=nkT


8.Изобаралық процесс қайсысы?

а. T=const PV=const

б. Р=const V/ T=const

в. V =const Р / T=const

9.Шарль заңы қайсыс?

а.T=const PV=const

б.Р=const V/ T=const

в.V =const Р / T=const

10.Бойл – Мариотта заңы қайсысы?

а.T=const PV=const

б.Р=const V/ T=const

в.V =const Р / T=const

11.Ауаның температурасын өлшейтін прибор:

а.сынапты термометр

б.сұйықты термометр

в.металл термометр

12.Жылулық тепе-теңдікте тұрған дененің температурасы қандай болады?

а.тұрақты в.төмен

б.жоғары
в) Есептер шығару
467 № 478 №511 №521 №523

521 – Үйге Шешуі:

Бер: Па

Т1=300К

Р1=75 кПа = 75*103Па

Т2=260К

Т/к: Р2=?
г) Сөзжұмбақ шешу
1.


ТЕ


















































































2.


ИЗО

















































1. ТЕ – сөзжұмбағы бойынша

а) Алғашқы прибордың бірі болам

Ауырып дәрігерге көрінгенде

Алғашқы прибордың бірі болам

Жылулық құбылысты зерттегенде

(термометр)

б) Тұрақты температура кезінде сұйық пен бу арасында болатын құбылыс? (тепе-теңдік)

в) денелердің жылулық күйін сипаттайтын негізгі шама? (температура)

2. ИЗО – сөзжұмбағы бойынша

а) Гей – Люссак заңы немесе Р=const (изобара)

б) Бойль – Мариотт заңы немесе T=const (изотермия)

в) Шарль заңы немесе V =const (изохора)




Күні:

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Жылу мөлшері.Заттың меншікті жылу сыйымдылығы.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі:

Жылу беруде ішкі энергияның сандық өлшемі, мөлшері бола алатындығын,жылу мөлшері заттың табиғатына ,дененің массасына және оның температурасының өзгерісіне байланыстылығын түсіндіре отырып,физикалық шамаларды оқушы санасына бекіту,білімдерін нақтылау.



ә) дамытушылығы:

Ішкі энергияның өзгерісін анықтауда оқушының байқағыштық,танымдық,қырағылық және еске сақтау қабілеттерін дамыту.



б) тәрбиелігі:

Оқушыларды алғырлыққа,зеректікке баулужәне жылу алмасудың адамзат өмірінде физикалық құбылыс ретінде атқаратын ролін ашып беру.



Оқушы білуге және игеруге тиіс:

-Температура өзгерісі кезінде бөлінетін және жұтылатын жылуды,жылу мөлшерін есептеуге арналған формуланы пайдалана білу.

-Жылу мөлшерін есептеуге арналған оңай есептерді шеше білу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: сатылай кешенді талдау техрологиясы және үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы.
Сабақтың көрнекіліктері: үлестірмелі кестлер,плакаттар,компьютердегі слайдтар және видео- роликтер.
Физикалық тәжірибе: 1. Сұйықтарды екі түрлі ыдысқа қыздыру.

2.Бір түрлі ыдысқа екі түрлі қыздыру (май, су.)



Сабақтың құрылымы:

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Білімдерін тексеру (деңгейлік тапсырмалар)

4.Жаңа сабаққа мақсат қою

5.Жаңа білім беру.

6.Түсінгенін тексеру.

7.Бекіту.

8.Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,сабақтың мақсатын,сабақтың өту барысын атап өту,оқушылардың назарын сабаққа аудару.


II Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ – жауап.

1.Жылу берілудің қандай түрлерімен таныстыңдар?Оларды қысқаша сипаттаңдар.

2.Өздеріңе белгілі жылу берілу түрлерін атаңдар және оларды қысқаша сипаттаңдар.Олардың қайсысы орталық жылу жүйесінде маңызды роль атқарады?

3.Климаты суық жерлерде тұрғын үй салу үшін жылу шығынын азайтатын шараларды ескеру керек.Жылу берілудіңқандай түрлері бұл шығынға себеп болады? Оларды азайтуға арналған қандай ұсыныстарың бар?

4. 4 –жаттығу.№ 5,6

III. Білімдерін тексеру

(деңгейлік тапсырмалар)



I деңгей

1.Неліктен ыстық су сақтайтын бактардың шүмектерін ағаштан жасайды?

2.Төмендегі заттардың қайсысының жылу өткізгіштігі жоғары:мыс,ауа,алюминий,су,шыны,су буы?

II деңгей

1.Қайсысы тез суыйды? Неліктен? Стакандағы компот па,әлде стакандағы кисель ме?

2.Орбитадағы ғарыш кемесінде шам білтесі жана ма?

III деңгей

1.Термосты неліктен дөңгелек етіп дайындайды?

Неліктен тік бұрыш емес?

2.Қатты ,сұйық және газ тәріздес змттың қайсысы жақсы жылу өткізгіштік бола ма?

3.Ауа температурасы неліктен түске дейінге қарағанда түстен кейін жоғары болады?
Жаңа білім беру

Жаңа тақырыптың жоспары:


2.Осыған байланысты кесте толтырайық


Айтылым

Жазылым

Оқылым

Тыңдалым

Тілдесім

Жұмыс

А

А

А

Механикалық жұмыс

Жылу мөлшері

Q

ку

ку

Ішкі энергияның өзгерісін жылу мөлшері деп атайды.

Меншікті жылу

сыйымдылығы



С

С

С

Заттың тегіне байланысты физикалық шама.

3.Физикалық тәжірибе



Жылу берілу процесіндегі жылу алмасу құбылысына

көңіл бөлу.

Әр түрлі өлшемді калориметрлер

Әр түрлі сұйықтар (май,су.)

Бір текті сұйықты әр түрлі заттардан жасалған ыдысқа

құйып қыздыралық(мыс:қалайы немесеалюминий

ыдыста)


Сұйықтың әр түрлі қызатындығын байқаймыз.

Нәтижені талдау:

Ыдыс пен ыстық сұйықтың малекулалары өзара жылу

алмасу кезінде энергия алмасады.Жылулық тепе-тең-

дік орнаған соң,жылу алмасу тоқталады.

Тәжірибеден қорытынды:Жылу берілу кезінде ішкі

энергияның жылу мөлшері болады.



4.Жылу мөлшері




Жылу мөлшері ішкі энергия өзгеруінің өлшемі бола

тұрып ,дененің температурасына байланысты болады

Q - әрпімен белгіленеді.

( ку – латын тілі)



Байланысы:

Q ~t2 - t1 ; t = t2 - t1 температура өзгерісі.

Q ~ m; m –дене массасы

Анықтамасы: Қыздыру барысында судың тем-

пературасы

сын t1 ден t 2 -ге неғұрлым көбірек өзгерту керек болса,

онда оған анағұрлым көп жылу мөлшерін беру қажет.



Өлшем бірлігі: 1кг суды 10 С-қа қыздыру үшін беріле-

тін жылу мөлшерін калория деп атайды.

1 кал = 4,19 Дж

Формуласы: Q =cm (t1 – t2)

Денені қыздыруға қажетті немесе оло суығанда бөліне-

тін жылу мөлшері заттың тегіне ,массасына және

оның температурасының өзгеруіне тәуелді.



5.Заттың меншікті жылу сыйымдылығы




Сипаттамасы:заттың табиғи қасиетін сипаттайтын

физикалық шама.



Белгісі: С -әрпімен белгіленеді.

Байланысы:С~Q

Анықтамасы: Массасы 1 кг заттың температу-

расын 10С-қа өзгерту үшін қанша мөлшерде жылу

қажет екендігін көрсететін физикалық шаманы

заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп атайды.



Өлшем бірлігі:меншікті жылу сыйымдылықтың

өлшем бірлігі –джоульдың килограмм мен цельски

градус көбейтіндісіне бөліндісі.{С} = {1Дж\кг 0 С}

Формуласы:

Q = cm (t2 – t1)жылу мөлшерін анықтау формуласы арқылы өрнектейміз.С =Q/m(t2-t1)



Мағынасы: C=cm

Егер мыс ыдыстың меншікті жылу сыйымдылығы 800 Дж/кг*С0 болса,онда ол ыдыстың массасы 2 кг болғаны.Өйткені кесте бойынша мыстың жылу сыйымдылығы С= 400 Дж/кг*0С

VI.Түсінгенін тексеру.

Тақырып бойынша бірнеше есеп шығару.

VII.Бекіту: оқушыларға жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтарын қоямыз.Сұрақ-жауап:

1. Жылу мөлшері дегеніміз не?

2.Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысал келтір.

3.Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?

4. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі не?

5.Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2100 Дж/кг0С-қа тең.Бұл нені білдіреді?

6. 1-кестеден меншікті жылу сыйымдылықтары ең жоғары және ең төменгі болатын заттарды атаңдар.Олардың жылу сыйымдылықтарының неше есе айырмашылығы бар?

VIII.Үйге тапсырма беру.

1.Оқулықтан § 9-10,тексеру сұрақтары мен тапсырмалары.

2.5-6 жаттығулар (1-8)

3.Есептер жинағы (№43-47)

Оқушыларды бағалау.




: uploads -> doc
doc -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...