Сабақтың барысы: I ұйымдастыру. Класс оқушыларын 3 топқа бөлу. Ең, ең ең топ 2-топ 3-топ



жүктеу 27.59 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі27.59 Kb.
« Гидросфера» тарауын қайталау

Алматы облысы Ақсу ауданы Алажиде негізгі орта мектебінің

тарих-география пәнінің мұғалімі Қ.Т.Абдрахманов

Сабақтың мақсаты: Гидросфера тарауы бойынша білімдерін еске түсіре отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеулерін қалыптастыру, су туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, шығармашылық ойлау, карта мен қосымша материалдарды қолдана білуге дағдыландыру.Болашақ ұрпаққа елін, жерін қорғауға, су көздерін тиімді пайдалануға саналы да салауатты экономикалық, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру. Класс оқушыларын 3 топқа бөлу.

1. Ең, ең ең...»

1-топ 2-топ 3-топ

1.Ең үлкен теңіз 6.Ең ірі үңгір 11.Ең суы мол өзен

2.Ең үлкен арал 7.Ең жылы ағыс 12.Ең ұзын өзен

3.Ең үлкен бұғаз 8.Ең шағын мұхит 13.Ең биік сарқырама

4.Ең ұзын бұғаз 9.Ең үлкен көл 14.ең терең шұңғыма

5.Ең жылы мұхит 10.Ең терең көл 15. Ең лас теңіз

2.Гидросфера бөліктеріне анықтама бер. (Әр топтан 2 оқушы)

1.Теңіз деген не? (Мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі).

2.Шығанақ деген не? (Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі ).

3. жер асты сулары дегеніміз не?(жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар)

4.Өзен деген не? (Арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын су ағыны)

5.Көл дегеніміз не? (Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс)

6.Дүниежүзілік су айналымы дегеніміз не? (Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесі)

7.Цунами дегеніміз не? (Су астындағы өте қатты жер сілкінуден немесе жанартаулардың атқылауынан туатын толқындар)

8.Мұхит ағыстары деген не? (Мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде бір бағытта ауысуы)

9.Мұздық дегеніміз не? (Қатты күйде түсетін жауын-шашынның жинақталып,біртіндеп өзгеруінен құрлықта түзілетін көпжылдық мұз қабаты)

10.Ішкі теңіздер дегеніміз не? ( материкке сұғына еніп жататын теңіздер)

11.Су тасуы деген нежыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбеюі)

12.Минералды су деген не? (Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суы)

3.Номенклатура. «кім картаны жақсы біледі?» (Географиялық объектілерді картадан көрсету)

1-топқа: 2-топқа: 3-топқа:

1.Баренц теңізі 1.Апенин түбегі 1.Анхель сарқырамасы

2.Қара теңіз 2.Мадагаскар аралы 2.Хуэнхэ өзені

3.Гренландия аралы 3.Балқаш көлі 3. Исландия аралы

4.Мозамбик бұғазы 4.Каспий теңізі 4.Дрейк бұғазы

5.Бенгал шығанағы 5.Үнді мұхиты 5. Лабрадор түбегі

4.Кім тапқыр ? Берілген сөздерді әріптердің орнын ауыстырса, Қазақстанның өзен-көл аттары шығады.

1-топқа: 2-топқа: 3-топқа:

Серті – (Ертіс) Аспийк – (Каспий) Аудариям- ( Амудария)

Уш- (Шу) Алар – (Арал) Арұн- (Нұра)

Айжық- (Жайық) Ілес – ( Есіл) Дариясыр – (Сырдария)

Қашбал – (Балқаш) Олбыт – ( Тобыл) Алор – (Орал)

5.Бейнесөзді шешу.

1-топ: Бұқтырма су қоймасы қай өзенде салынған? (Ертіс)

2-топ:Қапшағай су қоймасы қай өзенде салынған? ( Іле)

3-топ:Ару қаламыз Астана қай өзен жағасында орналасқан? (Есіл)

6.Қазіргі таңдағы экологиялық мәселе қандай?

1-топқа Жерорта теңізінің ластануы;

2-топқа Каспий теңізінің ластануы;

3-топқа Арал теңізінің ластануы;

7.Ой-пікір. Суды ластанудан сақтау үшін не істеу керек?

Сабақты қорытындылау. Судың бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық құбылыстарда атқаратын қызметі ерекше және адамзат тіршілігіндегі мәні өте зор.



Үйге тапсырма: « Су- тіршіліктің көзі» тақырыбына әңгіме жазып келу.

Бағалау. Жинаған жетондармен бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет