Сабақтың атауы пікірталас мәдениеті мақсаты



жүктеу 42.28 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі42.28 Kb.

Қазақ тілі

Сыныбы: 11

Мұғалім




Сабақтың атауы

ПІКІРТАЛАС МӘДЕНИЕТІ

Мақсаты

Білімділік: оқушылардың пікірталас туралы дүниетанымын кеңейту, пікірталасқа қатысты тірек сөздерді меңгерту.
Тәрбиелік: оқушыларды пікірталас мәдениетіне баулу, жаңа білім алуға мотивация туғызу.
Дамытушылық: оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, олардың өз көзқарастарын дәйектеп, тұжырымдап айта алу біліктілерін жетілдіру.
Сабақтың формасы: топтық
Сабақта қолданылатын әдістер: интерактивті әдістер, талдау, түсіндіру, ой қорыту
Сабақтың жабдығы: таратпа материалдар, АТ құралдары.

Көрнекілігі

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту



1 — тапсырма. «Пікірталас мәдениеті» дегенді қалай түсінесіздер? Осы ұғымды ашатындай ереже — анықтама құрап жазыңдар (2мин.)
Мақсаты: тақырыпты меңгеруге мотивация туғызу.
Бағалау критерийлері:
— Оқушылардың термин сөз бен оның білдіретін мағынасын байланыстырып айта алуы;
— Өз ойларын дәйектеп жеткізе алуы.

2 — тапсырма. Сабақ тақырыбымен ұштастыра отырып, топтарыңызға ат қойыңыздар. Осы атты таңдау себептеріңізді дәйектеңіздер. Топ мүшелерін таныстырыңыздар (2мин.)


Мақсаты: оқушылардың ассосациялық қабілеттерін шыңдау.
Бағалау критерийлері:
Оқушылардың ой жинақтап, пікірін дәйектей алуы;
— Таныттыруға қажетті сөз этикетін дұрыс, жүйелі қолдана алуы.

3 — тапсырма. Өздеріңіз күнделікті өмірден, БАҚ құралдарынан немесе мерзімді баспасөз беттерінен кездестіріп жүрген пікірталас түрлерін жазыңыздар (2мин.)


Мақсаты: тақырыптың өмірмен байланысын таныту.
Бағалау критерийлері:
— Оқушылардың ой жинақтап, пікірін дәйектей алуы;
— Таныстыруға қажетті сөз этикетін дұрыс, жүйелі қолдана алуы.
3 — тапсырма: Өздеріңіз күнделікті өмірден, БАҚ құралдарынан немесе мерзімді баспасөз беттерінен кездестіріп жүрген пікірталас түрлерін жазыңыздар (2мин.)
Мақсаты: тақырыптың өмірмен байланысын таныту.
Бағалау критерийлері:
— Мәселені өзара талқылау нәтижесінде ортақ түйін жасай алуы;
— Өзіне таныс құбылыстарды саралап айта алуы.

4 — тапсырма: Қазақ және орыс тілінде берілген пікірталас атауларын аудармасымен жұптап жазыңыздар (3 мин.) Экраннан «Сөзталас, круглый стол, ойталқы, полемика, атыс, дебат, ойкөкпар, спор, пікірсайыс, дискуссия, дөңгелек үстел, диспут, айтыс» сөздері көрсетіледі.


Мақсаты: пікірталас түрлері атауларын меңгерту.
Бағалау критерийлері:
— Термин сөздің мағынасын түсіне алуы.
(Оқушылар жауап берген соң, дұрыс жауап нұсқасы экраннан көрсетіледі).

5 — тапсырма. Пікірталасқа қатысушыға қойылатын талаптарды оқып, олардың ішіндегі өздеріңіз ең басты талап деп санайтын біреуіне түсінік беріңіздер (3мин.).


Мақсаты: пікірталс мәдениеті талаптарымен таныстыру.
Бағалау критерийлері:
— Талаптардың мәнін түсінуі;
— Өз ойларын дәлелдей алуы.
Айтыскерге қойылатын талаптар:
• Тақырыптан ауытқымау;
• Өзіндік айқын көзқарастың, позицияның болуы;
• Өзін — өзі дұрыс ұстай білуі;
• Сөйлеу шеберлігі;
• Жоғары мәдениеттілік (сөзге тоқтау, дауыс көтермеу, ашуланбау);
• Қарсыласын да, аудиторияны да сыйлау, т. б.;
• Қара басының намысымен қатар ортақ пікірге деген мүдделілік;
Қарсыласына кезек беріп отыру;
• Регламент сақтау.

6 — тапсырма. Берілген сөз орамдарының қайсыларын пікірталас үстінде мүлде қолдануға болмайды деп санайсыздар? Себебін шешендікпен, сөз мәдениетімен байланыстырып түсіндіріңіздер (2мин.).


Мақсаты: алған білімдеріне сүйеніп, пікірталаста қолданылатын сөз орамдарын талғай алуға үйрету.
Бағалау критерийлері:
— Этикеттік сөз орамдарының мағынасын түсіне білуі;
— Өз пікірлерін өткен материалдарды пайдалана отырып бекіте алуы.
1 — топқа ұсынылатын сөз орамдары:
«Менің ойымша, Сіз бір нәрсеге мән бермей тұрған сияқтысыз», «Сөзіңізді нақтылай түспес пе екенсіз…». «Бұлай деуге мүлде болмайды», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні неде?»
2 — топқа ұсынылатын сөз орамдары:
«Сіздіңше, барлық шиеленіс біздің әрекетімізден басталады екен ғой…». «Басқа пәле тілден» деген, байқап сөйлеңіз, әйтпесе…», «Сөзіміз сұлу сарайдай, бірақ жылуы қандай?», «Ойланайықшы…»

Ашық тест
Қарсыласыңның әрекеті

Сенің қимыл-әрекетің
Пікірталасқа қандай мақсатпен келді?

Өзімнің көздеген мақсатымды айқындап аламын.
Сын пікірі қандай? Кемшіліктері мен көзқарасының әлсіз тұсы

Тойтарыс беремін, оның қандай бағытта дұрыс болатыны жөніндегі ұсыныстарымды айтамын.
Маңызды пікір айтты ма? Өз ойын қалай жеткізді?

Менің пікірімді қарсыласым қалай бағалағанына, өзімді қалай ұстағаныма сын көзбен қараймын.


Мағынаны тану

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау






















 

 

 



 

 

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет