Сабақтың атауы М.Әуезовтің

Loading...


жүктеу 91.37 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі91.37 Kb.
түріСабақ

Сыныбы 7 «б»




23.01.2017

3 - сабақ

Сабақтың атауы

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі. Адам және табиғат

Жалпы мақсаты

1.Жазушы әңгімесінің маңызын, көркемдік идеясын, ашу арқылы табиғатты аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге, қасқырлар әлемі мен адамдар ісінің қайшылығын ажыратуға үйрету.

2.Зерттеу, салыстыру, талқылау барысында өз тұжырымын басқалармен салыстыруда ой толғау, іскерлік дағдысын қалыптастыру, таным мүмкіндігін таныту.

3.Қоршаған ортаны құрметтеуге және оның заңдылығының бұзылуына жол бермеу, адамгершілікке тәрбиелеу.


Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Топтық , жұптық жұмыс тапсырмалары арқылы әңгіме идеясын ашады, табиғат заңдылығын бұзуға жол бермеу керектігін ұғынады. Іскерлік, танымдық мүмкіндіктерін таныта алады.

Сілтеме:

1.7-сынып. Әдебиет оқулығы.

2.К.Ә.Қылышбаева «Әдебиет пәнін шығармашылықпен оқыту-Блум таксономиясының ұтымдылығы» 2012ж.

3.«Мектептегі кітапхана» №2 2013ж.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Білімді мыңды жығады!

Сабақ әдістері

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, диалогтік оқыту, ОүБ, АКТ

Тапсырмалар : 1. Сыныпты партада жазылған есімдерімен топтастыру

2. Тапсырмалар Блум таксономиясы бойынша құрылады



Ойлау

деңгейлері



Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар

Бағалау

Формативті

Критерийлері

Дискриптор

Ұпай

Білу

Оқушы көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы оянады

Психологиялық дайындық. Әр топ өз ұрандарымен таныстыру. Сәттілік тілеу.

Жуан, жіңішке сұрақтар.

1.»Көксерек» әңгімесінің жазылуына түрткі болған не нәрсе?

2.Көксерек туралы ауыл адамдары не деді?

3.Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?

4.Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?

5.Қасқырлар ұясын адамдар неге талқандады? Адамдардың іс әрекеті дұрыс па?

6.Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауыр басты?

7.Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай?



Мадақтауларөте жақсы, жарайсыздар

3 мин











Түсіну

Оқушының өткен білімді меңгеруін, таным-ізденістерін, қабілеттерін бақылау.

Өткен білімді меңгеруі, ізденістері бақыланады

Ой қозғау.

Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударайықшы. «Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі». Осы сөйлемді оқығанда ойларыңа не келді? Ендеше табиғат дегеніміз не?

І, ІІ топ «Адам және табиғат» деген тақырыпта постер құру.

ІІІ, ІҮ топ «Адам» және «Қасқыр» сөздеріне ассоциация жасау.



Түсті стикерлер
5мин










Қолдану


Білімнің негізгі түйінін беру, нақты, дәлелді мысалдар келтіру. Ең негізгі мәселені меңгеру дәрежелерін бақылау.



Білімнің негізгі түйінін табады, дәлелдейді.

Оқулықпен жұмыс.

І топ. Әңгіменің композициялық құрылымына талдау.

1.Оқиғаның басталуы. Қасқырлар мекені. Бөлтіріктер тағдыры.

2.Дамуы. Көксеректің ұяластарымен табысуы.

3.Шиеленісі. Қараадыр еліндегі мазасыздық.

4.Шарықтау шегі. Құрмаштың қазасы.

5.Шешімі. Көксеректің жазасын тартуы.



ІІ топ. Шығармаға аннотациялық талдау.

Бөлім

Оқиға

Іс әрекет

Мінездеме

І.Қасқырлар мекені

Қарадыр сайының суреттелуі

Тағылар тірлігі

Қасқыр-қашан да қасқыр

ІІ.Адамдар қиянаты

Бөлтіріктер тағдыры

Адамдар тағылығы

Қаталдық

ІІІ.Адамдар және Көксерек

Көксерек ауылда

Адамдардан көрген жәбір

Құрмаштың таза, сәби көңілі

ІҮ.Ұяласымен табысуы

Көксеректің ауылдан кетуі

Айқас

Арлан

Ү.Шабуыл

Қарадыр еліндегі мазасыздық

Тағылардың тағылық істері

Татулық жоқ

ҮІ.Жауыздық

Құрмаштың өлімі

Көксеректің жойқын күшке айналуы

Өшпенділік

ҮІІ.Соңғы майдан

Көксеректің жазасы

Әже зары




ІІІ топ. Шығарма құрылысына логикалық талдау.

Шығарма тақырыбы: Адам мен табиғат арасындағы байланыс пен қайшылық.

Шығарма идеясы: Табиғат заңдылығы бұзылса, апатқа соқтырады.

Жазушы мақсаты: Табиғатты қорғау, әрбір табиғат перзенті өмір сүруге құқылы.



ІҮ топ. Көксеректің портреті және Көксерекке, Құрмашқа, Әжесіне мінездеме беру.

Жарайсың, өте жақсы

10мин










Әуенді би










2мин










Талдау

Оқушылардың топтық белсенділігін және бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту.

Бірлескен оқу дағдылары қалыптасады.

Топтық жұмыс. Сын тұрғысынан ойлау.

1.Әңгіме тек Көксерек туралы ғана ма? /Әңгіме тақырыбы «Көксерек» деп аталғанмен, мұнда қасқыр тағдырымен қоса адам мен табиғат арасындағы күрделі проблемалар көтерілген/.

2.Әңгіме арқылы басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы? /Басты ойды ашатын ең негізгі оқиға –табиғатқа жасалған қиянат/.

3.Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма? /Ақтауға болмайды. Жазушы табиғатқа қиянат жасағандарды «екі аяқтылар» дейді/.

4.Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар? /табиғатқа шабуыл жасап, оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе/.

5.Әңгіме қалай аяқталады? Қарғыспен аяқтауына не себеп? /Кемпірдің қарғысымен аяқталады. Кемпір қарғысы-Жазушының озбырлыққа, қаталдыққа деген қарғысы/.

6.Бұдан нені ұғамыз? Жазушы неге үндейді? /Жазушы жер бетіндегі тіршілікті татулыққа үндейді/.


Бірін-бірі бағалау

7мин











Жинақтау

Алған білімі бойынша шығармашылығын дамыту, оны қолдана білуге жетелеу.

Білімдерін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

Ой-толғаныс.

1Жазушымен сырласу.

2.Табиғатқа тіл қату.

3.Адамдарға үн қату.



Критералды бағалау

15мин


Тақырыпты ашуы


Мазмұны жақсы

Мазмұны орта



2
1


Бағалау


Оқушылардың өзіндік көзқарасы, пікірін қалыптастыру, білім мазмұнын бағалауға үйрету.

Өз жұмысына қорытынды жасай білуге үйренеді

Табиғат – Ана!

Табиғаттың сырын танып білейік,

Табиғаттың тілін ұғып көрейік.

Тыныштығын сақтап өмір-өзеннің,

Ізгіліктің шамын жағып жүрелік!

Рефлексия

Шығарма несімен ұнады?

Сабақтан алған әсерің?

Түйінді ойың










Стикер арқылы: қызыл – пікір,

жасыл - ұсыныс



Өз өзін бағалау

3мин










Дереккөздер мен жабдықтар:

Дереккөздер: Презентация, критерилер, үлестірмеліктер, стикерлер

Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері




Шығармашылық тапсырмалар

Кейінгі оқу

«Табиғатты аялай да, бағалай да білейік» тақырыбына шығарма жазу.

: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Сабақ 6-шы сыныптар Сабақтың тақырыбы Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлігі және оларды өңдеудің тәсілдері Сілтеме
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
attachment -> Жаңа сабақты түсіндіру 28. 11. 12 Сабақтың тақырыбы: Жанатын пайдалы қазбалар. Мағынасын аш
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
attachment -> 5 сыныпқа арналған тақырыптар бойынша тесттер
attachment -> Практикумы Тақырыбы: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...