Сабақ типі : жаңа сабақ Құрал жабдықтар: Біржасушалы, көпжасушалы балдырлар суреттері, слайдтар



жүктеу 50.64 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі50.64 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға тірі ағзалар дүниесіндегі орын алатын төменгі сатыдағы жасушалар тобына жататын біржасушалы және көп жасушалы балдырлар туралы мәлімет беру, олардың тіршіліктегі маңызын түсіндіру
Міндеті: Таллом, хламинодомонада, хлорелла, спирогира, улотрикс терминдеріне толық анықтама беріп, олардың маңызын түсіндіру

Сабақ типі: жаңа сабақ

Құрал – жабдықтар: Біржасушалы, көпжасушалы балдырлар суреттері, слайдтар

Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, түгендеу



ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Балдырлар туралы білімдерін топтау әдісін пайдаланып,тексеру.

Теңіз,өзен,көл Бір,көп жасушалы


Балдыр
Хроматофор
Бір,көп ядролы Таллом
Балдырлар теңіз, көл, өзендер және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Таллом – денесінде ұлпалар болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік. Жасшалары бір ядролы. Цитоплазмасында органоидтары мен вакуольдері болады. Балдыр жасушасындағы хлоропластарды-хромотофор деп атайды. Балдырлар талшықты не талшықсыз жеке жасушалар және шоғырлар күйінде кездеседі. Олар өсімді, жынысты, жыныссыз көбейеді.
Өсімді

Жынысты


Жыныссыз

Балдырлар жасушалары екіге бөлінеді. Жіп тәрізді балдырлар талломы бірнеше

өлшекке бөлінеді.

Аталық және аналық жыныс жасушалары қосылып зигота түзеді. Бір талломда түзілген гаметалар не әр түрлі талломның бойында п.б гаметалар қосылады

Талломдағы арнайы қалтадан біржасушалы талшығы бар зооспоралар түзіледі. Кейде талшығы болмайды. Зооспоралар тө

емікке бекініп өніп, балдырға айналады.


Балдырлар түсіне қарай

Жасыл Қоңыр Қызыл

Біржасушалы жасыл балдырлар бұдан шамамен 1,5 млрд жыл бұрын п.б. Бір өкілі – хламидомонада. Ол тоқтау суларда мекен етеді. Хломидомонаданың жасуша қабықшасы жасунықтан тұрады. Жақсы жетілген екі талшығы, алдыңғы жағында жиырылғыш вакуоль және қызыл көзшесі болады. Жынысты және
жыныссыз жолмен көбейеді. жыныссыз көбейгенде жасушасы 2-ге,4-ке, 16-ға 32-ге бөлінеді.

Хлорелла да біржасушалы балдырға жатады. Оның хломидомонададан айырмашы-лығы оның тез қозғалатын екі талшығы және көзшесі болмайды. Екі балдырлармен де суда жүзетін балықтар қоректенеді. Хлорококк – топырақта, ағаштың діңінде өседі.

Спирогира – жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасуша-лы балдыр.

Спирогира көбеюі


өсімді жынысты

Өсімді көбею кезінде спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке не жеке жасушалары-ның бөлінуі арқылы жүреді. әр бөлшегінің жасушасынан жас спирогира пайда болады. Жынысты көбею кезінде жіптеріндегі екі жасушаның қосылуы арқылы жүреді.



Улотрикс – көпжасушалы жіп тәрізді жсыл балдырдың екінші түрі. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекініп өседі. Әрбір жасушасындағы жасыл түсті хромотофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді.

Улотрикс көбеюі

жыныссыз көбею жынысты көбею

Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зоос-поралар түзіледі. Олар қозғалып төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасуша түзе бастайды. Біртіндіп улотрикс жіпшесі пайда болады.

Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы бөлшектерге бөлінеді. Зооспорадан кішкене екі талшықты гамета түзіледі. Олар қоялып зигота түзеді. Спирогира мен улотрикс балдырлары күн сәулесінің қатысуымен хромотофорларына судағы еріген көмірқышқыл газын сіңіріп, ағзалық зат түзіп қоректенеді. Оттегін бөліп шығарады. Ол оттегімен судағы тірі ағзалар демалады.

Кесте толтыру

Балдыр

Көбеюі

Тіршілік мекені

Ерекшелігі

Хлорелла










Хламидомонада










Хлорококк










Спирогира










Улотрикс













Біржасушалы балдырлар

Ұқсастығы

Көпжасушалы балдырлар










Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып,венн диаграмасын сызу.



Хламидомонада Хлорелла


Талшығы,көзшесі жоқ,

жынысссыз, жынысты көбе көбейеді



Екі талшығы,көзшес бар,жынысты,

жыныссыз көбееді



Біржасушалы,хроматофорчы астау тәрізді



Тест тапсырмалары

1.Хламидомонада қайда тіршілік етеді?

а) тоқтау суларда; б) өзенде; ә) теңізде; в) көлде.

2.Жыныс жасушаларының аталуы:

а) зигота; б) спорофит; ә) гамета; в) гаметофит.

3.Біржасушалы жасыл балдырлар қашан пайда болған?

а) 2 млрд. жыл бұрын; б) 3 млрд. жыл бұрын;

ә) 1,5 млрд. жыл бұрын; в) 1 млрд. жыл бұрын.

4.Топырақта, ағаш діңінде өсетін балдыр?

а) хламидомонада; б) хлорококк; ә) хлорелла; в) улотрикс.

5.Хлорококк балдырлары қалай көбейеді?

а) жынысты; б) жыныссыз және жынысты;

ә) жыныссыз; в) бөліну арқылы.

6. Спирогира қандай жолмен көбеймейд?

а) жынысты б) жыныссыз в) өсімді

7. 1 граммм қара топырақта қанша балдыр болады?

а) 50 000 б) 70 000 в) 30 000

8. Қағаз өндірісінде пайдаланылатын балдыр?

а) Порфира б) Кладафора в) Ламинария

9. Улотрикс балдырының хромотофорының пішіні қандай?

а) таспа тәрізді б) жалпақ білезік тәрізді в) астауша тәрізді

10.Споронгийлерден не пайда болады?



а) тамыр б) зооспора в) Спора
IІІ. Бекіту.Алгология – ботаниканың балдырларды зерттейтін бөлімі. Хлорелл ғарышқа ұшырылған алғашқы өсімдік.

ІV. Сабақ қорытындысы: Балдырлар көбіне суда, ылғалды топырақта, таста және ағаш дініңде тіршілік ететін төменгі сатыдағы өсімдіктер. Балдырлар хлорофиллден және пигменттерден құралады. Табиғатта біржасушалы және көпжасушалы жасыл балдырлардың 13000 түрі бар. Солардың бірі – спирогира мен улотрикс. Олар өсімді жолмен (спирогира), жыныссыз және жынысты жолмен (улотрикс) көбейеді. бұлар өзге жасыл балдырлар тәрізді күн сәулсінің қатысымен хрототофорына судағы еріген көмірқышқыл газды сіңіру арқылы ағзалық зат түзіп, қоректенеді. Фотосинтез кезінде оттегін газ түрінде бөліп шығарады. Судағы тірі ағзалар оттегі газымен тыныс алады.

V. Бағалау

VІ. Үй тапсырмасы: 14,15-параграфт оқып, сұрақтарға жауап беру.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет