Сабақ Тақырыбы: «Сынып жетекшісінің негізгі функциялары мен жұмысының мазмұны»

Loading...


Дата28.05.2017
өлшемі52.41 Kb.
түріСабақ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК



«Педагогика және психология» пәндік әдістемелік комиссиясы

Оқытушы: Сарсекова Г.К.

Шеберлік сабақ

Тақырыбы: «Сынып жетекшісінің негізгі функциялары мен жұмысының мазмұны»

/Әдістемелік күнде ұйымдастырылды/

28.11.2016 жыл

Семей-2016-2017 оқу жылы



Технологиялық карта №___

Пән: Педагогика

Тобы: 402ә Күні: 28.11.2016

Сабақтың тақырыбы: Сынып жетекшісінің негізгі функциялары мен жұмысының мазмұны

Сабақтың мақсаты: Сынып жетекшісінің негізгі функциялары, жұмысының мазмұны туралы білімдерін тереңдету

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: сынып жетекшісінің негізгі функциялары, жұмысының мазмұнын ғылыми негіздеу, оқу-ақпараттық танымдарын жетілдіру.

Дамытушылық: ой тұжырымын жасап, шығармашылық әрекет етуіне ықпал жасау, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: кәсіби шеберлікке, өз мамандығын сүюге, ғылыми дүниетанымын, өз көзқарастарын еркін айта білуге, белсенділікке, ізгілікке тәрбиелеу ортасын құру.

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: теориялық және іс-тәжірибелік дербес жұмыстар сабағы

Оқыту технологиясы: дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, диалогтік оқыту, топтық жұмыс, миға шабуыл

Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар, түрлі түсті қағаздар

Сабақтың техникалық құралдары: интерактивті тақта, сабақ презентациясы

Пәнаралық байланыс: тәрбие жұмысының әдістемесі

Әдебиеттер тізімі:

1. Әбенбаев С. Сынып жетекшісі.А.2004

2. Губашева С.Г., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі.А-2007

3. Құрманалина Ш.Х. Педагогика,Фолиант: Астана- 2007

4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.

Сабақтың құрылымдық жоспары:

I. Қызығушылықты ояту кезеңі

- Оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту/ мотивация/

- Тақырыпты, сабақтың мақсатын хабарлау

- Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа білімді меңгеруге дайындау



II. Мағынаны тану кезеңі

- жаңа сабақты меңгерту



III. Ой тоғаныс кезеңі

- сабақты қорытындылау



V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау

Рефлексия



Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту кезеңі

- Тренинг: «Мен елімді сүйемін»

Егер, сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

Егер, сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

Егер сіз, ата-анаңызды жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

Егер сіз, құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз, өз колледжіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!

Рахмет!


- Түстер арқылы 4 топқа бөлу

- Оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту/ мотивация/

- «Болжау» әдісі

Интерактивті тақтадан сынып жетекшісі туралы әртүрлі суреттер беріледі. Суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.

- Тақырыпты, сабақтың мақсатын хабарлау

- «Ассоциация» әдісі

Тапсырма: Сынып жетекшісі сөзін қандай сөздермен байланыстыруға болады?

Сынып жетекшісі туралы 9 сөз тізбектеп жазады, 9 сөзді 6 сөзге жинақтайды, 6 сөзден 3 негізігі ойды білдіретін сөзді теріп жазады. 3 сөзден 1 негізігі ойды анықтайды.



Сынып жетекшісі-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы.

9 сөз

6 сөз

3 сөз

1 сөз

Сынып жетекшісі

Сынып жетекшісі

Сынып жетекшісі

Сынып жетекшісі

Мұғалім

Мұғалім

Мұғалім

Тәрбие жұмысын

ұйымдастырушы



Тәрбиеші

Тәрбиеші

Тәрбиеші




Ақылшы

Педагог

Тәрбие жұмысын

ұйымдастырушы






Педагог

Ұстаз







Тәрбие жұмысын ұйымдастырушы

Тәрбие жұмысын ұйымдастырушы







Пән мұғалімі

Кеңесші







Ұстаз










Ізденуші










Кеңесші











II. Мағынаны тану кезеңі

- Топтарға дәріс материалдары таратылады, оқиды, бір-біріне түсіндіреді, талдайды.

- тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

III. Ой толғаныс кезеңі

- «ПОПС» формуласы

•Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

•Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

•Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

•Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»

- қорытындылау

Сынып жетекшісі қажет, сынып жетекшісі қажет емес (көзқарастар, пікірлер, қорытындылар, фактілердегі қарама-қайшылыққа назар аудару)



V. Үйге тапсырма

Сынып жетекшісі қандай болу керек?/эссе жазу



VI. Бағалау

Бағалау парағы бойынша әркім өзін бағалайды.



Рефлексия

  • Мен сабақтан не үйрендім?

  • Бұл білім маған қандай пайда келтіреді?

  • Бұл білімді қалайша қолдануға болады?

  • Бұл білім маған не үшін керек?

  • Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын?

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Сабақ 6-шы сыныптар Сабақтың тақырыбы Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлігі және оларды өңдеудің тәсілдері Сілтеме
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
attachment -> Жаңа сабақты түсіндіру 28. 11. 12 Сабақтың тақырыбы: Жанатын пайдалы қазбалар. Мағынасын аш
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
attachment -> 5 сыныпқа арналған тақырыптар бойынша тесттер
attachment -> Практикумы Тақырыбы: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...