Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»



жүктеу 0.92 Mb.
бет5/5
Дата15.05.2017
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5

- Сонымен, біз бүгін сөз еткен, жазушы Төлеген Әбдіков көтерген ұрпақ тәрбиесі, ұлттық сана –сезім дегеніміз не? Парыз бен сананың қандай жақындығы бар? Осы төңірегіндегі ойларыңды қағазға түсіріңдер, қорғаңдар.


Ұлттық сана





Парыз


Отан алдындағы парыз



Ата-ана алдындағы парыз



Борышты өтеу



Қызмет ету

Азаматтық парыз

Перзенттік парыз

Ұлттық салт-дәстүрді бойға сіңіру

Ата-анаға тағзым





Елге пайда келтіру



Өзіндік із қалдыру

Мұрагер тәрбиелеу

Бар мүмкіндікті пайдалану

Қамқорлық жасау

Туған-туысқа құрмет





Басқаларға үлгі бола білу



Басқаларға үлгі бола білу



Өтелген парыз


- Міне, балалар, өздерің байқағандай, ата-ана алдындағы парыздарын өтегенде ғана, ұрпақ тәрбиесі өз биігінен көріне алады екен. Олай болса, парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын! «Өз үйіне өзі қонақ» болған жандардан сақтаныңдар.



Үйге тапсырма: «Мен қазақ болғанымды мақтан етемін» тақырыбына ой-толғау жазу.

Сабақ №5

Сабақ тақырыбы: Д.Исабеков «Әпке»

Сабақ мақсаты: драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігін түсіндіру; шығарманы оқу арқылы адамгершілікке, отбасылық құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс (рөльде бөліп оқу)

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ


  • Әдебиет тектері

  • Драмалық туындылардың өзіндік ерекшелігі неде?

Жаңа сабакты түсіндіру

Драмалық шығармалар (пьесалар) театр сахнасына қоюға арналып жазылады.

Драмалық шығарманың құрылымдық ерекшелігі – оның кейіпкерлерінің диалогі (диалог – оқиғаға қатысушы бірнеше адамдардың өзара сөйлесуі) мен монологіне (монолог – бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерімен оның өзімен-өзі сырласуы, толғанысы) құрылуы.

Диалог те, монолог те тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, көзқарас-мақсатын айқын танытатындай көркем болуы керек. Мұнда (әңгіме, повесть, роман т.б.) оқиғаларды баяндап, мінездеме беріп отырмайды.

Қысқа түрде келетін автор сөзі ремарка деп аталады.

Оқиға, тартыс сахналық қойылым барысында актер шеберлігі арқылы көрерменге дәл қазір, осы сәтте болып жатқандай көрінеді.


Автор жөнінде мәлімет

Дулат Исабеков – жазушы, драматург

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Саурам ауданы

Білімі: ҚазҰУ

Алғашқы әңгімесі1963 жылы «Замандастар» жинағына шыққан.

Шығармалары: «Әпке», «Қара шаңырақ», «Бекет», «Қырғын» т.б. Шығармалары венгр, неміс, поляк, чех тілдеріне аударылған.

«Гауһар тас», «Дермене», «Тауқымет» - көркем фильмдері түскен.

Практикалық кезең

А) Пьесаны рольге бөліп оқу (талдау)

Ә) Кейіпкерлерін жазу

Кейіпкерлері: Қамажай, Омар-інісі, Темірбек (Тимур) – інісі, Назила – сіңлісі, Гауһар – Назиланың құрбысы, Кәмила – Тимурдың сүйген қызы, кейіннен әйелі, Сұлтан – Тимурдың досы, Сұлухан (Светлана) – Сұлтанның қасындағы қыз, Қабен, көрші әйел.

Сабақты бекіту

А) «Әпке» пьесасының тақырыбы не?

Ә) Қандай мәселе сөз болған?

Б) Автордың айтар ойы неде?


Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: драмадағы отбасы мәселесі (кейіпкерлерге мінездеме)

Сабақ №8
Тақырыбы: Әбілхасан Рудаки.

Мақсаты: ақын өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейт Шығармаларының негізгі тақырыптарын мәнін анықтату.
С. түрі : жаңа білім беру сабағы

С.әдісі: дәріс сабағы , мәнерлеп оқу, талдау, мазмұндау, топтастыру

Көрнекіліктер: ақын суреті, деректер

Қосымша деректер бойынша жұмыс


  1. Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы — 941, сонда) — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ.

  2. Заманында “Ақындар атасы” атанған.

  3. Туындыларының ішінен бізге жеткені “Шарап туралы” қасида, “Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы — адам өмірін жырлау.

  4. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті.

  5. Ә. Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады.

  6. Ә. Р. өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден таныс.

  7. Ақынның гуманистік сарындағы шығармалары Абай Құнанбаевқа үлкен ықпал жасады.

  8. Ә. Р. шығармаларын зерттеуге қазақ ғалымдары Т. Нұртазин, Р. Бердібаев елеулі үлес қосты.

  9. Ә. Р-дың өлеңдері Қ. Бекхожин, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Т. Шопашев, Қ. Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты .



Мәтінмен жұмыс.

1.Ақының өлеңдерін мәнерлеп оқу

2. Ақын көтерген негізгі мәселелерді топтастыру.

3.Өмір жайлы өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау



теңеу

эпитет

метафора










4.Түсіндірме сөздікпен жұмыс жаса

5. Шығармашылық тапсырма. «Өмір» дегенді өзің қалай түсінесің? Өз ойыңды еркін жаз

6. Өлеңдерінен ақынның келер ұрпаққа айтар өсиетін, ақылын тауып оқы

7.Дана болсаң –қатал саған тағдыр да,

Буырқанып қал, аяғыңнан шалдырма-деген өлең жолдарының мағынасын ұғындыр.

Қорытынды: Ақын өлеңдерінің тәрбиелік маңызы неде? Мысалмен дәлелде.

Үйге: Өлеңдерін жаттау. Қосымша деерктер жинау

Сабақ №9

Тақырыбы : Омар Һәйәмнің рубаилары

Мақсаты: ақын өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту.

Өлеңдерінің мәні мен мағынасын таныту.Ақын шығармашылығында көтерілген мәселелер негізінде оқушылардың бойына адамгершілік, жақсылық қасиеттерді сіңіру



С.түрі: жаңа білім беру

С.әдісі: сұрақ, жазбаша, талдау, топтастыру, мәнерлеп оқу,

Көрнекіліктер. Әр түрлі деректер, ақынның бейнесі


С. барысы:

Ұйымдастыру.

Үйтапсырмасын сұрау, пысықтау

Жаңа тақырып. Омар Һәйәмнің рубаилары



Сұрақ: Омар Һәйәм туралы естігеніміз бар ма, ол туралы не білеміз?(оқулықта келтірілген деректер бойынша жұмыс жасату)

  1. Өмірбаяны

  2. Алған білімі

  3. Еңбектері

  4. Рубаилары

  5. Шығармаларының тақырыптары (тірек сызбаға толтыру)


Қосымша деректер
Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жүмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Кітапта тағыда тұңғыш рет өзі ашқан көнуыстық қисықтардың көмегімен үшінші дәрежелі теңдеуді шешудің әдісі берілді, бұл алгебра мен геометрияны біріктрген керемет әдіс еді. Ол тағыда екімұшеліктердің жаймасын, тарқату әдісін да зеріттеген. Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген. Оның «Еуклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған


Өмірбаяны
Әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, “һайям” – осы кәсіпке байланысты туған атау.

Ғұмыры Балх, Самарқанд, Мерв, Исфаһан, т.б. қалаларда өткен. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның философиялық көзқарастарын қолдаған.

Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген ол “Болмыс және борыш туралы трактат” (1080), “Үш сауалға жауап”, “Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры”, “Өмір сүру туралы трактат” (1980 – 91), “Наурызнама” (1095 – 98), “Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат” (1105 – 10), т.б. философиялық еңбектер жазды.

Салжұқ сұлтанының тапсыруымен күнтізбеге реформа жасады. Бұл күнтізбе бойынша әрбір 33 жылда 8 кібісе 7 рет 4 жыл сайын, 1 рет 5 жылдан кейін болады. Оның жыл санауы Григорий күнтізбесінен анағұрлым дәл. Омар Һайям еңбектерінің басым бөлігі математика ғылымының үлесінде. “Алгебра және әлмұқабала мәселелерін дәлелдеу туралы” трактатында математикалық тарихында тұңғыш рет үшінші дәрежелі теңдеулерді саралап, оларды шешудің жүйесін жасауға талпынды, куб теңдеулердің әр түрінің (барлығы 19) түбірін геометриялық тәсілмен шешуді ұсынды. Үш кітаптан тұратын “Евклид еңбектеріндегі қиын тұжырымдарға түсініктеме” зерттеуінің “Параллель түзулердің шын мәні туралы” деп аталатын бірінші кітабында Евклид ұғымына дәл келетін параллель түзулердің жаңа теориясы баяндалған.

Омар Һайям медицина, музыкалық теориясымен де шұғылданды.
Омар Һәйәмнің әулиелігі
Әйгілі шығыс ақыны Омар Һәйәм Низами Арузи деген жан досына бір көңілді отырыстың үстінде өз мәйітінің жылына екі рет гүл шашатын жерге орналасатындығын айтып қалады. Бірақ айтылған сөз айтылып кетті, оған ол кезде ешкім де мән бермеген шығар. Алайда жиырма үш жылдан кейін ақын дүние салғанда әлгі досы қабірдің басына барып Құран оқиды. Ол қабір көркемдікке көмілген Нишапурдағы миуа бағының іргесінде орналасқан болатын.
Рубаи-төрт жолды өлең. Тағандарының ерекшеліктері


  1. Омар Һайям әлемге аян төрт тағандардың (рубай) авторы.

  2. Өлеңдерін парсы тілінде жазды, оның ақындығын алғаш таныған (1176) ғалым Байхаки еді.

  3. Ақын өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жұмақ пен тозақ, қанағат пен обырлық, жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық, құштарлық пен тақуалық парқын төрт жолдан тұратын өлеңге сыйғызды.

  4. Оның рубайлары адамгершілік ұстанымдарға негізделген, ол әділетсіздікке қарсылық білдірді, қоршаған ортаға сын көзімен қарап, озық ойларын батыл айта білді.

  5. Өз ойын жеткізу үшін белгілі дәрежеде бейнелеу тәсілдерін қолданды. Мысалы, құмыра, пияла, дүкен, шеберхананы жырлау арқылы жаратушы мен әлемнің, адамның арақатынасын сипаттаса, адам мүрдесі топыраққа айналған жерден өсіп шыққан гүлді өмір мен материяның мәңгілік құбылысы ретінде бейнеледі.

  6. Ақын өлеңдерінде махаббатты жырлау арқылы метафоралық терең ой тұжырымдалды.

  7. Оның өлеңдерінен ақиқатқа талпыныс, тіршіліктің мәнін парықтау мен енжарлықты, екіжүзділікті әжуәлау сарыны байқалады.

  8. Омар Һайям өлеңдері аз сөзбен келелі ой айтуымен, қарапайым сөздердің өзара жарасымды үйлесім тауып, әуезді болып келуімен ерекшеленді.

  9. 19 ғасырда Э.Фицджеральд ақын өлеңдерін ағылшын тіліне аударды (1859). Бұл аударманы ғалым Теннисон “жаңадан ашылған планетаға” теңесе, кей ғалымдар тақырып әуендерін өзінше өзгертіп, кейде қосымшалар енгізіп жіберген деген пікір айтады (Идрис Шах “Суфизм”, М., 1994, 193 – 201-б.). Омар Һайям рубайларының І.Шаңғытбаев аударған нұсқасы (325 рубай) 1965 жылы жеке кітап болып шықты. Ө.Күмісбаев “Иранбақтың бұлбұлдары” атты жинағында бірнеше шығыс ақындарымен қатар Омар Һайям өлеңдерін аударды (2004). Омар Һайямның кесенесі Нишапур қаласында орналасқан


Ақын зираты




Ақынға қойылған ескерткіш

Атқарылатын жұмыстар:

  1. Рубаиларын мәнерлеп оқу

  2. Негізгі көтерілген мәселерді топтастыру

  3. Ақын айтпақ ойларды анықтау

  4. Түсініксіз сөздермен жұмыс жасау


Қорытынды : Рубаиларының тәрбиелік маңызы неде? Топтастыру

Үйге: Рубаиларын жаттау



Сабақ 10

Тақырыбы : Расул Ғамзатов «Менің Дағыстаным»

Мақсаты:


«Менің Дағыстаным» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғындыру, әңгіме арқылы білім мен тәрбиені ұштастыру.

Отанды сүюге, адамгершілікке, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өлең шығару арқылы тілін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздікпен жұмыс, концептуалдық кесте, БҮҮ стратегиясы, ойын, сауалнама.

Жұмыс түрі: Интерактивті тақтамен жұмыс

Пәнаралық байланыс: Әлем әдебиеті, география, қазақ тілі

Көрнекілігі: Слайд арқылы ақынның суреттері, бүктеме, карта, кітаптар

Сабақтың жүрісі:


  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақ

  4. Сөздікпен жұмыс

  5. Кітаппен жұмыс (сұрақ - жауап)

  6. Шығармашылық жұмыс ( өлең шығару, концептуалдық кесте)

  7. Сабақты қорытындылау (БҮҮ, тест)

  8. Үйге тапсырма

  9. Бағалау

  10. 1. Ұйымдастыру

  11. А) Сәлемдесу

  12. Ә) Түгелдеу

  13. 2. Үй тапсырмасын тексеру

  14. А) Расул Гамзатовтың өмірі мен шығармашылығы

  15. Ә) “Ана тілі” өлеңін жаттау

  16. Б) Өз ана тілің туралы қандай өлеңдер білесің?







Расул Гамзатов «Менің Дағыстаным»





Қосымша мәліметтер

Дағыстан елі Ресей Федерациясының құрамына кіретін автономиялық мемлекет. Ол Солтүстік Кавказда орналасқан. Астанасы - Махачкала. Территориясы Ресей Федерациясының 3,5 % алып жатыр. Дағыстанда 102 ұлт бар. Олар: лезгин, ноғай, орыс, украин, еврей, авар т.б. Ұлттардың ішінде ең көбі – аварлар. Онда 577 мың авар тұрады. Аварлар Дағыстан халқының 27 % құрайды.

Орындалатын тапсырмалар

4. Сөздікпен жұмыс

Революция – көтеріліс, төңкеріс

Авар – Дағыстанда тұратын халық

Париж – Францияның астанасы

5. Кітаппен жұмыс

А) Италияда қалып қойған суретші жігіттің картинасында қандай аңыз бейнеленген?

Ә) Суретші еліне неге қайтқысы келмейді?

Б) Суретшінің шешесі Расул Гамзатовтан не сұрады?



6. Шығармашылық жұмыс

Тіл, Отан туралы өлең шығару

сақтаймыз

ақтаймыз


мадақта

Мысалы:

Қазақ тілін құрметтеп біз сақтаймыз,

Ана сүтін өмір бойы ақтаймыз.

Туған жердің топырағын мадақтап,

Ақындардың өлеңін біз жаттаймыз.

Туған тілім,ана тілім,бал тілім,

Ана тілін құрметтейді қазағым.

Тілімді мен сүйемін жүрегіммен,

Тіл жолында жанымды беремін мен.


  • Менің тілім – асыл тіл сөз жетпейтін,

  • Қастерлеп оны әр кез құрметтеймін.

  • Биігіне жете алмас бұл тілімнің

  • Ішіндегі мықтысы бар әлемнің.

Дүниенің әсемдігін мадақтап,

  • Еліміздің дәстүрлерін жаттаймыз.

7. “Кім? Қайда? Қашан?” ойыны. Шығармадан үзінділер келтіру, қай

кейіпкердің қашан,қайда айтқанын айтқызу

Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған.

Бұл аварлардың көне аңызы бойынша салынған сурет.

Сендер аварша сөйлестіңдер ғой? – деп сұрады менен

“Кеш қой.Енді еліме тек қаудыраған сүйегімді қайтаруға хақым бар ма менің?”



  • Геологияның болашағы деген керемет қой”

- Келсейші,ей, жаман неме. Өзі қазақша білетін бе еді?”

  • - Ештеңенің керегі жоқ, нан тауып бер”

  • Айналайын, туған жер, сені де көретін күн болады екен – ау! –деп тұншыға күбірлейді ”

Концептуалдық кесте


Кейіпкер

Адамгершілік қасиеті

Өз бағам










Сауалнама

1. Расул Гамзатов қай жылы дүниеге келді?

А) 1924 ж Ә) 1925 ж Б) 1923 ж

2. Р.Гамзатов училищені бітірген соң, қандай қызмет атқарды?

А) Мұғалім Ә) Журналист Б) Публицист

3. Өмірбаяндық прозалық шығармасын көрсет.

А) “Тау қызы” Ә) “Менің Дағыстаным” Б) “Қонақ”

4. Қай кітабы үшін Лениндік сыйлық алған?

А) “Биік жұлдыздар” Ә) “Мен туған жыл” Б) “Тырналар”

5. Суретші қай ұлттың қызына үйленеді?

А) Француз Ә) Итальян Б) Неміс

6. Авар киімін киген итальян қызы бейнеленген суреттің аты.

А) “Елді аңсау” Ә) “Тұман” Б) “Елім”

7. Аварлардың көне аңызы бойынша салынған суреттің кейіпкері

А) Қыз Ә) Ит Б) Құс

8. Париж қай елдің астанасы?

А) Франция Ә) Италия Б) Дағыстан

9. Расул мен суретші қай тілде сөйлесті?

А) Авар Ә) Орыс Б) Тілмаш арқылы орыс және француз

10. “Менің Дағыстаным” шығармасын қазақ тіліне аударған кім?

А) Қуандық Шаңғытбаев

Ә) Кенжеболат Шалабаев

Б) Сағи Жиенбаев

Дұрыс жауаптары:

1 Б 6 А

2 А 7 Б


3 Ә 8 А

4 А 9 Б


5 Ә 10 Ә

Қорытындылау



Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді










Үйге тапсырма

“Ана тілім - айбыным” шығарма жазу.



Сабақ № 11-12

«Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихынайтатын писхологиялық роман.

Ш.Айтматов

Сабақтың тақырыбы: Ш.Айтматов «Найман – Ана»

(«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді). Ана трагедиясы. Мәңгүрт ұлдың тағдыры

(2 сағат)

Сабақтың мақсаты: Ш.Айтматовтың романынан алынған үзіндінің

мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.

Танымдық қызығушылығын, шығармашылық,

ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көз-қарасын дамыту оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.

Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге,

ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Іздену, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, қайталау.

Көрнекіліктер: Оқулық, портрет, шығармалар жинағы, тіреу-сызбалар,

үнтаспа, көрме «Қазақ-қырғыз бір туған» (Ш.Айтматов пен М.Шаханов шығармашылығының біртұтастығы)

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, саз.

Сабақтың жүрісі

І. Ұйымдастыру

  1. Амандасу

  2. Сабақтың тақырыбын, жүрісін таныстыру

  3. Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Ой шақыру бөлімі: Біліміңді зерделе

  1. Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы?

  2. Шыңғыс Айтматовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ: Шағын дәріс

А) Шыңғыс Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушы. Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс шығармалары - әр елдің тілінде аударылып, оқырманын көбейтуде. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, азаматтық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды. Шыңғыс Айтматовтың ұстазы – Мұхтар Әуезов. Көрмеде көріп тұрғанымыздай поэзия әлемі ұлт таңдамайды. Әдеби шығармалары да достығы да тұтас дүние бола білген Мұхтар мен Шыңғысты бүкіл ел біледі. Осындай достықта туған шығармалары мәңгілік болмақ.

Жылы

Басылым атауы

Еңбегі

1957

«Ала-Тоо» журналы

«Бетпе-бет» повесті

1958

«Новый мир» журналы

«Жәмилә» повесті

1961

«»Дружба народов» журналы

«Шынарым менің, шырайм менің» повесі

1961

«Ала-Тоо» журналы

«Алғашқы ұстаз» повесі

1963

«Ала-Тоо» журналы

«Құс жолы» повесі

1961




«Байдамтал бойында» әңгімесі

1964

«Молодая гвардия»

«Қызыл алма» әңгімесі

1968

Қырғыз баспасөзі

«Атадан қалған тұяқ»

1964

Қырғызстан альманагында

«Сыпайшы» әңгімесі

1954

«Советтік Қырғызстан» басылымы

«Ақ жауын» әңгімесі

1955

«Советтік Қырғызстан» басылымы

«Мұрат» әңгімесі

1961

«Новый мир» басылымы

«Ботагөз» повесі

1975

«Новый мир» басылымы

«Ерте келген тырналар» повесі

1966

«Новый мир» басылымы

«Қош бол, Гүлсары!» повесі

1970

«Новый мир» басылымы

«Ақ кеме» повесі

1977

«Знания» журналы

«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесі

1980

«Новый мир» басылымы

«Ғасырдан да ұзақ күн» романы

1986

«Новый мир» басылымы

«Жан пида» романы

Ә) «Найман-Ана» үзінді суретін интерактивті тақта арқылы түсіндіру.

Ана басындағы ақ жаулық неге ақ құсқа айналды?

Б) Жазушы шығармасының тақырыбын, идеясын оқушыларға жете меңгерту.

Тақырыбы: Ана ерлігін насихаттау.

Идеясы: Адамзатты жауыздықтан қорғау.

IV. Ой-толғаныс бөлімі: «Адамдықтың қасиеті – елдігінен көрінер»

(Оқулықпен жұмыс)

1) Көрініс көрсету.

Қатысушылар: Найман Ана, Мәңгүрт, Маңғолдар.

Музыка жәймен ойналып тұрады.

Ана:

  • Отыр, сөйлесейік. Сенің атың кім?

Мәңгүрт:

  • Мәңгүрт.

Ана:

  • Мәңгүрт деп сені қазір атайды. Ал бұрынғы атың есіңде ме? Есіңе түсірші шын атыңды.

  • Әкеңнің атын білесің бе? Әкеңнің аты кім? Өзіңнің елің қайда, руың кім? Тым құрыса, туған жеріңді білесің бе?

  • Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені!

  • Ау, жерді, суды тартып алса, мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да, мейлі.

  • Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай-ау?! О, Құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдық жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді?

  • Сенің атың – Жоламан. Естимісің сен? Сен – Жоламансың. Әкеңнің аты – Дөненбай. Әкеңдіұмытып қалдың ба, құлыным? Ол саған титтейіңнен садақ атуды үйретіп еді ғой. Мен сенің анаңмын. Мен менің баламсың. Мен найман руынан боласың, ұқтың ба? Наймансың сен ...

Ана:- Сен мұнда келгенге дейін не болды, білесің бе?

Мәңгүрт:-Ештеңе де болған жоқ.

Ана:-Мұнда келгеніңеде күндіз бе еді, түн бе еді?

Мәңгүрт:-Ештеңе де.

Ана: -Кіммен сөйлескің келеді?

Мәңгүрт: -Аймен. Бірақ біз бір-бірімізді естімейміз. Айда біреу отыр.

Ана: -Тағы не қалар едің?

Мәңгүрт: -Басымда қожаның басындағыдай бұрым болса.

Ана: -Келші бері, басыңа олар не істеді екен, көрейін. -Анау кім?

Мәңгүрт: -Маған ауқат алып келе жатыр.

Ана:-Сен ештеңе айтпа. Мен кешікпей келемін.

Маңғол:-Келген кім?

Мәңгүрт: -Ол маған шешеңмін дейді.

Маңғол: -Қайдағы шешең ол сенің! Шешең жоқ сенің! Теріңді сыпырып тастамақшы! Ені келгенде мына садақпен ат!

Ана: -Жоламан! Құлыным менің, Жоламан, қайдасың? Жоламан! Қайдасың құлыным?

Анасын Мәңгүрт ұлы атып құлатады.

Сұрақтар беру.

  1. Осы көріністен нені байқадың?

  2. Жауыздық – адамзатқа тән бе?

  3. Ана-Бейітті халық неге соншама қадір тұтады?

  4. Найман-Ана ерлігін қалай қабылдадың?

  5. Найман-Ана баласын не үшін жау қолынан алып қашпақ болған?

(мәтіннен тауып оқу)

6. Сарыөзек тағдырына пікірің қандай?

V. Ғылыми ізденіс бөлімі: «Ертеңін ойлаған ұрпақ азбас!»

  1. Мәңгүрттік дегеніміз не?

  2. Зомбилық деген не?

  1. Оқушылар өз пікірін талдағаннан кейін кесте құру.


Адамзат





Жауыздық





Мәңгүрт





Еріксіз

Ерікті



Жау қолына түскен адамдардың тағдырлары

1. тілін

2. халқын

3. ата-тегін

4. дінін

А) Ерікті мәңгүрт тақырыбына оқушылар шығармашылығын тыңдау.

Ә) Қазіргі кезде ерікті мәңгүрт деп кімді атаймыз? (Жағдаяттық сұрақ)

VІ. Ой-толғау жазу: «Мәңгүрттіктен – сақтан ұрпақ!»

VІІ. Топтастыру бөлімі: «Ұлы тұлға – ұрпақ мақтанышы»

І топ
Найман - Ана

Қамқоршы

Ержүрек

Ұрпақ қамын ойлаушы

Батыл қайсар

Аңыз кейіпкер

Жанашыр ұлы тұлға


ІІ топ


Шыңғыс Айтматов



Парасатты, талант

иесі

Адамзатты жауыздықтан қорғаушы

Қырғыз халқының біртуар жазушысы

Қазақ халқының жанашыр досы


VІІІ. Қорытынды: «Мен адаммын, адамдық мәңгі мұратым!»

1) Сен қасиетті халықтың адал перзенті болуы үшін сен қандай болуың керек?

(Тірек сызба құрастыру)


Адамдықтың белгісі



Иманды

Ата-анасын сыйлайтын

Туған жерін қадірлейтін

Елін жақсы көретін

Ибалы

Отанын қорғайтын

Жүрегі жылылыққа толы

Ана тілін қастерлейтін










Мұғалімнің қорытынды сөзі: Мұхаммед Бабырдың

Әрқашанда таза болсын ар-ожданың, жүрегің,

Өзгелерде саған адал, әділ болар білемін.

Зорлық қылсақ өзгелерге - өзің жәбір көресің,

Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің - ,

дегендей әрқашанда қатыгездіктен аулақ болайық!

ХІХ. Үйге тапсырма

3

4

5

Мазмұнын айтып келу. Ел, Отан туралы мақал-мәтел жазып келу.

Мазмұнын айтып келу, өзінің пікірін жазу. Ана тақырыбында шығарма жазып келу.

Мазмұнын айтып келу. Шығармаға жоспар құру, «Мен елімнің болашағымын» тақырыбына ой-толғау жазу

Х. Бағ

Шығарма

Тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жетілдіру.Көркем шығарманының идеясын тануға жетелеу, кейіпкерлерге талдау жасатуға баулу, көркем шығарма кейіпкерлері арқылы адамгершілік асыл қасиеттерді насихаттау.

Өзіндік ойларының қалыптасуына жетелеу.



Ескерту: өтілген тақырыптар негізінде немесе өздерінің оқыған шығармаларының кейіпкерлері жайлы жазуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет