Сабақ тақырыбы: М.Өтемісұлы «Қызғыш құс»



жүктеу 43.79 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі43.79 Kb.
Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Казталовка ауылы

А.Оразбаева ат.ОЖББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Уразгалиева Фариза Жадгеровна
Сабақ тақырыбы: М.Өтемісұлы «Қызғыш құс»
Сабақ мақсаты: а) М.Өтемісұлының ақындық шеберлігін таныту,оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру,өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу,лирикалық кейіпкерлердің көңіл-күйін танытудағы шығарманың көркемдік ерекшелігін көрсету,қызғыш құс туралы мәлімет беру; ә) елін,жерін сүюге,әділдікті қорғауға,адал достыққа баулу;б) оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру,әдебиет теориясынан мәлімет беру,сабақтың негізгі түйінін бөліп алып,шығармашылықпен жұмысқа дағдыландыру,өлеңді мәнерлеп айтуға қалыптастыру,өз пікірін айтуға машықтандыру.

Түрі: аралас

Әдісі:топтық жұмыс,салыстыру әдісі,Джигсо,бес жолды өлең,эссе

Типі:жаңа білім беру

Көрнекілігі:қызғыш құс суреті,Махамбет портреті,кесте,карта,бүктеме

Пәнаралық байланыс: тарих,биология

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру:сәлемдесу,түгелдеу; сабаққа зейіндерін аудару

Үй тапсырмасын сұрау

Махамбеттің «Соғыс» өлеңі

1.Махамбет кім?

2.Үзіндіні жатқа сұрау

3.Шығармашылық жұмыстардың орындалуын тексеру



Жаңа сабаққа кіріспе

-Өмірде әділетсіздіктің көп кездесетіні белгілі.Бұл шығарма айтып тұрғандай,Махамбет жау қолына ілікті.

Енді,қалай ойлайсыңдар,әрі қарай не болуы мүмкін?Не Махамбет жау қолынан құтылып көтеріліс жеңіске жетеді,не жеңіліс табады.

-Тарихтан білеміз.Исатай қаза тауып,Исатай-Махамбет көтерілісі жеңіліске ұшырады.

-Мұнан соң Махамбеттің көңіл-күйі қандай болуы мүмкін?

-Махамбет басында қайғы-қасірет

-Махамбет қайғы-қасіреті қандай жағдайдан туып отыр?

-Әділетсіздіктен

-Енді Махамбет үміті ақталмай,жалғыздық зардабын тартып жүрген уақыттағы «Қызғыш құс» өлеңімен танысайық.

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Оқушыларды төрт топқа бөлу.Қызғыш құс туралы не білетінін сұрау.

Су маңында ашық жерлерде өмір сүреді.Ұясын қалың шөп өскен жерге салады.Жыл құсы.

Қауіпті хайуандар немесе адам жақындаса,көз алдыға келіп құлап түсіп,мертіккен болып,ұша алмаған болып,өзіне назар аудартатын,жақындаса және әрірек жылжып,ұясынан алдап алыстатып әкететін құс.Ол,тіпті,ұясының маңында жүрсең де қиқулай ұшып,жан таппай кетеді «Қызғыштай қору» деген сөз де осыдан шыққан.

Салмағы 200 гр,үлкендігі 30 см,мойыны қара,арқасы жылтыр,бауыры,екі бүйірі ақ,қанаты жалпақ,доғал,тұмсығы түзу,қысқа,шүйдесінде қара қауырсын айдары бар.

Мағынаны тану.

Джигсо әдісімен жаңа сабақтың мазмұны ашылады.Оқушыларды төрт топқа бөліп,өлең шумақтарын мәнерлеп оқыту.

1-топ 1-шумақ

Махамбет өз бейнесін қызғыш құстың бойына көшіре отырып жырлады.Қоғамдағы өз жауы-хан,сұлтандар болса,Қызғыштың жауы лашын екенін салыстыра суреттейді.

2-топ 2-шумақ

Көлінен айырылған қызғыштың, елінен айырылған өзінің ауыр тағдыры айтылады.

3-топ 3-шумақ

Елін,туған жерін сүйген Махамбет өзін елден айырған хан-сұлтандарды ащы тілмен аяусыз түйреді.

Лашынның да қызғышқа жасаған тепкісін айтады.

4-топ 4-шумақ

Бойдағы ыза-кегі тасып тұрғанымен қарсы тұрар күш-қайраттың мардымсыздығы айтылады.Өлеңде Махамбеттің көтерілістен кейінгі барлық көңіл-күйі айқын көрінеді.

Біз ақынның өткен сабақта талдаған шығармасында Бекетай құмындағы қанды соғысты көрсек,ал мына өлеңінде Исатайдың өлімінен және көтерілістің жеңілісінен кейінгі көңіл-күйлері аңғарылады.Ақынның бұл жердегі шеберлігі-қызғыш құсты қолданғандығы.



Бекіту

-Балалар,ақын өлеңінде не себепті басқа құсты емес,қызғыш құсты қолданып отыр?

-Қызғыш құс ұясын,балапанын жан таппай қорғайды.Қызғыш құс сияқты Махамбет те елін,жерін қорғаған.Өлеңде Махамбет қызғыш құс өмірі мен өзінің өмірін қатар алып суреттейді.Мұны әдебиет теориясында психологиялық параллелизм деп атайды.Параллелизм психологиялық және синтаксистік болып екіге бөлінеді.

Талдау жұмысы

-Балалар,мәтіннен психологиялық және синтаксистік параллелизмді табайық.

Психологиялық параллелизм.

Қызғыш құс пен Махамбеттің басындағы хал-жағдайды қатар суреттеу.Махамбет қызғыш құс арқылы өз көңіл күйін көрсетіп отыр.

Синтаксистік параллелизм

а) Ау,қызғыш құс,қызғыш құс...

Ау,қызғыш құс,қызғыш құс

ә) Мен де айырылдым елімнен...

Сен де айырылдың көліңнен

б) Сені көлден айырған...

Мені елден айырған.

Салыстыру

Сұрақ

Шығармалар

1.Шығарманың аты

2.Не айтылды?

3.Сенің алған әсерің?


«Соғыс»

«Қызғыш құс»

-Балалар,енді шығармадағы Махамбет бейнесін қандай мақал-мәтелдермен түйіндеуге болады?

1.Жалғыз жігіт би болмас,

Жалғыз ағаш үй болмас.

2. Ерді намыс өлтірер,

Қоянды қамыс өлтірер.

3.Жақсы адам-елдің ырысы,

Жақсы жер-жанның тынысы.



Ойтолғау

Махамбет бейнесі туралы ойтолғауды мынадай тірек сөз тіркестерін пайдалана отырып жазу.

Ел қору,жалғыздықпен дос болу,елден айырылу,құсалықпен өту, хан Жәңгірдің екпіні.

Қорыту

-Өлеңде не айтылады?

-Махамбеттің жалғыздығы,үмітінің ақталмауы,әділетсіздік.

-Шығармадағы лирикалық кейіпкер кім?

-Шығармадағы лирикалық кейіпкер-ақынның өзі.

Пысықтау

-Көтеріліс жеңілді,бірақ Махамбеттің сол үміті ақталып,арманы орындалды ма?

-Иә,қазір егемендігімізді алып,өз алдымызға Тәуелсіз мемлекет болдық.

-Ендеше,балалар,Махамбет секілді осы Тәуелсіз мемлекетімізді қорғайық,өркендеуіне үлес қосайық.



Үйге тапсырма

«Қызғыш құс» өлеңін түсініп жатқа айту.



Шығармашылық жұмыс

Қызыл таңба белгісі бар оқушылар: «Егер мен ақын болсам...»



Көк таңба белгісі бар оқушылар: «Егер мен батыр болсам...»

Сары таңба белгісі бар оқушылар:Лашын мен қызғыш құсты салыстыру.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет