Сабақ тақырыбы Келер шақ Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты



жүктеу 63.57 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі63.57 Kb.



Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Мектеп: №7 мектеп-гимназиясы

Күні:22.02.2017

Мұғалімнің аты жөні:Түгел Балнұр Қанатқызы

Сынып: 4

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Келер шақ

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

Оқушыларға келер шақ туралы түсінік беру, келер шақ етістіктері іс әрекеттің алдағы уақытта болатыны ұғындыру: сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады:

Ережені айтады, сөйлем құрай алады,талдау жасай алады.



Көптеген оқушылар істей алады:

Жетекші сұраққа жауап береді.



Кейбір оқушылар істей алады:

Сөздерден Ілік септіктің жалғауларын таба алады.




Табыс критериі

Оқушылар ақпараттың бір немесе бірнеше бөлігін есте сақтай алады.

Оқушылар жұппен жұмыс істеген кезде бір-біріне кезек беріп сөйлей алады.



Тілдік мақсаттар

Ереже

Құндылықтарды дарыту

Құрмет Оқушылар бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс

Әдебиеттік оқу, сурет

АКТ-ны қолдану дағдылары




Қосымша білім

Шарада шешу


Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар

Сабақтың басы

5-8 мин


Психологиялық дайындық.

Мұғалім, балалар хормен

Әрбір адам? Туысым, досым.

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу.

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.


- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.Біз бүгін сіздермен топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.

Әр топтан топ басшысы шығып бір суреттен таңдап алады (күн,ай,жұлдыздар). Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.Әр топтың топ басшысы өз тобындағы оқушыларды сабақ барысы бойынша бағалайды.


Слайд. «Ай мен Күннің» суреті

Оқушыларға «Ай мен Күн» аңызы үнтаспа арқылы тыңдату.


Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі

ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса:

Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді.
-Балалар, аңыз бойынша Ай мен Күн бір-бірімен кездесе алмайды.

Бірақ Күннің Айға деген беретін сыйлығы бар екен. Балалар, сендердің көмегімен біз мына сыйлықты тапсырмаларды орындау арқылы Айға апарып береміз.


Дискриптор

-Сұрақ бойынша талдау

-Тыңдалған мәтіннің мазмұнын ашу

-Түйін.Мақал.


Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырып, үй жұмысын тексереді.



Спайдерграмма әдісі.

Тақтада бір сөз беріледі «Шақтар». Сол сөзге қатысты оқушылар бір-бір сөзден жазады. Содан соң сол жазған сөздеріне анықтама беріп шығады.



Шақтар

Топ басшылар бағалау парағын толтырады.Топтардың қорапшаларына ұпай салынады. Күннің сыйлығы бір қадам алға жылжиды.





Сабақтың ортасы

10-15 мин


«Көпір» әдісі

Келер шақ етістіктері туралы білу үшін алдымен мына сұрақтарға жауап беріңдерші:

Каникулда қайда барасың?

Өскенде кім боласың?

Сабақтан кейін не істейсіңдер?

Бұл ойлаған іс әрекеттердің әлі іске асқан жоқ, болашақта жүзеге асады екен деген қорытынды жасалады.Оқушыларды сөйлету.

-Олай болса , оқушылар , біз сіздермен бүгін келер шақ тақырыбын одан әрі жалғастырып, соған байланысты жаттығулар орындаймыз.Сонымен келер шақтың ережесін тағы бір рет еске түсірейік.

Тақтада ілініп тұрған ереже бір оқушыға оқытылады, хормен оқыту.


Дәптермен жұмыс

-Оқушылар, дәптерлерімізді ашамыз,бүгінгі күнді жазамыз.Келесі 57-жаттығуды топқа бөлініп орындаймыз.

Тақтаға әр топтан бір-бір оқушыдан шығып жаттығуды орындайды.

Берілген етістіктерді үш жақта жаз.

Оқы,көр, ойна.

І топ - Осы шақ

ІІ топ – Өткен шақ

ІІІ топ – Келер шақ


«Ойлан, жұптас, талқыла»

Жұппен орындауға арнлаған тапсырма

І топ. Осы шақты тауып, теріп жаз.
Соға бастады, шуылдай жөнелді, байқап қалды, қатты да қалды, телміріп отыр, қарап тұрмын,түсе бастады, шаншып алды, тасып жүр, сүйсініп отыр, айналып отыр.
ІІ топ. Етістіктердің арасынан өткен шақты тап?
Сұрасып тұр, жинаймын, таңғалды, бейнелейді, мойындайды, тоқтады, көрінді, пісіп жатыр,далаға шығады, ұшып кетті.
ІІІ топ. Келер шақтағы сөздерді тап?
Шырылдайды, естіледі, шегінді, даурықты, тиісіп отырдыңыз, сарқырап жатыр, желбірейді, қашты, ерінеді, міндеттейді, күтіп тұр
Сергіту сәті:

Бейнебаян


Келісу - келіспеу” стратегиясы. Қара, қызыл маркерлармен белгілеу арқылы .Үш топқа жеке постер құрып беремін.Топппен бірге ақылдасып белгілейді.
1. Етістік іс - қимылды білдіреді.

2. Көретінмін етістігі келер шақ мағынасында қолданылады.

3. Не істеп отырсың? Осы шақтың сұрағы.

4. Етістіктің төрт шағы бар.

5. Етістікке жіктік жалғаулары жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейді.

6. Оқыды сөзі өткен шақ мағынасында қолданылады.

7. Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.
Болашаққа хат

Оқушылар дәптерлеріне өздерін болашақта қандай болып елесте. Өздеріне хат жазады.






Сабақтың аяғы




Қорытынды

Тест тапсырмалары

Жұппен орындау

1. Шұғылданады – қай сөз табына жататынын белгіле:

А) зат есім Ә) етістік Б) сын есім В) сан есім

3. Жазып жатыр – етістіктің қай шағы?

А) келер шақ Ә) өткен шақ Б) осы шақ

4. Не істеймін? – қай шақтың сұрағы?

А) өткен шақ Ә) келер шақ Б) осы шақ В) Шақтың сұрағы бола алмайды

5. Іс – әрекет болмаса етістіктің қай шағын білдіреді?

А) Шақты білдірмейді Ә) осы шақ Б) өткен шақ В) келер шақ


Тақтада дұрыс жауап шығады. Оқушылар бір-бірлерін өздері тексеріп шығады.
Үй жұмысы:157 беттегі 39-42жаттығулар.

Ережелерді жаттап келу.



Бағалау: Топ басшыларға берілген бағалау парақтары тапсырылады. Топ басшылар топтағы оқушыларын әр –қайсысы қалай сабаққа қатысқанын талдайды. Соңында өзім айтып шығып, баға қойып өтемін.

Рефлексия:Күннің Айға деген сыйлығы өз иесіне жетеді. Сандықша ішінен үлкен және кішкентай жұлдыздар шашылады.Оқушыларға сабақ ұнап, бүгінгі тақырыпты жақсы меңгердім дегендер Айдын тұсына үлкен жұлдыздарды алып іледі. Егер сабақты дұрыс меңгермедім десе онда Айдын тұсына кішкентай жұлдызшаларды алып іледі.(слайдта жазылып тұрады.)






Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет