Сабақ Тақырыбы: Елді мекендердің түрлері, қала халқы, кенттену



жүктеу 44.98 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі44.98 Kb.
49 Бел негізгі мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Елді мекендердің түрлері, қала халқы, кенттену

9 сынып

2015-2016 оқу жылы

Күні: 14.10.2015 
Сыныбы: 9
Тақырыбы: Елді мекендердің түрлері, қала халқы, кенттену
Мақсаты:

Білімділік: Елді-мекендердің түрлері, қала халқы, урбандалу және халықтың аумақтық орналасуы және қала халқының орналасуы жайлы толық мағлұмат беру 

Дамытушылық. Қазақстан халқы қоныстануының географиялық ерекшелігін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, әңгіме-дәріс 
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның әлеуметтік және сяаси картасы, оқулық, сурет, кесте

Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2 Үй тапсырмасын тексеру
1. Депопуляция деген не ?

2. Халықтың ұлттық құрамына сипаттама беріңдер ?

3.Этнография, яғни халықтар географиясы немен шұғылданады?
4. Дүниежүзіндегі қазақ диаспорасының таралу ерекшелігіне сипаттама бер

5. Ислам діні Қазақстанға қай ғасырда енген?

Сыныпты 2 топқа суреттер бойынша бөлу. 
 І топ.  Кенттену


ІІ топ.  Агломерация

3.Жаңа сабақ

1. Елді-мекендердің түрлері

2. Қала халқы

3. Кенттену

Өндіріс пен әрекеттің басқа түрлерінің орналасуының өзгерістері, қоныстанудың аумақтақ ерекшеліктері Қазақстан және оның аумақтар бойынша қала әрі ауыл халқы санының өзгерісіне, сондай-ақ елді мекендердің дамуына тікелей әсер етеді.

Елді мекен - адамдардың отырықшы өмірін, еңбек әрекетін, олардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтаамсыз ететін орын. Елді мекендердің қалалық және ауылдық типтері бар. Қалалық типке және қала типтес елді мекендер жатады.

Елді мекен


Қалалық Ауылдық


Тұрғындар саны бойынша қалалардың жіктелуі



Қалалардың жіктелуі

Қалалар халқының саны

Шағын қала

Орташа қала

Үлкен қала

Ірі қала


Өте ірі қала


20 мыңға дейін

50 мыңға дейін

100 мыңға дейін

250 мыңға дейін

500 мың не одан астам



Халқының саны бойынша қалалар тобы




Қалалардың пайда болған уақыты

Ежелгі  және ортағасырлық  кезең

ХҮІІ-ХІХ ғғ.

Кеңес кезеңі

Үлкен

Түркістан

Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда,  Петропавл, Орал

Ақтау, Жезқазған, Талдықорған;

Рудный, Екібастұз



Ірі

Тараз,  Шымкент

Астана,  Ақтөбе, Павлодар, Семей,  Өскемен;

Қарағанды

Аса ірі

-

Алматы
















Оқушыларға белгілі бір сипаттағы суреттер беріледі, ол суреттер ауылдық және қалалық тұрғыдағы тақырыпқа сәйкес, оқушылар берілген суреттерді пайдалана отырып осы типтегі елді мекендерді сипаттап, суреттерді жапсыру қажет.

Тапсырма.

1. Топтағы оқушылар кенттену және агломерация деген мәтінмен танысып, өзара пікір алмасады. Ортақ тұжырым жасайды.

Мағынаны тану кезеңі. 
2. Терминдермен жұмыс жасау: 
Орналасу 
Халықтың қоныстануы 
Урбандалу 
Агломерация 
Мегаполюс 
Қаланы қалыптастырушы фактор 
Осы терминдерді оқушылардың дәптерлеріне жазғызып, анықтама бергізу 
3. Астана және Алматы агломерацияларына сипаттам беру

4. Ластану көрсеткіші жоғары қалаларды атау және ластану проблемаларын шешу жолдарын қарасытыру

4. Сабақты бекіту

Картамен жұмыс

Халықтың тығыздығы картасынан үзік сызықтарды пайдалана отырып, қала халқының санын анықтау ірі агломерцияларды түсіру
1. Қазақстанның және өз облыстарыңның халқының қандай пайызы қалаларда тұрады? 
2. Еліміздегі урбандалу деңгейі ең жоғары және ең төменгі облыс, ондағы айырмашылықтар мен себептерін көрсет. 
3. Өз облысыңның урбандалу деңгейі қандай? Осы сұрақтар төңірегінде дайындалып сыныппен әр оқушы өз ойын айтады. 

5 Қорытынды
Сұрақтар: 
1. Орналасу мен қалыптасудың қандай айырмашылығы бар? Олардың бір-бірімен тығыз байланыста екендігін дәлелде. 
2. Қаланың қандай ерекшелігі мемлекеттегі жетекші қаланың қатарына қосады? 
3. Не үшін барлық қалалардың жиынтығы – қоныстану тармағы да, ал агломерация - жүйе болады? 
4Қалалар қандай қала қалыптастырушы қызметті атқарады? Мысал келтіріңдер. 
5. Ауылдық қоныстанудың ерекшелігі неде? 
Оқушылырғы қағаз таратып, кері байланыс жасау 
6 Үй тапсырмасы §11
7 Бағалау
-

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет