Сабақ Сабақтың тақырыбы: Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы



жүктеу 61.34 Kb.
Дата11.04.2017
өлшемі61.34 Kb.
Нуксиева Гулмира Женисбековна

Қапшағай қаласы, «Қапшағай көпсалалық колледжі» КҚКМ ,

тарих пәнінің оқытушысы

1.№ 28 сабақ

2.Сабақтың тақырыбы: Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.

3.Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың моңғол империясының құрылуы,қоғамдық құрылысы, Қазақстанға шапқыншылығы, жаулап алудың зардаптары,ұлыстардың құрылуы туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін арттыру,алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге,өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушылардың өз еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,елін,жерін қорғау сезіміне тәрбиелеу.

Сабақтың типі-жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі-дәстүрлі емес.

Сабақтағы әдіс-тәсілдер-ауызша баяндау,сәйкестендір,рөлге бөлу,ой қорыту.

Көрнекілік-интерактивті тақта,карта,оқулық.

Пәнаралық байланыс-география,әдебиет.

Сабақтың барысы-I. Ұйымдастыру.

А) Аудиодан дауыс.XIII ғасырдың I-ширегінде қазақ көшпелі тайпалардың жаугершілік жорықтарының құрбаны боды.Жаулаушылар жаппай қырып-жойып,бүтіндей аймақтарды қиратып,қалаларды қиратты. Араб және парсы тарихи деректерінде осы шапқыншылықтың жылдарында әртүрлі елдерде барлығы 30-ға жуық қала жермен-жексен етілді деген мәліметтер берілген. Солардың қатарында оңтүстік Қазақстандағы 3 қала: Отырар,Сығанақ,Ашнас қалалары бар делінген.

Бұл деректе қандай жаулаушылар туралы айтылып отыр деп ойлайсыңдар?

Әрине,моңғол-татар шапқыншылары.Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Моңғолдардың Қазақстанға шабуылы» деп аталады.

Сабақтың тақырыбы мен жоспары экранда көрсетіледі.

3.Сабақтың жоспары:

1.Моңғол мемлекетінің құрылуы.

2. Саяси-әкімшілік құрылысы.

3.Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.

4.Моңғол шапқыншылығының зардаптары.

IV. Сабақта сынып 3 топқа бөлініп отырып жұмыс істейді.

1-топ-Отырар-Наргиз

2-топ-Керулен-Аяжан

3-топ- Онон-Диана.

А) Осы тұста әр топқа проблемалық сұрақтар беріп қойсам деймін,жауабын сабақты қорытындылау кезеңінде бересіңдер.Сабақ бойында айтылған мәліметтерден жауапты өздерің қорытып шығасыңдар.

1-топқа** Шыңғыс хан не себептен соғыс пен жаулаушылық жолына түсті?

2-топқа**Моңғолдардың соғыста жеңуіне не себеп боды?

3-топқа** Шыңғыс хан тұлғасына сипаттама бер?

Ә) Қазір назарларыңды экранға аударыңдар!

Экраннан «Шыңғыс хан» фильмінен үзінді беріледі.

Б) «Шыңғысханның өмірбаяны туралы «Моңғолдың құпия шежіресі» жазылды.деп айтылды жоғарыда.Енді сол шежіредегі Шыңғысханның анасының сөзін тыңдайық»

Анасының әңгімесінен үзінді-Наргиз.

Слайдта Шыңғысханның суреттері,балалық шағы,өскен кезі,хан сайланған уақыты көрсетіледі.

Оқушылар дәптерлеріне 1155 жыл 2 датаны жазып,болған оқиғасын

1206 жыл тауып жазады.

В) 1206 жылы Шыңғысхан Моңғол үстіртіндегі тайпаларды біріктіріп,тұтас мемлекет құрған соң,оның назары Қазақстанға ауды. Оның жасаған шапқыншылық зардаптары өте көп еді.Енді қазір 1-топ моңғол империясының қоғамдық құрылысын,2-топ Қазақстанды жаулап алуы, 3-топ зардабын ашып көрсетеді. Кластерді қорғау,картамен жұмыс,оқулықпен жұмыс істей отырып негізгісін бөліп жазасыңдар.

1 топ** Моңғол империясының құрылуы ( кластер)

2 топ** Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы-картамен жұмыс.

3 топ** жаулап алу зардаптары-инт.тақтамен жұмыс.

Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Әр топ өз тапсырмаларын дайындап болған соң қорғауға кіріседі.

Г) 1 топ кластерін қорғаудың алдында моңғол жауынгер ноянының сөзін тыңдап алайық- Берік

Қорытындыға экраннан Шыңғысхан енгізген жаңалықтары көрсетіледі.Мәтіні төмендегідей:



  1. Ең ірі империя құрушы++++ 20 жыл шайқасты,40 шақты мемлекет пен 700 ұлт пен ұлыс ұлы империяға бағынышты боды, сол кездегі империя аумағы 30 млн. шаршы шақырым.

  2. Ең ірі соғысты бастаушы++++ Шыңғыс хан әскері Тынық мұхиттан Жерорта теңізіне дейін жетті,200 мың ( 20 түмен) сарбаздан құрала тұра 10 жылда Еуразиядағы 10 шақты елді бағындырды. Бұл жағынан ұлы қолбасылар деп есептелетін Цезарь да, Македонский де, Наполен да шаң қауып қалады. Тарихшылар 13 ғасырды «моңғол ғасыры» деп атайды.

  3. Әлемдегі тұңғыш коммуникацияны құрушы++++ орта ғасырларда бүкіл Еуразияның түкпір-түкпірін байланыстырған моңғолдар құрған үкілі пошта бекеттері арқылы жүзеге асқан хабарласу жүйесі.Сол заманда 1383 бекет орнатылған ,Каспийден Керуленге дейін 40 күнде жететін болған.

  4. Суық қаруды ең жоғары сатыға жеткізуші++++ ең жылдам қимылдайтын кавалерия жасақтады, халықты жаппай қаруландыруды жүзеге асырды,тұңғыш рет міндетті әскери борышын өтеу тәртібін орнатты. 15 тен 60 жасқа дейінгі ер-азамат соғысқа дайын болуы керек еді, тұңғыш рет артиллериялық қосын құрды-зеңбірек жасатты.1220 жылы Хорезмге шабуылда-зеңбіректі қолданды.Нишапур қаласын алуда 3000 арбалет,300 тас атқыш,4000 саты ағаш,отбүріккіш ( огнемет) қолданды,тұңғыш рет әскери қолбасшылық штаб құрды, тұңғыш рет «найзағай соғысы»(блицкриг) ойлап тапты.

  5. Ең ұлы жеңімпаз++++ Шыңғыс хан өмірінде 60- тан астам ірі соғыс операциясын жүргізіп,бірде-бір рет жеңілмепті.

Д) 2-топ өз кластерін қорғайды. Соңында Отырар туралы мәлімет (Алмат) пен «Отырар опаты» өлеңінен үзінділер оқылады. Топ картаға белгілерін қояды. Хронологияны ретімен өздері кезектесіп қояды.

Мұғалімнің сөзі: Балалар,Шыңғыс хан Қазақстанға шабуыл жасауына Отырар апаты сылтау болды. Ол Қайыр ханның құлағы мен көзіне балқытылған күміс құйдыртты. Ал Қараша хажип туралы былай деді:,- Оның өзіне лайық сыйы бар.Кім бір рет сатып кетсе,ол екінші рет тағы да сатып кетеді.Оны өлтіріңдер,-дейді. Балалар Шыңғыс ханның бұл шешімімен келісесіңдер ме?Сатқындыққа қалай қарайсыңдар?Отанын,туған жерін сатуға бола ма?

Оқушылардың пікірін тыңдау.

Ж) 3-топ тақырыбын инт.тақтада қорғайды.

З) Слайдтан Шыңғыс ханның жаулап алған жерлері көрсетіледі.

Балала,осыншама кең байтақ жаулап алынған территорияны Шыңғыс хан балаларына бөліп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталды немесе өз балаларына мұрагерлікке бөлініп берілген жер-інжу деп аталды.

Картадан ұлыстарды көрсету,оқушылар кітаптағы сызба бойынша бөлінген жерлерді оқиды.

V. Бекіту.

А) Экрандағы кестеде қиындығы әртүрлі сұрақтарға жауап беру.Бұл жердегі

10 деген сан-жеңіл сұрақтар,

20 деген орташа деңгейдегі сұрақтар

30 деген қиын сұрақтар екенін ескертемін.

Ал, балалар,кім батыл,шапшаң,тапқыр екендіктеріңді көрсетіңдер.

Ә) Келесі тапсырмамыз «Тарихи басқатырма» деп аталады. Орындары ауысқан әріптерден сөз құрап,ол сөзге анықтама бере кетесіңдер. 3 топқа үщ сөз.

1. ртатрала-татарлар.

2.Торыра-Отырар

3.Сылұ-ұлыс

VI .Қорытындылайтын сәт те келіп жетті. Ал,қане,сабақ басында берілген проблемалық сұрақтардың жауаптарын әр топ айта қойыңдар.Сонымен ,сабағымызды қорытындылайтын болсақ,Шыңғыс хан алып империяны құрушы,қылышынан қан тамған қолбасшы деп те айта аламыз,немесе жаңалықты жаны сүйетін,өз елінің болашағы үшін көптеген жақсылықтар жасаған көреген көсем деп те айта аламыз. Себебі,моңғол шапқыншылығының нәтижесінде тарих сахнасында қалыптасуы тиіс болған қазақ халқының бірігу процесін 150-200 жылға кері шегеріп тастады. Сондықтан оған бір жақты ғана баға беруге болмайтынына тарихшылардың көздері жетіп отыр.

VII.Бағалау.

Топ басшыларының бағалауын талдай отырып бірлесе отырып бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.

21,оқу мазмұндау

«5» тік баға алғысы келетіндеркелесі тақырып бойынша «Шыңғыснама» және Батый туралы мәлімет жинасын.

«4» алғысы келетіндер-Жошы хан әулеті туралы мәлімет жинау.



«3»-те жетеді дегендер Шыңғыс хан империясының құрылуы туралы хронологиялық кесте құрып әкелесіздер.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет