Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Ағаш ұстасы», «Ағаш шебері, балташы»


Қылқанжапырақты және жапырақ текті ағаштардың орташа есеппен алғандағы механикалық көрсеткіштері (15% ылғалдылықтағы)

Loading...


жүктеу 0.95 Mb.
бет4/5
Дата07.09.2017
өлшемі0.95 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5

8

Қылқанжапырақты және жапырақ текті ағаштардың орташа есеппен алғандағы механикалық көрсеткіштері (15% ылғалдылықтағы)

Ағаш түрі

Көлемдік салмағы, кг/м3

Беріктігі

Талшық бойымен қысу

Иілгіштігі

Талшық бойы созғандығы

Көлденең бағытта

Тік бағытта

Қарағай

530

44

79

115

7

7,5

Қайың

640

45

100

120

8,5

11

Тал

150

50

180

195

9,3

12,5

 

Жиһаз жасаудағы ағаштардың төзімділігі

Ағаш түрі

Емен төзімділігімен салыстырғандағы пайдалану төзімділігі




Ауада

Тұщы суда

Қарағай

0,4- 0,67

0,5

Қайың

0,15-0,4

Қолданылмайды

Тал

0,3

Қолданылмайды

 

Осы келтірілген кестелерден көріп отырғандарыңыздай мен бесік жасауға қарағай, қайың мен тал ағаштарының ішінен қарағай ағашының жоғары көрсеткіштер: кептірілуіне, 15% ылғалдылықта берік сақталуына және ауа мен тұщы судағы төзімділігіне байланысты жиналмалы «Болашақтың бесігін» қарағай ағашынан жасау керек деген шешімге келіп тоқталдым.

.      Жоба бойынша жасалатын бесігім жиналмалы болатындықтан, мен ендігі кезекте жиналмалы, құрастырмалы жиһаздардың жасалу жолдарын қарастырдым. Жалпы үй жиһаздарын жасауда  қылқанжапырақты және жапырақтекті ағаштарды қолданады.

Жиналмалы-құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырылып,

көлденең орналастырылатын шкафтар, құрастырылмалы үстелдер,

кереуеттер т.б жатады. Жиналмалы-құрастырылмалы жиһазды бөлсе, бөліктері конструкциялық тұрғыда байланыстырылады және соған бекітіледі.    Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан жасайды. Сондай-ақ пластмасса мен темір материалдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды т.б пайдаланады. Жиһаз жасауда жұмыр ағаш және кесілмелі ағаш түрлері қолданылады.

Жұмыр ағашқа құрылыс бөренелері (диаметрі 12см-ден, ұзындығы 4…9м) , араланған (диамерті 14 см, ұзындығы 4…7,5м) және жұмыр ағаштар қолданылады.

Кесілмелі ағаштарға: ағаш білеулер, тақтайлар және тақтайшалар т.б жатады.

Ағаш білеулер – жуандығы 13… 25 см, ені жуандығының екі есесіндей.

Тақтай – қалыңдығы 8 см, ені 8…25 см;

Тақтайша (рейка) – қалыңдығы 3,5 см, ені 7 см.

                              Желімделінген ағаш құрылымдары

Ағаш бөлшектерін құрастыруда желімдеу тәсілі де қолданылады. Желім түрлері: сүйекті желім, казейн, шайыр және арнайы желімдер.

Жай қарапайым жасалған ағаш құрылымдарынан желімделген ағаш құрылымдары аз салмағымен, беріктігімен, суға төзімділігімен ерекшелінеді.

Желімдеу үшін желімдейтін ағаш құрғақ болуы керек. Желімдейтін бөліктерді бір-бірімен беттестіріп, тегістеп дайындайды. Содан кейін желімді оның бір бетіне ғана жұқалап жағып, ол бөлшектерді ұстағышпен қысып қояды.

Ағаш  бөліктерін сына, бұрандама, шеге арқылы қосу ережелері.

-         Диаметрі 6мм-ден асатын шегені қылқанжапырақты және 4мм-ден асатын шегені қатты ағаш (емен) түрлеріне қағуға болмайды;

- Шегелер суырылып қалатын болмау үшін әр бағытта 150 бұрыш жасап қағу керек;

-         Шегелердің ара қашықтығы 15…25 диаметрлік шеге көлемдерінен кем болмауға тиіс.

   Бұрғылауда дөңгелек пішінді ойықтар жасалынып, оған бұрандама, сыналар қағуға пайдаланады. Тек жасалатын ойықтың диамерті сына, бұрандама диаметрінен 1мм-ге дейін кем болуын ескеру қажет.

Ағаштан жасалған бұйымдарды әрлеу

Ағашты әрлеу деп оның бетін, сыртқы көрінісін жақсартуға және қоршаған орта әсерінен қорғау үшін жасалған өңдеуді атайды.

Көркемдік өңдеу бұйымға әдемілік пен көзтартарлық әсер береді. Ағаш бұйымның сырт көрінісін жақсарту үшін сол ағаштың өзін өңдеу: өрнектеу

күйдіру, қашау арқылы және де әр түрлі әрлеу қаптамалық материал-дарымен, текстуралық қағазбен, полимерлі материалмен, матамен, фольгамен безендіруге де болады.

                                    Ағашты жанудан қорғау

Ағаштың құрылыста, бұйым жасаудағы ең бір нашар қасиеті – тез тұтанғыштығы. Ол үшін алдымен қолданатын шаралар – ағаш бұйым-дарын қыздыратын ток көздерінен алыста қою, отқа қарсы материалдармен қаптау, отқа қарсы бояу түрлерін  қолдану.

 

Бесіктің құрылысы



1.Алдыңғы бас(Бөген)

2.Артқы бас

3.Бел ағаш(арқалық, арыс)

4.Жақтау

5.Жорға(табан)

6.Сабау

7.Тақтай

8.Түбек

9.Шабақ

10.Шүмек

Енді өзімнің алдыма қойған мақсатым қолданысқа ыңғайлы жиналмалы бесік жасау болғандықтан, оның сызба үлгісін сызуға кірістім. Бұл кезеңде мен ата-бабамыздың бесігінің үлгісін бұзбауға, сол қалпында жас ұрпаққа жеткізуді ойластырдым. Бесіктің бас жағы әр аймақта әр түрлі болып келуімен ерекшеленеді. Мысалы, солтүстік және батыс Қазақсан аймақтарында (Қостанай, Маңғыстау, Торғай, Ақтауда) бесіктің бас жақтауын тік бұрышты немесе үшбүрыш тәрізді жасаған. Ал мен өз бесігімнің басын доға түрде жасауды ұйғарып, ішкі жағынан екі топсамен ұстастыра отырып, оның жабылып, ашылатындығын көздей отырып бөгеннің сызбасын сыздым.

 

10-сынып № 28сабақ



Сабақтың тақырыбы:Бесіктің сызбасын сызу

Бесік  - нәрестені бөлеуге  арналған ағаш төсек. Ол көшпелі ғұмыр  кешкен  бабаларымыздан  қалған қасиетті  мұра. Қазақта: «Ел болам десең бесігінді түзе», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал», «Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді» деген ұлағатты сөздер бар.


Мәдени мұраларымыздың  бірі бесік – ұлттық өнеріміздің  туындысы,  салтыфмыздың жұрнағы, ұлттық  тәрбие құралы. Көшіп – қонып жүрген халқымыздың ғасырлар бойгы  жинақтаған тәжірбиесінен  туындаған уақыт, заман сынынан сүрінбей өткен, киелі бесіктің өзіндік ерекшелігі  де,тұрмысқа  бейімділігі  де бала өміріне пайдалылығы  да  орасан  зор.
Қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр халықтарында бар, тек жасалуы  жағынан түрліше. Қазақ бесігі бірнеше бөлшектерден  тұрады:

  • бөген- бесіктің екі  басы;

  • жорға – доғолша келген  табаны;

  • белағаш  немесе арқалығы;

  • бесіктің төсегі.

Бесіктің екібасы доғаша иіліп немесе бөлек  ағаштардан  қиюластырып жасайды  да, ортасына өрнекті  тақтай  орнатылып,төменгі ұштары дөңес табанмен, яғни жорғаға, ал төбесі арқалықпен не белағашпен қосылады. Бесіктің төсегі тақтайдан (фанера, ДВП,т.б.) салынады. Бесікке қоса жасау - жабдықтарының өзіңше атауларын да білген жөн.
* ШИ Бесік жабдықтарының үстіне, түбек бекітілетін тұсында ойығы  бар,  тоқылған  ши төселеді.
* ЖӨРГЕК. Жұка, талдырып басылған киіз төсеніш. Немесе арасына мақта салынған,сырылған  көрпеше.Түбекке тура келетін тұсы ойылады.
* ҚҰС ТӨСЕК. Жөргектің үстінен төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш. Оның да түбек тұсында ойығы болады.
* ЖАСТЫҚ. Бесіктің  енімен сәйкес келетін,арасына  құс жүні  толтырылған  кішкене жастық.
* КӨРПЕ  Жай матадан  әзірленген көрпені жас  күндерінде,  ал қыс кундерінде  арасына мақта  салып  қабылған көрпе қолданылады.
* КЕПІЛ Нәрестенің  жамбас  тұсына,тізесіне  кепіл  ретінде   арнайы тігілген бірнеше кішкене  жастықшалар түбек  орналасқан ойықтың төңірегіне  қойылады.
* ТАРТПА  БАУ  «ТАҢҒЫШ».  Тартпа баулар құр  тәрізді  биязы  жіппен  тоқылады  немесе  екі-үш  матаны  қабаттап  сырып ,  бауларын  есіп  әзірлейді. Тартпаның  біреуі  бөленген,құндақталған нәрестенің  көкірек  тұсынан,  екіншісі  тізенің  устенін  таңылады.
Тартпа  баудың ұштары бесіктің  екі  жағындағы  сабау ағаштарға  таңылады.
* ТҮБЕК .  Ол күйдірілген  саз балшықтан немесе   мыс,жез,қанылтырдан  әзірленеді.Сыртында киіз не былғары  қабы  болады.
* ШҮМЕК .  Ол  сүйектен,яғни  қойдың асық  жілігінен, не ағаштан жасалады.
* ЖАБУ. Бесіктің  көлеміне  сай  жұқа селдір  матадан  тігілен,  кестелегенген  арнаулы  жабу  болады. Ол бесікке  бөленген жас  баланы  маса,шыбыннан,күн көзінен,желден,суықтан қорғайды.
Осы айтылғандардан басқа балаға тіл—көз тимесін деп бесіктің басына үкі, тұмар, қарала моншақ, боялған асық т.б. нәрселер тағылады.
Халық: «Баланы жастан» деп бекер айтпаған. Дұрыс бөленген бесік көрген баланың дені сау,тәрбиесі түзу болады. Сондықтан  баланы бесікке бөлеудің өзіндік мәні бар.Олай  дейтініміз:
* Бесік женіл ағаштан ықшам жасалғандықтан, көшіп-конып жүргенде ат үстінде алып журуге  де, жүкпен артуға да қолайлы.
* Бесікте жатқан нәрестеге желдің өті, жердің сызы тимеген. Көшіп жүргенде боран, жауын-шашын болсын бәрібір, немесе бірнеше уақыт бойы баланың жаялығын әлсін-әлсін ауыстырудың қажеті жоқ. Сондықтан бала суық тиюден аман өскен.
* Бесікке таңылған баланың қол-аяғы түзу болып өседі. Дене мүшелері дұрыс қалыптасуы үшін желкесіне , екі жамбасына арнайы жастықшалар қойлады. Тәніне жұмсақ тию үшін мамықтан төсеніш-көрпеше , жұмсақ жөркек , жаялық, жабу т.б. нәрселер қолданылады. Бесікте жатқан бала денесі нәжіс , зәр тиюден аман болады , тері ауруына шалдықпайды. Ол үшін арнайы түбек , шүмек жасалады. Нәрестенің нәжісі төгіліп шашылмас үшін , иісі шықпас үшін түбектің түбіне күл салып қояды. Ондай түбекті тазалауда оңай. Әдетте баланың дәреткен сүйектен жасалған шүмек арқылы түбекке ағады. Шүмек қойдық асық жілігінен жасалады. Ол майға қайнатылып, тазартылады. Демек бабаларымыз бала гигиенасына да назар аударған.
* Бесіктің белағашына әр түске боялған асық, түрлі-түсті сылдырмақтар ілінеді. Солар арқылы баланың көру қабілеті жетіліп, түр-түс реңдерді ажыратуы артады. Бұл әрі көздің қылиланып, шапыраштанбауына ықпалын тигізеді. Тербетілген бесіктің тербелуіне ілесе айтылған ана әлдиі-бесік жырын тыңдап өскен бала саз, әуен ырғағын тез қабылдайды. Демек бала нәресте кезінен-ақ әуенге бейім болып өседі, есту қабілеті ерте қалыптасады.
* Бесікте тербеліп , шайқалып үйренген баланың басы кейін атқа шапқанда , ұшаққа , машинаға , кемеге мінгенде айналмайтын болады.
* Бесікке бөлеулі баланың анасының қолы бос болады, қайта-қайта жаялық жуып, жөргек ауыстырмайды. Анасы баласын бесікке бөлеп қойып, қауіп қатерсіз өз шаруасын тындыра береді, қажет кезде қамсыз дем де алады.
* Бесікке бөленген бала аунап, домалап кете алмайды, отқа, суға түсіп кету қаупіненде аулақ болады, ешқандай зиянды жәндік шаға алмайды.
Міне қазақтың жылы ұясы-бесіктің күнделікті тұрмыста , бала тәрбиесіне , баланың өсіп жетілуіне тигізетін пайдасы осындай . Енді баланы бесікке салу дәстүріне тоқталайық

10-сынып № 29сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бесікті көркем өңдеудің технологиялық процесі

Бесікті жасауда ағашты қолмен және станоктармен өңдеу процестері жүргізілді. Технологиялық процесс өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Ол өңделетін шикізат пен материалдың мөлшерін,түрін немесе қасиетін өзгертумен тікелей байланысты жүргізіледі. Ағаштан түрлі бұйымдар жасаудың технологиясы бірнеше кезеңге бөлінеді.Олар: - материалдарды кептіріп-құрғату;



  • дайындауға арналған ағаш материалдарын дұрыс үлгімен дәл өлшемдерге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу;

  • дайындалған құрамдас материалдарын бір-біріне желімдеп жапсыру;

  • тазартылған ағаш материалдарын ақтық үлгіге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу;

  • бөлшектерді біртұтас құрастырылатын бірлік өлшеміне жинақтау;

  • оларды механикалық тәсілмен өңдеу;

  • бөлшектер мен біртұтас құрастырылатын бірлік өлшемдерін нақтыбұйым етіп жинақтау;

  • бөлшектерді біртұтас құрастырылатын бірлік өлшемдерін немесе дайын болған тұтас бұйымды біржола өңдеп бітіру.

Бесікке – қарағай ағашы пайдаланылады. Материал алдын-ала қалыпты жағдайда кептіріп,құрғатылады. Технологиялық процестің келесі кезеңдері бойынша дайындауға арналған ағаш материалын өлшеп-кесу, яғни механикалық тәсілдермен өңдеу.

1. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу. Аралау – ағашты көп жүзді аспаппен-арамен бінеше бөлшек етіп бөлу.Дөңгелек (дискілі) арасы бар,станокта ағаш материалын алдын-ала белгіленген (ені және ұзындығы) бойынша өлшеп-кесіп дайындау жұмыс түрлері атқарылды.

Фрезерлік өңдеу - ағаштың жұқа қабатын айналмалы жүзі бар станокпен бірте  -бірте жүйелеп кесу. Бұл ретте ағаштың үстінгі қабатындағы орақ тәріздес жаңқалар тазартылады. Фрезерлік өңдеу сүргілеп жонатын рейсмустық фрезерлік және бұдырлық станоктармен жүргізіледі.  Сүргілеп жонатын станоктар майысқан қисық бөренелер мен қалқан тақтайларды геометриялық тұрғыдан жап-жазық және теп-тегіс етіп сүргілеп жонуға қолданылады.

2. Токарь станогымен ағашты өңдеу. Бесіктің белағашы станогында өңделеді. Жалпы айналатын денелер түріндегі бөлшектерді жасау үшін оларды токарь станогына салып жонып, егейді. Біздің отандық өнеркәсібіміз орталықты, қарама-қарсы және орталықсыз токарь станоктарын шығарды.


Орталықты станоктарда салыстырмалы түрде алғандағы диаметрі онша үлкен емес, ұзынша бөлшектер өңделеді. Бесіктің 80 см-лік белағашы және қазық ағаштары осы станокта өңделеді. Дайындалған ағаш материалдарды алдыңғы және артқы қыспақтардың орталығы арасына мықтап бекітіледі.
Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі бағыттаушы тіліктермен қоса алғанда шойыннан құйылған тіректің негізі болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы және артқы қыспақ тетіктер, ұстайтын тұтқасы орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен жабылып тұрады.
Станок орнатылатын тіректі негіз өзінің тірек табандары арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға мықтап бекітілген. Оның сол жақ бөлігіне станоктың электромеханикалық жетегі орнатылған. Ол жетек қайысты іске қосатын, білікке бекітілген қос сатылы тегершіктің сыналы белдігінен және токарь станогының алдыңғы қыспақ тетігінің шпинделіне бекітілген екінші қос сатылы тегершіктен тұрады.
Шпинделдің айналу шапшандығын өзгерту жетек белдікті бір тегершіктің тұтқасынан екінші тегершіктің тұтқасына ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Станоктың жетегі сақтандырып тұратын қорғағыш қаптамамен жабулы тұрады , ал ол қаптама бұранданың көмегімен мықтап бекітіледі. Станок жұмысына басшылық жасау түймеше тетік блогы арқылы қамтамысыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсіретін шам бекітілген.
Дайындалған ағаш материалдарын бекітіп ұстау үшін ауыспалы шпинделдің саптама тетіктері пайдаланылады. Оған орталық шанышқысы бар корпус, патрон өңделетін ағашты станокқа бекітіп ұстайтын тығырық жатады. Әзірленген қысқа ағаш материалдары ішкі ойықтарды ойып-жону кезінде патронға бекітілетін болса , ағаш материалдардың диаметрі неғұрлым үлкендері тығырыққа орналастырылады.
2. Бөлшектердің сыртын жонып - өңдеу
Бөлшектерді станокқа бекіту -орталыққа , патронға және тығырыққа бекіту сияқты барлық үш тәсілі кезінде олар жонып өңделеді.
Ортада өңдеу кезінде күні бұрын дайындалған бөлшек үшашалы кістегішпен артқы қыспақ тетіктің ортасына бекітіледі.
Қысқа бөлшектердің сыптын жонып-жану алдын-ала дайындалған ағаш материалдарын патронға бекіту арқылы атқарылады.
Дайындалатын ағаш материалдарды, бөлшектердің қандай мөлшерде әзірленетініне қарай таңдап алады. Ондай ағаш материалдарының кесілетін жерінің ең төменгі мөлшері жасалатын бөлшектің ең жоғарғы диаметрінен артық болуы , ал ұзындығы 40-50 мм артық болуы тиіс. Дайындалатын ағаш материалдарында ешқандай жарық, бұтақ көздері, қисық-қиғаш қабаттар, шіріген жерлер кездеспегені дұрыс.

10-сынып № 30сабақ

Сабақтың тақырыбы:Жобаны талдау

«Талдау»

(салыстыр, ерекшелігі неде? т.б және ең бастысын бөліп шығар)



Салыстырып кестені толтырыңдар

Атауы

ұқсастығы

айырмашылығы

Шығармашылық жоба

 

Бұйымды толық жасау арқылы қорғалады

Жасалған бұйым жарнамаланып сатылады

Ғылыми жоба

Ғылыми жаңалығын  жасау



 

«Жинақтау»

(Схема құру – толтыру, анықтама беру)

 


    Оқушылар шығармашылық жоба қорғай отырып,қазіргі кезде қандай тұлға болып танылады?

 


























Өз жобасын бағалай алатын













Жоспарлай алатын




























Тез шешім қабылдайтын





































 
 

Жұмыс барысындағы қорытынды







Өз жұмысына есеп беретін







Нәтижесін тәжірибе арқылы тексеретін







Практикасы

«Қолдану» (қарапайым тапсырмалар)

Әр оқушы өзі таңдаған шығармашылық жобаның жұмыс барысында көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сызба түрінде сызып көрсету

 

ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар       І деңгей (5 балл)

Теориясы

«Білу»

(Кім?Не? Қашан? Қацда? Не істеді?)



1.Жобалаумен айналысатын оқушылардың міндеті:

-жетекшінің басшылығымен таңдап алынған тақырып бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарын жұргізу

-өз жұмысына есеп беру

Жобаны қорғау талаптаарын мұқият орындау

2.Жарнама деген не?



Тұтынушының тауарға деген қызығушылығын арттыру

3.Шығармашылық жобаның тиімділігі неде?



-іскерліктің артуы

-оқушының жеке жұмыспен айналысуы

-ізденімпаз, шеберліктің артуы

-шығармашылық қабілеттің дамуы

-сана ме жүйенің сапалық көрінісі,өз бетімен ізденуі

Теориясы

«Түсіну»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)



ІІ деңгей (5 балл+4 балл)=9 балл

1.Шығармашылық жоба дегеніміз не?

а)бұйымның жобасын  салу

ә)технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмыстары

б)жұмысты тексеру

2.Шығармашылық жоба неше бөлімнен тұрады?

а)3 бөлім     ә)4 бөлім         б)2 бөлім

3.Жобаның сапасы неге байланысты?

а)уақытқа         ә)шапшаңдыққа

б)технология пәнінен алған біліміне

4.Шығармашылық жобаның ІІ бөлімі қалай аталады?

а)дайындық кезеңі

ә)қорытынды кезеңі



б)техникалық кезеңі

5.Техникалық кезеңге не жатады?



а)нұсқау карта жасау

ә)құнын есептеу

б)жобаны қорғау

6.Шығармашылық жобаның І бөлімі қалай аталады?



а)дайындық кезеңі          ә)қорытынды кезең

б) техникалық кезең

7.Дайындық кезеңіне не жатады?

А)проблемаланы шешу



Ә)еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау

Б)жарнамалау



Практикасы

 

Құрал-жабдықтар













сұраныс





Теориясы


: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Әміре -ән көгінің айнасы Cабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаттары
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> АӘД пәнінде оқушы бойына патриоттық тәрбиеге баулудың қалыптастырудың жолдары Атадан жақсы ұл туса
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Мектебімізде салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> Ғалымдар Ғалымдар Зертеуші журналисттер
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі. Тақырыптық сөздік қор Кілттік сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...