Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Ағаш ұстасы», «Ағаш шебері, балташы»

Loading...


жүктеу 0.95 Mb.
бет3/5
Дата07.09.2017
өлшемі0.95 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5

Жуғыштар


Жасанды тастан жасалған жуғыштар тұрғын үй, сонымен қатар, тұруға арналмаған жайларда да ас үй столешницалары мен жуыну бөлмелерін жасау кезінде өздерін өте жақсы көрсетті.

Материалдың тазалығына байланысты, жасанды тастан жасалған жуғыштар ластануларды сіңірмейді және зиянды заттар бөлмейді, тұрмыстық тазарту құралдарымен жеңіл тазартылады, сондықтан оларға күтім жасау өте қарапайым.

Термоформинг технологиясы мен жіксіз біріктіру әдісі өлшемдері, конфигурациялары, түстері мен текстурасы әртүрлі жуғыштар жасауға мүмкіндік береді.

Ас бөлмесіне арналған жуғыштар құйғышпен — төккішпен жинақталмайды. Оны жеке сатып алу қажет.

Жуғыштар мен қаяулардың үш түсі шығарылады:

слив-перелив для мойки a1131

http://im6-tub-kz.yandex.net/i?id=288446854-19-72&n=21

10-сынып № 22сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ыстық және суық су түтіктерін жөндеу.

Білімділік: Оқушыларға электрлік желілер және ғимараттарды электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйесін тарату құрылғысы жайлы мәліметтер бере отырып, электротехника пәніне деген қызығушылығын арттыру;


Дамытушылық: Оқушылардың ғимараттардың құрылысы жайлы білімдерін қолдана отырып ғимараттардың ішіне электр энергиясын тасымалдау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту, қызығушылығын арттыруға, өз ойын жеткізе білуге жағдай жасау;

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.




http://zhanaoi.kz/imagefly/w300-h200-c/media/images/upload/blog/2012-05-12aadhvnpagmfzxjjufs.jpg

Су – әлемдегі ең қарапайым және кәдімгі нәрсе. Сонымен бірге ол өзіне сан мыңдаған құпияны жасырады. Ғалымдар оны әлі күнге дейін зерттеп, жаңа олжаға кенелуде.

 

 

Ең таза су Финляндияда



ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, ең таза су Финляндияда екен. Таза суды зерттеу кезінде 122 ел қатысыпты. Бұл ретте әлем бойынша 1 миллард адам таза суға қол жеткізе алмай отыр.

 

Мұзды ыстық судан тез алуға болады

Қандай су мұзға тез айналады: ыстық па, әлде суық па? Егер логикалық ойлауды қосатын болсақ, әрине суық. Өйткені ыстық су алдымен салқындау керек, сосын қату, ал суық су бірден қатады. Алайда тәжірибелер көрсеткендей, ыстық су мұзға тез айналады. Ыстық су неліктен суық суға қарағанда тез қататыны белгісіз. Мүмкін, айырмашылығы салқындатушылық, буға айналу, мұздың пайда болуы, конвекцияда шығар, әлде ыстық және суық суға газдардың сұйылту әсерінен ба екен.

  

Судың шамадан тыс салқындауы

Бәріміз физикадан білетіндей, су 0 градуста қатып, 100 градуста қайнайды. Алайда, судың шамадан тыс салқындауы деген ұғым бар. Бұндай ұғымға еш қоспасы жоқ су жатады. Температура 0 градустан төмендесе де, су сұйық болып тұра береді. Дегенмен, бұндай су да қайнап, қата алатын температура бар.

 

Судың үштен аса күйі бар

Мектептен белгілі болғандай, судың үш агрегатты күйі бар: сұйық, қатты және газ тәріздес. Бірақ ғалымдар сұйық суда 5 түрлі және қатты судағы 14 түрлі күй бар деп ажыратады.

 

Су әйнек секілді

Қатып қалған таза суды алып, салқындатуды ары қарай жалғастырса не болады? Су неше түрлі сиқырларға ұшырайды. Цельсий градусы бойынша минус 120 болғанда, су тым жабысқақ және созылмалы болады, ал минус 135 градус кезінде ол «әйнекті» суға айналады. «Әйнекті» су – әйнектегі кристалдық нәрселері жоқ, қатты зат.

 

Су – тіршілік нәрі

Су – тіршілік көзі. Барлық өсімдіктер мен жануарлар судан тұрады: жануарлар – 75%, балықтар - 75%, медуза – 99%, картоп - 76%, алма - 85%, қызанақ – 90%, қияр - 95%, қарбыз - 96%. Тіпті адамның өзі 86% судан тұрады. Ал егде жастағы және нәрестелердегі су 50% құрайды.

10-сынып № 23сабақ

Сабақтың тақырыбы: Пәтердегі сантехникалық жұмыстарды жүргізу.

Білімділік: Оқушыларға электрлік желілер және ғимараттарды электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйесін тарату құрылғысы жайлы мәліметтер бере отырып, электротехника пәніне деген қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ғимараттардың құрылысы жайлы білімдерін қолдана отырып ғимараттардың ішіне электр энергиясын тасымалдау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту, қызығушылығын арттыруға, өз ойын жеткізе білуге жағдай жасау;

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары мен әлеуметтік салаларды кезекті жылу маусымына дайындау өткен жылу маусымының өтуі кезінде анықталған ақаулар мен нормативтік ауытқуларды жүйелендіруден, техникалық жағдайдың талдамасынан, орнатылған жабдықтарды пайдаланудың жұмыс режимі мен деңгейінен, жөндеу көлемдерін нақтылаудан, ұйымдастыру-техникалық ісшаралардың тізбесін құрудан, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге арналған тапсырысты рәсімдеуден, мердігер ұйымдармен және тағы басқаларымен келісім шарттарды жасаудан басталады.

34. Жылу маусымына дайындық төмендегілерден тұрады:

1) өткен жылу маусымында анықталған кемшіліктерді талдау, анықталған кемшіліктер мен ақауларды жою бойынша ісшараларды әзірлеу және орындау;

2) кезекті жылу маусымы жұмысына тұрғын үй қорын, әлеуметтік мәдени, тұрмыстық нысандар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарын дайындау жөніндегі ісшараларды бекіту;

3) жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу, мердігерлік ұйымдармен келісім шарттар жасау;

4) жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде қажетті жұмыстарды жүргізу, соның ішінде қазандықтарды, түтікшелерді, құбырларды тексеру;

5) инженерлік желілердегі жұмыстарды орындау соның ішінде қайта жаңартуға, күрделі және ағымдық жөндеулерге, сынақтар өткізу мен шаюларға байланысты жылу желілеріне жылуды жіберудің кестесін және гидравликалық жұмыс режимін әзірлеу;

6) ғимараттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізу, инженерлік жүйелердің жабдықтарын алдын ала жөндеу және ауыстыру;

7) сумен жабдықтау және субұру жүйелерінде алдын ала, жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын орындау;

8) энергия үнемдеу ісшараларын жүргізу;

9) отын қоймаларын дайындау, резервті отын шаруашылығының инженерлік жабдықтарына, отын дайындау, отын беру және күлшлакжоюлар жүйелерінде, теміржол және автокөліктіктің кіре беріс жолдарында, өртке қарсы шаруашылықтарда жөндеу жұмыстарын орындау;

10) негізгі және резервтік отынның нормативті қорларын құру, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарында технологиялық апаттар мен дүлей апат салдарын жоюға арналған материалдық-техникалық ресурстардың апатты қорларын құру;

11) қалдықтар мен қоқыстарды жинау, сақтау, шығару, оңтайландыру жөніндегі қолданыстағы заңнамалар талаптарына сәйкес күл шлактарын қаттау үшін қажетті жағдайларды жасау.

35. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттеріндегі жұмыстар келесідей аяқталуы тиіс:

1) 1 қыркүйекке дейінгі – күзгі кезеңде жылыту мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған қажеттіліктер;

2) 1 қарашаға дейін қысқы ең жоғарғы жүктеменің өтуі кезеңіндегі жылыту мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған қажеттіліктер;

Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз ететін электр, су және газ коммуникацияларын жөндеу мен алдын алу жөніндегі жұмыстар 25 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.

36. Жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге қажетті жылу желілеріндегі, ғимараттар мен ішкіүйлік жүйелердегі жұмыстар 1 қазанға дейін аяқталуы қажет;

37. Жылу желілері келесідей сынақтардан өтуі қажет:

1) гидравликалық сынақтардан (орнықтылығы мен тығыздығына) – жылу маусымы аяқталған кейін екі аптадан кешіктірмей және жөндеу жұмыстарын

10-сынып № 24сабақ

Сабақтың тақырыбы:Шығармашылық жоба.

Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жоба туралы және оның қоғамға пайдасы, туралы түсінік беру, ұғындыру.

I. Ұйымдастыру бөлімі:



  1. II. Үй тапсырмасын сұрау: А) Шығармашылық жоба дегенді қалай түсінесің? Ә)Жобаға қандай тақырыптар алуға болады? Б) Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.

III. Жаңа сабақты баяндау: Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның қаншалықты орындалуы арқылы оқушылар сабақты қаншалықты игергені, білімдері байқалады. Бұл шығармашылық жұмысты технология пәні бойынша алған білімдерін қорытындылайтын бақылау жұмысы деуге де болады.

Адамның әдемілікке деген қызығушылығы адамзат пайда болғаннан бері бар.

Жоба таңдағанда қойылатын талаптар. Таңдаған затың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы тиіс. Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білу қажет. Ол сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? Осы затты жасау қолыңнан келе ме? Алға қойған міндетіңді орындай аласың ба? Таңдаған жобаңның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.

Жоба жеке бөліктерден тұрады: суреттерден, қандай да бір бұйымдардан және тағамнан, киімді жобалау, моделдеу, қолөнер, интерьер т.б. Зерттеу нәтижесінде жоба экономикалық есепте шығарылады.

Жобаны орындау барысында оны бір оқушы немесе бірнеше оқушы бірігіп орындауға болады. Жобаны бірнеше оқушы бірігіп орындағанда жұмысты мұғалім теңдей етіп бөліп береді.

Ұйымдастыру және дайындық кезеңі. Жобаның орындалу барысы. Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысына көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде жасап алған дұрыс.

Жоба қорғауға қажетті құрал – жабдықтар мен бұйымдар. Тігін машинасы, инелер, қайшы, қалам, милиметрлік қағаз, оймақ, үтік, кергіш

Қорытынды саты





  1. 1. Жоба қорғау. Шығармашылық жобаны қорғағанда оқушы орындалған жобамен кластастарын таныстырып немесе дайындаған бұйымын көрсетіп шығады. Неліктен осы жобаны таңдағаны туралы, сондай – ақ жобаны орындауға қойған мақсат пен міндеттері туралы айтып береді. Жобаны орындау барысында қолданылған құралдар мен амал – тәсілдер, қосымша әдебиеттер: Таңдап алған бұйымы туралы, оның жеке сәнге айналғаны, ерекшелігі туралы айтып береді. Таңдаған матаның қасиеті, оның осы бұйымға, оның пішініне сәйкестігі, түстер үйлесімділігі: бұйымның жағымды және жағымсыз жақтарын, бұйымды өңдеу әдістерін көрсету.

Осы жобаны орындау барысында жинаған тәжірибесі мен кездескен қиындықтарды бөлісу: бұйымның өзіндік құнын жариялау, бұйымның дұрыс таңдалғанын, оның орындалуының мақсатқа сәикестігі.

  1. 2. Сапасына қарай бағалау. Орындалған жобаға өздігінен баға беру, ойымен бөлісу және мұғалімнің бағалауы.

IY.   Бағалау.

Y.   Үйге тапсырма: Үйден таңдаған тақырыптарына мәнжазба жазып келу.

10-сынып № 25сабақ

Сабақтың тақырыбы:Жобаны таңдау, негіздеу.

Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын , өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы сенің біліктілігіңе, технология пәнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніңе тікелей байланысты.

Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады.

Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.

Бұл жағдайда оқушы жобаны қалай дәлелдейді? Ол үшін әр оқушы өзінің жасайтын жұмысын таңдау қажет.
Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы.

Оның мақсаты: 1. Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


2. Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару,
3. Ұмыт болған халқымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.

Шығармашылық жобаны орындау жүйесі /. ұйымдастыру, дайындық, кезеңі.


- Проблеманы шешу;
- Үлгі таңдау. Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
- Материалдар мен керекті - құрал жабдықтар дайындау;
- Жұмыс орнын ұйымдастыру.
//. Техникалық кезең.
- Техникалық жұмыстарды орындау;
- Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау, .
///. Қорытындылау кезеңі жүйелеу.
- Дайын бұйымды бағалау;
- Шикізат шығынын есептеу;
- Шығармашылық жобаны қорғау.

4. Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар.


- Өзіндік қызығушылығы;
- Әлеуметтік - экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі,
- Оқу кабинетінің материалдық техникалық базасына сай болуы;
- Өзіндік кәсіптік айқьшдалуы;
- Өз мүмкіндігін ескеру;
- Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.
V. Жобаны жарнамалау.
- Өнім белгісі;
- Өндірістің аты;
- Бұйымның аты, қолдану;
- Жарнамалау.
VI. Шығармашылық. жобаны қорғау
- Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қорытындылайды

10-сынып № 26сабақ

Сабақтың тақырыбы:Бесік жасау ағаштан

Зерттеу кезеңдері: а) Мақсат қою


ә) Жоспар құру
б) Жұмыс кезеңдерінің уақытын белгілеу
в) Керекті ғылыми әдебиеттерді іріктеу
г) Бұқаралық ақпараттардан нақтылы деректер  жинақтау.
ғ) Жинақталған материалдарды жүйелеу.

 Тәжірибенің әдістемесі:  Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Болашақта ғылыми болжамды іске асыру мүмкіншілігі бар әр түрлі дәрежедегі ұсыныстар жасауға үйрету.

Тұжырымдау қасиетін арттыру арқылы жұмыстың маңыздылығы мен  қажеттілігін аңғарту.

Өз бетімен ойлау, есте сақтау, қиялдау, сипаттау қабілеттерін арттыру:

Таңдаған бағытының этномәдениеттегі орнына, құрылысына, маңызына тоқталу және оған талдау жасай білгізу.

Зейінділігі мен іскерлігін арттыру: Бесіктердің ішінде ағаш бесіктің түрлерін меңгерту.

 Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

Жұмыс нәтижелері мен қорытындысы: Заман талабына сай, жиналмалы, ыңғайлы бесік үлгісін  жасап шығару.

Практикалық маңызы: Атам заманнан бері қолданыста болған бесікті осы күнде қолданысқа енгізу мәселесін қарастыру қажет.

Бесік - қазақ қауымы үшін көшпелі ғұмыр кешкен бабалардан қалған  аса қастерлі де қасиетті мұра, мүлік.

Бесік-нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті орта Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған.  Бесік жеңіл ағаштан жасалғандықтан көшпелі тұрмысқа бейімділігі сонша, бесікті атқа мінгенде еш қиналмай анасы алдына өңгеріп алып кете берген. Жаугершілік заманда тұтқиылдан шабуыл жасалғанда бесіктегі сәбиді әке-шешесі ат үстінен оңай іліп алып, дұшпан тырнағынан тез сытылып кетіп отырған.

       Қазіргі замандағы аналарға бесікті қолданудың  маңыздылығы: өте тиімді – жаялық алуға, памперстерге және тері тітіркенгіштігіне қажет балалар косметикасына ақша жұмсамауына болады.

1.Бесікке бөленген бала таза жатады. Бесіктің өте ыңғайлылығы, ондағы сәбидің биологиялық қажеттілігене пайдалануға болатын тесіктің болуында. Дәретке отырғаннан кейін сәби таза, құрғақ күйде  ары қарай ұйқысын жалғастыра береді. Қазіргі памперстер секілді баланың құйрығын сорып тастамайды.
2. Баланың қол аяғының түзу өсуіне септігі тиеді. Қазіргі балалардың жамбасына ауруханаларда кергіш пе, таңғыш па бірдеңе салып жүргендерін көптеп көруге болады. Осының бәрі бесікке жатпаудың кесірі.
3.Бесікте жатқан балаға суық тимейді, қымтаулы жатады. Бесік әсіресе қыс пен күзде, пәтерде салқын болған кезде қолдануға ыңғайлы. Қазіргі заман балақайларына да бесікте ыңғайлы және ешқай жақтарынан суық, жел соқпайды. Жаздың аптап ыстықтарына қарамай бесіктегі сәби өте жақсы ұйықтап, көпке дейін оянбайды.
4.Бесіктің ырғақты тербелісі баланың психикасына оң әсерін тигізуі

мүмкін. (менің ойым-менің пікірім)


5. Және тағы бір жақсысы – түнде баланы тұрғызбай-ақ бесік жанына отырып-ақ емізе беруге болады және бесіктегі бала шошынынып, қол-аяғын қозғамайды. Анасы баласына аунап кетіп жастыққа тұншығып қалды ма екен деп алаңдай қоймайды.

6. Бесік, әуелі, ана мен баланың өзара қоректенуін, демалысы мен   денсаулығын  тұрақты бір ритмге (жүйеге) түсіреді.

7.  Бесіктегі нәрестенің қол-аяғы жұмсақ ораулы.Ұйқысы тыныш болады.

8. Бесікте қаршадайынан тербетілген бала кейін қазіргі техногендік

замандағы техникалық арпалыстарға икемді келеді.

9. Бесік тербетіп отырған анасы, әжесі, апасы, әпкесі, т.б. нәрестемен,

міндетті түрде, сөйлесіп отырады. Әлдиге бесік жырын айтады.  Нәресте шағынан ана әлдиі мен мейірімін, ана тілінің құнарын естіп  өскен бала – кейін өз отбасына, еліне қамқор болады.

10.Бесіктің беті перделі, жабық (жел тимейді, көз тимейді: нәрестені  екінің бірі көре беруге тиіс емес).

11. Тербеткенде адам қолы шаршамайды, баланың басы ерсілі-қарсылы шайқалмайды.

 Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасаған. Мұндай бесіктер  жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады.  Бесік құрылысында әр бөліктің өзіндік атауы мен атқаратын қызметі бар. Оның жабдықтары да әртүрлі әбзелдерден тұрады. Бесіктің құрамы негізінен 15 бөліктен тұрады. Олар: бел ағаш, 2 бөген, 4 жақтау, 4 шабақ, 2 сабау, 2 жорға.

1.Арқалық.  Ұзындығы 70-75 см, ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстінде көлденең орналасқан жұмыр бел ағаш.
2. Бөген.  Бұл бөлік алдыңғы бас, артқы бас деп те аталады. Бөген – негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
3. Жақтау. Оның саны – 4. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең болып келеді.
4. Шабақ.  Бұл да – төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.
5. Сабау. Ол – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.
6. Жорға . Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы – бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербетілуін қамтамасыз етеді.

7.Тақтай. Бесіктің түбегі орналасатын, төсек салынатын бөлігі.

Енді мен   бесіктің  маңызын, құрылысын, жабдықтарын білгеннен кейін бесік жасауға қолданатын  қарағай, қайың, тал ағаштарына кеңірек тоқталуды жөн көрдім.

 

    Қарағай – төзімді, көп күй таңдамайтын ағаш. Аяздан да, желден де



қорықпайды. Ол үш ғасырдан кейін ғана қартая бастайды, тіпті бұдан да көп өмір сүретіндері де бар.

10-сынып № 27сабақ

Сабақтың тақырыбы:Бесік жасау ағаштан

Зерттеу кезеңдері: а) Мақсат қою


ә) Жоспар құру
б) Жұмыс кезеңдерінің уақытын белгілеу
в) Керекті ғылыми әдебиеттерді іріктеу
г) Бұқаралық ақпараттардан нақтылы деректер  жинақтау.
ғ) Жинақталған материалдарды жүйелеу.

 Тәжірибенің әдістемесі:  Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Болашақта ғылыми болжамды іске асыру мүмкіншілігі бар әр түрлі дәрежедегі ұсыныстар жасауға үйрету.

Тұжырымдау қасиетін арттыру арқылы жұмыстың маңыздылығы мен  қажеттілігін аңғарту.

Өз бетімен ойлау, есте сақтау, қиялдау, сипаттау қабілеттерін арттыру:

Таңдаған бағытының этномәдениеттегі орнына, құрылысына, маңызына тоқталу және оған талдау жасай білгізу.

Өзіміздің Швейцариямыздың төрінде қарағаймен қоса қайыңдар да орын алған.  Қайың – жылдың төрт маусымында да өзінің сұлулығын жоғалтпайды. Көктемде өзінің жасыл жапырағын жайып, бойжеткендей құлпырады. Туған жерімізде қайың өспейтін жер жоқ.  Қалың көпшілік қайыңды бағзы заманнан-ақ жоғары бағалап, ағаштың басқа түрінен артық көрген. Ауыл қыздары мереке күндері қайыңның гүлді бүршігін бұрымына қосып өретін болған – егер осы бүршік уақытынан бұрын солып, қурап қалмаса, бойжеткенні арман-тілегі сөзсіз орындалады екен.



Тал –биіктігі 30-40 м ағаш, бұта не шала бұта түрінде кездеседі. Жапырағы қысқа сағақты. Діңі жеңіл, жұмсақ, солқылдақ, иілмелі, шорт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды, бірақ
тез шіриді. Кейбір бұта түрлерінің ( ақ тал, сары тал, көк тал) шыбықтары себет тоқуға, діңі жиһаз жасауға пайдаланылады. Жапырақты бұтақтары мал азығы, дің қабығы тері илеуде, дәрі дайындауда пайдаланылады. Қазақстанда 46 түрі ( көк тал, сары тал, шілік, ақ шілік ешкі тал, әулие тал, т.б) кездеседі.

Осы ағаштардың ерекшелігімен танысқаннан кейін мен олардың физикалық құрылымын, механикалық көрсеткіштерін, жиһаз жасаудағы төзімділігін салыстырмалы түрде қарастырдым.



 

 

Ағаштың физикалық құрылымы



Ағаштың түрі

Көлемі кг/ м3

           Кептіру

      Ағаш түсі

Қарағай

540

0,52

0, 19

0,32

Қызғылт, күңгірт қызыл

Қайың

640

0, 64

0, 27

0, 30

Ақ

Тал

150

0,30

0,17

0,26

Көк , сары , ақ

: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Әміре -ән көгінің айнасы Cабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаттары
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> АӘД пәнінде оқушы бойына патриоттық тәрбиеге баулудың қалыптастырудың жолдары Атадан жақсы ұл туса
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Мектебімізде салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> Ғалымдар Ғалымдар Зертеуші журналисттер
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі. Тақырыптық сөздік қор Кілттік сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...