Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Web-беттерді құруды үйренеді Сабақ мақсаттары



жүктеу 53.34 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі53.34 Kb.

Сабақ : Қорытынды жобалар әзірлеу

Күні:15.04.2017

Мұғалімнің есімі: Уристемов Ғ.М.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Web-беттерді құруды үйренеді

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

А. Компьютерлік желі бойынша түсінеді, интернетте жұмыс жасайды

Оқушылардың басым бөлігі:

В. Web-беттегі гиперсілтемелер, кестелер құра алады

Кейбір оқушылар:

С. Интернет желісін баптай алады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өз ойларын еркін жеткізе біледі



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Internet, TCP/IP, Lan, Google, Mail

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)



Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?(айтылым)




Жазылым бойынша ұсыныстар:




Алдыңғы оқу

Желілік технологиялар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Формативті бағалау (ОҮБ)

Ресурстар

Басталуы

Кіріспе.

1) Амандасу

2)Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

І. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

  • Сәлеметсіздер ме, достар! Сабағымызды ерекше түрдегі тілек-амандасудан бастауды ұсынамын. Ісіміз сәтті болсын!

  • Тілек қысқа да нұсқа болуы керек және аз сөзбен.

Амандасады, шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне допты лақтыру арқылы тілек айтады. «Сәттілік серік болсын!», «Арайлап атсын әр таңың!», «Баршаңызға мейірімділік тілеймін!»т.с.с.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

7 мин

«Ыстық орындық» Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады, қалған оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

http://homenino.ru/uploads/images/tulip-chair-full-upholstery-inspired-by-eero-saarinen-01_1.jpg

Кезекпен тұрып, орындықта отырған оқушыға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырады.



ресурс парақтары, суреттер



Ортасы

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин

HTML-да белгілеулер (әріпті, абзацты, нысандарды қосуды әзірлеу) туралы сендер жеткілікті деңгейде білесіңдер. Гипермәтінге көшейік.

Гипермәтіннің қарапайым мәтіннен айырмашылығы мәтін фрагменттері арасында өте тез орын ауыстыруға мүмкіндік беретінін еске түсірейік. Мысалы, ОЖ Windows анықтама жүйесі және көптеген программалар гипермәтіндік принцип бойынша ұйымдастырылған. Гиперсілтемені басқан кезде - белгіленген мәтінді немесе суретті - құжаттың белгілі бір фрагментіне немесе басқа құжатқа өту болады.

HTML-да гиперсілтемені <а> тегі сипаттайды. Гиперсілтеме көрсететін ресурстың орналасуын көрсететін HREF атрибуты міндетті болып келеді. Ресурс ішкі болуы да,сыртқы болуы да мүмкін.

Келесі код фрагментінен тұратын

<А HREF="index.html"> Басты бетке өту А>

HTML-құжатты қарау нәтижесінде сендер Басты бетке өту сілтемесін көресіңдер. Сілтемеге басу нәтижесінде index, html парағына өту болады.

Гиперсілтеме абсолюттік, салыстырмалы, ішкі деп бөлінеді.

Сілтеме орналасуы өзгермейтін болып келетін сыртқы интернет-ресурсқа көрсететін тағы бір мысал қарастырайық. HTML-кодының мына жолы



<а REL="nofollow" target="_blank" HREF="http://infourok.ru/go.html?href=%3CA+HREF%3D"http://www.google.kz">http://www.google.kz"> Google-ден көп нәрсені біл а>

браузерде қарау кезінде Google іздеу жүйесі парағына сілтеме жасайды.

Бұл - абсолюттік сілтеме деп аталады.

Бұл жерде абсолюттік сілтеме D дискісіндегі Document бумасында сақталған құжатқа көрсетеді. Жергілікті компьютерде бұл сілтеме жұмыс жасайды. Бірақ мұндай сілтемесі бар web-парақты серверге орналастырған кезде сендер «бос сілтеме» аласыңдар, себебі серверде D дискісінде Document бумасы жоқ.



Салыстырмалы сілтемелер

Сайтты құрастыру мен оның жұмыс жасауын тексеру үшін желіге қосылмаған компьютерді қолдана аласыңдар. Сайтты құрайтын барлық web-парақтар бір бумадаорналасуы керек. Сол кезде парақтарды байланыстыратын гиперсілтемелерде файлдың атауын көрсету жеткілікті болады. Сайтты жергілікті немесе ғаламдық желіде жариялаудан кейін (іс жүзінде сайтпен бірге буманың тасымалдануы болады) гиперсілтемелердің жұмыс жасау қабілеті сақталып қалады.

Ішкі ресурстар үшін құжатты анықтайтын жолдың сендердің қазіргі орналасқан орындарыңа қатысты көрсетілуі бар салыстырмалы сілтемелер пайдаланылады.

Бұны site бумасында орналасқан біздің сайт мысалында қарастырайық, суреттер imagesсалынған бумасында орналасқан



Өзара бірін- бірі бағалау.


флипчарт, маркерлер, стикерлер, презентация,




Аяқталуы

Бекіту.

  1. Web-парақта гиперсілтемелер қандай мақсатпен орнатылады?

  2. Гиперсілтемені анықтайтын тег атауын айтыңдар және оның атрибуттарыныц мүмкін мәндерін атап өтіңдер.

  3. Суретті қалай гиперсілтеме етуге болады?

  4. Неліктен сайттың ішінде абсолютті сілтемелерді қолдануға болмайды?

  5. Гиперсілтеменің зәкірі ретінде қандай қызмет бола алады?

  6. Гиперсілтеменің түсін қандай мақсатпен өзгертеді?

  7. <а> тегіндегі target және title атрибуттарының тағайындалуын анықтаңдар.

Кесте гиперсілтеме бола ала ма?

Бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалау



Сөздер жазылған карточкалар

Парақшалар



Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз










Тексерілді:

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет