Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Климат түзуші түрткіжайларды атайды Оқушылардың көпшілігі

Loading...


бет1/3
Дата14.02.2020
өлшемі425.76 Kb.
түріСабақ
  1   2   3

Күні:04-07.11.19

Мұғалім: Мэлс А.Ж

Сыныбы: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырып

Климат түзуші түрткіжайлар

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Климат түзуші түрткіжайларды атайды

Оқушылардың көпшілігі:

  • Еліміздің климатына, климат түзуші түрткіжайттардың әсеріне талдау жасайды және анықтайды

Кейбір оқушылар:

  • Еліміздің аумағындағы түрлі климаттық құбылыстардың орын алу себептерін анықтайды.

Бағалау өлшемі

Оқушылар:

  • Қазақстанның климат түзуші түрткіжайларына талдау жасайды

  • Алуан түрлі ақпараттарды(мәтін,сызба,кескін)оқи алу дағдысын дамыту;

  • Топтық және ұжымдық жұмыс кезінде бірін-бірі тыңдаудағдысын дамыту;

  • Материалдарды талқылау, түсіндіру барысында географиялық терминдерді қолдану.

Тілдік мақсаты

Пәнге лайықты лексика мен терминология:

Күн радиациясы, атмосфера айналымы, ауа массасы, атмосфералық бағыт, жел, циклон және антициклон, төсеніш бет



Сұхбаттар мен хаттарға аранлған пайдалы сөз тіркестері:

  • Климат түзуші түрткіжайттарға … жатады.

  • Қазақстан аумағына түсетін күн радиациясының мөлшері ... тәуелді.

  • Қазақстан климатына ауа массаларының … типтері әсер етеді.

Тірек бөлімі

8-сыныптың география курсында, сәйкесінше, «Физикалық география. Атмосфера» бөліміндегі «Климат түзуші түрткіжайттар» тақырыбы бойынша алған білімдері.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың барысы

Климат типін, климат түзуші түрткіжайттарды, сонымен қатар климатограммамен жұмыс істеуді естеріңе түсіріңдер.

Сипаттама бойынша климат типін анықтап, климатограммамен сәйкестендіріңдер, климаттың осы типінің таралған жерін анықтап, осы климат типінің түзілу себебін айқындаңдар. Берілген нұсқалардың ішінен Қазақстанның климат типін таңдаңдар.



Климат типі

Сипаты

Климато-грамма

Климаттық белдеу

Түрткіжайт

Экваторлық

Kongo-да жылдық орташа ауа темпера- турасы –

26.6 ° C. Жылдық орташа жауын- шашын мөлшері – 2042 мм.






Экваторлық

Енділік

Қоңыржай теңіздік

Жылдық орташа ауа темпера- турасы

11.3 ° C- ты құрайды.

Ең суық

ай: қаңтар



(+4,7° С),

ең ыстық


айлар:

шілде мен

тамыз

(+20° С)


Жылына

шамамен


637 мм

жауын-


шашын

түседі.




Қоңыржай

Мұхиттың әсері

Субэкваторлық типі

Жылдық

орташа


ауа температу расы 21.1°С-ты

құрайды.


Орташа

темпера-


тура

22.3°С


болғанда,

қыргүйек


жылдың

ең ыстық


айы

болады.


Жылына

ең

төменгі



орташа

температу

ра

маусым


айында,

шамамен


18.9°C

болады.


Шамамен

жылына


1668 мм

жауын-


шашын

түседі.




Субэкваторлық белдеу

Ауа массалары

Тундралық типі

Жылдық орташа температу ра 7.2°C-ты

құрайды. Орташа температура 9.3°C

болғанда, қараша жылдың ең ыстық айы болады. Орташа 4.6°C-та

шілде жылдық ең суық айы болып табылады.

Жылына шамамен 577 мм жауын- шашын

түседі.




Анд таулары,тропиктік белдеу

Жер бедері

Шұғыл континентті климат

Жылдық орташа температу ра - 2.2°C.

Темпера- тура шілде айында ең жоғары болып,20. 7°C-ты көрсетеді. Ақпан айында жылдық ең төменгі орташа температу

расы орын алады.Бұл

-16.6°C.


Жылына шамамен 308 мм жауын- шашын түседі.



Қоңыржай

Мқхиттан қашықтықта орналасу,жер бедері,ауа массасы, енділік

Бұл тапсырманы жеңілдету мақсатында оқушыларға елді

мекеннің атын атап беруге болады. Талқылау кезінде

сұрақ қоя отырып, сол аймақтардың климат

жағдайларының орын алу себептеріне алып келу керек.

1-климатограмма. Киншаса қаласы. Оқушылар бір жыл

бойғы температура мен жауын-шашынның өзгерісіне

назар аударулары тиіс.

2-климатограмма. Париж қаласы.

3-климатограмма. Бразилия қаласы.

4-климатограмма. Эль-Альто қаласы. Мұнда осы қала

туралы қосымша ақпарат беруге болады. Қала атауы

испан тілінен аударғанда «биіктік» дегенді білдіреді,

және де бұл дүниежүзінің ең биік мегаполисі. Тропиктік

ендікте орналасқандығына қарамастан мұнда биік таулы

климат қалыптасады.

5-климатограмма. Нұр-Сұлтан қаласы

Оқушылардың климат, климат түзуші түрткіжайттар

түсінігін естеріне түсірулеріне мүмкіндік туғызу керек

және берілген нұсқалардан Нұр-Сұлтан қаласына сәйкес

келетін сипаттама мен климатограмманы таңдап

алулары қажет.


https://ru.cli mate- data.org

Сабақтың ортасы

Әрбір климат түзуші түрткіжайтқа және оның Қазақстан климатына әсеріне тоқталу керек.

1-тапсырма. Визуалдау (көзбен шолу) дәріс тәсілін қолданып «Күн радиациясының түрлері» сызбасында белгілеу қажет. Мұғалім радиация түрлері туралы ақпаратты оқиды, оқушылар оны сызбада белгілейді.


2-тапсырма

1. Күн радиациясы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылығына байланысты. Қазақстанның солтүстігінде ашық күндердің саны 120, ал оңтүстігінде – 260 күнді құрайды. Бұл Қырымның оңтүстік жағалауындағыдан да көп. Осыған түсініктеме беріңдер.

2. «Жиынтық Күн радиациясы» картасы бойынша Петропавл және Шымкент қалаларының маңындағы радиация мөлшерін анықтаңдар. Күн радиациясының мөлшері неге тәуелді? Екі мысал келтіріңдер.

3-тапсырма. Қазақстан аумағындағы жалпы нормадан ауытқыған ыстық пен аяз туралы жаңалықтар ақпарының бейнежазбасын көру.

- Қазақстан аумағындағы атмосфераның жалпы нормадан ауытқыған құбылыстары немен байланысты?

- «Ауа массалары» түсінігіне анықтама беріңдер.

- Ауа массаларының орын ауыстыру себебі не?

- Егер атмосфера айналымы болмайтын болса, онда біздің еліміздегі ауа температурасы қандай болар еді?

- Оқулық мәтінін пайдаланып, «Қазақстан аумағындағы ауа массаларының типтері» кестесін толтырыңдар.

Не?

Қайда?

Қандай?

Қашан?

Континентті арктикалық ауа массалары










Қоңыржай ендіктердің теңіздік ауасы










Қоңыржай ендіктердің континентті ауасы










Континенттік тропиктік ауа











4-тапсырма
- КАВ-тың Қазақстанның оңтүстігіне тереңдей ене алуы немен байланысты?

- Қазақстанның климатына олар жылдың қандай мезгілінде әсер етеді?

- Оның салдары қандай болуы мүмкін? Бұл ауа массасы басып кіргенде қандай жағдай орын алуы мүмкін?


Параграф мәтіні
https://www

.youtube.co m/watch?v= znGHDWaJ 9m0

https://www

.youtube.co m/watch?v= gHj1lXz5ou 4





Сабақ соңы

Өз жауаптарыңа дәлел келтіріңдер.
- Еліміздің солтүстіктен оңтүстікке қарай – 1650 км-ге, батыстан шығысқа қарай 3000 км-ге созылып жатқанын білеміз. Егер Қазақстан жері солтүстіктен оңтүстікке қарай 3000 км-ге, ал батыстан шығысқа қарай 1650 км-ге созылып жататын болса, еліміздің климаты қандай болар еді?

- Егер еліміз ендік бойынша 200 солтүстікке қарай орналасқан болса, Қазақстанның климаты қандай болар еді?

- Егер биік таулы аудандар еліміздің солтүстігінде орналасып, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысын жазықтар алып жатса, Қазақстанның климаты қандай болар еді?





Рефлексия

«Негізгі үш идея»
Оқушылар өткен тақырыптың негізгі үш идеясын айқындап, өз сөздерімен жеткізулері тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...