Сабақ кезеңі бойынша талдау ІІІ. Қысқаша талдау ІҮ. Дидактикалық талдау



Дата13.06.2017
өлшемі444 b.



Сабақты талдау түрлері



І.Толық талдау

  • сабақтың 3 мақсаты;

  • сабақ бойы орындалуға арналған материалдың көлемі және оқушылардың орындай алу мүмкіндігі;

  • жаңа материалмен танысуға, талдауға, бекітуге, алынған нәтижені анықтауға қанша уақыт берілді;

  • оқушының өздігінен ойлау әрекеті, сабақ барысында өзара білімін тексеру деңгейі қаншалықты қалай ұйымдастырылған;

  • Оқулықпен жұмыс оқушының білімді меңгеру, бекітуіне қаншалықты әсер етті;

  • барлық оқушымен кері қарым- қатынас деңгейі қаншалықты;

  • мұғалімнің оқушымен жұмыс жүйесі қандай және ол дәл осы сабақта қажетті деңгейге жетуге ықпал ете алды ма;

  • сабақты түрлендіру: лекция, семинар, конференция, диспут, сайыс, т.б. блокпен беру, тірек схемаларын қолданудың тиімділігі қаншалықты;

  • Қандай әдіс – тәсілдер қолданылды және олардың қажеттілігі;

  • Пәнаралық байланыс іске асты ма;

  • барлық оқушының үй тапсырмасын орындауын тексеру шығармашылық-пен іске асты ма; жаңа үй тапсырмасы көлемі өзге пәндерді есепке ала отырып берілді ме;



ІІ. Сабақ кезеңі бойынша талдау

  • Сабақтың негізгі кезеңдерін және оқушылармен атқарылған жұмысты анықтау;

  • Негізгі кезеңдердің ретін анықтау және дәл осы ретпен орнаастыру тиімділігін көрсету.

  • Сабақ кезеңі бойынша уақыт факторы, орны;

  • Сабақтың алғашқы кезеңінен соңғысына дейін оқушының оқу іс - әрекеті қалай дамыды;

  • Сабақтың жеке құрылымдық бөліктерінің өзара байланысы қандай;

  • Білімді меңгертуде сабақтың жеке құрылымдық бөліктерінің нәтижелілігінің мәні қаншалықты;



ІІІ. Қысқаша талдау

  • Сабаққа 3 мақсаттың қойылуы;

  • Қандай әдіс –тәсілдер арқылы мақсатқа жетті;/талдау/

  • Мұғалімнің мақсатқа жеткендігін дәлелдейтін мысалдар;

  • Сабақтастықтықтың іске асуы;

  • Оқушылардың оқулық, басқа да әдебиетпен жұмысы,

  • Әр оқушының жеке жұмысы;

  • Оқушының білім, икем, дағдысы қалай бағаланды және соңғы нәтижеге жетуіне көмегі қаншалықты;



ІҮ. Дидактикалық талдау

  • Мұғалім және сынып туралы жалпы мағлұмат;

  • 2. Сабақ тақырыбы, оның осы тарауға арналған сабақ жүйесіндегі орны;

  • 3. Сабақ мақсаты, міндеті ;

  • 4. Қойылған мақсатқа байланысты мазмұнды тиімді толтыру;

  • 5. Мақсат пен мазмұнның сәйкестілігі;

  • 6. Сабақ типі, сабақ кезеңін таңдау тиімділігі, яғни мазмұн мен әдіске сәйкестігі;

  • 7. Оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеті;

  • 8. Үй тапсырмасының көлемі мен орындай алу мүмкіндігі;

  • 9. 3 мақсаттың орындалуы;



Ү. Психологиялық талдау

  • а/ стиль Дамыта оқытуға байланысты : есте сақтауға бағытталған ауыртпалықтың ойлау әрекетімен сәйкестілігі; қайтадан айтып беру немесе шығармашылық әрекеттердің көлемін анықтау; білімді дайын күйде алу және өздігінен іздендіруді жоспарлау; өзара сын, оқушыны қызықтыру мен қысым көрсету;

  • Сабаққа деген мұғалімнің дайындығы, педагогикалық тапқырлық, такт; психологиялық климат;

  • ә/ оқушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыру- ойландыру, елестету, зейінді қарату, есте сақтау қабілетін белсенділендіру;

  • жинақтау, жаңалық ашу, жаңа ой тудыру, ойды қорытындылау, шығармашылық тапсырмаларды орындату;

  • б/ оқушыларды ұйымдастыру – оқушының оқуға деген көзқарасы, ақыл – ойының даму деңгейі; оқыту деңгейіне байланысты мүмкін топтарға бөлу; жеке, жұп, топтық жұмыс түрлері;

  • в/ оқушылардың жас ерекшелігін ескеру- сабақты оқушының жеке және жас ерекшелігіне байланысты жоспарлау; әлді және әлсіз оқушының деңгейін есепке алып /диференцирование/ жұмыс жасау;



ҮІ. Сабаққа жан-жақты талдау

  • 1. Мақсатына байланысты

  • 2. Мазмұнына байланысты

  • 3. Әдістемелік жағы

  • 4. Оқушы мен мұғалім

  • 5. Ұйымдастырушылық жағы.

  • 6. Сабақ нәтижелілігі




Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет