Сабақ жоспарының әзірлемес і



жүктеу 177.76 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі177.76 Kb.
«Құқықтану» мамандығы, «Еңбек құқығы және ӘҚҚ» пәніне арналған практикалық сабақ жоспарының әзірлемесі

«Құқықтану» пәндерінің оқытушысы: Ғаппас Айжан Ғалымжанқызы



Сабақтың тақырыбы: Еңбек шарты.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға еңбек шарты, еңбек шартының мерзімі туралы түсінік беру, оқушылардың құқық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Тәрбиелік: еңбекке деген жауапкершілікке тәрбиелеу, нарық заманында еңбек қатынасының сауаттылығына, өз құқығының сақталуына, өзгенің құқықтарын құрметтеуге үйрету.

Дамытушылық:оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін шыңдау, теориялық білімін тәжірибеде қолдана білуге, қажетті құжаттарды сауатты толтыра білуге, сөздік қорларын молайту.



Сабақты жабдықтау: ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, слайдтар.

Пәнаралық және пәнішілік байланыс: Азаматтық құқық, іс жүргізу, кадрлық менеджмент.

Практикалылық сабақтың құрылымы:

1. Ұымдастыру бөлімі: 3 мин

1.1 Студенттермен амандасу (сабаққа қажетті көңіл-күйді қалыптастыру)

1.2 Сәлеметсіздерме студенттер, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Еңбек шарты», тақырыпты мынандай мақалмен бастағым келіп отыр «Келісім-ақшадан да қымбат.»

2. Кіріспенің жобасы: 12 мин

2.1 Еңбек шартының түсінігі;

2.2. Еңбек шартының мазмұны;

2.3. Еңбек шартын жасау ережесі;

2.4. Еңбек шартының түрлері

2.5. Еңбек шартын тоқтату негіздері.

Еңбек шарты 15.05.2007 ж. Қазақстан Республикасының №251-ІІІ Еңбек кодексіне сәйкес 01.07.2007 ж. бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін ресми құжат және Еңбек кодексінің 28-бабы мен ісқағаздарын жүргізудің жалпы қабылданған ережелеріне сәйкес рәсімделеді.

Еңбек шарты 2 дана етіп жасалады. Еңбек шартын толтырмастан бұрын алдын ала әңгімелесу жүргізіледі. Жұмыс беруші жұмысқа орналасушы адамнан еңбек іс - әрекеті туралы құжатты талап етуге құқылы (еңбек кітапшасы, оқу орнын бітіргені туралы дипломы)

Еңбек шартының мерзімі.


  1. Еңбек шартының іске асу мерзімі көрсетілуі тиіс (6 ай, 1 жыл, 5 жыл, т.б.). Мерзімі аяқталған соң қайтадан еңбек шарты жасалады.

  2. Егер нақты жұмыстың орындалуына қарай мерзімі белгісіз болса, (мысалы, құрылыс жұмыстары) жұмыс аяқталған соң еңбек шарты тоқтатылады.

  3. Егер біреудің орнына уақытша жұмысқа алынса, сол мерзім аралығы көрсетіліп, бұрынғы қызметкер келгенде орынды босату керектігі туралы жаңа қызметкерге ескертіледі.

  4. Сынақ мерзімі – 3 айдан аспау керек.

  5. Егер еңбек шарты жасалса жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа алу туралы бұйрық шығарып, оны жұмысқа алынушыға ескертуге міндетті.

Еңбек шартын бұзу немесе тоқтату жағдайлары:

  • Жұмысқа тұрушы әскер қатарына шақырылса;

  • Қылмысына байланысты жазаланғанда бұрынғы жұмысын жалғастыру мүмкіндігінен айырылғанда;

  • Қызметкер қайтыс болғанда;

  • Әрекетке қабілетсіздікті сот танығанда;

  • Қызметкердің өз ұсынысы бойынша (бұл туралы қызметкер 1 ай бұрын ескерту тиісті);

  • Денсаулығына, зейнеткерлік жасқа жетуіне, басқа жерлерге мекен – жайын ауыстырғанына, т.б. байланысты жұмысын жалғастыра алмайтын жағдайда және еңбекақысын өз уақытында ала алмаған жағдайда қызметкердің өз бастамасымен еңбек шартын бұзады немесе тоқтатады;

  • Жұмыс берушінің бастамасымен: а) егер кәсіпорын жұмысы (немесе жеке тұлға) тоқтатылса; ә) жұмыскерлердің саны немесе жұмыс орны қысқартылса еңбек шарты тоқтатылады немесе бұзылады.

3. Оқушылардың өзіндік жұмысы және ағамдағы жобалар: 65 мин

3.1 Еңбек шартына байланысты жалпы сұрақтар қойылады.

1. ҚР Конституциясының нешінші бабында еңбек туралы айтылады?

ҚР Конституциясының 24бабында әркімнің еңбек ету бостандығы және жұмыспен қамтылу құқықтарын қамтамасыз ету құқығы барын айтады.



2. Еңбек шарты дегеніміз не?

Еңбек шарты 15.05.2007 ж. Қазақстан Республикасының №251-ІІІ Еңбек кодексіне сәйкес 01.07.2007 ж. бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін ресми құжат және Еңбек кодексінің 28-бабы мен ісқағаздарын жүргізудің жалпы қабылданған ережелеріне сәйкес рәсімделеді.



3. Еңбек шартының белгілерін атап шық.

-пәні болып еңбек қызметін орындау;

-ішкі еңбек тәртібіне қызметкерлердің бағынуы;

-бекітілген ережелерге сәйкес еңбекақыны төлеу;

- әкімшіліктің еңбек және еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыруы;

- екі жақты келісім.



c:\users\pnpzx\pictures\aijangappas002.png


4. Қалай ойлайсыздар, еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері

16 жас.


  1. Одан ерте мерзімде еңбек шартын жасасуға бола ма?

14-15 жаста ата-анасының, қамқоршысының немесе қорғаншысының келісімен.

  1. Еңбек шартының тараптарын атаңыз.

Жұмыс беруші және қызметкер

  1. Еңбек шартының мазмұны дегеніміз не?

Рөлдік ойынның мазмұны

  1. Студенттер (жұмыс беруші мен жұмысқа орналасушы) еңбек шартының мазмұны көрсетілген құжатты дайындайды;

  2. Еңбек шартының қолданылу мерзімін анықтайды;

  3. Еңбек шартын бұзу немесе тоқтату жағдайларын көрсетеді.

Осы аталған тапсырмаларды орындаудың үлгілері (үлгі қағаздардың алдын ала әр студентке дайындалғаны дұрыс).

3.2 Топпен жұмыс

1-топ: Еңбек шартын жасасудың ережесі (ҚР Еңбек кодексі 31,32,35,36 баптар).

Тапсырма: Осы баптармен таныса отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Еңбек шартын жасасуға қажетті құжаттар (31б)

  2. Еңбек шартын жасасудың нысаны (32б)

  3. Еңбек шартында сынақ мерзімі қойыла ма? (36б)

  4. Кімдерге сынақ мерзімі қойылмайды? (36б)

  5. Еңбек кітапшасы дегеніміз және онда қандай мәліметтер жазылады? (35б)

2-топ: Еңбек шартының мерзімі (ҚР Еңбек кодексі 29,38,39 баптар)

Тапсырма: Осы баптармен таныса отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Еңбек шартының мерзімі неше түрі бар? (29б)

2. Белгіленбеген мерзімге еңбек шарты қалай жасалады?

3. Еңбек шарты қашан күшіне енеді?(38б)

4. Еңбек шарты қандай жағдайларда жарамсыз деп танылады?(39б)



3-топ: Еңбек шартын тоқтату негіздері (ҚР Еңбек кодексі 51, 57,58,62,63баптар)

Тапсырма: Осы баптармен таныса отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Еңбек шартын тоқтату негіздерін атап шық (51б)

2. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздері (57б)

3. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтату негіздері (58б)

4. Еңбек шартын тоқтатуды рәсімдеу қалай жүргізіледі? (62б)

5. Еңбек кітапшасын және еңбек қызметіне байланысты басқа да құжаттарды жұмысберуші неше күнде қайтарып беруге міндетті? (63б)

3.3. Құжат үлгілерін толтыру және ресімдеу

1. Түйіндеме

Аты-жөні:

Мекен –жайы:

Телефон:

Е-mail:


Жалпы ақпарат:

*Ұлты:


*Жынысы

*Отбасы жағдайы

*Азаматтығы

*Жұмыс тәжірибесі

Білімі

*Орта:


*Орта арнайы білімі:

*Жоғарғы:


Тілді білуі:

Компьютерді игеруі:

Жеке қасиеттері:

Қосымша ақпараттар:

Құштарлығы:







2. Еңбек шартының үлгісін толтыру;

Еңбек шартының үлгісі


  1. Жұмыс беруші туралы мәліметтер: (кәсіпорын, өндірістік коорператив, кәсіпкер, мемлекеттік мекеме, т.б. атап көрсетеді).

  2. Жұмысқа алынушының аты – жөні _____________________, туған жылы________ , мамандығы ___________, білімі ___________, еңбек өтілі __________,

қосымша мамандығы __________________ ,

мекен – жайы ______________________________;

3. Жұмыс орны __________________ , еңбек жағдайы (зияндылығы, қауіптілігі) _____________________;

4. Қызметкердің атқаратын жұмыстары, қосымша атқаратын жұмыстары __________________________;

5. Жұмыс берушінің міндеттері _____________________;

6. Жұмысқа кіріскен мерзімі _____________________;

7. Еңбек шартының жасалған мерзімі _______________;

8. Еңбекақы мөлшері ____________________________ ;

9. Жеңілдіктер мен артықшылықтар.

Жұмыс берушінің қолы _______________;

Жұмысқа алынушының қолы ______________;


  1. Еңбек кітапшасы үлгісін толтыру;

Жұмысы туралы мәліметтер

Сведения о работе

Жазудың №

Датасы

Жұмысқа алу туралы, басқа жұмысқа ауыстыру туралы, шығару туралы(себептері көрсетілген және заңның статьясына, пунктіне сүйенілген) мәліметтер

Жазу ненің (құжат, оның датасы мен номірі) негізінде енгізіледі

жыл

ай

күн

1




2




3

4

1

2014

09

14

ЖШС«Бірлік»,Техник-бағдарламашы жұмысына қабылданды

Бұйрық№1214.09.2014ж






































3. Жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығаруға байланысты бұйрық шығару

Бұйрықтың үлгілері

Кәсіпорынның атауы

Бұйрық Приказ

№------.-----.-------.Қостанай қаласы



Жұмысқа қабылдау туралы

2013ж.17 қыркүйегінен бастапөз өтініші бойынша Қанат Мұратұлы Рахымбаев аудармашы қызметіне Еңбек шартында белгіленген жалақымен қабылдансын.

Негіздеме: Қ.М. Рахымбаевтың өтініші.

Директор С.Р.Мұратов

Бұйрықпен таныстым қызметкердің қолы ---------.-------.-------.

«Айгүл» шағын кәсіпорынның төрағасы

С.Р. Мұратов мырзаға

Қостанай қаласы, Бөгенбай батыр көшесі,

5үй, 63пәтерде тұратын азаматша

М.Р. Рахымбаевтан


өтініш

Мені 2013 жылдың 10 қыркүйегінен бастап техник-бағдарламашы қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.


-----.-----.---- қолы

3.4 Сәйкестендіру тесті

Сұрақтар

Жауаптар

Еңбекке орналасу үшін не істелінеді?

Еңбек шарты жазба түрде жасалады

Еңбек шартының азаматтық құқық шартынан айырмашылығы неде?

Белгілі мерзімге жасалған шарт

ҚР “Еңбек кодексінің” 12 бабында не туралы айтылған?

Еңбек шартының міндеті, қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді

Контракт деген не?

Сынақ мерзімі

Қызметкер жұмысқа қабылданғанда не ескеріледі?

Еңбек шартын түзеді




Сұрақтар

Жауаптар

Сынақ мерзімі қанша уақытқа созылады?

3 күн

Сынақ мерзімі қашан тоқтатылады?

ҚР еңбек кодексі 30 баб

Сынақты тоқтату қай заңда көрсетілген?

Еңбек шартын бұзу

Қызметкер әскерге шақырылғанда жұмыстан қалай босатылады?

3 ай

ҚР еңбек кодексі 26 бабында не туралы айтылған?

ауырып қалғанда, тағы басқа дәлелді себеп


3.5. Ситуациялық есептер:

1. Еңбек шартына қол қойған күн жұмыс күні болып санала ма?

2. Жұмыс беруші еңбек шартында көрсетілмеген міндеттерді талап ете алады ма?

3. Жұмысты ұзақ сарсылып көп іздеген азамат Ә. ақырында бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Азамат Ә. бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертті. Онда жалақыға қосымша кесімі төлем қойылады. Азамат Ә. заңгерге келіп, әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме деп сұрап, кеңес алды. Заңгер қазір бәрі де солай істейді, - деп жауап берді. Азамат Ә. оған келісуі керек пе, заңгер дұрыс жауап берді ма?

4. Азаматша Қ. мекемеде 10 жыл істеген. Жаңа басшылық келгеннен кейін ол қызметкерлерге қойылатын талаптарын өзгертті. Жұмыс істейтіндердің бәрімен бір жылға шарт жасай бастады. Азаматша Қ. онымен келіспейтінін білдіреді. Еңбек шартының ережелерін ол ешқашан да бұзған емес. Сондықтан, басшылықтың (әкімшіліктің) талабы заңсыз. Азаматша Қ. дұрыс (дәлелде) қарсылық білдіріп отыр ма?

3.6. Қорытынды тест

1-нұсқа

1. Еңбек шарты –бұл:

А) ҚР заңдарын еңбек құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуымен байланыстыратын негіз;

В) Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, нормативті басқару бойынша актілерді жасау және қабылдау, сонымен қатар әрекеттегі еңбек жағдайларын қолдану;

С) ұжымдық сипаттамалы құжат;

Д) Еңбек қатынастарының пайда болу негіздері;

Е) Кәсіподақ пен әкімшілік арасында қабылданатын құжат.

2. Ұйымдарда қабылданған нормативтік актілерге жататындар

А) сыртқы еңбек тәртібінің ережелері

В) өкімдер бұйрықтар ішкі еңбек тәртібінің ережелері

С) өтініш сенімхат

Д) дұрыс жауабы жоқ

Е) еңбек шарты

3. Еңбек қатынастары деп

А) сенімхат, өсиеттер толтыру

В) қызметкер мен жұмыс берушінің байланысы

С) еңбек шартын жасауы

Д) еңбек қызметін жүзеге асыру жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар

Е) қызметкер мен қызметерлер арасындағы қатынас

4. Еңбек құқықтық қатынастардың субъектілері болып мыналар танылады

А) азаматтар,жұмыс берушілер,кәсіподақтар,мемлекеттік органдар

В) мекемелер

С) кәсіподақтар мемлекеттік органдар

Д) жұмысшылар

Е) жеке кәсіпкелер

5. Жұмыс уақытының негізгі элементтері

А) жұмыс күнінің саны,уақыты

В) жұмыс уақытының басталуы

С) жұмыс күнінің аяақталуы,ауыстырылуы

Д) барлық жауап дұрыс

Е) аптадағы жұмыс күндерінің саны,күнделікті жұмыстың басталуы,аяақталуы,жұмыс ауысымдарының ұзақтығы мен ауысымы

6. Егер жеке еңбек шартында оның әрекет ететін мерзімі көрсетілмесе, онда шарт қандай мерзімге жасалды деп есептеледі?

А) 3айға;

В) 6 айға;

С) 1 жылға;

Д) 3 жылға;

Е) белгісіз мерзімге.

7. Ұйымның меншік иесі ауысқан жағдайда ұжымдық шарттарың қолданылуы неше ай сақталады

А) 6 ай бойы

В) 12 ай бойы

С) 9 ай бойы

Д) 1 ай бойы

Е) 3 ай бойы

8. Еңбек шарты қай жасқа жеткен тұлғалармен жасалады?

А) 10;

В) 11;


С) 12;

Д) 13;


Е) 16.

9. Нысаналы топтар деп

А) жұмысқа орналасудағы қиындық көрі жүрген,табысыз,21 жасқа дейінгі жастар,жетім балалар мен ата-ананы қамқорлығысыз қалған 23жасқа дейінгілер, көп балалы ата-аналар

В) жетім балалар

С) жұмыссыз көп балалы ата-аналар

Д) жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген,табыссыз кәмелетке толмаған балалар

Е) мүгедек адамдар

10. Қызметкедің жұмыс өтілімін растайтын құжат

А) туу туралы куәлік

В) медециналық анықтама

С) әскери билет

Д) жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірме

Е) еңбек кітапшасы

11. Еңбек тәртәбі

А) дұрыс жауабы жоқ

В) жұмыс уақытының мерзімі

С) қауіпсіздік ережелері

Д) жұмыс берушінің қызметкерге еңбек міндеттерін тиімді атқаруға қажет еңбек жағдайларын жасау міндеті және қызметкердің мемлекет актілерінде және олардың негізінде шығарылған жұмыс берушінің актілерінде орнатылған тәртіп ережелері

Е) еңбек қатынастарын шектеу

12. Ішкі еңбек тәртібі дегеніміз

А) еңбек қатынастары тараптарының еңбек заңдарына,жеке еңбек,ұжымдық шарттарына сәйкес белгіленген құқықтары мен міндеттері айқындалған ұйымның жұмыс режімі

В) қауіпсіздік ережелері

С) жеке еңбек және ішкі еңбек қатынастары

Д) құқықтар мен міндеттері айқындалған ұйым жүйесінің түрі

Е) міндеттермен, тәртіптердің ерекшеліктерін қарау

13.eңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу 2 әдіспен жүзеге асырылады?

А) Жергілікті, жоғары

В) Бұйрық беру мен марапаттау

С) Орталықтандырылған, бірыңғай

Д) Өзара байланысты

Е) Орталықтандырылған және жергілікті

14. ұйымдастыру – басқарма қатынастарының мақсаты:

А) Еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыру

В) Еңбек шартын жасасу

С) Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша актілерді жасау және қабылдау

Д) Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау

Е) Аталғандардың барлығы

15. Қызметкер:

А) Жалақының мөлшерін белгілеуге

В) Жұмыс уақытының ұзақтығын анықтауға

С) Еңбек жағдайларын белгілеуге қатысуға

Д) Барлық жауаптар дұрыс

Е) Жұмыс берушіні ескертпей жұмыстан шығуға

2-нұсқа

1. Еңбек шарты

А)жұмысшы мен кәсіподақ арасындағы шарт

В)ұжыммен мен жұмысшылар арасындағы шарт

С)қызметке мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім

Д)нормативтік-құқықтық жергілікті акт

Е)қызметкер мен қызметкелер арасындағы қатынас

2.Қандай жағдайда өндірістік қажеттілік бойынша басқа жұмысқа ауыстыру рұқсат етіледі?

А) Іркіліс, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау

В) Өндірістік авария

С) Жазатайым жағдайларды болғызбау

Д) Барлық жауаптар дұрыс

Е) Дүлей апат зардаптарын жою және болғызбау

3. Бос тұрып қалу

А) Экономикалық, технологиялық ұйымдастырушылық немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша уақытша тоқтап тұру

В) Фабрика, зауыттардың жұмыстары тоқтатылуы

С) 1 айдан 1 жылға дейінгі уақытта – экономикалық, технологиялық ұйымдастырушылық немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың

Д) Жұмыстың толық тоқтатылуы

Е) Жұмысшылардың жоқтығы

4. Әрбір бұзылған еңбек тәртібі үшін белгіленген жаза саны

А) Екі жаза

В) Үш жаза

С) Жұмыс берушінің өзі белгілейді

Д) Шектелмейді

Е) Бір теріс қылық үшін бір жаза

5. Еңбек жағдайының жоғары деңгейін, еңбек заңдарының нормаларын орындауға бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге, еңбек заңдарының бұзылған ережелерін қалпына келтіруге, еңбек дауларын шешуге бағытталған функция

А) Тәрбиелеу

В) Қорғаушы

С) Өндірістік демократияны дамыту

Д) Әлеуметтік

Е) Қорғау

6. Еңбек шарты жағдайларын біржақты түрде өзгертуге бола ма?

А) болады;

В) болмайды;

С) болады, егерде жазбаша түрде басқа тарапты енгізілген өзгерістер туралы хабардар етсе;

Д) кәсіпорын әкімшілігіне ғана болады;

Е) қызметкерге ғана болады.

7. Еңбек кітапшасының толтырылу мерзімін анықтаңыз:

А) 10 күн

В) 5 күн


С) 20 күн

Д) 1 ай


Е) 3 күн

8. Жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы еңбек, әлеуметтік және кәсіптік қатынастарды анықтайтын ұжымдық шарт

А) Экономикалық құқықтық акт

В) Салалы нормативтік құқықтық акт

С) Ведомоствалық құқықтық акт

Д) Республикалық құқықтық акт

Е) Жергілікті құқықтыө акт

9. Толық материалдық жауаптылық туралы шарттың жасалған-жасалмағанына қарамастан мына қызметкердің қайсысына толық материалдық жауаптылық жүктеледі?

А) Сатушы

В) Бухгалтер

С) Инженер

Д) Кассир

Е) Бригадир

10. Кәсіпорындарда жасалатын ұжымдық шартқа мына ережелердің қайсысы кіруі тиіс

А) Еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеу жүйесі

В) Қызметкерлерге зейнетақы төлеу тәртібі

С) Тауарлар мен қызметкерлерге баға белгілеу

Д) Ұйымдастыру мен ақы төлеу жүйесі

Е) Кәсіпорынды жабу, тоқтату, мәселелері

11. Өндірістегі жазатайым оқиға қандай құжатпен рәсімделеді?

А) Дұрыс жауабы жоқ

В) Кәсіподақ комитетінің хаттамасымен

С) Дәрігердің медициналық қорытындысымен

Д) Жазатайым оқиға туралы актімен

Е) Комиссия хаттамасын

12. Орталықтан жасына байланысты толық зейнетақы төлемдері қазіргі кезде әйелдерге қай жастан тағайындалады?

А) 63

В) 61


С) 45

Д) 46


Е) 58

13. Еңбек қатынастары неше шарттан тұрады?

А) 4

В) 7


С) 6

Д) 5


Е) 3

14. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол беріледі

А) 10 жұмыс өтілі болса

В) 60 жастан

С) дұрыс жауабы жоқ

Д) 20 жұмыс өтілі болса

Е) Зейнетақы жасқа жеткенде

15. Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеуші органды анықтаңыз

А) ҚР Сенаты

В) ҚР Президенті

С) ҚР Парламенті

Д) ҚР Ішкі Істер Министрлігі

Е) ҚР Үкіметі


  1. Қорытынды жобалар: 10 мин

Біз еңбек шартының жалпы жағдайларын қарап шықтық. Бірақ еңбек шартының мазмұнын жасауда кемшіліктер болады. Оны келесі сабақтарда айтамыз. Ал, енді сабағымыздың басында айтылған эпиграфқа тоқталып өтейік, манағы айтылған мақалдың маңызы неде екен?

  1. Барлық сабақа талдау жургізу:

Сұрақтардың дұрыстығын тексеру;

4.2 Еңбек кодексімен жұмыс жасағанда баптардың сәйкестігін тексеру;

4.3 Тесттерің дұрыстығын тексеру.

4.4 Үйге тапсырма / задание на дом/: ҚР Еңбек кодексі 41-47 баптарды оқып шағын конспект жазу.



Оқытушы : Ғаппас А.Ғ.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет