Сабақ жоспары: Сендіру әдісінің тәрбие жүйесіндегі алатын орны Сабақ жоспары: Күні

Loading...


Дата23.03.2020
өлшемі186.45 Kb.
түріСабақ
1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ



Сабақ жоспары:



Сендіру әдісінің тәрбие

жүйесіндегі алатын орны



Сабақ жоспары:

Күні:.

Тобы:

Пәні: Тәрбие жұмысының әдістемесі

Пән оқытушысы: Жаңабекова Ж.Ж.

Тақырыбы: Сендіру әдісінің тәрбие жүйесіндегі алатын орны

Мақсаты:

Білімділік: Сендіру әдісінің негіздері, өзектілігі, әдіснамалық бағыты туралы тәрбие жүйесіндегі алатын орнын меңгерте отырып, ғылыми-теориялық тұрғыда білім беру.

Дамытушылық: Сендіру әдісін сабақта тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру. Ашық қарым-қатынасқа , сабақтың проблемалық сұрақтарын шешуге, оқу әрекетін қалыптастырып, білімге деген сұраныс пен қажеттілікке дамыту.

Тәрбиелік: Жеке тұлғаның педагогтік сапаларын арттырып, сендіру әдісімен жұмыс жасайтын мұғалімнің моделіне сай болуға тәрбиелеу, өз бойында ізгілік қасиеттерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сөздік, көрнекілік, практикалық, индуктивті және дедуктивті әдістер, демонстративті, интербелсенді әдістер, миға шабуыл, т.б.

Сабақтың көрнекіліктері мен техникалық құралдары: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, заттық бейнелер, кестелер, әр түрлі модульдік тірек сызбалар, мультимедиялық материалдар, ОТҚ, интерактивті тақта,т.б.

Пәнаралық байланыс: Педагогика, өзін-өзі тану, психология, жас ерекшелік педагогикасы, дидактикалық технология.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық кезең. Студенттерді мұғалім бойында болуға тиісті қасиеттерді атау арқылы 3 топқа бөлу :

1) Талапшыл

2) Шығармашыл

3) Креативті



«Сиқырлы қобдиша» атты жаттығу. Нұсқау : Қатысушылар шеңбер құра отырады . Ортада сиқырлы қобдиша тұрады . Сыйлықтар – қағазға жазылған тәрбие әдістері. Жаттығу шарты : қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып , ішінде жазылған сөздің мәнісін ашып, сабаққапен байланыс орнатады.

II. Жаңа оқу материалын ендіру кезеңі

Жоспары:

  1. Сендіру әдісі туралы ұғым.

  2. Тәрбие процесіндегі сендіру әдісінің ролі.


Сендіру (Иландыру) — бір адамның мағынасыз түрде басқа адамның психологиясы мен қылығын белгілі дәрежеге өзгерту. Сендіру адамда қажетті қасиеттерді дамыту мақсатында, оның санасына, еркіне және сезіміне жан-жақты әсер ету.

Сендіру - 1) адамның өз көзқарасын өзгелерге қабылдатуға бағытталған іс- әрекеті. Сендіру адамның танымдық, сезімдік және ерік қасиеттерінің деңгейіне тікелей тәуелді;

2) бір нәрсеге сенімділік;

3) Баланың сана, сезім, тәжірибесіне бағытталған тәлімдік әсер әдісі;

4) ақпараттық қабылдаудың белгілі бір кезеңі.

Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді".

Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді.

Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стақанмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды", - дейді.

Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді" - дейді.

Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі.

Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны мұғалімнің өзі ұйымдастырады.

Көркем шығармадан алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: "Мына портреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу".

"Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген құрбыңнан кешірім сұра", - деп, мұғалім балаға нұсқау береді. Ол жасырын тұрде болғандыңтан бала басқаша қабылдайды.

Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандыңтан аулақ болуға үйренеді.

Көзін жеткізу - тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі.

Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.

Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.

Сендіру – бұл тәрбие әдісін өзіне түсіндіру және дәлелдеу, яғни нақты үлгілерді көрсету жатады, бала белгілі түсініктерден, әрекеттен, күдіктенбеуі тиіс, жайлап рухани тәжірибе жинап, кейін оны басқаруға қолданады.

Мадақтау және қолдау бұл тәрбие әдісі жанұя тәрбиесінің тәжіри-бесінде кең қолданылады. Бала әрқашанда өзінің мінез-құлқына, ойына, жұмысына баға бергенді қажетсінеді. Жанұядағы ең бірінші мадақтау-ауызша мақтау және ата-ананың қолдауы. Мадақтау және қолдау балаға стимул болатын үлкен әсер береді. Халықта баланы жақсы әрекет жасауға тырысуы үшін мақтайды. Бұл жағдай балаға емес, ата-аналарына ризашылық білдіріп, мақтау берген.

Тұспалдап айту – тікелей немесе жанама, тәрбие әдісі ретінде әсер ету үшін бүкіл шығыс елдерінде қолданылады. «Қызым саған айтам, келінім сенде тыңда».

Жеке өнеге (әсіресе, ата-аналардың) – бұл халық педагогикасында ең радикалды, ең әрекетті әдіс болып табылады. Ата-ананың рухани бейнесі, олардың еңбегі, қоғамдық әрекеті, жанұядағы өзара қарым-қатынасы, заттарға қарым-қатынасы, өнерге – бұның барлығы балаға үлгі болып табылады және олардың тұлғалық дамуына, қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Халық кемеңгері бала тәрбиесінде жағымды үлгіні айтады.



Халық педагогикасында ақындық форманы алатын тәрбиенің бір түрі – ата-ананың бата беруі. Жастарға ата-ананың бата беруі, олардың болашақ өмірлік позициясына үлкен әсер етеді.


IV. Қорытынды.

Рефлексия.

Шарттары

Тапсырма



Түсінік, саралау, мысалдар

Білім

Жаңадан қандай білім алдың?






Түсінік, ұғу

Берілген білімді түсіндің бе? Немен дәлелдейсің?





Қолдану

Алған біліміңді неге қолданар едің?





Жұмбақ

Нені ұға алмадың, жете түсінбедің, соны сарала



Сабақтың соңында КЕРІ БАЙЛАНЫС тақтасына білім алушылар өз пікірлерін жапсырады және сабақтағы алған әсерлерін смайликпен көрсетеді.


V. Бағалау. Әр топтың көшбасшысы әр білімгерге бағаны өзі қойып отырады. Соңында бағаларды жариялаған кезде мен әр топты бағалаймын және көшбасшының кемшіліктері болса түзетемін.
VI. Үйге тапсырма

КЕЛЕСІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛЕДІ



  • «Сендіру әдісінің тәрбие жүйесіндегі алатын орны» тақырыбына логикалық– модульдік сызба дайындап, түсінік айтуға дайындалу.

  • 3 топқа «Жасөспірімдер арасындағы тәлім-тәрбиенің деңгейі» атты тақырыбына бейне материал дайындау.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы – Дарын, 2004ж.

  2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы – 2005ж. Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы: Учебное пособие. – Ростов н\Д: Издательский центр «МарТ», 2002ж.

  3. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж. Әмірәлиева Ш. Аға ұрпақ тәжірибесі жастарға. – Алматы, 1982ж. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері – Алматы, 1991ж.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...