Сабақ жоспары Пән: Электрлі машиналар мен аппараттар. №15. Сабақ тақырыбы: «Синхронды генераторлар» І сабақ мақсаты

Loading...


Дата18.02.2017
өлшемі1.52 Mb.
түріСабақ
Қостанай облысы әкімділігі білім басқармасының

«Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК

Ә.Б отырысында Бекітемін

қаралды Директордың ӨОЖ

______________ орынбасары

«___» ____ 2014ж ______________

«___» ____ 2014ж



Ашық сабақ
Пән: Электрлік машиналар мен аппараттар

Тақырыбы «Синхронды генераторлар»

Арнайы пәндер мұғалімі: Исмагулов Е. Н.

Арқалық қаласы

2013 – 2014 оқу жылы.

Күні __________ топ __________

Сабақ жоспары
Пән: Электрлі машиналар мен аппараттар.

№15. Сабақ тақырыбы: « Синхронды генераторлар »


І Сабақ мақсаты:

1. Үйретушілік мақсаты: Синхронды генераторлардың құрылысы мен жұмыс принципін түсіндіру барысында,сабақты толықтай меңгеру дәрежесін тексеру.
2.Дамытушылық мақсаты: Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың өзіндік ойлау,қорытынды жасау қабілетін жетілдіру.
3.Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өтілген материалға деген қызығушылығын, өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
Өткізу әдісі: Мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс, венн диаграмасы.
Көрнекті құралдар: Плакаттар, слайдтар, мультимедиялық слайдтар, үлестірме материалдар, сабақты қортындылауға арналған тест сұрақтары.

Пайдаланған әдебиеттер: М. Исаханов « Электр машиналары және

трансформаторлар.

Ө. Өтешов, С.А. Кешуов «Электртехникалық жабдықтар ».

Ж. Жәнібеков, Б. Дурманов, Б. Тобжанова « Электрмонтер »



ІІ Сабақ құрылымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқу кабинетімен оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.Оқушыларды түгендеу.



М.: Сәлеметсіздерме, отырыңыздар. Бүгінгі ашық сабақтың тақырыбы «Синхронды генераторлар» Сабақты бастамас бұрын кешегі үй тапсырмасын қайталап өтейік
2.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Электрқозғалтқыш дегеніміз не?



Жауап: Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын электр машинасы.

2. Асинхронды қозғалтқышты ойлап тапқан кім?



Жауап: Асинхронды қозғалтқышты ойлап тапқан орыс инженері М. О. Доливо-Добровольский болып саналады. 1888 жылы.

3. Асинхронды қозғалтқыштың бөліктерін атаңдар? (слайд)



Жауап:

1 – алдынғы айгөлектің қалпағы

2 – валдың соңы

3 – айгөлектің нығыздауы

4- айгөлектер

5 – ротордың желдеткішің қанаты

6 – қысқа тұйықталған сақина

7 – болт


8 – станина

9 – рем болты

10 – статор өзекшесі

11 – ротор өзекшесі

12 – статор орамасы

13 – желдеткішті бекіту винті

14 – желдеткіш қақпағы

15 – артқы айгөлектің қалпағы

16 – желдеткіш

17 – бекіткіш сақинасы

18 – желдеткіштің бекіткіш винті

4. Асихронды қозғалтқыштың жұмыс жасау принципі?(мультимедиялық слайд)

Жауап:

Асинхронды электр қозғалтқыштың жұмыс принципі ротор мен статордың магнит өрістерінің өзара әрекетіне негізделген. Статор орамдары арқылы ток өткенде, айнымалы магнит өрісі пайда болады. Бұл өріс ротор орамында ток тудырады. Пайда болған ток айнымалы өріспен әсерлесіп, роторды ілестіре айналдырады. Оның бұрыштық айналу жылдамдығы полюстер жұбының санын ауыстырып қосу, қоректік ток жиілігін, ротор тізбегіндегі кедергіні өзгерту, сондай-ақ бірнеше машинаны тізбекке қосу арқылы реттеледі.



d:\ержан\1112\мир электричества\aelecbook\image_elmash\elf.gif
5.Асинхронды қозғалтқышты тізбекке қосу сұлбасы?(слайд)

Жауап: Асинхронды қозғалтқыштың тізбекке қосу сұлбасының екі түрі болады, ол «жұлдызша» және «үшбұрышты».



6. Асинхронды қозғалтқыштардың қолдану аймақтары?

Жауап: Асинхронды қозғалтқыштың құрылысының қарапайымдылығы мен жұмысының сенімділігі арқасында адамзат тіршілігінде, иінді біліктерді айналдыруға механикалық энергияны керек ететін қызметтердің бәрінде пайдаланылып келеді.
7. Асинхронды қозғалтқыштың паспортындағы жазбаны оқу?(слайд)

8. Генератор дегеніміз не?

Жауап: Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина генератор деп аталады.
3. Жаңа тақырып өту жоспары:
М.: Біз өткен тақырыпты қайталадық, енді жаңа тақырыпты талқылауды бастайық. Бүгінгі жаңа тақырып: Синхронды генераторлар.
Сабақ жоспарымен таныс болыңыздар:


  1. Синхронды генератор жайлы түсінікті анықтау. Қолдану аймақтары.

  2. Синхронды генераторлардың құрылысы.

  3. Синхронды генераторлардың жұмыс жасау принципі.

Оқушылар жаңа тақырыптың жоспарымен танысады

4. Жаңа тақырып өткізу:

  1. Синхронды генератор жайлы түсінікті анықтау. Қолдану аймақтары. (слайд)

Синхронды генератор деп механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын аппарат. Синхронды машиналар электр энегиясының генераторы ретінде де, қозғалтқыштары ретінде де қолданылады. Дегенмен, ол ЭҚК үш фазалы жүйесінің электромеханикалық көзі ретінде кеңірек тараған. Дүние жүзінде электр энергиясын өндіруді айнымалы токтың синхронды машинасы үш фазалы синхронды генератор атқарады. Синхронды айналысқа түсетін алғашқы қозғалтқыштың түріне қарай турбогенераторлар (механикалық энергия көзі – бу турбинасы), гидрогенераторлар (механикалық энергия көзі – гидравликалық турбилар) және дизельгенераторлар (механикалық энергия көзі – іштен жанатын қозғалтқыш-дизель) болады.


  1. Синхронды генераторлардың құрылысы. (слайд.)

Суретте синхронды генератордың қоздырғышымен жалпы түрі көрсетілген. Синхронды генератордың негізгі бөліктері: щетка, сақиналар, ротор және статор.

Синхронды генератордың статоры конструкциялық құрылымы жағынан үш фазалы асинхронды қозғалтқыштарының статорымен бірдей.


e:\documents and settings\рабочий стол\gener.gif
Синхронды генератордың ротор құрылысы бойынша екі нұсқада орындалады: айқындалған полюсті және айқындалмаған полюсті. Ротордың мұндай конструкциясы оны полюсінің саны етіп конструкциялауға мүмкіндік береді, олардың саны бірнеше ондыққа жетуі ықтимал. Айқын полюсті ротор гидрогенераторларға орнатылады.
d:\ержан\1112\мир электричества\aelecbook\image\rotorsinhr.gif d:\ержан\1112\мир электричества\aelecbook\image\rotorsinhr1.gif


  1. Синхронды генераторлардың жұмыс жасау принципі. (мультимедия слайды)

Магнит өрісінің магнит сызықтарын қиып өткенде бұл өткізгіште электр қозғаушы күші индукцияланады. Сондықтан қозғалмайтын магнит өрісін өткізгіштер қиып өткенде де, сондай-ақ қозғалмайтын өткізгішті магнит өрісі қиып өткенде де өткізгіште электр қозғаушы күші пайда болады. Бірінші жағдайда магнит өрісін қоздыратын машинаның индукциялаушы бөлігі, яғни полюстері машинаның қозғалмайтын бөлігіне (статорға), ал индукциялаушы бөлігі (зәкір), яғни электр қозғаушы күш пайда болатын өткізгіштер, машинаның қозғалмалы бөлігіне (роторға) бекітіледі. Мұндай генераторларда өндірілген энергия тұтынушыға қозғалмалы түйіспелер – түйіспелік сақиналар мен щеткалар арқылы беріледі.
5.Сабақ бекіту, білім бағалау:

Тест сұрақтар мен жұмыс жасау:



Сұрақ

Жауаптар

1. Электр генератор деген не?

А. Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын аппарат

В. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын аппарат

С. Айнымалы токты реттейді.



2. Синхронды генератордың жылжымайтын бөлігі?

А. ротор

В. орама

С. статор

3. Синхронды генератордың қозғалмалы бөлігі?

А. статор

В. Ротор

С. орама

4. Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін электр машинасы

А. қозғалтқыш

В. трансформатор

С. генератор

5. Айқындалған полюсті роторды қайда қолданады?

А. гидрогенераторларда

В. Желдеткіштерде

С. турбогенераторларда


Тест кілті:


Сұрақ

1

2

3

4

5

Жауаптар

В

С

В

С

А


6. Қорытынды:
М.: Қандай тақырыпты бүгінгі сабақта өттік?

Жауап: « Синхронды генераторлар»
М.: Синхронды генераторлар тақырыбындағы сабағында қандай мәтіндерге анықтама бердік?

Жауап:

  • Синхронды генераторға жалпы түсінік. Қолдану аймақтары.

  • Синхронды генераторлардың құрылысы.

  • Синхронды генератордың жұмыс жасау принципі.

М.: Өте жақсы, дұрыс жауап бердіңдер, үйде осы тақырыпты жалғастырасыңдар.


7. Үй тапсырмасы:


  1. Синхронды генераторлардың құрылысын , жұмыс принципін, қолдану аймақтарын білу.

  2. Оқулықтан 99-105 бет. Сұрақтарға жауап беру.

Оқушылар үй тапсырасын жазып алады.
Арнайы пәндер мұғалімі: Е.Н. Исмагулов.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...