Сабақ жоспары №1 Пән аты: Қолданбалы информатика Оқытушы: Жұмабекова Г.Қ. Топ: 21 тр-к

Loading...


Дата05.03.2017
өлшемі33.16 Kb.
түріСабақ
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының "Көлік колледжі" комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Сабақ жоспары № 1
Пән аты: Қолданбалы информатика

Оқытушы: Жұмабекова Г.Қ.

Топ: 21 ТР-к

Сабақтың тақырыбы: Iбөлім.Кіріспе. Ақпараттық жүйелер.

Сабақтың мақсаты:

білімділік:Ақпараттық жүйелердің ролі және ұйымдастыру-экономикалық жүйесіндегі басқарулар. Ақпараттық жүйе архитектурасы.

дамытушылық:қойылған сұрақтарға жүйелі түрде жауап беруге, анықтама беруге, түсіндіруге үйрету.

тәрбиелік:сабақ уақытында берілген тапсырманы жылдам орындауға, жинақылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың жабдықталуы:конспект, ДК мен проектор.

Пәнаралық байланыс:Қолданбалы информатика
Сабақ жоспары:


Р\с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

I

Ұйымдастыру

2-3 мин

II

Сабақты таныстыру

2 мин

III

Жаңа сабақты түсіндіру

15 мин

IV

Жаңа сабақты бекіту

60 мин

V

Сабақтың қорытындысы. Үй тапсырмасын беру.

10 мин


Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру. Оқушылардың және аудиторияның сабаққа дайындығына көңіл бөлу. Журналды толтырып, оқушыларды түгендеу.

II . Сабақты таныстыру. Сабақтың мақсатын түсіндіру, оның негізгі бағыттары, оқушылардың алдына мақсат қою.

III.Жаңа сабақты түсіндіру

Ақпарат жүйелері (ағылш. Information systems; қысқаша: IS) - деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды оқу. Қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде — мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор. 

Жүйе деп кез елген объектінің, бір мезгілде біртұтас қарастырылатын, басты мақсатқа жету үшін әртекті элементтердің жиынтығының бірігуі деп түсінуге болады. Мақсаттары бойынша және құрамы бойынша жүйелер өзара айшықтанады. Информатика саласында «жүйе» түсінігі көп қолданылады және әр-түрлі мағыналы болып келеді. Бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығына сәйкестендіріліп жиірек қолданылады. Жүйе деп компьютердің аппаратық бөлігі де атала береді. Қолданбалы есептерді шешуге, көптеген құжаттарды енгізуге және есептерді басқаруға арналған, процедуралармен толықтырылған бағдарламаларды жүйе ретінде көрсетуге болады. «Жүйе» түсінігіне қосымша «Ақпараттық» сөзі оның құрылу және жұмыс жасау мақсатын білдіреді. Ақпараттық жүйелер кез-келген аймақтағы есептерді шешу процесінде қажетті жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, ақпаратты жіберумен қамсыздандырады. Олар жаңа өнімдер құруға және мәселелерді (маңызды проблемаларды) шешуге көмектеседі. Ақпараттық жүйелер – қойылған мақсатқа жету және ақпаратты тасымалдау, өңдеу үшін сақтауға арналғандарды қолданудың, әдістер мен қызметшілердің, құралдар жиынтығының өзара байланысы. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер түсінігін дербес компьютерде ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралдары ретінде есептейді. Үлкен ұйымдарда дербес компьютермен бірге ақпараттық жүйелер техникалық базасының құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ-ді кіргізуге болады. Егер шығарылған ақпаратты және оларды алу мүмкіндігіне арналған адам ролін есепке алмаса онда өздігінен ақпараттық жүйелерді техникалық іске асырудың мәні болмайды. Копьютер мен ақпараттық жүйелердің түсінік айырмашылығы әр түрлі. Арнайы бағдарламалық құралдармен жабдықталған компьютерлер, ақпараттық жүйеге арналған құралдар және техникалық базасы бола алады.

Ақпараттық жүйелердің қасиеті. Кез келген ақпараттық жүйелер өзінің құрылымы, басқарылатын жүйенің жалпы принциптері негізі бойынша аналидеуге кезігуі мүмкін. Ақпараттық жүйелер динамикалық және дамушы бола алады. Ақпараттық жүйелерді құру барысында жүйелік ықпал жсау керек Ақпараттың жүйенің шығу өнімдері шешім қабылдау негізіндегі ақпараттар бола алады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерді компьютердің көмегімен таралған жүйелер деген көзқараста. Бірақ ақпараттық жүйені компьютерсіз вариантта алып қарауға болады. Бірнеше фирмалардан тауарды сатып алу кезінде ақпараттық жүйе сатып алушыны тіркеуге алады. Ол: сатып алушылар тобын анықтап, олардың құрамы және суранымдарын, содан кейін өзінің стратегиялық коптік топтарға бағытталуына. Потенциальды сатып алушыларға әр-түрлі ұсыныстар жіберуге Тұрақты сатып алушыларға тауарларға және қызметтерге рұқсат береді.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

  1. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?

2.Құрылымдық белгілеріне қарай ақпараттық жүйелер мынадай ішкі топтарға бөлінеді?

3. Автоматтандыру деңгейіне қарай ақпараттық жүйелер мынадай топтарға бөлінеді:

4.Ақпараттық жүйелердің қасиеті.?

5. Ақпараттық жүйе қандай процес?



V. Сабақтың қорытындысы. Қорытындысын шығару, баға қою.Үй тапсырмасы – конспект.

Оқытушы:__________Жұмабекова Г.Қ.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының "Көлік колледжі" комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Сабақ жоспары № 11
Пән аты: Қолданбалы информатика.

Оқытушы: Мыңбаев Д.С.

Топ: 22 ТР-к

Сабақтың тақырыбы:Формулаларды енгізу.

Сабақтың мақсаты :

білімділік: Word мәтіндік редакторында жай және қиын формулаларды құрастыру.

дамытушылық:қойылған сұрақтарға жүйелі түрде жауап беруге, анықтама беруге, түсіндіруге үйрету.

тәрбиелік:сабақ уақытында берілген тапсырманы жылдам орындауға, жинақылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: тәжірибелік

Сабақтың жабдықталуы: ДК, MS Word бағдарламасы.

Пәнаралық байланыс:информатика негіздері.
Сабақ жоспары:


Р\с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

I

Ұйымдастыру.

2-3 мин

II

Сабақты таныстыру.

3-5 мин

III

Жұмысқа рұқсат алу.

15-20 мин

IV

Тәжірибелік жұмыс.

60 мин

V

Сабақтың қорытындысы.

3-5 мин


Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру. Оқушылардың және аудиторияның сабаққа дайындығына көңіл бөлу. Журналды толтырып, оқушыларды түгендеу.

II . Сабақты таныстыру. Сабақтың мақсатын түсіндіру, оның негізгі бағыттары, оқушылардың алдына мақсат қою.

III.Жұмысқа рұқсат алу.

Өрнекті жазу үшін, мәтінді таңбалармен ауыстыруда Юникод таңбалар кодтарын және математикалық автоауыстырғыш енгізбелерін пайдалана аласыз.

Өрнекті теру кезінде Word бағдарламасы өрнекті кәсіби пішімделген өрнекке автоматты түрде түрлендіреді. Кірістіру қойындысындағы Нышандар(Символы) тобынан Өрнек параметрінің жанындағы көрсеткіні басыңыз.

Теңдеуді теру үшін, қажетті Теңдеуді таңдап, Жаңа өрнекті кірістіру түймешігін басыңыз.

Жиі пайдаланылатын немесе алдын ала пішімделген өрнекті кірістіру үшін, кірістіру қойындысындағы Нышандар тобынан Өрнек параметрі жанындағы көрсеткіні басып, қажетті өрнекті таңдаңыз.

нышандар тобындағы өрнек пәрмені

Жиіпайдаланылатынөрнектертізімінеөрнекқосу үшін:



  1. Құжаттақосылатынөрнектітаңдаңыз.

  2. Өрнектерменжұмысістеу астындағыҚұрастырушы қойындысыныңҚұралдар тобынан Өрнекпараметрінтаңдап, Бөлектелгенэлементтіөрнектержиынтығынасақтау түймешігінбасыңыз.

  3. Жаңастандарттыблоктыжасау тілқатысутерезесіндеөрнекатауынтеріңіз.

  4. Жиынтық тізімінде Өрнектер параметрінтаңдаңыз.

  5. Кезкелгенбасқақажеттіпараметрлердітаңдаңыз

2.Формуланы(Өрнекті) өзгерту.

Жиі пайдаланылатын математикалық құрылымды кірістіру үшін:



  1. Кірістіру қойындысындағы Нышандар тобынан Өрнек параметрі жанындағы көрсеткіні басып, қажетті өрнекті таңдаңыз.

  2. Өрнектермен жұмыс істеу  астындағы  Құрастырушы  қойындысының  Құрылымдар  тобынан бөлшек немесе түбір сияқты қажетті құрылым түрін, одан кейін қажетті құрылымды таңдаңыз.

  3. Егер құрылым құрамында толтырғыш болса, толтырғышты басып, қажетті таңбаларды немесе сандарды теріңіз.

Office Word 2007 бағдарламасында жазылған теңдеуді өзгерту үшін:

  1. Өңделетінөрнектітаңдаңыз.

  2. Қалағанөзгертулердіенгізіңіз.

Word 2007 бағдарламасынанбұрынғы Word бағдарламасындажазылғанөрнектіөзгертуүшінөрнектіжазуүшінпайдаланылғанMS Equation 3.0қондырмасыннемесеMath Typeқондырмасынпайдаланукерек. Word бағдарламасыныңбұрынғынұсқасындажазылғанөрнекбарқұжаттыашқандаөрнектердіжазужәнеөзгертудіңбекітілгенқолдауынпайдаланаалмайсыз.

Equation 3.0 қондырмасынпайдаланыпжазылғанөрнектіөзгерту үшін:



  1. Өңделетін өрнекті екі рет басыңыз.

  2. Қалағанөзгертулердіенгізіңіз.

IV.Тәжірибелік жұмыс. MS Word мәтіндік редакторында жұмыс орындау.

V. Сабақтың қорытындысы. Қорытындысын шығару, баға қою.Үй тапсырмасы – конспект.

Оқытушы:__________Мыңбаев Д.С.
Каталог: uploads -> doc -> 056a
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар
056a -> Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін дамытуда мектепішілік шаралардың ролін көтеру
056a -> «Сөздер сөйлейді» стратегиясы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...