Сабақ: Архимед күші Мектеп: 277 Орны: ж-31 Уақыты: 25-10. 10 Күні: 28. 02. 2017



жүктеу 88.37 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі88.37 Kb.
«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары_______ Г.М. Амантаева



Сабақ: Архимед күші

Мектеп: 277

Орны: Ж-31

Уақыты: 9.25-10.10


Күні: 28.02.2017

Мұғалімнің есімі: Абдразакова Ф.Ж.

Сынып: 7 «А»

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Сұйықтар мен газдардағы итеруші күштің табиғатын түсіндіру, есептерді шығару кезінде Архимед заңын пайдалану

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар:

Архимед заңын түсінеді, ығыстырушы күш ұғымын түсіндіре алады, ығыстырушы күштің формуласын пайдаланып есептер шығара алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Архимед заңын түсінеді, ығыстырушы күш ұғымын түсіндіре алады, ығыстырушы күштің формуласын пайдаланып есептер шығара алады, логикалық есептеулерді жүргізе алады

Кейбір оқушылар:

Архимед заңын түсінеді, ығыстырушы күш ұғымын түсіндіре алады, ығыстырушы күштің формуласын пайдаланып есептер шығара алады, күрделі есептеулерде логикалық ойлау дағдысы қалыптасады

Тілдік мақсат:

  • Негізгі сөздер мен тіркестер:

«Архимед», «күш», «сұйықтың тығыздығы», «салмақ», «көлем», «қысым», «аудан», «биіктік», «дененің массасы» терминдерінің қолданылуы мен айтылуы

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

1. Манометрдің құрылысы қандай?

2. Металл манометр қалай жұмыс істейді?

3. Сорғылардың жұмыс істеу принциптері қандай?

4. Сұйыққа батырылған денеге қандай күш әсер етеді?



Жазылым бойынша ұсыныстар:

Ығыстырушы күштің формуласын жаза алады

Алдыңғы оқу

Манометрлер, сорғылар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

1.Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу

Карточкалар алу арқылы 3 топқа бөлінеді: домалау үйкелісі, сырғанау үйкелісі, тыныштық үйкелісі

Бағалау парағын айтып өту

Барлық тапсырмадан алған балды бағалау парағына жазып отырады

2. Үй тапсырмасын сұрау

§42. Манометрлер, §43. Сорғылар, манометрдің құрылысының суретін салып келу, қосымша есептер шығару
Манометр құрылысының суретін критерийге

сай салынғанын тексеру, алған балын бағалау парағына жазып отыру


Бағалау дискрипторы



f:\ашық сабак 6 а\hello_html_19eaa40a.jpg f:\ашық сабак 6 а\рисунок1.png

№ 1,2 есеп



  1. Массасы 480 кг гранит плита ұзындығы 1, 2 м, ені 0, 8 м тіреу үстінде жатыр. Гранит плитаның тығыздығы 2600 кг/м3. Плитаның топыраққа түсіретін қысымын анықта.

  2. Теңіздің 2800 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын есептеңдер. Теңіз суының тығыздығы 1040 кг/м3

Тақтаға 2 оқушы шығып орындайды. Дұрыс орындалса 1 балл, қате болса қойылмайды.
«Келесі кім?»

Мұғалім бір оқушыға үй тапсырмасы бойынша сұрақ қойса, жауап берген оқушы келесі оқушыға сұрақ қояды.


«Физикалық диктант»

Берілген сөйлемдердің бос орындарына сөздерді қою арқылы үй тапсырмасын бекіту



  1. Қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап.....

  2. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғаш байқаған ....

  3. Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі ... қозғалыс деп аталады.

  4. Жүрек соғуы грекше ...

  5. Ұшқыштар ұшу биіктігін үнемі қадағалап отыру үшін ... ұшақтарға орнатылады.

  6. Екі жағы бұрандалы металл түтік ...

  7. Техникада көбінесе сұйықтың, газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін металл манометр қолданылады, кейде оны ... манометрі де те атайды.

ниппель альтиметр манометр механикалық Бурдон сфигмос Торричелли
Тапсырма орындалғаннан кейін қойылған сөздерден ерекшеленіп тұрған әріптерді қосу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

АКТ слайд, үлестірме қағаздар

флипчарт

үлестірме




Ортасы

Флипчарт (презентация)

Бүгінгі тақырыбымыз қандай екен?

Сабақтың мақсатын айту

Нені білуіміз керек?

Нені үйренуіміз керек?

Не үшін білуіміз керек?

Архимед күші жайлы бейнефильм
Топқа тапсырма бөлу «ДЖИГСО» әдісі

Топта жалпы барлығы оқиды

Жұпта талқылайды

Топта талқылайды

«Бағдаршам» әдісі. Қызыл, жасыл, сары үлестірме қағаздарды таңдау арқылы топ мүшелері басқа топ мүшелерімен алмасып тақырыпты талқылайды.

Өз топтарына қайта келеді. Әр топқа 3 түрлі тәжірибе беріледі, соларды орындау арқылы Архимед күшінің қай шамаларға тәуелді екенін анықтау

«Домалау үйкелісі» тобы. 1-тәжірибе

Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, көлемдері әр түрлі дене,стакан, сұйық (су) 


Көлемдері әр түрлі екі денені динамометрге іліп, кезегімен ыдыстағы суға батырып, динамометрдің көрсетуін жазып алып, қорытынды жасаңыз. 
Қорытынды: 
«Тығыздығы бірдей екі дененің қайсысының көлемі үлкен болса, сол денеге сұйықтың ығыстырушы күші көп болады, яғни дененің көлеміне тәуелді» 

«Сырғанау үйкелісі» тобы. 2- тәжірибе


Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, көлемдері бірдей, тығыздықтары әр түрлі заттар, стакан,сұйық (су)
Көлемдері бірдей, тығыздықтары әр түрлі денелерді алып, кезегімен ыдыстағы суға батырып, динамометрдің көрсетуін жазып, алып қорытынды жасаңдар. 
Қорытынды: 
«Көлемдері бірдей, тығыздықтары әр түрлі заттарға әсер ететін ығыстырушы күш бірдей болады, яғни дененің тығыздығына тәуелді болмайды» 

«Тыныштық үйкелісі» тобы. 3-тәжірибе 


Құрал-жабдықтар: штатив, динамометр, көлемдері мен тығыздықтары бірдей, формасы әр түрлі дене, стакан,сұйық (су)

Тығыздықтары бірдей, формалары әр түрлі денелерді алып,кезегімен ыдыстағы суға батырып, динамометрдің көрсетуін жазып, алып қорытынды жасаңдар. 


Қорытынды: 
«Ығыстырушы күш сұйық ішіндегі дененің формасына тәуелді болмайды.» 

Сергіту сәті

Оқушыларға физикалық шамаларды іс-қимылмен көрсетіп істеу
«Полиглот»

Әр топқа ағылшын тілінде терминдер беріледі, сол терминдерді қазақ тілі мен орыс тілдеріне аудару, дұрыс жауабын тақтадан тексеріп, алған балын парағына жазып отырады



  1. Архимед күші – Архимедова сила – buoyant force

  2. Тығыздық – плотность – density

  3. Үйкеліс күші – сила трения – frictional force

  4. Сұйық – жидкость – fluid, liquid

  5. Көлем – объем – volume

Барлық топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі

С- Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3

В- Темір кесегінің көлемі 0,1 дм3. Осы дене суға және керосинге толық батырылғанда оған қандай ығыстырушы күш әсерін тигізеді?

А- Гиерон патшасының алтын тәжінің ауадағы салмағы – 20Н, ал судағы салмағы 18,75Н болсын. Тәж затының тығыздығы қандай? Алтынға тек күмыс қосылған деп болжап, тәждің құрамында қанша алтын, қанша күміс болғанын табыңдар. Алтынның орташа тығыздығы – 20000 кг/м3, ал күмістікі – 10000кг/м3 деп есептеңдер.

Тақтаға 3 оқушы шығады, орындалған тапсырманы интерактивті тақтадан тексеру


интерактивті тақта

бейнефильм

бағдаршам

штатив, динамометр, стакан

үлестірме қағаз

интерактивті тақта




Аяқталуы

«Kahoot!»

Берілген сұрақтарға белгілі уақыт ішінде планшет арқылы жұптасып жауап беру



  1. Бүгінгі сабақтың тақырыбы?

  2. Архимед күшінің формуласы

  3. Архимед қай елдің ғалымы?

  4. Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?

  5. Сабақтан алған әсеріңіз?

Бағалау


Сабақта жинаған балл сандарын есептеп бағалау

10-12 балл – өте жақсы

7-9 балл – жақсы

4-6 балл - қанағаттанарлық


Үйге тапсырма:

§44. Архимед күші 23-жаттығу (3,4)

Архимедтің өміріне байланысты бір қызықты мәлімет, Архимедтің ашқан қандайда бір жаңалығы туралы сурет салып әкелу
Кері байланыс

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тақтада ілініп тұрған әуе шарына сәйкес суретке тақтаға іледі


планшет

интерактивті тақта

стикер, әуе шарының суреті



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ -мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  • Барлығы бірге орындайды

  • Жеке оқушылар үлестірмеден қосымша есептер шығарады

  1. Қошемет көрсету

  2. Өзін өзі бағалау

  3. «Басбармақ» әдісі

  • Өмірмен байланыс

  • АКТ

  • Қазақ тілі

Рефлексия


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.
2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.
2.



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет