Сабақ №30 Сілтеме Оқулық информатика Арман пв 2013 Сабақтың тақырыбы

Loading...


бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі1.22 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Күні: 23. 04. -25. 04. - 26. 04. 2016ж Қаралды:_____________

Пән: Информатика

Сынып: 5 «а», «ә», «б»


Сабақ

30

Сілтеме

Оқулық информатика Арман ПВ 2013

Сабақтың тақырыбы:

Калькулятор. Практикалық жұмыс


Жалпы мақсаты

Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру, калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық амалдарды қолданып есептер шығару.


Күтілетін нәтиже:

Калькулятор бағдарламасын іске қосуды, калькулятор батырмаларымен танысып, есеп шығаруды үйренеді.

Негізгі идеялар

Қолданылатын әдістер

сұрақ – жауап, тапсырмалар, практикалық жұмыс.

Құрал-жабдықтар:

Дербес компьютерлер, интерактивті тақта, оқулық

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


1. Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Үй тапсырмаларын айтады.



2. Негізгі бөлім


Бүгінгі сабағымыз «Алтын қақпа» ойыны түрінде өтпек.

Барлығымыз білетіндей алтын қақпаға жету үшін, тас қақпа мен күміс қақпадан өтуіміз керек. Сол қақпалардың тапсырмаларына дұрыс жауап беруіміз керек. Ең алғашқы қақпамыз тас қақпа. Тас қақпа бізге мынадай жұмбақ жасырады. Жұмбаққа дұрыс жауап берсек тас қақпамыз ашылады. Тас қақпаның артында жаңа тақырыбымыз жасырылған.



Жұмбақ

Бір нәрсе бұл дүниеде жоқ дерегі,


Әр жерде ақылдассаң бар керегі,
Қыстауы, жаз жайлауы он өзенде,
Өзінің сексен сегіз дөңгелегі.

(Есепшот)



Жаңа сабақ

Жұмбақтың жауабын дұрыс таптық. Қазіргі таңда есепшоттың орнына не қолданылады?



Сандық ақпаратты өңдеу

Калькулятор

Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс ісетуін WindowsXP-дің Калькулятор қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі элекрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.

Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз:

Іске қосу – Программалар – Стандартты – Калькулятор.

(Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор)

Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады.

Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.

Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Түр(Вид) менюінен оның сәйкес түрін таңдау арқылы орындалады.

Бұл калькулятордың жұмыс жасаудың принципі кәдімгі калькулятормен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту арқылы орындалады.



Қарапайым калькулятор


Калькулятордың қызметтік функционалдық батырмалары:

- соңғы енгізілген цифрды өшіреді

- индикация өрісінде жарықтанған санды өшіреді

- барлық енгізілген ақпаратты өшіреді

- енгізілген мәндерді бөледі

- енгізілген мәндерді көбейту

- енгізілген мәндерді азайтады

- енгізілген мәндерді қосады

- орындалған амалдардың нәтижесін шығарады

- квадрат түбірді есептейді

- санның процентін табады

- экрандағы санның кері мәнін есептейді (2*1/х=1/2)
Тарихи деректерден...

Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе Египет, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен батысеуропалықтар «абак», қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.



Жаңа сабақты бекіту

Тас қақпаның ішіндегі барлық мәліметтерді қамтып, күміс қақпағада келіп жеттік. Күміс қақпада жасырылған тапсырмаларды орындау үшін. Төмендегі 2 сұраққа дұрыс жауап беруге тырысайық. Сұрақ жаңа тақырыпқа байланысты екен:



  1. Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  2. Калькулятордың неше түрі бар?

Күміс қақпамызда ашылды. Күміс қақпаның ішінде сіздерге мынадай тапсырма жасырылған екен.

Калькулятордың функционалдық батырмалары


Оқушылар бос торкөздерге терезе элементтерінің атын және калькулятор батырмаларының атын жазып шығады.
Практикалық жұмыс

1-тапсырма

Сандық әткеншек.

Калькулятордың көмегімен келесі жазбалардағы амалдарды орындаймыз да, оларды WordPad мәтіндік редакторына жазамыз.

37 санының қызықты қасиеті

37*3=111


37*6=222

37*9=333


37*12=444

37*27=999


2-тапсырма

Математикалық есептер

  1. Ботаның салмағы-35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы нешеге тең?




  1. Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?

Берілген тапсырманы компьютерде орындайды.




3. Қорытынды бөлім

1. Калькулятор қосымшасы не үшін қолданылады?

2. Калькулятор программасының бірнеше терезесін бір уақытта ашуға бола ма?

3. Есептеулер нәтижесін мәтіндік құжатқа қалай көшіреміз?

4.Жұмыс үстелінде Калькулятор программасының жарлығын қандай тәсілдермен құруға болады?



Қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?

  • Мен білдім ... Мен үйрендім ... Маған ұнады ...

Сабақтан алған әсері,

жөнінде пікір айтады.



Үйге тапсырма

Калькулятор. тақырыбын оқып, калькулятордың шығу тарихы туралы жазып келу


Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады

Бағалау

Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.


Қысқа мерзімді жоспар Күні: 09. 04. -11. 04. - 12. 04. 2016ж Қаралды:_____________

Мұғалім: Тлеубаева А.Т.

Пән: Информатика

Сынып: 5 «а», «ә», «б»


Сабақ

28

Сілтеме

Оқулық информатика Арман ПВ 2013


Сабақтың тақырыбы:

Аралас құжаттар құру. Тест жұмысы


Жалпы мақсаты

Word Pad редакторымен жұмыс істеуді үйрету. Тақырып бойынша алынған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету;


Күтілетін нәтиже:

Word Pad редакторымен жұмыс істеуде үйренген алған білімдерін қорытындылап, практикалық жұмыс істеуді біледі.

Негізгі идеялар

Қолданылатын әдістер

сұрақ – жауап, тапсырмалар, практикалық жұмыс.

Құрал-жабдықтар:

Дербес компьютерлер, интерактивті тақта, оқулық

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


1. Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Үй тапсырмаларын айтады.



2. Негізгі бөлім


1. Ctrl + C пернелері тікесімі қандай қызмет атқарады?
А) Ерекшеленген бөліті алмасу буферіне көшіру
В) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту
С) Алмасу буферіне мазмұнын кірістіру
D) Құжатты дискіге көшіру.

2. Кегль деген не?


А) Әріптің түрі
В) Әріптің мөлшері
С) Әріптің түсі
D) Әріптің мәнері.

3. Жолақтың қандай бөлімі абзацты пішімдеу үшін жауапты?


A) Кірстіру
B) Бетті белгілеу
C) Бас тіркеме беті
D) Шимайлық.
4. Абзацты түзулердің ішіндегі артығы қайсысы?
A) Сол жақ шеті бойынша
B) Абзац бойынша
C) Оң жақ шеті бойынша
D) Ортасы бойынша.
5. Гарнитура деген не?
А) Әріптің түрі
В) Әріптің мөлшері
С) Әріптің түсі
D) Әріптің мәнері.
6. Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді?
А) Бас тіркеме беті
В) Кірістіру
С) Бетті белгілеу
D) Шимайлық.
7. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?
A) Шегіністерді орнатуға
B) Түзеуді баптауға
C) Жоларалық интервалды анықтауға
D) Маркерленген тізімді баптауға.
8. Абзацтың бірінші жолындағы шегініс үшін жауапты сызғыш:
A) Оң жақтағы төменгі маркер
B) Сол жақтағы жоғарғы маркер
C) Сол жақтағы төменгі тікбұрышты маркер
D) Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер.
9.Қиып алу батырмасы

А)

В)

С)

Д)

10.Кірістіру батырмасы



А)

В)

С)

Д)


Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

Оқулықтағы 188-190 беттегі деңгейлік тапсырмаларды орындау.



  Тест тапсырмаларына жауап береді.

Берілген тапсырманы компьютерде орындайды.




3. Қорытынды бөлім

1. Суретті мәтінге қосу тәсілдерін атаңдар.

2. Абзацты пішімдеу негізгі параметрлері қандай?

3. Сызғыш не үшін керек?

4. Палитра дегеніміз не?

5. Суреттің фрагментін қалай бұрамыз?

6. Пиксель дегеніміз не?

7. Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?

8. Мәтіндермен жұмыс істеуге арналған қандай программаларды білесіңдер?



Қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?

  • Мен білдім ...

  • Мен үйрендім ...

  • Маған ұнады ...

Сабақтан алған әсері,

қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.



Үйге тапсырма

Мәтіндік редактор бойынша өткен тақырыптарды оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады

Бағалау

Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.


Қысқа мерзімді жоспар Күні: 02. 04. -04. 04. - 05. 04. 2016ж Қаралды:_____________

Мұғалім: Тлеубаева А.Т.

Пән: Информатика

Сынып: 5 «а», «ә», «б»


Сабақ

27

Сілтеме

Оқулық информатика Арман ПВ 2013


Сабақтың тақырыбы:

Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу


Жалпы мақсаты

Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі

туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.




Күтілетін нәтиже:

 Мәтін теру ережесін;

 «редакциялау» түсінігін;

 Редакциялаудағы пернелер мен әмірлердің қолданылуын;

 Мәтінді ретімен теруді;

 Пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды;

 әрекетті кері қайтару командаларын



Негізгі идеялар

Қолданылатын әдістер

сұрақ – жауап, тапсырмалар, практикалық жұмыс.

Құрал-жабдықтар:

Дербес компьютерлер, интерактивті тақта, оқулық

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


1. Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Үй тапсырмаларын айтады.



2. Негізгі бөлім


Сендер енді – суреттерді құруды және өзгертуді, мәтін теруді,оны түзетуді және безендіруді білесіңдер. Енді біз мәтінге кескін қоюды үйренеміз.

Word құжатына дайын суреттерді, сондай - ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.


Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.
 Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.
 Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.)
 Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.
 Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.
 Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка - Вставить командасын орындаңдар.
 Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.
Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады.
 Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмастыру буферінен мәтінге кірістіру);
 Суретті файлдан кірістіру (кірістіру - кескін);
 Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint - те салу (кірістіру – Paint суреті)

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

Тапсырма:



  1. Paint редакторында отбасы ағашын салыңдар.

  2. WordPad редакторында отбасы туралы қысқаша әңгіме жаз

  3. Отбасы ағашын WordPad редакторына көшіру

  Керекті жерлерін жазып отырады.

Берілген тапсырманы компьютерде орындайды.




3. Қорытынды бөлім

  1. WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңдар.

  2. Мәтіннің қарпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

  3. Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

  4. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін ата.

  5. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.

  6. Кірістіру – кескін және кірістіру – Paint суреті бұйрықтары арасындағы айырмашылық неде?

Қорытынды сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?

  • Мен білдім ...

  • Мен үйрендім ...

  • Маған ұнады ...

Сабақтан алған әсері,

қиындығы, ұтымдылығы жөнінде пікір айтады.



Үйге тапсырма

Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Тақырыпты оқу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады

Бағалау

Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...