Сабақ 3 қатардың жарысы түрінде өтеді. 1-қатар "Достық" тобы, 2-қатар "Құрбы" тобы, 3-қатар "Жолдас" тобы

Loading...


Дата08.09.2017
өлшемі20.39 Kb.
түріСабақ
Тәрбие сағатының тақырыбы: Шын дос-таусылмас қазына

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың достық сезімі туралы білім деңгейін кеңейту. Адамдар арасындағы достық қарым- қатынасты ашу, досты қадірлеуге баулу.
Өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу, оқушылар арасындағы ынтымақ бірлік ұжымдылық сезімдерді кеңейту.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.

Барысы.

  1. Ұйымдастыру

Сабақ 3 қатардың жарысы түрінде өтеді. 1-қатар “Достық” тобы, 2-қатар “Құрбы” тобы, 3-қатар “Жолдас” тобы.

  1. Дос туралы өз түсініктерін айтады.

  2. Көрініске өз ой – пікірлерін ортаға салады.

  3. Дос туралы өлеңдер айтады.

  4. Мақал мәтелдер кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Шын дос- таусылмас қазына»
Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі , бірақ та кейбіреулер, шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді!
«Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрсада, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотел атамыз айтқан.
Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей,
Досыңа қосылғанда дем бергендей,
Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке.
Тұйғынға қапастағы жем бергендей,
- демекші, жақсы әдет- байлығымыз.- рухани күшіміз. Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын- абзал дос. «Доссыз өмір тұл»,«Доссыз өмір- тұзсыз ас » - деп халық тегін айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейді.
Бір данышпаннан дос жақсы ма, туыс жақсы ма деп сұрағанда, дос жақсы деп жауап берген екен. Ей, перзентім, білгенің жақсы, адам тірі кезінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан туыссыз болғаны жақсы. Достарым көп деп әркімге үміт түймесін қадауға әрекеттенбе. Ілгері мен соңғыға қара, достарыңның көзқарасынан хабарсыз болма. Дәмеленгіш кекшіл достан аулақ бол. Оның достығы нағыз достық емес, уақытша пайдалану ғана. Қызғаншақ , кекшіл, ішітар, сараң адамдар достыққа лайықты деуге болмайды деген екен.

Жақсы дос - ол да бір үлкен дәулет. Өйткені кімнің досы көп болса, оның айыбы ашылмайды. Достарың әрдайым көп бола бергені жақсы. Бірақ достың да досы бар, ақымақ дос тек өзіне ғана достық жасауды ұнатып, өзгеге жасағанын бұлдайды. Сондықтан халық ақымақ достан ақылды дұшпан артық дейді.

«Келіп- кетіп көп жүріп,
Мен досыңмын деп жүріп,
Жоқ нәрсені шатады,
Сөйтіп құдай атады!»
- деп ұлы Абай атамыз жалған достықтың жамандығын әшкере етеді. Яғни достықтыңда достығы болады екен. Осы мәселе төңірегінде қандай ой- пікірлерің бар ортаға салып көрейік.
Оқушылардың ойлары, пікірлерін тыңдау. Балалар сендер достық туралы қалай ойласыңдар, дос деген не? Дос қандай болу керек?
1-қатар. Менің ойымша «достық» деген – қасиетті ұғым. Дос адамдық асыл қасиетпен саған тек жақсылық ойлайды, қиындықта көмектеседі, қуанышта да, қайғыңды да бірге бөліседі.
Дос, қамқоршы, көмекші, жанын сала тыңдайтын ең жақын серік. Достық , дос болу достасу, бірлесу, ынтымақтасу, ұйымдасу – адамзаттың ізгі әрекеттері, игілікті тіршілік нәтижелері болып табылады.

2-қатар. Менің ең жақын достарым- сыныптастарым. Мектеп табалдырығын аттап басқаннан бері доспыз. Бір- бірімізге адал болуға, қажет кезінде демеу болуға тырысамыз. Ең адал, өмірлік достық- мектептегі достық болады дегенді көп естимін, соған қарағанда, біздің де достығымыз ұзағынан және адалынан болады деп ойлаймын.


3-қатар. «Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше» деп халық достасу , жарасымдылық , ынтымақтастық қасиеттер адамның өзіне байланысты екенін уағыздайды. Достасу ,серік табу –адамның бақытына бақыт қосады. Мен өзім адамдармен тез тіл табыса аламын деп ойлаймын , сондықтан менің достарым да көп. Достықты жоғары бағалаймын, әрқашан адал болуға , жақсылық жасауға тырысамын.

1-қатар. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегенде халық бірлік, достық ынтымақтасу дәстүріне ерекше мән берген ғой. «Күш бірлікте» «Жаяудың шаңы шықпас , жалғыздың аты шықпас», «Қалтаңда жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деген мақалдарда адам адамдарға дос болса екен деген ой жатыр. Доссыз жалғыз адамның жұмысы да өнбейді , ақыл косар адамы да жоқ . Өмірдегі ең қасиетті нәрсенің бірі достық деп ойлаймын.

2-қатар. Дос үш әріптен тұратын сөздің анықтамасы, қиналғанда қол ұшын беретін анаңнан кейінгі адам дегенді білдірсе керекті. Досты қадірлейтін әр адам өзінің тектілігі мен адалдығын аңғартады. Достық сені сыйлайтын қадір тұтатын адамның ыстық ықыласы десек те болады.

3-қатар. Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.



Енді мынадай оқиғаны өзара талқылайық:

Бір топ оқушы өзара әңгімелесуде. Оқшау бір оқушы тұр. Топ оқушының арасынан біреуі жеке тұрған оқушыны көрсетіп еді, топ оқушылар қолдарын сілтеп, жақтырмаған ыңғай білдірді


Жүргізуші: «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз. Бір топ оқушының қылықтары дұрыс па? Өзара достыққа лайықты жандар ма? Осындай достарың болғанын қалайсың ба?

Балалар достық туралы қандай өлеңдер білесіңдер?


1-қатар. Нағыз дос бірі- біріне тарылмайды.
Жуырда түрткеніңе жарылмайды.
Жақсы - жаман айтар деп елемейді,
Бақ дәулет сол адамнан арылмайды.

2-қатар. Шын дос үшін қалайда


Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды.

3-қатар. Дос дегенің шар айна

Сындырып алма абайла
Сындырып алсаң егерде
Құрастыру оңайма?

Енді мына көрініске назар аударайық.


Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатарынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.
- Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?
- Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.
- Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр
- Мамаң ұрыспай ма?
- Мамама түсіндіріп айтамын ғой.
- Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді)

Мақал-мәтелдер кезеңі:
1.Жақсы дос ашып айтар
Жаман дос қасып айтар.
2.Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
3.Досыңмен дос болғанша сақтан,
Дұшпаныңмен дос болудан сақтан.
4. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

5.Досы көпті дау алмайды,

Ақылы көпті жау алмайды.

6.Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

7. Доссыз өмір тұл

8. Доссыз өмір, тұссыз ас.

Жарайсыңдар, жалпы алғанда, адам өміріндегі ең ұмытылмайтын шақ , яғни мектептегі шақ , мектептегі достарың.

Негізі достын 3 түрі бар. 
1) мұрныннан қан кеткенше яғни тығырыққа тіреліп қалган кезде қасыннан кетіп қалатын достар.
2) қораңнан малың кеткенше яғни сенің қалтана қарап журетін достар қалтанда ақша болса қасыңнан табылады ал егер ақша жок болса кетіп қалатын достар.
3) кеудеңнен жаның кеткенше яғни бұл достардың арасында ақша тұрмайды бір бірі ушін жанын беруге дейін дайын болатын достар.

Қорытынды:
Сонымен, достық дегеніміз- ізгі ниетті, ақ пейілді адамдардың бір- біріне жақсылық жасауға, ниет қосып, іс- әрекетте ортақтасуы.
Достасудан- бірлік, бірліктен- тірлік, тірліктен- жеңіс, қуаныш, бақыт туындайды. Сондықтан балалар, адал достықты таба біліңдер. Достарыңа әрқашан адал, таза ақ ниетті болыңдар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды қортындылай келе, сендерге тек қана шын дос тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.

Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,


Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,

Әлде кімге көңілің бір мұздаса.

Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жат құлап.
Жақын өлсен тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.

Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,


Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.

Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,


Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.

деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Сау болыңыздар.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Сабақ 6-шы сыныптар Сабақтың тақырыбы Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлігі және оларды өңдеудің тәсілдері Сілтеме
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
attachment -> Жаңа сабақты түсіндіру 28. 11. 12 Сабақтың тақырыбы: Жанатын пайдалы қазбалар. Мағынасын аш
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
attachment -> 5 сыныпқа арналған тақырыптар бойынша тесттер
attachment -> Практикумы Тақырыбы: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...