Сабақ №2 Сабақтың тақырыбы: 3- тақырып. Бағдарламаларды іске қосу құжаттарды ашу. Сабақтың мақсаты

Loading...


Дата09.09.2017
өлшемі44.46 Kb.
түріСабақ
Сабақ №2

Сабақтың тақырыбы:  3.3- тақырып. Бағдарламаларды іске қосу құжаттарды ашу.

Сабақтың мақсаты:

   Білімділік:Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру.

   Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянықтылыққа үйрету.

   Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін ,логикалық-абстракциялық   дамыту.

   Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі- иллюстративті, қатемен жоспарланған дәріс

   Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьтер, оқулық, жұмыс  дәптері.

   Сабақтың өту барысы:

                         1.Оқушыларды ұйымдастыру 2 мин

                         2.Үйге берілген тапсырманы тексеру 8 мин

                         3.Жаңа тақырыпты түсіндіру 20 мин

                         4.Тапсырмаларды орындау 8 мин

                         5.Сабақты бекіту 5 мин

                         6.Үйге тапсырма беру 2 мин

   Өткен материалды қайталау сұрақтары



  1. Терезе дегеніміз не? (жақтаумен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар)

       2. Терезенің қандай түрлері бар? Терезенің 4 түрі бар:

  • Қапшық терезесі (Менің құжаттарым)

  • Қолданбалы терезе (Paint графикалық редакторының терезесі)

  • Диалогтық терезе (Мерзім және уақыт терезесі)

  • Анықтама терезесі (Калькулятор бағдарламасы)

3. Терезе элементтерін және олардың атқаратын қызметін айтыңдар



4. Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің қызметі қандай?



(жималау, жаймалау, жабу)

5. Жарлық дегеніміз не? (нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер.)

6. Сәйкестікті тап (1-2, 2-4, 3-5, 4-1, 5-3, 6-7, 8-6, 9-6)


Файл кеңейтілімі

Сипаттамасы

1. .bmp

Музыкалық файл

2. .doc

Paint графикалық қолданбасының суреті

3. .txt

Бейнеклип

4. .mp3

Word және Word Pad мәтіндік редакторларының құжаттары

5. .avi

Блокнот қолданбасының құжаты

6. .xls

Power Point қолданбасының презентациясы

7. .ppt

Excel кестелік процессорының құжаты

8. .html

Интернет бетінің құжаты


  1. Жұмыс жүріп жатқан терезе қалай аталады? (актив терезе)



  Жаңа сабақты түсіндіру:

   Бағдарламалардың іске қосудың және құжатты    ашудың 3  тәсілі бар:

                          1.”Менің компьютерім” қапшығының терезесі арқылы

                          2. Бағыттауш бағдарламасы арқылы

3.”Пуск”батырмасын пайдаланып   

Пуск”батырмасының көмегімен бағдарламаларды іске қосу

1.Пуск батырмасын басамыз,сонда Бас меню пайда болады

      2. Бас менюде тышқанның нұсқауышын  Бағдарламалар  (Программы)

      командысына рналастырамыз, сонда бағыныңқы меню шығады

      3.Бағыныңқы менюде тышқанның нұсқауышын Стандартные команды-

      сына орналастырамыз, сонда келесі тышқанның нұсқауышын қажетті қолданбаға орналастырып , оны шертсек қолданба ашылады.

Пуск”батырмасының көмегімен құжатты қалай ашады

Бас меню арқылы құжатты ашу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:


  1. Пуск батырмасын басу

  2. Бас менде Документы командасына мауыс нұсқағышын орналастыру, бағыныңқы меню қалқып шығады, онда жақында ашылған 15 құжат көрсетіледі

  3. Маус нұсқағышын белгілі бір құжаттың белгішесіне әкеліп, маустың сол жақ батырмасын шертіңдер.

Сонда таңдалған құжаттың терезесі мен онда құжат жасалған қолданба ашылады.

       “Менің компьютерім (Мой компьютер)”қапшығы арқылы бағдарламаны іске қосу:

      1. Менің компьютерім (Мой компьютер) қапшығының терезесін ашамыз.

      2. Менің компьютерім (Мой компьютер)қапшығындағы диск  С  белгішесіне  тышқанның

         нұсқауышын орналастырып, екі рет шертіп, С  дискінің терезесін

         ашамыз

       3. Бұл терезеде  Program Files қапшығының терезесін ашамыз


  1. Бұл терезеде қажетті  қапшықтарда орналасқан қолданбаларды іске қосамыз.

 “Менің компьютерім (Мой компьютер)”қапшығы арқылы құжаттарды ашу

  1. Менің компьютерім қапшығын ашу

  2. Менің компьютерім қапшығындағы С:\ дискісін ашу

  3. С:ө дискісіндегі менің құжаттарым (Мои документы) қапшығын ашу

  4. Бұл терезеде ашатын құжаттың белгішенің атына маус нұсқағышын орналастырып, оны 2 рет шертсек, құжат ол бұрын құрылған қолданбада ашылады.

Бағыттауыш  қолданбасын іске қосу:

   1.Пуск- Бағдарламалар (Программа) – Проводник

  2.Пуск батырмасына тышқанның нұсқауышын орналастырып оң батырмасын басу, қосымша менюден Проводник командасын орындау

   Бағыттауыш қолданбасының терезесі екі бөліктен тұрады:

    оң және сол жақ

     Бағыттауыш қолданбасы арқылы бағдарламаларды іске қосу:

    1.Бағыттауыш қолданбасын іске қосу

    2.Терезенің сол жақ бөлігіндегі Program Files қапшығын ашу

    3.Бұл терезеде қажетті қапшықрада орналасқан қолданбаларды іске қосамыз

Бағыттауыш  қолданбасын арқылы бағдарламаны іске қосу:


  1. Бағыттауыш қолданбасын іске қосу

  2. Терезенің сол жақ бөлігіндегі Program Files қапшығынан Accessories қапшығын шерту.

  3. Ашылған терезеден Word Pad мәтіндік редакторы қолданбасы ашылады

Бағыттауыш қолданбасы арқылы құжатты ашу

  1. Бағыттаушы қолданбасын іске қосу

  2. Менің құжаттарым қапшығын ашу

  3. Терезенің оң жақ бөлігіндегі қалаған құжатты ашамыз.

    Тапсырмалар:

    1.Осы үш әрекет арқылы Word Pad мәтіндік  редакторы қолданбасын іске қосып көріңіз.

   2.Жұмыс дәптеріндегі берілген тапсырмалаларды орындау

    Сабақты бекіту сұрақтары:

    “Менің компьютерім қапшығының терезесі арқылы бағдарламаларды   қалай іске қосамыз?

     Бағыттауыш бағдарламасы арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз?

    “Пуск”батырмасын пайдаланып бағдарламаларды қалай іске қосамыз?

     Осы үш әрекеттің ерекшіліктері қандай?



    Үйге тапсырма: Оқулықтағы 3.3 тақырыпты оқу, «Бағдарлама» тақырыбына сөзжұмбақ құру.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Сабақ 6-шы сыныптар Сабақтың тақырыбы Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлігі және оларды өңдеудің тәсілдері Сілтеме
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
attachment -> Жаңа сабақты түсіндіру 28. 11. 12 Сабақтың тақырыбы: Жанатын пайдалы қазбалар. Мағынасын аш
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
attachment -> 5 сыныпқа арналған тақырыптар бойынша тесттер
attachment -> Практикумы Тақырыбы: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...