Сабақ: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс Мектеп: №153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицей



жүктеу 66.91 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі66.91 Kb.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


САБАҚ: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Мектеп: №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицей


КҮНІ: 03.10.2016жыл


Мұғалімнің есімі:

Битаева Салтанат Есенгелдіқызы

СЫНЫП: 11 (жаратылыстану бағыты)

Қатысқандар саны: 22


Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсінеді, оның ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсетеді, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсете алады. Оқушылардың қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелейді, тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылай алады.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебін айта алады, орталықтарын картадан көрсете алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қозғалыс басшылары, көтерілістің барысы жөнінде кестелер мен тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы мағлұматтарды тереңірек есте сақтау қабілетіне ие болады және тұлғалардың еңбектерін сипаттап айта алады.

Кейбір оқушылар: дүниежүзілік ұлт - азаттық қозғалыстармен салыстырып талдау жасай алады, көтеріліс барысын дәлелді пікірлермен тұжырымдай алады.

Қосымша тарихи дерек көздер:

С. Асфендияров.«1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс»,

М. Әуезов. «Қилы заман», С. Мұқанов. «Ботакөз»,

Ж. Аймауытов. «Қартқожа», С. Сейфуллин. «Тар жол тайғақ кешу»

http://e-history.kz, https://kk.wikipedia.org/wiki/




Тілдік мақсат:

Оқушылар:

Ұлт - зиялыларының ұстанған бағытымен танысып, тарихи тұжырымды пікір қалыптастырады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

«Маусым жарлығы», реквизация, мобилизация, «Қазақ» газеті, Жетісу, Торғай-көтеріліс ошақтары, Куропаткин бұйрығы, А.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Алаш зиялылары, т.б

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Қазақ халқының тәуелсіздік алуы неліктен кешеуілдеді деп ойлайсыздар?

2.Неліктен ұлт зиялыларын «халық жауы» деп атады?



Жазылым бойынша ұсыныстар:

Семантикалық картада, ВЕНН диаграммасында тақырып мәнін ашыңдар

Алдыңғы оқу

Ж.Нұрмұхамед-ұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі

ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/5 минут/

1. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

2. «Күту ағашы» әдісі арқылы жағымды ахуал орнату. Тақтадағы күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, іледі.

Сабақтың мақсаты айқындалады.

Сұрақтар:

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс туралы не білеміз?

  • Көтеріліс жетекшілерінен кімдерді білеміз? 

  • Көтеріліс болған жерді картадан көрсете аламыз ба?

Күту ағашы, стикер


Ортасы

/35 минут/

3.Оқушыларды  топқа  бөлу.   ХХ  ғасырдың 

саяси партиялары  бойынша  топқа  бөлемін.

«Алаш»,  «Қазақ» «Жетісу»

Оқушылар  қолдарына алған топ аттары бойынша топқа бөлініп өз орындарына отырады. Топ басшысы, топ хатшысы, баяндаушы, топ  суретшісі сайланады.

4.«Стоп  кадр» әдісі. 1916 ж көтеріліске байланысты тақырыпта видеофильм қойылып оған  тақырып  бойынша ХІХ-ХХғ. басындағы ең  ірі  оқиғалар тізімін жасауға 

тапсырма беремін. (көтерілістер, саяси  оқиғалар, біріші дүние жүзілік  соғыс) Әр оқушы жеке ойланады, жұбымен және топпен талқылайды.  Жариялайды.

5. Миға шабуыл.

Балалар, сабақтың басында көрген көрініс  бойынша бүгінгі  тақырыпты қандай деп  ойлайсыңдар?

Видеофильм арқылы оқушылар тақырыпты ашады

ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі:

6. «Сен  маған мен саған»



Оқушылар флипчарт бетіне тапсырманы орындап, оны келесі топқа береді. Баяндамашы қорғайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша, әр топ бір-бірлерін бағалайды.

7.«Ойды  аяқта».  Әр  топқа мазмұны яқталмаған

парақша  беремін. Сол  берілген  тапсырмалардың

ішіндегі  жоқ сөздерді  теріп жазады, анықтама береді.

8.«Тұлғаны таны»

А. Байтұрсынов: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».

М. Дулатов «…жұрт сеңдей  соғылды, түнде ұйқыдан, 

күндіз  күлкіден айырылды»



Рысқұлов «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар

арасындағы этностық жанжалдар  даладағы  өмірдің

  сипатты белгісіне  айналды»

Ә. Бөкейханов «Қазақ- қырғыз осы  көтерілісте  көп

адамын  өлтіріп, шаруасын  күйзелтсе  де  келешекке

қандай ел  екенін  білдірді»

Ой толғаныс кезеңі:

9. «Тәуелсіздік жолындағы күрес» эссе жазу 5 минут

10. «Серпілген сауал» топтар сағат тіліне бағыттас жүре отырып, бір-біріне бүгінгі тақырыптың аясында 4 сұрақ қойып, келесі топтар оған жауап береді.

Үйге тапсырма:

«1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын оқу, «Тәуелсіздік жолындағы күрес» тақырыбына эссе аяқтау

Тақырып бойынша тест сұрақтарына дайындалу


Топ аттары

АКТ, видеофильм

флипчарт, маркерлер, стикерлер, портреттер, слайдтар, кесте, сызбалар, Алаш қайраткерлері-

нің суреттері, кестелер, т.б.



Үлестірмелер


Аяқталуы

/5 минут/

Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ басшысы бағалайды.

Кері байланыс. «Күту  ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасату.

«Сабақ саған ұнады ма?»,

«Сабақ қаншылықты  қиын болды»

«Сабақтың  соңында  қандай  сезімде  болдың?» деген саулдар төңірегінде ой бөлеседі.




Өзін -өзі бағалау парақшасы 
Бағалаудың крийтерилері

Қосымша ақпарат




САРАЛАУ

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

БАҒАЛАУ

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс. Құндылықтар-

дағы байланыс.




Оқушылардың сабақты меңгергенін кері байланыс арқылы тексеруді жоспарлаймын




РЕФЛЕКСИЯ







ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАМДАУ

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1.

2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1.

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет