С. А. Кеңесбекова, Л. Батырбекова Мұғалімнің педагогикалық процесте оқыту технологияларын қолдану барысында туындайтын мәселелері

Loading...


жүктеу 76.06 Kb.
Дата10.06.2017
өлшемі76.06 Kb.
С.А. Кеңесбекова, Л. Батырбекова
Мұғалімнің педагогикалық процесте оқыту технологияларын қолдану барысында туындайтын мәселелері
Қазіргі кезде білім беруші ұйымдардың алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру, өзін өзі рухани қажеттіліктерімен қамтамасыз ете алатын жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін мұғалімдер көп жағдайда педагогикалық процесті жүргізу барысында жаңа оқыту технологияларын қолданады.

Соңғы жылдары біз білім беру кеңістігінде болып жатқан ауқымды процестердің куәсі болып жүрміз. Осы орайда көптеген педагогтар көзқарасы әр оқушы білім беру саласындағы белгіленген стандартты білімді игеруі үшін дәстүрлі оқытудан гөрі педагогикалық технологиялар көмегімен оқыту тиімдірек дегенге саяды. Оқыту технологияларын әдістемелік тұрғыда дұрыс қолданған жағдайда, оқушылардың танымдық іс-әрекеттері дамиды, шығармашылық белсенділіктері жоғарылайды, өзіндік білім алу жағдайына өту жүзеге асады.


Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасында: заманауи құралдармен жабдықталған (байланыс және коммуникация құралдары, желілік өзара байланыс, кеңжолақты интернет, мультимедиялық кабинеттер, интерактивті тақта, аудио-бейне техникалар, цехтар, шеберханалар) оқыту пән кабинеттері болуы қажет деп көрсетілген [1]. Осыған орай білім беру ұйымында оқыту технологияларын қолдануға қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.


Білім беру саласында педагогикалық технологияларды қолдану тиімділігі В.И. Андреев, В.П. Беспалько, В.И. Боголюбов, М.В. Кларин, В.Ю. Питюков, Я.А. Савельев, Г.К. Селевко, В.А. Сластенин және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Білім беру процесінде заманауи оқыту технологияларын қолдану жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру құралы ретінде қарастырылады. Отандық ғалым Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған [2].

Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:

- ойын арқылы оқыту технологиясы;

- проблемалық оқыту технологиясы;

- тірек сигналдары арқылы оқыту;

- деңгейлік саралап оқыту;

- міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;

- бағдарламалап оқыту технологиясы;

- оқытудың компьютерлік технологиясы;

- дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;

- дамыта оқыту технологиясы;

- модульдік оқыту.


Педагогикалық процесті технологизациялау – білім беру процесі тиімділігін жоғарылату бағыты, көзделген оқу мақсатына жету кепілі. Адамның кез келген іс-әрекеті екі деңгейден тұрады: технологиялық (қалай жүзеге асады) және еңбек (қалай жүзеге асырамын). Технология үнемі дамиды, алдын ала жоспарланады. Технология объективті, ол адам бойындағы жеке сапасына байланысты емес. Ғылыми тұрғыда негізделген технология белгілі біп ғылым саласы мен өндіріс арасындағы байланыс болып табылады. Оқыту технологиясы да оқыту теориясы мен практикасы арасындағы байланыс болып саналады. Оқыту теориясын оқыту процесінде пайдалану үшін технологизациялау, яғни педагогикалық міндеттерді шешу құралына айналдыруымыз қажет.


Егер, технология ұғымын оқыту әдістемесін зерттейтін ғылым саласы деп қарастырсақ, онда келесідей тізбекпен түсіндіруге болады: педагогикалық теория – педагогикалық технология - педагогикалық практика. Яғни, жоғарыда айтып өткеніміздей теориялық білімді практикада пайдалану үшін технологизациялау, іс-әрекет түріндегі процедураға айналдыру қажет.

Егер, технология ұғымын білім беру ұйымы деңгейінде қарастырсақ, онда аталмыш ұғым қойылған мақсаттан бастап нәтижеге дейін барлық процесті қамтиды. Басқаша айтқанда, технология білім беру ұйымының педагогикалық жүйесінің бір бөлімі, жалпы педагогикалық міндеттерді шешу әдістері жиындығы болып табылады.

Егер, технология ұғымын мұғалім іс-әрекеті деңгейінде қарастырсақ, онда бұл жоғары нәтижеге жетуге бағытталған кәсіби іс-әрекет әдісі ретінде көрініс табады.

Педагогикалық процеске қатысушыларды екіге: білім алушылар мен білім берушілер деп бөлсек, онда оқыту технологиясын да екі қабатқа бөліп көрсетейік. Біріншісі (ішкі) – оқушылар іс-әрекетінен, екіншісі (сыртқы) – мұғалім іс-әрекетінен тұрады. Оқыту технологиясының ішкі қабатын оқыту мазмұны мен субъектісі десек, онда сыртқы қабаты нақты жағдайда осы екі ұғымның өзараәрекеттесуі болмақ.

Оқыту технологиясын сөз еткенде әдістемеден айырмашылығы неде,-деген мәселелі сұрақ туындайды. Осыған орай бірнеше анықтамаға тоқталып өтейік:

1. «Технология» сөзі грек тілінен аударғанда «өнер» деген мағына береді. В.П. Беспальконың пікірінше: «Кез келген іс-әрекет технология немесе өнер болуы мүмкін». Өнер интуицияға, технология ғылымға негізделеді. Не нәрсе өнерден бастау алып, технологиямен аяқталады және қайта бастау пайда болады [3].

2. Технология – бұл, белгілі бір құралдар көмегімен нәтижеге жетуге бағытталған әдістеме.

3. Оқыту технологиясы - мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру [4].

3. Технология мен әдістеме. Бұлар біріккенде оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеттесуіне жағдай туғызатын әдіс-тәсіл түрінде болады.

4. Әдістеме – бұл, өте кең ұғым, бұған бірнеше технологияны енгізуге болады. Көп жағдайда әдістеме - тұтас педагогикалық жүйе сапасы ретінде қарастырылады [5].

Сонымен, әдістемені технология, технологияны әдістеме деп түсіндіруге бола ма? Технология құрамы – әдістер жиынтығы емес, көзделген нәтижеге жеткізетін анықталған іс-әрекет кезеңдері. Технология оқу процесі заңдылықтарына сүйенеді, ал әдістеме эмпирикалық тәжірибеге, педагог шеберлігіне сүйенеді.

Оқыту технологиясы құрылымы:

- концептуальді негіз;

- оқыту мазмұны;

- оқыту мақсаты: жалпы және нақты;

- оқу материалының мазмұны;

-процессуальді бөлім – технологиялық процесс;

- оқу процесінің ұйымдастырылуы;

- оқушылардың оқу іс-әрекеті түрі;

- мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті түрі;

- мұғалімнің оқу материалын игеру процесін басқару қызметі;

- оқу процесін диагностикалауі.

- диагностика учебного процесса.

Оқыту технологиясы әдістемелік талаптарға сай жүзеге асуы керек. Г.К. Селевко бойынша, бұл:

- Тұжырымдалған. Кез келген оқыту технологиясы білім беру мақсатына жетуге жағдай жасайтын философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негізі бар ғылыми тұжырымдамаға сүйенуі керек.

- Жүйеленген. Оқыту технологиясы логикалық ойлау жүйесіне сай, мақсатқа бағытталып, процестердің өзара байланысы негізінде жүзеге асуы қажет.

- Басқарылған. Оқыту процесі жоспарланған, нәтижесі болжанған болуы керек.

- Тиімді. Оқыту технологиясы белгілі бір оқыту стандартына сәйкес нәтижеге жетуге кепілдік беретін болуы керек [6].

Күні бүгінге дейін «технология» мен «әдістеме» ұғымдарының ара жігін түсінбейтін мұғалімдер кездеседі. Сондықтан осы сұрақты, мұғалімнің педагогикалық процесте оқыту технологияларын қолдану барысында туындайтын мәселелері ретінде қарастырдық.

Электрондық оқулықтар, оқулықтар, оқу құралдары, интерактивті тақта оқытудың заманауи құралдары болып саналады. Заманауи оқыту технологияларының тиімділігін айта отырып, электрондық құралдармен қалай жұмыс жасау қажет, педагогикалық процесте қалай қолданған дұрыс,-деген туындайтын сұрақтарды естен шығармаған жөн. Жаңа инновациялық оқыту технололгияларын қолдану ерекшелігі – мұғалім мен оқушылар тарапынан жоғары белсенділікті талап етеді және таңдап алынған оқыту технологиясының ерекшелігі мен мақсатын аудиториыға түсіндіруде мұғалім тарапына үлкен күш түседі. Егер, оқушыларға оқыту технологиясы жөнінде мәлімет берілмей бірден педагогикалық процесте қолданылса, нәтижесі төмен болатынын күнделікті мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінен көріп жүрміз.

Мәселен, оқушыларға дайын материалды өз беттерінше игеруге бердік делік. Компьютерлік оқыту технологиясы арқылы оқушылар кедергіге ұшырамай, оңай игеретін секілді. Әрине, оқушылардың белсенділіктері оқу материалын игеруге мүмкіндік туғызады. Алайда, мұғалім оқыту технологиясы жөнінде толық мәлімет беріп өтпесе оқу материалын түбегейлі түсінбеуге әкеліп соғады. Бір сабақта мультимедиялық құралды, электрондық оқулықты қолдану бірмезгілде иллюстративті, әдістемелік, аудио, видео оқу материалдарын қолдану мүмкіндігін туғызады. Бұл әрине жақсы нәтижеге, яғни оқу материалын неғұрлым тереңірек, толығырақ меңгертуге жағдай туғызады. Бірақ, бұл процестің жағымсыз жағын ойлап көрейік. Үнемі компьютерлік технологияны қолдану оқушы денсаулығына кері әсер етеді, көру аппаратының қызметі төмендейді. Адам денсаулығынан маңызды ештеңе жоқ екенін ұмытпауымыз қажет.

Түрлі оқыту технологияларды қолдану ойлаудың дамуын кенжелету мәселесіне алып келетіні анық. Себебі, қазіргі оқыту технологиялары көп жағдайда техникамен тығыз байланысты. Техника оқулықтағы тапсырмаларды орындауды жеңілдетіп, санайды, өлшейді, нұсқау береді.

Мұғалімнің басты міндеті – оқушының ойлау қабілетін дамыту. Оқушы білім негізін өзіндік жұмыс, электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы игере алмайтынын есепке алуымыз қажет. Сондықтан, мұғалім оқушылардың интенсивті ой алысуларына жағдай туғызуы қажет. Оқушылардың ақыл-ой қызметін белсендендіре отырып, қызығушылықтарын арттырған дұрыс. К.Д. Ушинский: «Қызығушылық тұлға қажетсінуімен тығыз байланысты. Қызығушылықты дамыту үшін баланың табиғи әуесқойлығын пайдалана отырып, ізденуге алып келуге болады»,-деп көрсетті [7]. Ол қызығушылықтың психологиялық негізін көре білді.

Педагогикалық процесте оқыту технологияларын қолдану құндылығы – бұл мұғалім мен оқушының өзара түсінісуі, өзара әрекеттесуі. Оқыту технологияларын қолдану барысында көп жағдайда біз педагогикалық процесте субъектілердің өзара әрекеттесу мүмкіндігін шектеп аламыз. Сондай – ақ, білім беруді басты мақсат етіп алып, педагогикалық компоненттің тәрбиелеу бөлігін жоғалтамыз. Сондықтан оқыту технологиялары мен тәрбиелеу технолологияларын бірлікте қолдануды қолға алу қажет.

Мұғалімнің педагогикалық процесте оқыту технологияларын қолдану барысында мәселе, яғни қарама-қайшылық тудыратын жағдайларды төмендегідей бөліп көрсетуге болады:

- білім беру саласында жаңа инновациялық технологияларды қолдануға қойылатын талап және өндіріске енгізуге дайын емес, толық өңделмеген теория.

- оқыту процесінің қажетті техникалық құралдармен жабдықталуы және гуманитарлық пәндер бойынша ақпараттық – коммуникативтік технологияларды оқыту процесінде қолдануда дидактикалық негізделген жүйелік бағдарламалардың аздығы.

Қазіргі таңда оқытудың жаңа технологияларын өндіріске енгізу үшін мынадай мәселелер жолға қойылуы қажет деп санаймыз:



- инновациялық технологиялардың педагогикалық, әдістемелік, техникалық қолдану ерекшеліктері жөнінде мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулардың жазылуы.

- мұғалімнің инновациялық технологияларды оқыту процесіне енгізуде әлеуметтік және педагогикалық аспектілерге талдау жасауы.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...