Құрметті студент! 2016 жылы



жүктеу 335.51 Kb.
Дата12.04.2017
өлшемі335.51 Kb.



Құрметті студент!
2016 жылы «Білім - 1» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.

Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.




Мамандық шифры

Мамандықтардың атауы

Жауап парағының 6-9 секторларындағы пәндер реті

5В011200

«Химия»

1. Педагогика

2. Химияны оқыту әдістемесі

3. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

4. Химиялық экология


1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:


1. Педагогика

2. Химияны оқыту әдістемесі

3. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

4. Химиялық экология




  1. Тестілеу уақыты - 180 минут.

Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.


  1. Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.




  1. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.




  1. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.




  1. Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.

7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;

- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;

- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға



қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.

Педагогика




1. Білім берушілік іс-әрекет субъектілері:

A) қоғам


B) білім беру мекемелері

C) ғалым және басқарушы

D) ата-ана

E) оқушы


F) мұғалім


2. Жеке тұлғаның ең маңызды белгiлерi:

A) саналылығы

B) орталық нерв жүйесінің қасиеттері

C) инстинктері

D) дене қасиеттері

E) даралығы

F) жауапкершiлiгi


3. Педагогика саласында балалардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар:

A) Толстой Л.Н., Сластенин В.А

B) Ж.Ж.Руссо, Дистервег А

C) Дистервег А., Сластенин В.А

D) Хмель Н.Д., Ушинский К.Д

E) Сластенин В.А., Кузьмина Н.В

F) Ушинский К.Д., Толстой Л.Н

G) Коменский Х.А., Джон Локк




4. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер:

A) психологиялық

B) технологиялық

C) теориялық

D) әдіснамалық

E) эмпирикалық




5. Педагогикалық үдерістің мәнін қарастырған ғалым педагогтар:

A) Б.Т. Лихачев

B) И.А. Иванов

C) С.Т. Петров

D) К.Д. Ушинский

E) А.И. Герцен

F) В.Г. Белинский

G) Ю.К. Бабанский

H) М.А. Данилов


6. Эстетикалық тәрбие міндеттерінің бірі:

A) ғылыми дүниетаным қалыптастыру

B) ағзаны шынықтыру

C) мемлекетке деген құрмет сезімін қалыптастыру

D) эстетикалық талғамды және сезімді дамыту

E) эстетикалық білімдер беру

F) еңбек қабілеттілігін арттыру


7. Тұлғаның әлеуметтенуі кезінде оның дамуына әсер ететін факторлар:

A) Объективті факторлар

B) Мезофакторлар

C) Макрофакторлар

D) Минифакторлар

E) Экстрафакторлар

F) Монофакторлар

G) Субъективті факторлар




8. Дүниетаным - бұл:

A) Мемлекеттің дамуына деген көзқарастар жүйесі

B) Ақиқатты дүниеге деген көзқарастар жүйесі

C) Адамның алатын орнына деген көзқарастар жүйесі

D) Сынып ұжымының алатын орнына деген көзқарастар жүйесі

E) Мектептің жағдайына деген көзқарастар жүйесі




9. Педагогтың жоспар құра білуі, ұйымдастыра білуі – бұл:

A) Нәтижені болжай білу

B) Бағыттауды

C) Дұрыс сөйлей білу

D) Жүйелеуді

E) Оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесін анықтауды




10. Әңгімелесудің түрі:

A) әңгімелесу-экспромт

B) шығармашылық

C) мадақтаушы

D) диагностикалық

E) жазалаушы




11. А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму принциптері:

A) Басқалардың пікірін құрметтеу

B) Жариялылық, жауапты бағынушылық

C) Өз тәжірибеңді тәрбиелеуде қолдану

D) Гуманизм, альтуризм

E) Тәртіпті қатаң сақтау, кез келген қателікті қатаң жазалау

F) Тәуелсіздік, гуманизм адамға жағымды әсер ететін тірек


12. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің міндеттері:

A) Педагогикалық

B) Әлеуметтік

C) Диагностикалық

D) Болжамдық

E) Дамытушылық




13. Тәрбиеде ата-аналардың жіберетін негізгі қателіктері:

A) Жұмыс бастылық

B) Мектеп пен жанұяның ынтымақтастығы

C) Педагогикалық сауатсыздық

D) Тәжірибесіздік

E) Мінез-құлық ерекшеліктері

F) Лайықты тәртіпті қалыптастырмау

G) Тәрбиелік іс-әрекеттің жүйесіздігі




14. Оқу бағдарламасының мазмұндық құрылысы ол:

A) Оқыту материалының мазмұны қайталанып отырады

B) Оқу материалы қол жетерлік деңгейде болады

C) Оқу материалы қарапайымнан күрделіге ауысып отырады

D) Бұрынғы материалдардың логикалық жалғасы болып табылады

E) Оқытудың өтілетін материалдары күрделеніп оқытылады

F) Оқыту материалдары оқушылардың жас ерекшелігіне сай болады


15. Білім беру стандарты:

A) Міндетті оқыту компоненттерін анықтайды

B) Міндетті білім берудің негізгі құжаты

C) Оқу жоспарларын қолданады

D) Бағдарламалардың сапасын анықтайтын құжат

E) Білім беру сапасын анықтайды

F) Оқуыту деңгейін айқындайды

G) Білім беру нормаларын анықтайды

H) Білім беру саласын қамтиды


16. Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ түрі:

A) Диктант сабағы

B) Жаңа білімді меңгеру

C) Өткен материалды қайталау, пысықтау

D) Қосымша сабақ

E) Факультатив

F) Біліктілікті қалыптастыру

G) Оқу саяхаттары




17. Білім беру жүйесін стандарттау қажет:

A) Жаңалықтар енгізу үшін

B) Баламалы оқулықтардың қосылуы үшін

C) Тәжірибе меңгерудің ғылыми мінездемесі

D) Білім сапасын арттыру үшін

E) Философиялық негізін қалыптастыру үшін

F) Мектептегі оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі үшін

G) Тың оқу жоспарларының енгізілуі үшін




18. Ұжымдық- танымдық іс-әрекеттің мынадай белгісі бар:

A) Іс-әрекеттер барысында оқушыға жағдай жасау және оларды басқару

B) Жалпы мақсаттарды жүзеге асыру

C) Іс-әрекет барысында анықталған материалдар бойынша тұжырым жасау

D) Іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелсіздіктін пайда болуы

E) Ұжымдық іс-әрекет барысында, әрбір оқуышы өзіндік білімін көрсете алуы

F) Жалпы нәтижелердің болуы


19. Білім, білік және дағдыны қалыптастыру үдерісі қажет етеді:

A) Тұлға болмысын

B) Басқаруды

C) Бақылауды

D) Диагностикалауды

E) Оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесін анықтауды




20. Қалыптастырушы тұғырдағы тәртіп үлгісі:

A) Білімді бекіту

B) Есте сақтау

C) Мақсаттылық

D) Үлгі көрсету

E) Жаттығу

F) Түсіндіру

G) Бағалау




21. Ақпараттық технология:

A) Ақпаратты өңдеу процесінде қолданылатын құралдар мен әдістер жиынтығы

B) Адам іс-әрекетінің қажетті салаларының бірі

C) Адам іс-әрекеті арқылы ауызша, жазбаша немесе басқа түрлі тәсілдермен жеткізілетін қажетті мағлұматтар жиынтығы

D) Кез келген мәліметтер жиынтығы

E) Нақты құралдарды, әдістер мен тәсілдерді пайдалану




22. Білім беру мемлекеттік стандарттары:

A) білім беру мекемелерін жетілдіруге қатысады

B) оқыту әдістерін таңдауға ықпал етеді

C) педагогикалық технологияларды іріктеуге қатысады

D) азаматтардың толыққанды, сапалы білім алуын қамтамасыз етеді

E) білім беруді және оны басқаруды ізгілендіруді қамтамасыз етеді

F) білім беруді реттеуді қамтиды

G) білім беру кеңістігін сақтауды қамтамасыз етеді




23. Мектеп жетекшілері білуге міндетті:

A) Оқу-тәрбие үрдісін диагностикалауды

B) Мектептің ақпараттық жабдықталуын

C) Мектептің материалдық жағдайын

D) Оқу жүйесінің құрылымы мен мазмұнын

E) Оқу жоспарының құрылымын

F) Мектепте оқушылардың білімін бағалау формаларын


24. Г.И. Щукина бойынша мектепшілік басқару бағыттары:

A) жобалаушылық

B) әдістемелік

C) дидактикалық

D) ғылыми

E) басқарушылық

F) зерттеушілік


25. Әдістемелік жұмысты қорытындылау формалары:

A) озық тәжірибе мектебі

B) диссертациялық кеңес

C) проблемалық семинарлар

D) ғылыми-педагогикалық конференциялар

E) жас мұғалім мектебі

F) проблемалық практикумдар

Педагогика

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Химияны оқыту әдістемесі



1. Химияны оқытудағы оқу жұмысын ұйымдастырудың ең негізгілері:

A) Жаттығулар мен тапсырмалар

B) Сабақтың типі

C) Сұрақтар

D) Қарастырылатын тақырып

E) Сабақтың әдістері мен құрылымы




2. Химияны оқыту әдістемесінің негізгі үлес қосқан кеңес ғалымдары:

A) П.Я. Гальперин

B) В.В. Давыдов

C) С.И. Созонов

D) С.Г. Шаповаленко

E) Н.А. Менчинская




3. Органикалық химия пәнінің тұрақты бағдарламасын, оқулығын және оқыту әдістемесін жазған ғалымлар:

A) А.Н. Нухин

B) Л.А.Цветков

C) Х.К.Оспанов

D) А.К.Оспанова

E) Л.М.Сморгонский




4. Оқытудың монологты ауызша әдісіне жатады:

A) Талқылау

B) Сұхбат

C) Талас


D) Пікір сайыс

E) Дәріс


F) Сипаттау

G) Түсіндіру




5. Химияны оқытуда жеке әдістер тобына жататын әдістерді таңдаңдар:

A) Ауызша

B) Ауызша-көрнекі

C) Ауызша-көрнекі-практикалық

D) Түсіндірмелі-иллюстративті

E) Индуктивті

F) Адаптивті-вариативті


6. Химияны оқытуда көрнекі құралдар тобы:

A) Кинофильмдер

B) Сызбалар

C) Плакаттар

D) Графикалық көрнекі құралдар

E) Суреттер




7. Мына факторлардың қайсысы қауіпті:

A) Электр аспаптары

B) Су моншасы

C) Электр тогы

D) Су буы

E) Ас тұзы

F) Темір


8. Химияны оқыту негізін құрайды:

A) Машық


B) Әдістер

C) Тапсырма

D) Міндет

E) Мақсат




9. Оқытуды дамытудағы құралдар қатарына кіретіндер:

A) Догматикалық оқыту

B) Авторитарлық оқыту

C) Оқушылардың дифференциялдық жұмысы

D) Химиялық есептер жүйесі

E) Проблемалық оқыту




10. Химияны оқыту әдістемесі зерттейді:

A) Оқушылардың жазбаша жұмыстарын талдау

B) Оқу-тәрбие құжаттарын

C) Оқытудың мазмұнымен мақсатын

D) Оқыту әдістерін

E) Оқытудың түрлері мен құралдарын




11. 1861жылы А.М. Бутлеров ұсынған органикалық заттардың химиялық теориясының негізгі қағидалары:

A) Көміртек атомы әр қалай орналасады

B) Зат қасиеттері құрылымына тәуелді

C) Заттардың кеңістікте орналасуы, заттар табиғатына байланысты

D) Атомдар бір бірімен өзара әсерлеседі

E) Молекулалар атомдарда белгілі ретпен байланысады




12. Химиялық байланысты оқып үйренудің негізгі әдістемелік тәсілдер кезеңі:

A) Сутектік байланысты қарастыру

B) Ковалентті байланыстарды қарастыру

C) Химиялық байланыстың барлық түрін қарастыру

D) Атомдық торды қарастыру

E) Молекулалық торды қарастыру

F) Иондық торды қарастыру

G) Иондық байланысты қарастыру




13. Оқу-тәрбиелік міндеттерді орындаудағы экспериментке қойылатын талаптар:

A) Қорытынды және теориялық негіздеу

B) Тәжірибенің мақсатын хабарлау

C) Көрнекі көрсету

D) Сурет бойынша түсіндіру

E) Қауіпсіздік

F) Сенімділік


14. Химияның негізгі міндеттері:

A) Ауаны зерттеу

B) Дененің құбылысын зерттеу

C) Заттардың қасиетін айқындау

D) Денені зерттеу

E) Құбылыстарды анықтау

F) Қоршаған ортаны қорғау

G) Тек металдарды зерттеу




15. Оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері:

A) Тарихи негіздегі жүйені қолдану

B) Экпериментпен теорияны ұштастыру

C) Туындаған проблемаларды шешу

D) Белгілі бір стратегия құру

E) Оқыту әдістерін пайдалану

F) Мақсаттармен міндеттерді орындау

G) Пән аралық байланысты жүзеге асыру




16. Ауыл шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары:

A) Қазба байлықты игеру

B) Өндірістік материалдарды іріктеу

C) Өсімдіктерді зиянкестерден химиялық қорғау

D) Өсімдіктер мен жануарлар өнімдерін химиялық өндеу

E) Минералдарды тыңайтқыштарды қазу

F) Өндірістерді дамыту


17. Оқушының бойында пәндік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы жасалады:

A) Өз іс әрекетін ой елегінен өткізу

B) Өз ісіне жауап беру

C) Машығын арттыру

D) Салыстырмалы анализ жасаау

E) Қабілеттілігін айшықтай білу

F) Дағдысын дамыту


18. Радикалдар мен функционалды топтардың өзара әсері туралы ұғым альдегидтерді өткенде байқалады:

A) Заттар табиғаты бойынша

B) Сапалық құрамын анықтау арқылы

C) Заттар қасиеттері бойынша

D) Құрылысын салыстыру арқылы

E) Сандық құрамы арқылы

F) Байланысы бойынша


19. Оқушылар тұздардың ерекше қасиеті – «гидролиз» процестерінің түзілуі жөніндегі ұғымдары:

A) Әлсіз қышқыл мен күшті негіз

B) Иондар мен молекулалар

C) Күшті қышқыл және күшті иондар

D) Күшті негіз және күшті қышқыл

E) Күшті ион және әлсіз молекула

F) Әлсіз электролит және күшті негіз

G) Күшті қышқыл мен әлсіз негіз




20. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс құрылады:

A) Шығу тегі бойынша

B) Қосылыстардың айналымы бойынша

C) Зат қасиеттері арқылы

D) Кешен түзілуі арқылы

E) Сабақтастығы арқылы

F) Шарттары арқылы

G) Қосылыс түзілуі арқылы




21. Интербелсенді әдістерді жүргізудегі негізгі қолданылатын кезеңдер:

A) Нұсқау беру кезеңі

B) Тапсырмаларды орындау кезеңі

C) Мәселені талдау кезеңі

D) Дәйектерді келтіру

E) Әдістерді қолдану кезеңі

F) «Проблеманы шешу» кезеңі

G) «Проблеманы айқындау» кезеңі




22. Ойын сабағындағы негізгі стратегиялық элементері болып табылады:

A) Пікір таластар мен талқылаулар

B) Ойын ережелері

C) Оқу іс әрекетін моделдейтін объектілер

D) Шешім қабылдаудың тиімсіздігі

E) Бірдей жағдайда шешім қабылдау

F) Ойынға қатысушылардың бірлескен істері

G) Шығармашылық қабілеттіліктерді анықтау




23. Білім беруді жаңартудағы келесі перспективті бағыттар:

A) Химиялық білім беру мазмұны

B) Жалпы білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдірудегі химиялық эксперимент

C) Химия бойынша эксперименттерді жасап шығару

D) Білім беру стандарттарын жетілдіру

E) Негізгі және жоғары (профилді) мектептердегі білім беру стандарттарын жасау

F) Жалпы білім беру мектептеріндегі жоғары сыныптағы профилді оқытуға көшу


24. Сыни ойлау сабағы құрылымының кезеңі:

A) Мәселені ашу

B) Өзіндік ойлау

C) Шешімді айқындау

D) Ой қозғау

E) Мағынаны таныту

F) Проблема тудыру


25. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың обьективтілігін және сенімділігін қамтамасыз етуді бағалау тәсілдері:

A) Рейтингтік бағалау

B) Тапсырмаларды орындау

C) Қорытынды баға

D) Кешенді тестілеу

E) Оқушы портфолиосы

F) Ағымды бақылау

Химияны оқыту әдістемесі

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі




1. Тәрбие үдерісі:

A) Өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі

B) Ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үрдісі

C) Ата-ананың мінез-құлқындағы ауытқушылықты тәрбиелейтін процесс

D) Оқытушының мақсатқа жетудегі іс-әрекеттер мен дағдылар жиыны

E) Ата-аналар, мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасын реттейтін процесс




2. Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас стильдері:

A) Синкреттік

B) Либералдық

C) Демократиялық

D) Әлеуметтік

E) Авторитарлық




3. Диспут:

A) Түсіндіру

B) Сайыс

C) Тәжірибелік жұмыс

D) Дәріс

E) Пікірталас

F) Ой бөлісу


4. Сыныптың тәрбие жоспарына қойылатын талаптар:

A) Тәрбиелік іс-әрекеттердің формаларын таңдау

B) Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі

C) Тәрбие жоспары ауқымының кең болуы

D) Жоспарда тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі

E) Жоспардың нақтылығы




5. Сынып жетекшісінің функциялары:

A) Мереке ұйымдастыру

B) Практикаға енгізу

C) Ұжымды топтастыру

D) Инновациялықты жасау

E) Ашық есік күндерін өткізу

F) Отбасы өміріне ретсіз араласу


6. Латынның «коллективус» деген сөзінің мағынасы:

A) Жекелік

B) Топ

C) Ұйым


D) Ұжым

E) Көпшілік




7. Баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне әсер ететін талап, формалары:

A) Сыйластық, тәжірибе

B) Ойын, ишара, жеке талаптары

C) Кеңес, өтініш, сенім, қолдау

D) Өнеге-өрнек

E) Түсіндіру

F) Позитивті және негативті талаптар


8. Қазіргі күнде өзекті болып отырған тәрбие мәселесіндегі қажетті құндылықтар:

A) Ұлттық тіл

B) Материалдық құндылықтар

C) Рухани құндылықтар

D) Технократтық

E) Құнды қағаздар

F) Тәрбие құралы белсенділік құндылықтары

G) Космополитизм




9. Тәрбие процесінің құрылымының сатылары:

A) Қызығушылықпен сабақ дайындау

B) Спорт жарыстарға қатысу

C) Еңбек байланыстарды анықтау

D) Білімнің сенімділігі, сезім қалыптастыру

E) Мәдени шараларға қатысу

F) Сабақтың тәрбиелік мақсаттарын жүйелеу


10. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:

A) Мемлекеттік саясат

B) Оқушылардың қажеттіліктері

C) Мемлекеттік идеология

D) Тәрбие әдістері

E) Педагогикалық үдерістің мүмкіндіктері




11. Көп факторлы тәрбие үдерісіне қатысады:

A) Қоғамдық орындар

B) Өнерге үйрету

C) Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру шарасы

D) Мемлекет

E) Спорттық орындар




12. Тәрбие үдерісінің диалектикасы бейнеленеді:

A) мәдени шараларды қадағалаумен

B) ішкі қайшылықтарымен

C) сыртқы қайшылықтарымен

D) ғалымдардың пікірлерімен

E) мұғалімдер арасындағы өзара әрекетпен

F) оқушылар сайысымен

G) қарама қайшылығымен




13. Тәрбие заңдылықтарының негізгі қозғаушы күші:

A) Педагогтің тәрбие міндеттеріне сәйкес тәрбие құралдарын таңдау білуі

B) Объект мен субъект

C) Екі жақты қайшылықтар

D) Қарама-қайшылықтары

E) Педагогтің талап қоюы




14. Мектептегі негізгі тәрбие жұмыстарының негізгі қызметі жүктеледі:

A) Оқушыларға

B) Тәрбиешілерге

C) Сынып старостасына

D) Пән мұғаліміне

E) Мектеп директорының орынбасарына

F) Ата-аналар комитетіне


15. Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері:

A) Әр оқушының қалыпты дамуына тиімді жағдай жасау

B) Шапшаңдық, ептілік, батылдық қасиеттерін қалыптастыру

C) Оқушының ойлауын, қиялын дамыту

D) Жалпы дүниетанымын қалыптастыру

E) Ұжымдық шығармашылық жұмыстар өткізу

F) Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру


16. Қазіргі заман отбасы қолданатын гуманистік педагогика принциптері:

A) Синкреттік

B) Гуманизм

C) Имандылық

D) Синтетикалық

E) Эстетикалық




17. «Балдырған» сатысына мүше бола алады:

A) 6-сынып оқушылары

B) 5-сынып оқушылары

C) 4-сынып оқушылары

D) 2-сынып оқушылары

E) 3-сынып оқушылары

F) 9-сынып оқушылары

G) 8-сынып оқушылары




18. Сыныптағы тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу әдісі:

A) Педагогикалық эксперимент

B) Әңгіме

C) Тестілеу

D) Бақылау

E) Статистикалық әдіс

F) Социометрия

G) Мектеп құжаттарын тексеру




19. Адамгершілікке тәрбиелеудің формалары:

A) Өнер мұражайына саяхат

B) Спорт секцияларын ұйымдастыру

C) Мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

D) Ғылыми-практикалық конференция

E) Қайырымдылық акциялары

F) Кәсіптік бағдар беру жұмысы

G) Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу




20. Отбасы тәрбиесі, экологиялық тәрбие, еңбек тәрбиесі, имандылық (конфессионалдық) тәрбиесі:

A) Мазмұны

B) Оқу-тәрбие жұмыстарының бағыттары

C) Тәрбие бағыттары

D) Ынталандыру

E) Қарым-қатынас стилі

F) Жазалау

G) Интитуционалдық белгі




21. Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципінің міндеттері:

A) Қарама-қарсылықты жою

B) Тәрбиеленушілердің жеке темперамент ерекшеліктерін, көзқарастарын,талғамдарын жақсы білу

C) Сапалардың бағыттылығын анықтауды білу

D) Тұлғаның бағыттылық мотивтерін, қызығушылықтарын, өмірлік жоспарларын білу

E) Мектеп пен отбасыға байланысын дамыту

F) Тәрбиеленушінің өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін, дербестігін дамытуға, жетекшілік етіп, табысқа жетуге бағыттау


22. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлардың қатары:

A) Оқушының өмір сүру қалпы, әр түрлі аймақтардың ерекшелігі мен дәстүрлері

B) Бұқаралық ақпарат және насихат құралдары

C) Қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі

D) Кәсіби қызмет жүйесі

E) Себеп-салдарды әрекетке араластыру

F) Әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекеттер


23. Педагогикалық қарым-қатынас мүмкіндік береді:

A) Рухани мәдениетке

B) Биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға

C) Шаруашылық еңбекке қатыстыруға

D) Сабақ тексеруге

E) Белсенділік арттыруға

F) Шет тілінде сөйлеуге

G) Отбасына көмектесуге




24. Педагогикалық тұрғыда мінез-құлық қалыптастыру әдісі:

A) Дағдыландыру

B) Ойнату

C) Диспут

D) Жарыс

E) Жаттығу

F) Үлгі-өнеге


25. Тәрбие ісінің мақсаты мен жоспарлаудың негізгі көздері:

A) Қоғамдық жағдайларға негізделген әлеуметтік жағдаяттар

B) Тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама

C) Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасына тәуелді

D) Оқу жоспарын жүзеге асыру

E) Мәдени тынығу шараларын жоспарлау, ұсыну

F) Іс-әрекетке араласуды жеңілдету

G) Тәрбие үдерісінде қолданылатын формалар



Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Химиялық экология



1. Жергілікті ластану негізінде түзілеген, оның көлемінің немесе кеңістік пен уақыт масштабының артуынан болатын ластанулар:

A) аймақтық ластау

B) биосфераны ластау

C) жергілікті ластау

D) өндірістік өнеркәсіп айналасын ластау

E) жерасты суларын ластау




2. Жер қабығының өсімдіктер және жануарлар организмдері алып жатқан бөлігі:

A) педосфера

B) жердің тірі қабығы

C) биосфера

D) жердің тас қабығы

E) ионосфера

F) тропосфера


3. Табиғи ортада ластаушылардың миграциясы жүзеге асады:

A) тірі жәндіктермен таралады

B) теңіз толқындарымен

C) жыл мезгілдерінің алмасуымен

D) өзен ағындарымен

E) механикалық түсімдермен

F) ауа массаларымен

G) өзен тасуымен




4. Целлюлозалық-қағаз кешендері мен орман өнеркәсібінің ағын суларының жерүсті суларын ластайтын компоненттері:

A) аммоний тұздарымен

B) органикалық бояуыштармен

C) фторидтермен

D) цианидтермен

E) лигниндермен

F) шайырлы және майлы заттармен

G) синтетикалық жеңіл түрдегі белсенді заттармен (СЖБЗ)




5. Әлем мұхиттарын радиоактивті ластаудың негізгі көздері:

A) тау жыныстарының бұзылуы

B) химия өнеркәсібі

C) АЭС-дің және атом реакторлары бар кемелердің ірімасштабты апаттары

D) металлургия өнеркәсібі

E) ластаушылардың өзенмен тасымалдануы

F) табиғат катаклизмдері


6. Қалалық тұмшаның (смог) типтері:

A) лондондық типтегі ылғалды тұмша

B) ауылдық типтегі тұмша

C) табиғи тұмша

D) биохимиялық тұмша

E) мерзімдік тұмша

F) жанартау тұмшасы


7. Түзілу көзі ішкі ядролық процестерге негізделген энергия түрі:

A) ядролық энергетика

B) сутектік отын

C) гидроэнергия

D) жел энергиясы

E) атом ядросын бөлшектену процесіндегі энергия




8. Экологиялық қауіп қатерлердің көзі болатын адамның пайдалануындағы энергетикалық ресурстар:

A) атмосфераның жылумен ластануы

B) топырақтардың екіншілік тұздануы және батпақтануы

C) атмосфераның химиялық ластануы және оның спектралды мөлдірлігінің өзгеруі

D) қоршаған ортаның радионуклидтермен ластануы

E) ластағыш заттардың жер асты суларына инфильтрациясы

F) су және жел эрозиясы


9. Организмдерге өте көп мөлшерде қажет элементтер мен қоспалар:

A) катализаторлар

B) биостимуляторлар

C) лимиттеу элементтері

D) микробиогендік элементтер

E) биогендік микроэлементтер

F) микроэлементер


10. Қышқылдық жаңбырлардың түзілуіне себепші атмосфераның антропогендік химиялық компоненттері:

A) азота оксиді NOx

B) күкірт диоксиді SO2

C) метан СН4

D) хлорфторкөміртектер (ХФУ

E) формальдегидтер

F) пероксилацетилнитраттар (ПАН


11. Жылу электр стансасынан болатын экологиялық мәселелер:

A) отынның жануынан болатын газ текті өнімдерімен атмосфераның ластануы

B) қоршаған ортаның қатты қалдықтармен ластануы (күл, шлак)

C) био алуан түрліліктің азаюы

D) тау жыныстарының дефляциясы

E) қоршаған ортаның жылулықпен ластануы




12. Топырақтың антропогендік ластануының көзі:

A) шаңды борандар

B) жылу энергетикасы мен көлік

C) ауыл шаруашылық өндірісі

D) металлургия өнеркәсібі

E) жанартау күлі

F) орман шаруашылығы

G) сел ағындары




13. Топырақтың басты ластаушылары:

A) мұнай мен мұнай өнімдері

B) формальдегидтер

C) бенз (апирен

D) пероксилацетилнитраттар (ПАН

E) хлорорганикалық пестицидтер

F) хлорфторкөміртектер (ХФУ)

G) фенолдар




14. Топырақтың тұздану және қышқылдануының негізгі себептері:

A) су эрозиясы

B) ирригациондық жұмыстар

C) әсіресе құрғақшылық климат жағдайында үнемсіз және қате суару

D) қышқылдық жауын-шашын әсерінен

E) минералды тыңайтқыштарды бақылаусыз салу




15. Су қоймаларына және су ағымына түскен синтетикалық беткі белсенді заттардың (СББЗ) теріс әсерлері:

A) су объектілерінің оттектік режимі нашарлайды

B) су қабаттарындағы араласу құбылыстарының күшеюі байқалады

C) су ағымының жылдамдығы өзгереді

D) су деңгейі көтеріледі

E) су қоймаларының физика-биологиялық жағдайлары өзгереді




16. Радиоактивтілік түрлері:

A) спонтандық бөліну

B) табиғи радиоактивтілік

C) α - ыдырау

D) нейтрондық белсендірілу

E) β - ыдырау

F) ядролық бөліну


17. Құрамында бекітілген нормалардан жоғары, радиоактивті изотоптары бар сұйық, қатты және газтәрізді радиоактивті қалдықтар (РҚ) дың шығарылатын өндірістері:

A) трансгенді инженерия

B) ауылшаруашылық

C) денсаулық сақтау жүйесі

D) ағаш өндейтің өнеркәсібі

E) биопрепаратар өндірісі




18. Өнеркәсіптік қатты қалдықтарды (ӨҚҚ) жою мен өндеудегі негізгі бағаттар:

A) Жер үсті су қоймаларына тастау

B) Жер беті қоймаларда сақтап жинақтау

C) Дүниежүзілік мұхит суларына батыру (дампинг)

D) Арнайы полигондарда көміп тастау

E) Биогаз алуымен ферментациялау

F) Пиролиз әдісімен жағып жіберу


19. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өндеуде кең пайдаланылатын әдістер:

A) обаларға (могильник) көміп тастау

B) реутилизация

C) қалдықтарды жартылай өндейтін және көміп тастайтын арнайы полигондарды құру

D) қалдықтарды қоқыс жағатын зауытта жағып жіберу

E) дампинг

F) қоймада сақтау

G) детоксикация




20. Теңіз экожүйесі ластануының экологиялық салдарынан болатын процестер мен құбылыстар:

A) биологиялық өнімділіктің төмендеуінен

B) теңіз экожүйелерінің су деңгейінің өзгеруінен

C) эвтрофикацияның өрлей түсуінен

D) теңіз ағыстарының өзгеруінен

E) температуралық режимнің өзгеруінен

F) сулардың минералдық құрамының өзгеруінен

G) экожүйенің жарық режимінің өзгеруінен




21. Негізгі радиоактивті ыдырау түрлері:

A) γ ыдырау

B) спонтандық бөліну

C) антропогендік

D) жаратылысты

E) β - ыдырау

F) α - ыдырау


22. Диоксиндердің түзілу көздері:

A) азық-түлік өнеркәсібі

B) көмір, мазут, бензин, қоқыстың жағуымен энергия және жылу өндіру, көлік түрлері

C) ауыл және орман шаруашылықтарында хлорорганикалық пестицидтерді қолдану

D) тау жыныстарының физикалық және химиялық дефляция үдерістері (процессы)

E) коммуналдық-шаруашылықтың сарқынды (сточные) сулары




23. Тұрақты органикалық ластаушыларға жататын диоксинтәрізді супертоксиканттардың (диоксиндер мен фурандар) қасиеттері:

A) алыс аймақтарда табылатын кең масштабты таралуымен

B) седиментация процестерінде бейтараптанады

C) қоршаған ортадағы тұрақтылығымен және тірі ағзалар мен адамға әсер ететін уландырғыштығымен

D) табиғи ортада тотығу арқылы залалсыздандырылады

E) қысқа уақыт мерзімінде жойылады

F) атмосферада ауа массалары араласқан кезде ыдырайды

G) биоаккумуляциялық қабілетімен, көректік тізбектерде бірнеше он мың есе жинақталады




24. Табиғи экожүйелер мен адамға ерекше қауіпті және тұрақты бақылауда болатын, атмосфералық ауаның ластағыш заттары:

A) өсімдіктердің тозаңы және споралары

B) метан

C) микроорганизмдер және саңырауқұлақтардың споралары

D) радионуклидтер және бенз(а)пирен

E) су булары

F) азот және көміртек тотықтары, күкірттің қостотығы, озон, шаң және аэрозольдер

G) көмірсутектер, ауыр металдар




25. Жергілікті (санитар-гигиеналық, биоэкологиялық) мониторингтің нысандары (И.П. Герасимов бойынша):

A) жер маңындағы ауа қабаттары

B) гидросфера

C) жер беті және жер асты сулар, өнеркәсіптік және тұрмыстық тастанды сулар, әртүрлі тасталымдар

D) өсімдік және топырақ жамылғылары, жануарлар әлемі

E) радиоактивті сәулелену



Химиялық экология

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет