Құрметті есептік кездесуге қатысушылар!



жүктеу 69.33 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі69.33 Kb.
Буденный ауылдық округінің м.а әкімі

Ә.Ғ. Ержанованың 2016 жылғы 21 қаңтарда есептік кездесуде

сөйлейтін сөзінің тезистері

Құрметті есептік кездесуге қатысушылар!
2015 жыл аяқталып қалды, есептік кездесуде оның қорытындысын жасауға рұқсат етіңіздер.

Өткен жыл маңызды оқиғалармен есте қалды, оның ішінде бәрінен бұрын еліміз үшін басты уақиға – Президент сайлауы. Округте 2 учаскелік сайлау комиссиясы құрылып, жұмыс істеді. Сайлау сайлаушылардың жоғары деңгейде қатысуымен өтті.

Ел Президентінің 2015 жылдың 30 қарашасында жариялаған Жолдауы – барлық жағынан да көрнекті, рухтандыратын Жолдау.

Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.

2015 жылғы есеп беру кездесуінің барысындағы ауыл тұрғындары көтерген сұрақтар барлығы орындалды.

Буденный ауылдық округінің халқы 2016 жылғы 1 қаңтарда 1182 адамды құрайды. Өткен жылы туғандар саны - 7, қайтыс болған - 11 адам.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өндірісінде 1 ПК «Буденновский» және 24 шаруа қожалығы жұмыс істейді. ПК «Буденновский» жерінде 20 857 га, ШҚ-2064 га егін егілді. ПК «Буденновский» 10,3 ц\га, ШҚ-15,8 ц/га егін жинады. Жаздық егіс аумағы 100% - дәнді Егіс кезеңінде жалпы алғанда 155 мм жауын-шашын түсті.

Өсімдік шаруашылығы өнімділігі мен өнім сапасын арттыру үшін субсидияны округтің ШҚ – 2,55 млн теңге.

Ауылдық округ АШТӨ және тұрғындары шөп дайындауды белсенді жүргізді. Көп жылдық шөп түсімділігі 7-8 ц\га құрды. Шаруашылықтар бір жарым жылдық азық қорын жасады.

Халық шаруашылығында 01.01.2016 жылы 1162 бас ІҚМ, 325 жылқы, 1100 қой, 339 шошқа бар. Оның ішінде округтің 328 ауласы 280 мал ұстайды. Округтегі эпизоотиялық жағдай жалпы алғанда жақсы жағдайда. Мал дәрігерлік алдын алу іс-шаралар жоспары орындалды.



Кәсіпкерлік. 2015 жылы Буденный село округінің аймағында Буденный-Қостанай маршрутымен жолаушыларға қызмет көрсету бойынша бір жеке кәсіпкер Надточий Ю.Н. тіркелген. Қазіргі уақытта округімызда 8 ЖК (жеке кәсіпкерлер) бар-6 дүкен (аралас тауарлар сатылуымен, Буденный орта мектебінде қоғамдық тамақтандыру ұйымы, жолаушыларды тасымалдау). АГФ «Боровское» ПК «Буденновский» қосалқы өндірістері бар: ауыл тұрғындарын, сонымен қатар Введен с. тұрғындарын жыл бойы нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған наубайхана, «Ласточка» аралас тауар дүкені, асхана егін егу және жинау кезінде жұмыс істейді.

Инфрақұрылым және абаттандыру. Елді мекендерді санитариялық тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, оның барысында ТҚҚ тастайтын жерге 1,3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. «Меңдіқара 2011» ЖШС күшімен 1,5 мың куб.м. көлеміндегі қоқысты жабу жұмысы жүргізілді. 11 мемлекеттік және жеке мекеме аумағы тәртіпке келтірілді. Округ халқы ауылды санитариялық тазалау мен абаттандыруға қатысады, жеке ауладан көң шығарылады, шарбақтарды сырлау, аулаларға іргелес аумақтарды тазарту жүргізіледі. 50 ағаш көшеттері отырғызылды. АГФ «Боровское» ПК «Буденновский» күшімен күзде көпірді жөндеу жұмыстары өткізілді.Сонымен қатар Буденный с. Бураков көшесінде және Қызыл-Ту с. Алтынсарин көшесінде жарық орнатылды.

Қаңғырған малдар мен байланбаған иттер мәселе тудыратын жағдайлар болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін полицияның учаскелік инспекторы жануарлардың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, «Емдеу» МКК қызметкерлерінің күшімен қаңғыбас иттерді ұстау және ұйықтату үнемі жүргізіледі.

Жыл ішінде әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мүгедектер қажетіне қарай бейімделді. 2 нысан бейімделді.Жұмыстар тартылған қаражат есебінен жүргізілді.

Жылыту маусымына дайындық барысында әлеуметтік нысандарды көмірмен қамту 100 %-ға жетті.



Білім. Округте Буденный орта мектебі жұмыс істейді, 110 бала білім алуда, мектепке дейінгі дайындыққа 10 бала қатысады. Орта мектепте жарты күн болатын шағын орталық бар. 30 бала тегін тамақтандырылады, яғни жалпы оқушылар санынан алғанда 28 % құрайды.

Спорт. Село округімызда екі спорт зал, бір стадион және корт бар. Спортсмендерді апару үшін автокөлікпен қамтамасыз ететін АГФ «Боровское» ПК «Буденновский» көмегімен, село округімыздың спортсмендері ауданда өткізілетін көптеген спорт жарыстарына белсенді қатысады. Буденный село округіның құрама командасы «Иволга-Холдинг» ЖШС өткізген жарыстарда жалпы командалық бірінші орын алды. Кәмелетке толмаған балалардың бос уақыттарын ұйымдастыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізіледі, жоспар бойынша оларды жаппай-мәдениет ісшараларына, спортқа, әр түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына (жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол) қатыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Пошта. Пошталық бөлім 2 елді мекенге қызмет көрсетеді. Зейнетақы, жәрдемақы, жалақы уақытында беріледі. 2016 жылдың 1-жартыжылдығында мерзімді басылымға жазылу жүргізілді.

Денсаулық сақтау. Округ тұрғындарына бір ФАП және бір МП медициналық көмек көрсетеді. Нақты медициналық пунктер кадрлармен, автокөлікпен қамтамасыз етілген.Дәріханалық пункт дәрі-дәрмекпен жеткілікті мөлшерде қамсыздандырылған. Барлық алдын алу іс-шаралары уақытында жүргізіледі.

Мәдениет. Село округінің аумағында үш мәдениет мекеме объектілері жұмыс істейді.Екі ауыл кітапханалары, бір мәдениет үйі -«Меридиан», ауыл тұрғындары бос уақыттарын осы мәдениет үйінде өткізеді. «Гармония» ерлер вокал тобы және балалар вокал тобы ерекше танымалды. Мәдениет қызметінің негізгі міндеті село округінің тұрғындарын округ, аудан, облыс жаппай -мәдениет іс шараларына қатыстыру.

Халықты әлеуметтік қорғау. Буденный ауылдық округі аумағында 160 зейнеткер, 1,2,3-топтағы 27 мүгедек, 15 көп балалы ана тұрады. Әлеуметтік қызметкер жалғыз басты және жалғыз тұратын 5 зейнеткерге қызмет көрсетеді. Жыл сайын Мемлекет балаларға және аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетеді, ауыл әкімі аппаратында халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы беру жөнінде учаскелік комиссия жұмыс істейді.


2015 жыл ішінде он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатын 13 отбасы болды, оларда - 28 бала тұрады. Төленген мемлекеттік жәрдемақы 628000 теңгені құрайды.

2015 жылы 2 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстармен қамтылды.



Буденный ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы

Буденный ауылдық округі әкімі аппараты өз жұмысын мемлекеттік мекеме туралы ереже, жұмыс тәртібі, жұмыс жоспарлары негізінде жүргізеді.

Ауылдық округ әкімімен 60 өкім қабылданды, шешімдер – жоқ, прокуратурамен қарсылық бірдірілген нормативтік актілер жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан 19 өтініш тіркелген.

Әкім аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы 71 анықтама, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы 62 анықтама берілді. Барлық анықтамалар белгіленген мерзімде берілді.

Ауылдық округ аппаратында мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекетіне қатысты азаматтар өтініштерін жинау үшін жәшік орнатылған. Азаматтардан мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін бұзуы туралы өтініштері мен шағымдары түскен жоқ.

Әскери міндеттілер және әскерге шақырушылармен жұмыс жүргізілуде.

2015 жылы салықтың барлық түрінен 92% жиналды.
Түрлі мемлекеттік, облыстық, аудандық бағдарламалар бойынша әзірленген Іс-шаралар жоспарлары орындалуда.

ЖШС, шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен бірге әлеуметтік нысандарды жөндеу, ардагерлер және зейнеткерлермен жұмыс жасау, қоғамдық-саяси сипаттағы мерекелер және іс-шараларды жүргізу, қыс кезеңінде жолды күтіп ұстау, азық және жанармаймен қамсыздандыру мәселелері шешілуде.




2016 жылы бізге:

1. Ұлт жоспарын «100 нақты қадам» жүзеге асыру;

2. Жергілікті аумақтарды, саябақтар мен стадионды абаттандыру жұмыстарын жалғастыру.

3. Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларға қатысушыларды тарту жұмыстарын жалғастыру.



4. Ауылдық тұтыну кооперативін құруда ықтимал мүдделі тұлғаларды тарту бойынша жұмысты белсендіру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет